Қорғаныс мұқтажы үшін жер учаскесін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 235 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалану құқығында қорғаныс мұқтажы үшін елді мекендердің жерлері санатынан жалпы ауданы 9,7026 гектар жер учаскесі берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 235 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалану құқығында берілетін жер учаскесінің экспликациясы

Р/с №

Жер пайдаланушының атауы

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жалпы ауданы, гектар

оның ішінде, гектар

Жер санаты

жайылым

өзге жерлер

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

БҚО, Орал қаласы, Жуков көшесі, 6-үй

әскери қалашықтың ғимараттары мен құрылыстарын орналастыру
үшін

9,7026

-

9,7026

Елді мекендердің жерлері


Барлығы:



9,7026


9,7026



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады