"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 433 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 597-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесінде:

      1) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол өткізу пункттері" деген 3-бөлімде:

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Өзбекстан Республикасымен шекара арқылы теміржол жүк-жолаушы өткізу пункттері:

      көпжақты қатынастар үшін ашық:

Оазис

Маңғыстау облысы

Сарыағаш

Оңтүстік Қазақстан облысы


      Өзбекстан Республикасымен шекара арқылы теміржол жүк өткізу пункті:

      көпжақты қатынастар үшін ашық:

Мақтаарал

Оңтүстік Қазақстан облысы


      3) Қырғыз Республикасымен шекара арқылы теміржол жүк-жолаушы өткізу пункттері:

      көпжақты қатынастар үшін ашық:

Шалдыбар

Жамбыл облысы

      ";

      2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттері" деген 4-бөлімде:

      3) тармақшада мынадай редакцияда жазылсын:

      3) Өзбекстан Республикасымен шекара арқылы халықаралық өткізу пункттері:

      көпжақты қатынастар үшін ашық:

Тәжен

Маңғыстау облысы

Жібек Жолы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Б. Қонысбаев

Оңтүстік Қазақстан облысы

Қапланбек

Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазығұрт

Оңтүстік Қазақстан облысы

Атамекен

Оңтүстік Қазақстан облысы


      екіжақты қатынастар үшін ашық:

Целинный

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сырдария

Оңтүстік Қазақстан облысы

      ".

      2. Инвестициялар және даму, Ішкі істер, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрліктері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады