"Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) 558 отбасыдан тұратын оралмандарды қабылдаудың 2017 жылға арналған өңірлік квотасы;
2) 381 отбасыдан тұратын қоныс аударушыларды қабылдаудың 2017 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.11.2017 № 795 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2017 жылғы 1 тамызға және 2018 жылғы 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есеп ұсынсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |