Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
47-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) тауарларды жою тәсілі мен орны көрсетілген көму, залалсыздандырылу, кәдеге жарату және (немесе) өзге де тәсілмен жою мүмкіндігін көздейтін жою кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды жою мүмкіндігі туралы материалдар;";
3-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы баптың 1-тармағының 6) – 11) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері I санатқа жатады.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері IІІ санатқа жатады.".
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22,116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат):
1) 11-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша алдағы түсімдердің есебіне Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес төленетін аванстық төлемдер де салық түсімдеріне жатады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтын, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген бюджетке міндетті, қайтарымсыз төлемдер, байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша салықтық емес түсімдер болып табылады.";
2) 31-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшіліктері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның ішкі істер органдары мен аумақтық бөлімшелерін қоспағанда, мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды.";
3) 49-баптың 1-тармағында:
26) және 27) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"26) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес төленетін кедендік алымдар;
27) ішкі нарықты қорғау шараларын қолданумен байланысты төленетін арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары;";
мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
"27-1) осы баптың 1-тармағының 25), 26) және 27) тармақшаларында санамаланған төлемдер бойынша алдағы түсімдердің есебіне Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес төленетін аванстық төлемдер, сондай-ақ қосылған құн салығы мен Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;".
3. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағының 92) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"92) санитариялық-карантиндік бақылау – адамдар мен жүктердің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуі кезінде ел аумағына инфекциялық және паразиттік ауруларды, сондай-ақ адам денсаулығына әлеуетті қауіпті заттар мен өнімді кіргізуге жол бермеу мақсатында өткізілетін, жүктердің санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін және адам денсаулының жай-күйін бақылау;";
2) 7-1-баптың 1-тармағының 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"26) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік пункттер құру;";
3) 80-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.";
4) 80-2-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген көлік құралдарының жолаушылары мен экипаж мүшелерін, пойыз бригадалары мен көлік құралдарының жүргізушілерін емдеуге;";
5) 80-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"80-3-бап. Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органының өзара іс-қимылы
1. Осы Кодекстің 80-бабының 3 және 4-тармақтарында, 80-2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарына мемлекеттiк тiркеу күнi мен нөмiрi көрсетiліп, әкелiнетін дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың әрқайсысының мемлекеттiк тiркелуi туралы уәкiлеттi орган растаған мәлiметтер ұсынылуға тиiс.
2. Қазақстан Республикасының кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органы дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органға ұсынады.";
6) 149-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жолаушыларға, экипаждарға, поезд бригадаларына, көлік құралдарына, халық денсаулығына қауіп төндіретін жүктерге санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін санитариялық-карантиндік пункттер ұйымдастырылады.";
7) 150-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тиісті аумақтарда шектеу іс-шараларын, оның ішінде кәсіпкерліктің және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен карантин енгізеді.".
4. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат):
1) мазмұнында 236 және 246-баптардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"236-бап Кедендік баждар, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуден жалтару";
"246-бап. Салық төлеушiнiң салық берешегi, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, төлеушінің пайыздары бойынша берешек есебіне билiк ету шектелген мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер";
2) 234-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Кедендік бақылаудан тыс немесе одан жасырын не құжаттарды немесе кедендiк идентификаттау құралдарын алдап пайдалану арқылы жасалған не декларациялаусыз немесе анық емес декларациялаумен не кедендік декларацияны бергенге дейін тауарлар шығару туралы өтініштегі не уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болып табылатын халықаралық тасымалдау уақытша әкетілген көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтініштегі, жарамсыз құжаттарды, қолдан жасалған және (немесе) көрінеу анық емес мәліметтерді құрайтын, көрінеу анық емес мәліметтерді берумен ұштасқан, iрi мөлшерде тауарларды немесе өзге де заттарды, оның ішінде осы Кодекстiң 286-бабында көрсетiлгендерiн қоспағанда, кедендiк шекара арқылы өткiзуге тыйым салынған немесе өткiзу шектелген, кедендiк шекара арқылы өткiзудiң арнайы қағидалары белгiленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткiзу -
мүлкі тәркіленіп, бес жүз мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.";
3) 236-бапта:
тақырыбы және 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"236-бап. Кедендік баждар, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуден жалтару
1. Ірi мөлшердегі кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуден жалтару - ";
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, айыппұлдар сомасын, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарды, сондай-ақ өсiмпұлдар және пайыздар бойынша олар қоса есептелген жағдайында берешектерді өз еркiмен төлеген адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, осы баптың бiрiншi бөлiгi бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.";
4) 246-баптың тақырыбы және бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"246-бап. Салық төлеушiнiң салық берешегi, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, төлеушінің пайыздары бойынша берешек есебіне билiк ету шектелген мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер
Мүлкi шектелген адамның мемлекеттік кірістер органдары билiк етуге шектеу қойған мүлiктi ысырап етуі, иелiктен шығаруы, жасырып қалуы немесе заңсыз беруі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда осындай мүлiктi беруден бас тартуы, сол сияқты кредит ұйымы қызметшiсiнiң мемлекеттік кірістер органдары шығыс операцияларын тоқтата тұрған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы - ";
5) 286-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды, күштi әсер ететiн, улы, уландырғыш, радиоактивтi заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды, жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарылыс құрылғыларын, атыс қаруын немесе оқ-дәрiлердi, жаппай қырып-жою қаруының ядролық, химиялық, биологиялық немесе басқа да түрлерiн, жаппай қырып-жою қаруын жасау үшiн пайдаланылуы мүмкiн материалдарды, жабдықтарды немесе компоненттерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы кедендік бақылаудан тыс немесе одан жасырын не құжаттарды немесе кедендiк сәйкестендiру құралдарын алдап пайдалану арқылы не декларациялаусыз немесе анық емес декларациялаумен не кедендік декларацияны бергенге дейін тауарлар шығару туралы өтініштегі жарамсыз құжаттарды, қолдан жасалған және (немесе) көрінеу анық емес мәліметтерді құрайтын, көрінеу анық емес мәліметтерді берумен ұштасқан алып өту, сол сияқты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы заңсыз алып өту - ".
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 12 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында 417, 524, 538, 545, 546, 548, 549, 550, 551, 552, 554, 555 және 556-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"417-бап. Тауардың шығарылған жері туралы сертификатты және Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзу";
"524-бап. Мемлекеттік кіріс органын тауарлар мен көлік құралдарының келгені туралы хабардар етпеу";
"538-бап. Кедендік декларациясын, құжаттар мен мәлiметтердi беру мерзiмдерiн бұзу";
"545-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртiбiн сақтамау;
546-бап. Жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, жеке пайдалануға арналған тауарларды өткiзу тәртібін бұзып, тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуі";
"548-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылауға соқпай өткiзу;
549-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру;
550-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құжаттарды немесе идентификациялау құралдарын алдап пайдалана отырып өткiзу;
551-бап. Тауарларды, қолма-қол ақшаны, жол жүру чектерін не құжаттандырылған бағалы қағаздарды декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, кедендік құжаттарда мәліметтерді анық емес мәлімдеу;
552-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кеден қағидаларын бұза отырып әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету";
"554-бап. Төленген (өндіріп алынған) кедендiк төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды, аванстық төлемдерді тиiстi негiздерсiз қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемдер алуға не оларды қайтармауға бағытталған әрекеттер;
555-бап. Кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздарын төлеу мерзімдерін бұзу;
556-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың төленуге тиісті сомаларын белгіленген мерзімдерде төлеу туралы талабын орындамау";
2) 32-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттеріндегі режимдi, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасын, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын, жол жүрісі қағидаларын, қызмет орындарынан тыс жерде кеден қағидаларын, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының бюджет және салық заңнамасын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын, аң аулау, балық аулау қағидаларын, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғаудың басқа да қағидалары мен нормаларын бұзғаны үшiн осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдар жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Аталған адамдарға атыс және суық қаруды алып жүру мен сақтау құқығынан айыру және әкімшілік қамаққа алу түрiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға болмайды.";
3) 417-бап және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"417-бап. Тауардың шығарылған жері туралы сертификатты және Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзу
1. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі сарапшы-аудиторлардың тауар туралы деректер бұрмаланған және (немесе) анық емес, тауардың шығарылған жері туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актілерін жасауы және оларды сараптама ұйымының беруі -
тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, сарапшылық ұйымдарына отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауардың шығарылған жері туралы тиiсінше ресiмделген сараптама актiсi және техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе бойынша тауардың шығарылған жерін растайтын құжаттар, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жерін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беруден бас тарту немесе Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы тиісінше ресімделген сараптама актісі және Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін растайтын мәліметтер, құжаттар ұсынылған жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруден бас тарту –
тауардың шығарылған жері туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауар туралы деректер бұрмаланған және (немесе) анық емес, уәкілетті ұйымның тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақ тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдардың (ұйымдардың) ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақ тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруі –
тауардың шығарылған жері туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Уәкілетті ұйымның, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақ тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдардың (ұйымдардың) тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақ тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын, сондай-ақ оларды беруден бас тарту туралы жазбаша уәжді шешiмді беру мерзімін бұзуы –
сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақ тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Бұрмаланған және (немесе) анық емес, тауардың шығарылған жері туралы сертификат алу үшiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе бойынша тауардың шығарылған жерін растайтын құжаттарды, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификат алу үшін ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жерін растайтын құжаттарды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын алу үшін Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін растайтын мәліметтерді, құжаттарды ұсыну –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он екі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың аттестаттарынан айыра отырып, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға – қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, қызметті үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақ тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, сарапшылық ұйымдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
4) 521, 522, 523, 524, 525 және 526-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"521-бап. Кедендік бақылау аймағының режимiн бұзу
Кедендік бақылау аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттiк органдардың (мемлекеттік кіріс органынан басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың өткізілуі, сондай-ақ осы аймақта мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз өндірістік және өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру –
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
522-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзу
Кеден өкілінің, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, еркін қойма немесе кеден қоймасы, бажсыз сауда дүкені иелерінің осындай қызметті "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүзеге асыру шарттары мен міндеттерін сақтамауы не уақытша сақтау орнын немесе қоймасын, кеден қоймасын немесе еркін қойманы, бажсыз сауда дүкенін құруға арналған үй-жайлардың немесе аумақтардың Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
523-бап. Кедендік тасымалдаушының қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзуы
Кедендік тасымалдаушының осындай қызметті жүзеге асыру үшін Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен міндеттерді сақтамауы, оның ішінде көлік құралында мемлекеттік кіріс органының осы көлік құралы тұрған жерді анықтауына мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болмауы не оның жарамсыз болуы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
524-бап. Мемлекеттік кіріс органын тауарлар мен көлік құралдарының келгені туралы хабардар етпеу
Тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген кезде мемлекеттік кіріс органына Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құжаттарды ұсынбау арқылы олардың келгені туралы хабардар етпеу –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
525-бап. Тауарлар мен көлік құралдарының кету тәртібін бұзу
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының кету тәртібін бұзу, не кету үшін құжаттарды Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазастан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ұсынбау –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кеін бір жыл ішінде қайта жасалса –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
526-бап. Авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері жағдайында шаралар қолданбау
Авария немесе еңсерілмейтін күштiң әсерi немесе өзге де мән-жайлар жағдайында тауарлар мен көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданбау, жақын маңдағы мемлекеттік кіріс органына осы мән-жайлар және осындай тауарлар мен көлiк құралдарының тұрған орны туралы хабарламау не оларды жақын маңдағы мемлекеттік кіріс органына немесе мемлекеттік кіріс органы айқындаған өзге орынға тасымалдауды қамтамасыз етпеу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
5) 529, 530, 531 және 532-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"529-бап. Көлiк құралын тоқтатпау
Көлік құралын тоқтатпау оның техникалық ақаулығынан немесе еңсерiлмейтiн күштiң әсерiнен болған жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органы айқындайтын орындарда тоқтатпау –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
530-бап. Көлiк құралын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жөнелту
Кедендiк бақылауда тұрған көлiк құралын не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жөнелту –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
531-бап. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасаудың және тауарларды кедендiк тазартудың тәртiбiн бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасаудың және тауарларды кедендiк тазартудың тәртiбiн бұзу, яғни Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру, кедендік операцияларды жасау орны мен уақыты жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ тауарлардың жекелеген санаттарын кедендiк рәсiммен орналастырудың бiрiншi кезектегi тәртiбiн қолдану шарттарын сақтамау –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
532-бап. Өздеріне қатысты кедендiк тазарту аяқталмаған тауарлармен құқыққа сыйымсыз операциялар жүргiзу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздеріне қатысты кедендiк тазарту аяқталмаған тауарлармен Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптар мен шарттарды бұзып операциялар жүргiзу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
6) 535-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"535-бап. Тауарларды кедендік декларациялау және кедендік құжаттарда мәліметтерді мәлімдеу тәртiбiн бұзу
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың және (немесе) кеден өкілінің тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзуы, яғни Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды алдын ала, толық емес, мерзiмдiк және уақытша кедендік декларациялауды қоса алғанда, тауарларды кедендік декларациялау орны бойынша кедендік декларацияны толтыру және кедендік декларациялау тәртібі жөніндегі талаптарды сақтамауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
7) 537, 538, 539, 540 және 541-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"537-бап. Уәкiлеттi экономикалық оператордың кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн бұзуы
Уәкiлеттi экономикалық оператордың осындай қызметтi жүзеге асыру үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген талаптарды сақтамауы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
538-бап. Кедендік декларациясын, құжаттар мен мәлiметтердi беру мерзiмдерiн бұзу
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi мемлекеттік кіріс органына белгiленген мерзiмдерде ұсынбау –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болып табылатын халықаралық тасымалдау уақытша әкетілген көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтінішті мемлекеттік кіріс органына Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгiленген мерзiмдерде ұсынбау –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
539-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына есептiлiктi ұсынбау не анық емес есептілікті ұсыну және есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамау
Кедендiк тасымалдаушының, кеден өкiлiнiң, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, кеден қоймасы немесе еркiн қойма, бажсыз сауда дүкенi иелерiнiң, уәкілетті экономикалық операторлардың, декларанттардың кедендiк бақылаудағы не еркiн кедендік аймақтар аумағындағы әкелiнетiн, әкетiлетiн, декларацияланатын, келiп түсетiн, сақталатын, қайта өңделетiн, дайындалатын, сатып алынатын және өткiзiлетiн тауарлар туралы есептiлiктi мемлекеттік кіріс органына Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен және мерзiмдерде ұсынбауы не анық емес есептілікті ұсынуы, сол сияқты мұндай тауарларға есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамауы –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
540-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн, оларды сақтау және олармен операциялар жүргiзу тәртiбiн бұзу
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды сақтауға орналастыру тәртібін және оларды сақтау тәртібін, кеден қоймасында сақтау мерзімдерін, тауарларды бір қоймадан екіншісіне жылжыту тәртібін бұзу, сол сияқты кеден қоймаларындағы, уақытша сақтау қоймаларындағы және еркін қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргізу –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
541-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
8) 542-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"542-бап. Тауарларды қайта өңдеу және қайта өңдеу өнiмдерiн ауыстыру тәртiбiн бұзу
1. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу, яғни кеден заңнамасында белгiленген талаптарды, шектеулердi және тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта, егер ондай құжат кедендік рәсімдердің шарттарына сәйкес міндетті болса, бар шарттарды, оларды қайта өңдеу тәртiбi мен мерзiмдерiн, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу мөлшерiн сақтамау, мұндай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргiзу –";
9) 543-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"543-бап. Кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау
1. Өзіне қатысты аяқтау туралы талап белгіленген кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетпеу –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жеке пайдалану үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген тауарларды және (немесе) көлік құралдарын уақытша әкелудің белгіленген мерзімде әкетпеуі –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына тауарлар мен (немесе) көлiк құралдарының кері әкетілуін немесе әкелінуін не аварияның немесе еңсерілмейтін күштiң әсерi, табиғи тозу немесе азаю не шет мемлекет органдары мен лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз әрекеттерiне байланысты олардың иелiктен шығарылуы салдарынан тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуы немесе ысырап болуы себебiнен оның мүмкiн еместігін растау ретiнде жарамсыз құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды не басқа тауарлар мен (немесе) көлiк құралдарына қатысты құжаттарды ұсыну –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен (немесе) көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
10) 545-бап және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"545-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртiбiн сақтамау
Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тыйым салулар мен шектеулерді сақтамай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзу –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
11) 546-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"546-бап. Жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, жеке пайдалануға арналған тауарларды өткiзу тәртібін бұзып, тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуі";
12) 547-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"547-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тауарларды өткізу тәртібін бұзу
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тауарларды өткізу тәртібін бұзу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
13) 548-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"548-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылауға соқпай өткiзу
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылауға соқпай өткiзу, яғни тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары айқындаған орындардан тыс жерде немесе көрсетілген орындарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде өткiзу, қылмыс белгілері болмаған кезде –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
14) 549, 550 және 551-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"549-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру, оның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа да тәсiлдердi пайдалану немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру арқылы жасыру –
құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болып табылатын тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен заттарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жасырып өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындары бар тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
550-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құжаттарды немесе идентификациялау құралдарын алдап пайдалана отырып өткiзу
Осы Кодекстің 555-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кіріс органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде жарамсыз құжаттарды, оның ішінде тыйым салу мен шектеулерді сақтамауға негіз болатын құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды ұсына отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзу, сондай-ақ тауарларды кеден транзитінің кедендік рәсімімен немесе уақытша сақтау қоймасына орналастыру, сондай-ақ жасанды сәйкестендіру құралдарын не басқа тауарлар мен көлік құралдарына қатысты төлнұсқа сәйкестендіру құралдарын пайдалану –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен (немесе) көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
551-бап. Тауарларды, қолма-қол ақшаны, жол жүру чектерін не құжаттандырылған бағалы қағаздарды декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, кедендік құжаттарда мәліметтерді анық емес мәлімдеу
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, яғни декларанттың, кеден өкілінің, уәкілетті экономикалық оператордың кеден декларациясында, тауарлар туралы, таңдап алынған кедендiк рәсім, тауарлардың кедендік құны не шыққан елі туралы белгiленген нысанда мәлiмдемеуі не анық емес мәліметтерді мәлiмдеуі немесе кедендік төлемдерді, салықтарды, немесе кедендік төлемдердін, салықтардын, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждардын мөлшерін төмендетуге негіз беретін өзге де анық емес мәліметтерді мәлімдеуі –
жеке тұлғаға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кеін бір жыл ішінде қайта жасалса –
жеке тұлғаларға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн және жазбаша декларациялауға жататын қолма-қол шетел валютасын, Қазақстан Республикасының қолма-қол валютасын, жол жүру чектерін не құжаттандырылған бағалы қағаздарды декларацияламауы немесе анық емес декларациялауы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарлар туралы кедендік декларацияны бергенге дейін тауарлар шығару туралы өтініште және уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болып табылатын халықаралық тасымалдау уақытша әкетілген көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтініште мәліметтерді анық емес мәлімдеу, яғни тұлғамен белгiленген нысанда мәлiмдемеуі не кедендік төлемдердін, салықтардын, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждардын мөлшерін төмендетуге әкеп соғатын, тауарлар туралы, таңдап алынған кедендiк рәсім, тауарлардың кедендік құны немесе өзге анық емес мәліметтерді мәлімдеу –
жеке тұлғаға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
15) 552-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"552-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кеден қағидаларын бұза отырып әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік бақылауға соқпай не осындай бақылаудан жасырып, не құжаттарды немесе идентификаттау құралдарын алдап пайдалана отырып әкелiнген не декларацияланбаған немесе анық емес декларацияланған тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету, сол сияқты өздеріне қатысты кедендік төлемдер және салықтар бөлігінде кедендік жеңiлдiктер берiлген, оларға байланысты осындай жеңiлдiктер берiлгеннен өзге мақсаттарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз пайдаланылатын не иелiктен шығарылатын тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау және сатып алу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
16) 554, 555 және 556-баптар және олардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"554-бап. Төленген (өндіріп алынған) кедендiк төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды, аванстық төлемдерді тиiстi негiздерсiз қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемдер алуға не оларды қайтармауға бағытталған әрекеттер
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына төленген (өндіріп алынған) кедендiк төлемдердi, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды аванстық төлемдерді, кедендік шот есебіне төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарды, өсімпұлдар мен пайыздарды, сондай-ақ кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждардың төленуін қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдерді тиісті негіздерсіз қайтаруға, төлемдер және өзге де өтемдер алуға немесе оларды қайтармауға не толық емес көлемде қайтаруға құқық беретiн анық емес мәлiметтердi қамтитын құжаттарды ұсыну, егер осы әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса –
заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштің екі жүз елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
555-бап. Кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздарын төлеу мерзімдерін бұзу
Төлеушімен және (немесе) төлеушімен бірге ортақ міндетті алып жүретін тұлғалармен белгіленген мерзімде кедендік баждар, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарды төлеу бойынша міндетін орындамау немесе тиісінше орындамау, белгіленген мерзімде кедендік алымдарды әкелінетін кедендік баждардың төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеу пайыздардың төлемеу –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
556-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың төленуге тиісті сомаларын белгіленген мерзімдерде төлеу туралы талабын орындамау
Банктің, сақтандыру ұйымының, кепілгердің кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төленуге тиісті сомаларын белгіленген мерзімдерде төлеу туралы мемлекеттік кіріс органының талабын орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
17) 557-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"557-бап. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының шешiмдерiн орындамауы
Мемлекеттік кіріс органдарының кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждар, өсімпұлдар, пайыз бойынша берешегін өндiрiп алу туралы немесе кедендiк төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеушiнiң шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiмдерiн банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кiнәсiнен орындамау –
заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
18) 684-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"684-бап. Cоттар
1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 73, 74, 75 (бірінші, екiншi, бесінші және алтыншы бөлiктерiнде), 76, 77, 78, 79, 80 (төртiншi бөлiгiнде), 81 (екiншi бөлiгiнде), 82 (екiншi бөлiгiнде), 82-1, 85, 86(төртiншi бөлiгiнде), 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 139 (екiншi бөлiгiнде), 145, 149, 150, 151(екiншi бөлiгiнде), 153, 154, 158, 159, 160 (екiншi бөлiгiнде), 169 (екiншi, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 171, 173, 174 (екiншi бөлiгiнде), 175, 175-1, 176, 182, 183, 184, 185, 187 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 189, 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 191, 193 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 199 (екiншi бөлiгiнде), 200, 211 (бірiншi бөлiгiнде), 214, 216, 219, 233 (үшiншi бөлiгiнде), 235, 236, 237, 239-1, 245, 246, 246-1 (бұл бұзушылықтарға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде жол берілгенде), 247 (алтыншы, тоғызыншы, он бірінші бөліктерінде), 251, 252 (екiншi бөлiгiнде), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшіншi, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерiнде), 283, 283-1, 294 (бірінші және екінші бөліктерінде), 296 (екiншi бөлiгiнде), 299 (екінші бөлігінде), 310, 311, 312 (екiншi бөлiгiнде), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгiнде), 317 (төртінші бөлiгiнде), 317-1 (екінші бөлігінде), 317-2 (екінші бөлігінде), 319, 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 326 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 333 (екiншi бөлiгiнде), 356 (он төртінші бөлігінде), 357, 360 (бірiншi бөлiгiнде), 382 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 383 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 385 (екiншi бөлiгiнде), 389, 392 (үшiншi бөлiгiнде), 395 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екiншi бөлiгiнде), 397 (төртiншi бөлiгiнде), 398, 399 (екінші және үшінші бөліктерінде), 400 (екiншi бөлiгiнде), 401 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 402(төртінші бөлігінде), 404 (тоғызыншы бөлiгiнде), 405 (бірiншi бөлiгiнде), 407 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 409 (жетінші бөлігінде), 410-1, 413, 414, 415 (екiншi бөлiгiнде), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 419 (екiншi бөлiгiнде), 422, 423 (екiншi бөлiгiнде), 424 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 425 (екiншi бөлiгiнде), 426 (екінші және үшінші бөліктерінде), 427, 433 (екiншi бөлiгiнде), 434, 436, 439, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 443 (екінші бөлігінде), 444 (бірінші бөлігінде), 445, 445-1, 446, 449 (екiншi және үшінші бөліктерінде), 450, 451, 452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде), 453, 454 (екiншi бөлiгiнде), 455 (төртiншi бөлiгiнде), 456, 456-1, 460-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 461, 462, 463, 464 (екiншi бөлiгiнде), 465, 467, 469 (екiншi бөлiгiнде), 470 (екiншi бөлiгiнде), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 488, 489 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 489-1, 490, 495 (екiншi бөлiгiнде), 496 (екінші және үшінші бөліктерінде), 498, 506, 507, 508, 509, 512 (екiншi бөлiгiнде), 513 (екiншi бөлiгiнде), 514 (екiншi бөлiгiнде), 516, 517(екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 528 (бірінші бөлiгiнде), 532 (екінші бөлігінде), 543 (1-1, үшінші бөліктерінде), 544, 545, 548 (екiншi бөлiгiнде), 549, 550, 551 (екiншi бөлiгiнде), 552 (екiншi бөлiгiнде), 563 (екiншi бөлiгiнде), 564 (бесiншi бөлiгiнде), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 583 (екiншi бөлiгiнде), 590 (төртiншi бөлiгiнде), 596 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 603 (бірінші және екінші бөліктерінде), 604 (екiншi бөлiгiнде), 605 (екiншi бөлiгiнде), 606 (екiншi бөлiгiнде), 607 (екiншi бөлiгiнде), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктерінде), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 615 (төртiншi бөлiгiнде), 618, 621 (үшiншi бөлiгiнде), 636 (екiншi бөлiгiнде), 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде), 638 (екiншi бөлiгiнде), 651, 652, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 664, 665, 666, 667, 668, 669, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары:
1) кәмелетке толмағандар жасаған, осы Кодекстiң 435, 436 (үшінші бөлiгiнде), 438 (үшінші бөлігінде), 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы;
2) осы Кодекстің 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 430 (екiншi бөлiгiнде), 663-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
3. Жоғарғы Соттың, облыстық, аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың судьялары осы Кодекстiң 653-бабында көзделген, сот талқылауы барысында анықталған, процеске қатысып отырған тұлғаның тарапынан сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiлерi туралы iстердi қарайды.";
19) 720-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік кіріс органдары осы Кодекстiң 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 92-1, 151 (бірінші бөлігінде), 152, 155, 157, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 177, 178, 179, 180, 181, 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1 (осы бұзушылықтар салық бойынша аудит жүргізілген кезде жасалған болса), 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 284, 285, 285-1, 286, 287, 288, 460-1 (бірінші бөлігінде), 460-2, 464 (бірінші бөлігінде), 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (екінші және үшінші бөліктерінде), 528-1, 529, 530, 531, 532 (бірінші бөлігінде) 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 541, 542, 543 (бірінші және екінші бөліктерінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551, 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558 және 571-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Мемлекеттік кіріс органдары осы бөлікте санамаланған әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль, теңіз өткізу пункттерінде және тауарларды өткізудің өзге де орындарында жасалған кезде, осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде), 297, 324 (бірінші бөлігінде), 334, 377 (бірінші бөлігінде), 400 (бірінші бөлігінде), 406 (бірінші және екінші бөліктерінде), 425 (бірінші бөлігінде), 572 (бірінші бөлігінде), 573, 574, 589 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 593 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 609, 612 (үшінші бөлігінде) және 621 (төртінші бөлігінде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi де қарайды.";
20) 786-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн, шекара режимін және кедендік режимдi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi режимді бұзушылықтар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi әскери қызметшiсiнiң, өзге де әскерлер, әскери құралымдар әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң заңды өкiмiне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбаушылық жасалған кезде – әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету жөнiндегi мiндеттi орындайтын басқа жеке тұлға бөлiмшеге, әскери бөлiмге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне, iшкi iстер органына (полицияға), жергiлiктi басқару органына;";
21) 789-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Күзетілетін объектілерге заңсыз кіргені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн, шекара режимін және кедендік режимдi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режимдi бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңiзiндегi) және iшкi суларындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргізу қозғалған адам – қажет болған жағдайларда жеке басын анықтау және құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау үшiн бұл жөнінде ұстап алынған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жазбаша хабарланып, қырық сегiз сағатқа дейiн ұсталуы мүмкiн. Төтенше жағдай жарияланған жерде коменданттық сағат енгiзiлуiне байланысты белгiленген тәртiптi бұзуға жол берген адамдарды iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерлерi немесе әскери патрульдер коменданттық сағат аяқталғанға дейiн, ал өзімен бірге құжаттары жоқтарды – олардың жеке басын анықтағанға дейiн, бiрақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа ұстай алады.";
22) 804-баптың 1-тармағының 31) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"31) мемлекеттік кіріс органдарының (150, 151 (екінші бөлігі), 153, 154, 158, 174 (екінші бөлігі), 176, 182, 183, 190 (үшінші және төртінші бөліктері), 246 (бесінші және алтыншы бөліктері), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөліктері), 283, 283-1, 357, 398, 460-1 (екінші және үшінші бөліктері), 462, 463, 464 (екінші бөлігі), 467, 489 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері), 528 (бірінші бөлігі), 532 (екінші бөлігі), 543 (1-1 және үшінші бөліктері), 544, 545, 548 (екінші бөлігі), 549, 550, 552 (екінші бөлігі), 590 (төртінші бөлігі), 654, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667, 679-баптар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған, 400 (екінші бөлігі) және 425 (екінші бөлігі)-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша);".
6. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар):
1) 140-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен кезде және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын жеткізу орындарында, кедендік тазартуды аяқтау орындарында өсiмдiктер карантинi, санитариялық-карантиндiк, ветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалау жүргiзуге;";
2) 159-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Кедендік баждар салудан босату объектілерінің нысаналы пайдаланылуын бақылау Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.";
3) 248-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында немесе оның бiр бөлiгiнде еркiн кедендiк аймақтың кедендiк рәсiмi қолданылады. Шегiнде еркiн кедендiк аймақтың кедендiк рәсiмi қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың шекаралары Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнайы экономикалық аймақ құру туралы актiсiне сәйкес айқындалады.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағының бiр бөлiгi болып табылады.
Еркiн кедендiк аймақтың кедендiк рәсiмi Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қолданылады.
Еркiн кедендiк аймақтың кедендiк рәсiмi қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады.".
7. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
50-баптың 6-тармағының д) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"д) мемлекеттік кіріс органдарына тек салықтық әкімшілендіру, кедендік бақылау мақсатында мыналарға:
тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне қатысты – салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған, тексерілетін жеке тұлғаға қатысты – салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған және қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатқан жеке тұлғаға қатысты;
орналасқан жерінде іс жүзінде болмауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген табыс ету мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін салық есептілігін табыс етпеген заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға қатысты;
әрекет етпейтін заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, адвокатқа қатысты;
пайда болған күнінен бастап төрт ай ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде өтелмеген салық берешегі бар заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға қатысты;
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге – кедендік тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумғында олар жүзеге асыратын операциялар бойынша беріледі.
Клиенттердің экспорттық және (немесе) импорттық операциялары жөніндегі мәліметтер прокурордың санкциясымен беріледі;".
8. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,
1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-I, 143-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат):
5-баптың 2-тармағының он сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар;".
9. "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,
1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 13, 65-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган – зертханалық сараптаманы қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары;";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) фитосанитариялық бақылау бекеті – уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттерінің (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің) аумағында, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған жерлерде орналасқан, қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалауды жүзеге асыратын бөлімшесі;";
2) 7-3-баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде көлік құралдарында және тасымалдауға арналған бейімдемелерде (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарында, салондарында, багаж және жүк бөлімшелерінде, контейнерлерде), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажында өткізілетін әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды, сондай-ақ қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүргізеді;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде:
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы;
өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқама береді және оның орындалуын бақылайды;";
3) 13-бапта:
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелуге фитосанитариялық бақылау бекеттері және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері арқылы ғана рұқсат етіледі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Карантиндiк объектiлермен залалданған көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер, залалсыздандыру көзделген өнiмдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының ұйғарымы бойынша карантиндiк тұрғыдан ықтимал қаупi бар көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер залалсыздандыруға жатады.
Карантинге жатқызылған өнімнің иелерi карантиндiк жете тексерудің нәтижелерi бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарымен көзделген карантинге жатқызылған өнiмдердi залалсыздандыруды фумигациялық отрядтармен шарт жасасу негiзiнде жүргiзедi.
Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнiмнен карантиндiк объектiлер анықталған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде фумигациялық камераларда, штабельдерде, кемелер мен баржалардың трюмдерінде, вагондарда, контейнерлерде және көлiктiң басқа да түрлерiнде залалсыздандыру бойынша жұмыстар жүргiзiледi.
Карантинге жатқызылған импорттық өнімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының карантиндi аймақтарынан өнiмдi тасымалдаудан кейiн көлiк құралдарының барлық түрлерi өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор белгiлеген жерлерде өнiм қалдықтары жойыла отырып, мiндеттi тазартуға, ал қажет болған жағдайда – фумигациялануға жатады.".
10. "Қаржы лизингі туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 247-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кедендік рәсімі қолданылатын лизинг нысаналарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.".
11. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат):
бүкіл мәтін бойынша "Кеден одағының кедендік шекарасымен" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
12. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат):
1) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруын бақылау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында, қалалар немесе өзге де елді мекендер шекараларының шегіндегі автомобиль жолдарында жүзеге асырылады.
Техникалық бақылау құралдарымен жарақталмаған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiн, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарын және көлiктi бақылау бекеттерін құруға жол берiлмейдi. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарының және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";
2) 19-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"19-4-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын көлiктiк бақылау
1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін көліктік бақылау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, сондай-ақ арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары арқылы автокөлік құралдары жүріп өткен кезде жүзеге асырылады.
1-1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын, өткізу пункттерінде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында автокөлік құралдарының жүріп өтуіне көліктік бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерi, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындары және стационарлық көліктік бақылау бекеттері арнайы лайықталған ғимараттармен және құрылысжайлармен жабдықталуға, деректердi жинау, беру және шоғырландыру үшiн бақылау, байланыс техникалық құралдарымен, қазiргi заманғы телекоммуникациялық және компьютерлiк жабдықтармен жарақталуға тиiс. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттері қажет болған жағдайда шлагбаумдармен жабдықталады.";
3) 19-7-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында, осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 8), 9), 11), 15), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшаларында көзделгендерді қоспағанда, бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.".
13. "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат):
1) мазмұнында 16-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"16-1-бап. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сараптама ұйымы және сарапшы-аудиторлар";
2) 1-бапта:
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі – ұйымдар стандарттарын және консорциум стандарттарын қоспағанда, техникалық регламенттерді және нормативтік техникалық құжаттарды, стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты;";
31-1)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"31-1) сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар – уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестталған жеке тұлғалар;";
3) 5-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-ayдиторлар;";
4) 7-бапта:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) сәйкестiктi растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді, бекітеді және оларды ұйымдастырады, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді және бекітеді";
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымның қызметін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және уәкілетті органның (ұйымның) қызметін ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына жыл сайынғы тексеруді жүргізу, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетел тауарының мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады;";
5) 16-1-бап және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"16-1-бап. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сараптама ұйымы және сарапшы-аудиторлар
1. Сараптама ұйымы тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар жасаған тауардың шығу тегі туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн куәландырады және бередi.
2. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн бiр сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады.
3. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттауды уәкiлеттi орган құратын, тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссия жүзеге асырады.
Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар, уәкiлеттi органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де ұйымдардың өкiлдерi енгізіледі.
Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
4. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
5. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға, егер тауар туралы ұсынылған деректер бұрмаланған және (немесе) анық емес болса, тауардың шығу тегі туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн жасауға тыйым салынады.";
6) 40-баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-1) тауар туралы деректері анық емес, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификатты, ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақ тауары және (немесе) шетел тауары нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беруге;".
14. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-I, 140-құжат; № 22-VI, 159-құжат):
1) 18-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қолма-қол шетел валютасын, қолма-қол ұлттық валютаны, құжаттандырылған бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын Қазақстан Республикасына әкелуді және Қазақстан Республикасынан әкетуді Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда резиденттер мен резидент еместер шектеусіз жүзеге асырады.";
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жеке тұлғаның жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол шетел валютасын және (немесе) қолма-қол ұлттық валютасын (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелінетін немесе әкетілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органында мiндеттi түрде кедендік декларациялануға жатады.
Кедендік декларациялау өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі және мақсаты туралы мәліметтер көрсетіле отырып, әкелінетін немесе әкетілетін қолма-қол шетел валютасының, қолма-қол ұлттық валютаның және жол чектерінің бүкіл сомасына жазбаша нысанда кедендік декларация беру арқылы жүзеге асырылады.
4. Жеке тұлғаның ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді (жол чектерінен басқа) Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелінетін немесе әкетілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органында мiндеттi түрде кедендік декларациялануға жатады.
