Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін елді мекендердің жері санатына ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 292 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 130-бабына және 2003 жылғы 8 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) орман қоры жерінен жалпы ауданы 255,3 гектар жер учаскесі елдi мекендер жері санатына ауыстырылсын.

      2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орман және ауыл шаруашылығы алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман және ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтеуді қамтамасыз етсін және алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 25 мамырдағы
№ 292 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан елді мекендер жері санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы ауданы, гектар

оның ішінде:

орман көмкерген

орман көмкермеген

жайылымдар

өзге жерлер

1

2

3

4

5

6

Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі"

255,3

217,2

-

38,1

-

Барлығы:

255,3 217,2 - 38,1 -


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады