Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
"Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 1, 2-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:
Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесінде:
19-тармақ алып тасталсын;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол Бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының басшысы.";
24-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 31, 32, 33-тармақтармен толықтырылсын:
"31. Біріккен Ұлттар Ұйымының әскери байқаушылары және штаб офицерлері ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік операцияларына қатысушылар;
32. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Астана" халықаралық қаржы орталығының бірінші басшылары;
33. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің президенті.";
Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты берілетін адамдардың тізбесінде:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес дипломатиялық паспорт алуға құқығы жоқ мемлекеттік саяси қызметшілер.
3. Дипломатиялық паспорт алуға құқығы бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес "А" корпусының лауазымындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер.";
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары.
3-2. Дипломатиялық паспорт алуға құқығы бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары.
3-3. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты, Мәжілісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараттарының басшылары.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Дипломатиялық паспорт алуға құқығы бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілер лауазымдары тізілімінің А және В санаттарының, "Б" корпусының С-1, С-2, С-3 санаттарының лауазымындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер.";
мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтарымен толықтырылсын:
"7-1. Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірінші басшысы, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палаталарының бірінші басшылары және "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының өңірлік директорлары.
7-2. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне кіретін спорт федерацияларының бірінші басшылары.".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2017 жылғы
№