5. Тазартылған құйма алтынды, сондай-ақ заңды төлем құралы болып табылатын бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылмайтын аумақтан немесе аумаққа Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".
2) 29-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен кеден ісі саласындағы уәкілетті органның өзара іс-қимыл жасау, ақпарат алмасу, оның ішінде электрондық нысанда ақпарат алмасу тәртібі, сондай-ақ осындай ақпарат алмасу шеңберіндегі мәліметтердің тізбесі бірлескен актіде айқындалады.".
15. "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 11, 80-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) халықаралық іскерлік операциялармен жүзеге асырылады.
Бұл ретте осы тармақшаның мақсаты үшін:
тауарлар экспорты – Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды әкету;
тауарлар импорты – Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан тауарларды әкелу;";
2) 7-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) шарттардан (келісімшарттардан), шот фактуралардан (инвойстардан), тауарларға арналған декларациялардан алынған мәліметтер қамтылған, осы Заңның 3-бабында көрсетілген мәмілелер жөніндегі ақпарат, қаржы ұйымдары ұсынатын мәліметтер, сондай-ақ дифференциалды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер;"
3) 9-бапта:
1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) нарықтық бағалар бойынша ақпарат көздері болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтау мәселелері бойынша уәкілетті органдар жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу кезінде трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізеді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Трансферттік бағаларды қолдану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексеруді және мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалады.".
16. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат):
1-баптың 9-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9-1) Қазақстанда өндірілетін жаңартылатын энергия көздері – қазақстандық өндірушілер өндіретін және:
Қазақстан Республикасында толық өндірілгендер ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын;
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті қайта өңдеуге ұшырағандар ретінде айқындалатын жаңартылатын энергия көздері;".
17. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат):
18-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа жүзеге асырылатын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, декларацияланған мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органы жүзеге асырып, кейіннен оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, белгіленген мерзімде міндетті түрде уәкілетті органға ұсынады.".
18. "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 26-бапта:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады.
4. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады.
Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағында кедендік бақылауды Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының жер учаскесімен шектері толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында өзге де кедендік рәсімдермен, оның ішінде бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болуы және жайғастырылуы мүмкін.";
2) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"27-бап. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар
Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелінген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылады және кеден баждарын, салықтарды, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерде орналасқан тауарлар ретінде қарастырылады.".
19. "Магистральдық құбыр туралы" 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өнімді магистральдық құбыржолмен өткізудің кедендік реттелуін жүзеге асырады.".
20. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" жəне "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
34-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекарада көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды жете тексеруді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.".
21. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 152-құжат):
14-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетел тауарының мәртебесін айқындайды;".
22. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):
66-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында механикалық көлік құралын сатып алғаннан немесе жеке пайдалану үшін шығарумен, ішкі тұтыну үшін шығарумен, Қазақстан Республикасына бір жылдан астам мерзімге уақытша әкелінгендерді шығарумен байланысты кедендік операциялар жасалғаннан кейін көлік құралын он жұмыс күні ішінде уәкілетті органда тіркеуге;".
23. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 12 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
37-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Экспорты және (немесе) импорты лицензиялануға жататын тауарлардың тізбесін Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының шешімімен бекітілген, үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салу немесе шектеу қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялаудың орындалу үшін осы шектеулер енгізілген мақсаттарға қарағанда тауарлардың экспортын немесе импортын көбірек шектеу немесе бұрмалау әсері болмауға тиіс.
Экспортқа және (немесе) импортқа лицензиялар және рұқсаттар беру тәртібі мен шарттары халықаралық шарттарға сәйкес белгіленеді.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Лицензия Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес жіктелетін, оларға қатысты лицензиялау енгізілген, экспорттық бақылауға жататын әрбір тауарға немесе өнімге беріледі.
Лицензиар лицензиялардың мынадай түрлерін береді:
1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің шешімі негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және лицензияда айқындалған санымен жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына құқық беретін бас лицензия;
2) сыртқы сауда қызметіне қатысушыға жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық беретін айрықша лицензия;
3) сыртқы сауда шарты (келісімшарты) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және белгілі бір санымен лицензияланатын тауардың экспортына және (немесе) импортына құқық беретін біржолғы лицензия.
Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына бас және айрықша лицензиялар беруді лицензиар Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының шешімінде көзделген жағдайларда жүзеге асырады.
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына және (немесе) импортына бас және айрықша лицензиялар берілмейді.";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Біржолғы лицензияның қолданылу кезеңі оның қолданыла бастаған күнінен бастап бір жылдан аспауға тиіс. Біржолғы лицензияның қолданылу мерзімі сыртқы сауда шартының (келісімшартының) қолданылу мерзімімен немесе лицензияны беруге негіз болып табылған құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.
Сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданылу кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
Егер Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының шешімінде өзгеше ескерілмесе, тауарлардың экспортына және (немесе) импортына арналған бас лицензияның қолданылу мерзімі ол қолданыла бастаған күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс, ал сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін – квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
Айрықша лицензияның қолданылу мерзімі әрбір нақты жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының шешімімен белгіленеді.
6. Экспортқа және импортқа арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібін Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органы белгілейді.".
24. "Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы" 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"30) төлеушілер – "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалған тұлғалар;";
2) 6-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын есептеу, осы баждарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімдері мен тәртібін айқындау, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызу, бөлу және қайтару "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде кедендік әкелу баждары үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.".
25. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
43-баптың 21-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу талаптары қамтылуға тиіс.".
2-бап.
Осы Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |