2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 121 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Ұзақбайұлы Маминге 2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2017 жылғы 16 наурыздағы
  № 121 қаулысымен
  мақұлданған
 
  Жоба

2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі

мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,

      2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттаманың (бұдан әрі – Хаттама) 4-бабына сәйкес,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Хаттаманың 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тараптар Келісімнің 2-бабына сәйкес осы Хаттамамен қосымшаға сай жол карталарының іс-шараларына сәйкес келетін, жалпы сомасы 41 038 096 (қырық бір миллион отыз сегіз мың тоқсан алты) АҚШ доллары болатын іс-шаралар тізбесін бекітеді.

      2. Осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсету іс-шараларының тізбесі оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      3. Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсету іс-шараларын нақтылауды Тараптар бірлесе отырып:

      - Қазақстан тарапынан – бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган;

      - Қырғыз тарапынан – еуразиялық интеграция шеңберінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.".

2-бап

      Осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап осы Хаттама күшіне енеді.

      Тараптардың осы Хаттамада көзделген барлық міндеттемелері орындалған кезден бастап осы Хаттаманың қолданылуы тоқтатылады.

      2017 жылғы "___" _______________ __________________ қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Осы Хаттаманы түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.


      Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін


  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз
Республикасының Үкіметі
арасындағы Техникалық жәрдем
көрсету туралы хаттамаға
қосымша

Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсету іс-шараларының тізбесі

Іс-шаралардың атауы
 

Сома,
АҚШ доллары

1.

Кедендік әкімшілендіру саласында өткізу пункттерін салу, жайластыру және материалдық-техникалық жарақтандыру

3 286 800

2.

Техникалық реттеу саласында сынақ зертханаларын және басқа да объектілерді жаңғырту, толық жарақтандыру, реконструкциялау, сондай-ақ мамандарды оқыту

5 662 149

3.

Көлік инфрақұрылымы саласында "Кырғыз темир жолу" ұлттық компаниясы" мемлекеттік кәсіпорнының зертханасын жарақтандыру

577 840

4.

Ақпараттық өзара іс-қимыл саласында Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің жанындағы "Сыртқы сауда саласындағы "Бірыңғай терезе орталығы" мемлекеттік кәсіпорнын жарақтандыру

1 698 700

5.

Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жанындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет агенттігінің жанындағы өртке қарсы зертхананы толық жарақтандыру

749 621

6.

Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Дәрілік қамтамасыз ету және медициналық техника департаментінің сынақ зертханасын (орталықтарын) толық жарақтандыру, сондай-ақ мамандарды оқыту

1 863 523

7.

Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласында санитариялық-карантиндік пунктерді және басқа да объектілерді жаңғырту, жарақтандыру, сондай-ақ мамандарды оқыту

5 199 463

8.

Фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар саласында өткізу пункттерін және басқа да объектілерді жаңғырту, реконструкциялау және жарақтандыру, сондай-ақ мамандарды оқыту

22 000 000

Жиыны:

41 038 096


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады