"Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкіміне өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 383 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкіміне өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

"Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкіміне өзгерісенгізу туралы

      "Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 7, 66-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілгенэкономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкесжаңа редакцияда жазылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017жылғы" "
№ өкіміне
ҚОСЫМША


  ҚазақстанРеспубликасы
Президентінің
2014 жылғы 12 ақпандағы
№ 266 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жобаларын үйлестіру және іске асыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының мемлекеттің құқықтық жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруші орынбасары

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады