Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 531 қаулысы.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2017 жылы екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 31 тамыздағы
№ 531 қаулысына
қосымша

2017 жылы әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери қызметке шақыруға жататын запастағы офицерлердің саны

Р/с №

Әскери-есептік мамандық

Саны

Офицер

1.

Әскери-медициналық қызмет

100

2.

Артиллерия

50

3.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

40

БАРЛЫҒЫ


190


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады