"Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 332 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалтуды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 64 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 2, 26-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалтуды жүзеге асыру қағидаларында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Денсаулық сақтау ұйымдары терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды медициналық оңалтуды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады