"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 415 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы қаулы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражігін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 17), 23), 52), 101), 110), 111), 112), 113), 114), 115), 117), 118), 119), 150), 168), 169), 170), 171), 172), 173), 174), 175), 176), 177), 178), 179), 180), 181), 182), 183), 184), 185), 186), 187), 188), 189), 190), 191), 192), 193), 194), 195), 196), 197), 198), 199), 200), 201), 202), 203), 204), 205), 206), 207), 208), 209), 210), 211), 212), 213), 214), 215), 216), 217), 218), 219), 220), 221), 398), 401), 407), 408), 411), 438), 449), 450), 451), 452) және 456) тармақшаларын және 17-тармағының 64) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұл ретте Ереженің 16-тармағының 77) тармақшасы 2014 жылғы 21 қарашаға дейін қолданыста болады, Ереженің 16-тармағының 230), 453), 454) және 455) тармақшалары және 17-тармағының 414), 415) және 416) тармақшалары Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін қолданыста болады.

      Ереженің 16-тармағының 71-3), 71-4) тармақшалары және 17-тармағының 30-4) тармақшасы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады".";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) экономиканың тиісті салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде бәсекелестікті дамыту жөнінде шаралар қабылдау және бәсекелестікке теріс ықпал ететін әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасамау;";

      мынадай мазмұндағы 71-3) және 71-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "71-3) 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шикізаттан және (немесе) материалдардан ғана еркін қойма аумағында өндірілген және еркін қойма иесі Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін тауарлардың тiзбесiн бекіту;

      71-4) 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркiн қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттан және (немесе) материалдардан ғана еркін қойма аумағында өндірілген тауарды өндіру кезінде пайдаланылғаны туралы растау нысанын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 92-12), 92-13), 92-14), 92-15), 92-16), 92-17) тармақшалармен толықтырылсын:

      "92-12) арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау және тіркеу тәртібін бекіту;

      92-13) арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім нысанын бекіту;

      92-14) арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың тәртібі мен шарттарын бекіту;

      92-15) үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту;

      92-16) арнайы инвестициялық келісімшартты дайындау;

      92-17) кеден істері саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған, шартты түрде шығарылған тауарларды нысаналы пайдалануды тану қағидалары мен мерзімдерін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 275-8), 275-9) және 275-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "275-8) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен бірлесіп, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін порттар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту;

      275-9) порттар саласындағы табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу;

      275-10) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органға табиғи монополия саласына жатқызылған теңіз порттарының көрсетілетін қызметтері тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің ұсынылып отырған деңгейін бекітудің орындылығының негiздемесi не оны бекітудің орынсыздығының негiздемесi сипатталған қорытынды беру;";

      327) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "327) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті станциялық жолдардың, электрмен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілерінің, құрылғылардың, жабдықтардың, ғимараттардың, құрылымдардың, құрылыстар мен өзге де объектілердің тізбесін бекіту;";

      335) және 336) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "335) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне кіретін операциялар тізбесін бекіту;

      336) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша кірме жолдардың көрсетілетін қызметтеріне кіретін операциялар тізбесін бекіту;";

      354) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "354) теміржол көлігіндегі табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат пен материалдар, қосалқы бөлшектер, жабдықтар, жанармай, энергия шығыстарының, техникалық шығындарының техникалық және технологиялық үлгілік нормаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 421-7) және 421-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "421-7) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен бірлесіп, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін азаматтық авиация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту;

      421-8) табиғи монополиялар салаларына жатқызылған әуежайлар мен аэронавигация көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 708-1), 708-2) және 708-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "708-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік органмен келісу бойынша халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      708-2) тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту;

      708-3) халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыру;";

      17-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 30-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "30-4) 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркiн қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттан және (немесе) материалдардан ғана еркін қойма аумағында өндірілген тауарды өндіру кезінде пайдаланылғаны туралы растау;";

      мынадай мазмұндағы 127-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "127-1) арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу қағидалары мен шарттарын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 282-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "282-3) азаматтық авиация саласындағы табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобаның) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу;";

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" деген 4-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:

      Республикалық мемлекеттік кәсіпорын

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Қазақстан Республикасы геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      Республикалық мемлекеттік мекеме

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      Акционерлік қоғам

      "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамы.";

      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі мен оның ведомстволары мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалған, қайта аталатын республикалық заңды тұлғалардың тізбесінде:

      "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 9-жол алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады