Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы суперкомпьютерді ұсыну жобасы жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 347 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы суперкомпьютерді ұсыну жобасы жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиевке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы суперкомпьютерді ұсыну жобасы жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 7 маусымдағы
№ 347 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы суперкомпьютерді ұсыну жобасы жөніндегі ынтымақтастық туралы
меморандум

      (2017 жылғы 8 маусымда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2018 ж., № 1, 1-құжат)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Тараптар) екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды және техникалық-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында төмендегілер туралы осы Меморандумды жасады:

1-бап

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің сұрауы бойынша Қытай Халық Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне суперкомпьютерді ұсыну" жобасын зерделеу және іске асыру үшін өтеусіз көмек көрсетеді.

2-бап

      Жоғарыда көрсетілген жобаны зерделеу мен дәлелдеу негізінде орындалуына баға беріледі. Оң баға берілген жағдайда Тараптар аталған жобаны іске асыру бойынша нақты деректерді қосымша келісімге қол қою арқылы айқындайтын болады.

3-бап

      Осы Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Меморандумнан туындайтын барлық міндеттемелерді Тараптар орындағанға дейін қолданылады.

      Осы Меморандумға 201_ жылғы "__" _____________ __________ қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада қол қойылды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі Үшін
Қытай Халық РеспубликасыныңҮкіметі Үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады