"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018 – 2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 477 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018 – 2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018– 2020 жылдарға арналған кепілдендірілгентрансферт туралы

      1-бап.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:

      2018 жыл – 2 600 000 000 мың теңге;

      2019 жыл – 2 300 000 000 мың теңге;

      2020 жыл – 2 000 000 000 мың теңге.

      2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 – 2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 21,113-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті






























































































































































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады