Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы зертханалық жабдықтарды ұсыну туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Исабекұлы Мырзахметовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы зертханалық жабдықтарды ұсыну туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 346 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы зертханалық жабдықтарды ұсыну туралы келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Тараптар)
екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды және техникалық-экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мақсатында
төмендегілер туралы келісті:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің сұрауы бойынша Қытай Халық Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысында сапаны инспекциялау зертханасы үшін жабдықтарды Қазақстан Республикасына өтеусіз негізінде беруге (бұдан әрі – жоба) ниет білдірді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі бірлесіп жобаны іске асыру мүмкіндігін зерделеуге және кейінгі нақты шараларды айқындауға ниетті.
Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптар осы Келісімнен туындайтын барлық міндеттемелерді орындағанға дейін қолданылады.
2017 жылғы "____" маусымда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды.
Қазақстан Республикасының | Қытай Халық Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін |