"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қыркүйектегі № 612 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар, № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13,15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж. № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар, № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 82-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "82-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушысынан үлесін мәжбүрлеп сатып алу

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы серіктестік алдында заңнамалық актілерде немесе құрылтай құжаттарында белгіленген өз міндеттерін бұзған кезде, олардың салдарын жою серіктестік немесе оның қатысушылары үшін қиындық келтіретін немесе мүмкін болмайтын (елеулі зиян келтіретін) болса, серіктестік сот арқылы мұндай қатысушының үлесін "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп сатып алуды талап етуге құқылы.";

      2) 291-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Борышкер міндеттемесін орындау үшін, егер борышкер мен кредитор арасындағы нотариат куәландырған шартта міндеттемені орындау тәсілі ретінде нотариус депозитіне ақша салу көзделген жағдайда, депозит шартымен өзінен алынуға тиесілі ақшаны нотариустың атына салуға да құқылы.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Борышкердің ақша және бағалы қағаздар салу, оларды кредиторға беру шарттары және депозит пен сақтаудың басқа да шарттары нотариат туралы заңнамада белгіленеді.";

      3) 328-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасында "арқылы" деген сөзден кейін "бір жылдан аспайтын мерзімге" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Ломбардта затты кепілге қою туралы шарт кепіл затының сатылуына байланысты тоқтатылады.".

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжатар; № 8, 64-құжат; № 10, 77- құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21- құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82- құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-1, 19-11, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8; 42, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-1, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-1, 143-құжат; № 22-11, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-1, 49-құжат; № 7-11, 53-құжат; № 8-1, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 3 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1068-баптың 2-тармағында "осы Кодекстiң" деген сөздерден кейін "1061," деген сандармен толықтырылсын;

      2) 1079-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мұрагер мұраны қабылдамаған, мұрадан бас тартқан не лайықты емес мұрагер ретінде мұрадан шеттетілген жағдайда, мұраның мұндай мұрагерге тиесілі бөлiгi мұрагерлiкке шақырылған заң бойынша мұрагерлерге түседi және олардың арасында мұралық үлестеріне бара-бар бөлiнедi.

      Егер мұра қалдырушы барлық мүлiктi өзi тағайындаған мұрагерлерге өсиет етсе, мұрадан бас тартқан немесе мұрагер қайтыс болған жағдайда, бұрын мұраға қалдырушының өсиеті бойынша, осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген өзге негіздер бойынша шығып қалған мұрагерге тиесiлi мұраның бір бөлiгi өсиет бойынша қалған мұрагерлерге түседi және өсиетте өзгеше көзделмегендiктен, олардың арасында мұралық үлестерiне бара-бар бөлiнедi.".

      3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-1, 99, 101- құжаттар; № 19-II, 103- құжат; № 20-IV, 113- құжат; № 20-VII, 115, 117- құжаттар; № 21- І, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53,56-құжаттар; № 8-II, 72- құжат; № 10, 79-құжат; 2017ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 14 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 13 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 84-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн ерекше жағдайларда, мүлiк меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен құны тең бағамен өтелген кезде не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп иелiктен шығарылады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Ерекше жағдайлар деп, мемлекет мұқтажын қанағаттандырудың өзге тәсiлінің болмауы түсініледі.";

      2-тармақтың бірінші азбацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер учаскелерін ерекше жағдайларда алып қою кезінде:";

      2-тармақтың 5) тармақшасында "ерекше жағдайлар" деген сөздер "мемлекет мұқтаждары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2) 88-баптың 1-тармағындағы "алып қойылатын жер учаскесінің құны немесе басқа шарттар туралы онымен келісімге" деген сөздер "алып қойылатын жер учаскесінің құнын тең бағамен өтеу шарттары немесе басқа да шарттар бойынша онымен келісімге" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; №9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат):

      66-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылын:

      "2-1. Балаларды күтіп-бағуға арналған алименттерді нысаналы пайдалану және оларды өндіріп алу мүмкіндігін жою мақсатында алимент алушының немесе оның өкілінің талабы бойынша Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында көрсетілген тәртіппен алименттерді есептеу үшін арнайы шот ашылуы мүмкін.".

      5. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8- II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; 2017 жылғы 4 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      48-баптың екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) осы бөліктің 1) – 4) тармақтарында көрсетілген, сотталғандар басқа адамдардың меншігіне берген ақша және өзге де мүлік жатады.".

      6. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; 2017 жылғы 4 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 10 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 299-бапта:

      үшінші бөліктің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес тәркілеуге жататын мүлік туралы мәліметтер;";

      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес мүліктің тәркіленуге жататынын растайтын дәлелдемелердің тізбесі;";

      2) 301-баптың бірінші бөлігінің 11) тармағындағы "бар-жоғын тексереді." деген сөздер "бар-жоғын;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақпен толықтырылын:

      "12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда күдіктінің, айыпталушының мүлкі ықтимал тәркілеу үшін негіз болып табылатын қылмыспен байланыстылығы-байланысты еместігі және осы мүліктің тәркілеу затына жататындығы туралы дәлелдеменің табыс етілген-табыс етілмегенін тексереді.";

      3) 390-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7-1) тармақпен толықтырылсын:

      "7-1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес мүліктің тәркіленуге жататындығы дәлелденген-дәлелденбегенін;";

      4) 397-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Сот мүлікті тәркілеуді тағайындаған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабында көзделген, ол бойынша нақты мүліктің тәркілену нысанасына жатқызылғаны туралы негіздерді және осы мүлікке қатысты осындай негізделген дәлелдемелерді көрсетуге тиіс.";

      5) 398-баптың бірінші бөлігінің 4) тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Сот мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны тағайындаған кезде қандай мүліктің тәркіленуге жататынын үкімде көрсетеді және (немесе) тәркіленуге жататын заттарды тізіп көрсетеді.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда, сот тәркіленуге жататын ақшалай соманы көрсетеді.";

      6) 476-бап 20) тармағындағы "туралы мәселелерді қарау жатады." деген сөздер "туралы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) тармақпен толықтырылсын:

      "21) мүлікті тыйым салудан босату туралы мәселелерді қарау жатады.";

      7) 478-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-1. Осы Кодекстің 476-бабының 21) тармағында көрсетілген мәселені сот үкімімен тәркіленген мүлікті қабылдаған уәкілетті мемлекеттік органның және өзге де мүдделі тұлғалардың өтінішхаты бойынша сот қарайды.".

      7. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; 2017 жылғы 4 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 80-баптың бірінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сотталған адамның тәркiленген мүлкiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған қойылатын барлық талаптар қанағаттандырылғаннан кейiн, оның ішінде тәркіленген мүлік есебінен жүргiзiледi.";

      2) 82-баптағы "сот орындаушысының" деген сөздер "қылмыстық қудалау органының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 20 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 255-баптың 1-бөлігінде:

      үшінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының заңдары бойынша" деген сөздер "шешім шығарылған елдің заңы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші абзац алып тасталсын;

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "төреліктің құрамы немесе төрелік талқылау рәсімі тараптардың келісіміне сәйкес келмегенінің немесе мұндай болмаған кезде төрелік орын алған елдің заңына сәйкес келмегенінің;";

      2) 465-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-1. Сот тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша төрелiк талқылауды жаңарту үшiн не төрелiк шешiмнің күшін жоюдың негiзiн жоюға мүмкiндiк беретiн өзге де шараларды қолдану үшiн төрелiк шешiмнiң күшiн жою туралы өтiнiшхат бойынша iс жүргiзудi белгiлi бiр мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.

      Егер төрешілер жаңа шешім шығарса, тарап сот белгілеген мерзім ішінде талап арыз ұсынбай шешімнің жаңартылған төрелік талқылауға немесе бастапқы шешімдегі өзгерістерге қатысты бөлігінде шешімнің күшін жою туралы өтініш хат беруге құқылы.".

      9. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; 2017 жылғы 3 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 36-бапта:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде қарыз алушы алатын ақшаны, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаларды), сондай-ақ "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй төлемдерін, нотариус депозиті шарттарында енгізілген және "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, қарыз алушының кез келген банктік шоттарындағы ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдануға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса) құқылы;";

      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) мүлкі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес ипотекалық қарыз беру бойынша міндеттемені қамтамасыз ететін кепіл беруші - жеке тұлғаның жылжымайтын мүлікті дербес өткізу туралы, Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңнамалық актісінде көзделген тәртіпте берілген өтінішхаты қанағаттандырылған жағдайда, қарыз алушыға және кепіл берушіге қатысты осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында көзделген шараларды тоқтата тұрады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жеке тұлға болып табылатын қарыз алушының берешегінің ұлғаюын болғызбау үшін банк (банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) негізгі борыш сомалары бойынша кез келген төлемдерді өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін есептелген сыйақыны және (немесе) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға және кепілмен қамтамасыз етілген жылжымайтын мүлікпен байланысты емес ипотекалық қарыз беру шарты бойынша сыйақыны төлеуді талап етуге құқылы емес.

      Ипотекалық тұрғын үй қарыз беру шарты бойынша банк (банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кезеңдерде есептелген айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) талап етуге құқылы емес.";

      2) 39-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес, жеке тұлғалармен жасалған банктік қарыз беру шарты бойынша тауарларды жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға, банктік қарыз беруге қызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ банктік шотқа қарыз есептеуге, банктік шотты жүргізгені үшін комиссия белгілеуге және алуға құқылы емес.".

      10. "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 20-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қарыз алушы жеке тұлғамен жасалған және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық қарыз беру шарты бойынша кепіл ұстаушының алдындағы міндеттемелерді орындау мақсатында осы Заңның 20-1-бабында белгіленген тәртіппен қарыз беруші кепілге салынған мүлікті дербес өткізуге құқылы.";

      2) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:

      "20-1-бап. Кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізуі

      1. Кепіл беруші ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікке өндіріп алу туралы ескерту бере отырып, жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіпте іске асыруды бастау туралы оның хабарламасы берілген күннен бастап, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде көрсетілген мүлікті дербес өткізу туралы кепіл ұстаушының алдында өтінішхат беруге құқылы.

      2. Кепіл берушіден ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу туралы өтінішхат келіп түскен кезде кепіл ұстаушы кепіл берушінің өтінішхаты қанағаттандырылған жағдайда, мәжбүрлеп орындату шараларын тоқтата тұру туралы және дербес өткізуден түскен ақша қаражатын кепіл ұстаушының есебіне аудару қажеттігін жазбаша түрде қарыз алушыны хабардар етеді.

      3. Кепіл беруші ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті кепіл ұстаушы белгілеген мерзімде өткізбеген жағдайда кепіл ұстаушы осы Заңның 20-бабында белгіленген тәсілдермен мұндай мүлікті өткізуге құқылы.";

      3) 25-баптың 1-тармағында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сенiм бiлдiрген тұлға негiзгi жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен іске асыруды бастау туралы хабарлама жасап, оны ипотека тіркелген органда тiркейдi және кепiл берушiге тапсырады. Хабарламаны тiкелей беру мүмкiн болмаған жағдайда, ол кепiл берушiге оның ипотека шартында көрсетiлген мекенжайы бойынша тапсырыстық хатпен жiберiледi";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кепіл беруші осы Заңның 20-1-бабында көзделген құқықты іске асырмаған және (немесе) кепіл беруші осы Заңның 20-1-бабында көзделген, ипотека нысаны болып табылатын жылжымайтын мүлікті кепіл ұстаушы белгіленген мерзімде іске асырмаған және (немесе) жеке тұлға болып табылатын, ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепіл алушы ипотека тіркелген жердегі органда тіркелген ипотеканы өткізуді сот тәртібінен тыс жүргізуден жазбаша бас тартуды бермегені туралы хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған кезде, бiрақ аталған хабарлама кепiл берушiге осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес тапсырылған немесе жiберiлген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен ерте болмаған жағдайларда, сенiм бiлдiрген тұлға кепiлге берiлген мүлiкке сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жасайды, оны ипотека тіркелген органда тiркейдi, кепiл берушiге, сондай-ақ кепiл ұстаушыға тапсырады немесе кепіл шартында көрсетілген мекенжай бойынша тапсырыс хатпен жібереді және осы Заңның 28-бабына сәйкес сауда-саттық туралы ресми хабарландыру жариялайды;";

      4) 26-бапта:

      баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен іске асыруды бастау туралы хабарламаның мазмұны";

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіпте іске асыруды бастау туралы хабарламада мынадай деректер болуға тиiс:";

      6) тармақшада "ұсыныс" деген сөз "құқық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-2) жеке тұлға болып табылатын кепіл берушінің хабарламаны тапсырыстық хатпен тапсырылған немесе алынған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде кепіл ұстаушының алдында кәсіпкерлік қызметі жүзеге асырумен байланысты емес, жеке-қарыз алушы тұлғаның ипотекалық қарыз шарты бойынша ипотека нысаны болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу туралы өтінішхат беру құқығы туралы шарты;";

      5) 37-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Кепіл беруші ипотекалық шартты жасасу кезiнде негiзгi мiндеттеменi толығымен қамтамасыз еткен жылжымайтын мүлiкті осы Заңның 20-1-бабында көзделген тәртіппен кепіл ұстаушымен келісілген бағадан төмен емес бағамен дербес сатқан кезде, ипотеканың тоқтатылуымен бiр мезгiлде негiзгi мiндеттеме де тоқтатылады.".

      11. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 85-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Нотариус ақшаның түскенi туралы кредиторға хабарлайды және оның талап етуi бойынша оған тиесiлi ақшаны бередi. Егер ақшаны депозитке салу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 291-бабы
1-тармағының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылған болса, нотариус ақшаны кредиторға оның тараптары арасындағы шартта көзделген тәртіппен береді.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Нотариустың депозитіндегі ақша нотариустың меншігі және (немесе) оның табысы болып табылмайды.";

      2) 86-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "86-бап. Ақшаны депозитке салған адамға оны қайтару

      Ақшаны депозитке салған адамға оны:

      жарна пайдасына салынған адамның жазбаша келiсiмiмен;

      сот шешiмi бойынша;

      егер ақшаны қайтару мүмкіндігі тараптардың келісімінде көзделіп, тараптардың бірі өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, қайтарып беруге жол берiледi.";

      3) 92-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Атқарушылық жазба негізінде, егер ондай тиесілі болса, айыпақыны (өсімпұлды), пайыздарды өндіріп алу жүргізілмейді.";

      4) 92-3-бапта:

      5) тармақшадағы ", оның ішінде, егер өсімпұлдар, пайыздар тиесілі болса, олардың" деген сөздер алып тасталсын;

      6) тармақшадағы "немесе борышкерден өндіріп алуға жататын" деген сөздер алып тасталсын.

      12. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., 20-VII, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2017 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 29-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Тұлға, егер шартта өзгеше белгіленбесе, серіктестік қатысушысының серіктестік мүлкіндегi (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе үлесінің бір бөлігіне құқығын иелiктен шығару (басқаға беру) шарты заңнамада белгіленген нысанда жасалған кезден бастап серіктестіктің қатысушысы болады.

      Серіктестік қатысушысының өз үлесіне билік ету құқығы құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген және олар тіркеуші органда тіркелген не қатысушыларының тізілімін жүргізуді тіркеуші жүзеге асыратын серіктестік қатысушыларының тізбесіне жазба енгізілген кезден бастап туындайды.";

      2) 34-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Серіктестікке және (немесе) оның қатысушыларына серіктестік немесе оның қатысушылары үшін салдарын жою қиындық келтіруге әкеп соғатын немесе мүмкін болмайтын зиян келтірілген кезде (елеулі зиян) жауапкершілігі шектеулі серіктестік зиянды өтеу туралы талаппен және зиян келтірген кінәлі қатысушының үлесін серіктестіктің мәжбүрлеп сатып алуы туралы мәселе қоюмен қатар, оның қатысушылар құрамынан шығуын талап етуге де құқылы.".

      13. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      53-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Жылжымайтын объектіге заңдық талаптарды алып тастау мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша мынадай жағдайларда:

      1) егер заңдық талаптарды тіркеуге негіз болған мән-жайлар жойылса;

      2) мүдделі тұлғаның өтініші бойынша және заңдық талаптар өз бастамасымен салынған тұлғаның келісуі негізінде жүзеге асырылады.

      Егер заңдық талап мемлекеттік тіркелген кезден бастап үш жыл өткен соң алып тасталмаса, заңдық талапты мемлекеттік тіркеудің күші жойылады.

      Тіркеуші орган бұл туралы өтініш берушіні көрсетілген мерзім өткенге дейін хабардар етеді.

      Мүдделі тұлғалар осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткенге дейін заңдық талапты тіркеуді ұзарту туралы өтінішпен жүгіне алады.

      Көрсетілген мерзімнің өтуі жылжымайтын мүлікке заңдық талапты қайтадан тіркеу үшін жүгінуге кедергі болмайды.".

      14. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VIІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат):

      1) мынадай мазмұндағы 62-1-баппен толықтырылсын:

      "62-1-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде тең бағада өтеу шарттары

      1. Осы бапқа қатысты тең бағада өтеу деп мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын жер учаскесінің және онда орналасқан жылжымайтын мүліктің (болған кезде) құнын алып қою кезіне дейін қолданылып келген жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті пайдалану шарттарын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін өтеу мөлшерін белгілеу түсініледі.

      2. Мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын жер учаскесі үшін меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға тең бағада өтеу жүргізіледі.

      3. Тең бағада өтеу мынадай:

      1) осы Заңда белгіленген тәртіппен және жағдайларда өзге жер учаскесін және (немесе) өзге жылжымайтын мүлікті беру;

      2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алдағы мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы алған кезде алып қойылатын жер учаскесінің және (немесе) өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын өтеу тәсілдерінің бірімен жүргізіледі.";

      2) мынадай мазмұндағы 62-2-баппен толықтырылсын:

      "62-2-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде мүлікті тең бағада беру қағидалары

      1. Меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға өзге жер учаскесін тең бағада беру алып қойылатын жер учаскесінің орналасқан жері, оның нысаналы мақсаты, алаңы ескеріле отырып, келтiрiлген залалдарды (болған кезде) өтеу арқылы жүзеге асырылады.

      Бұл ретте өзге тең бағалы жер учаскесі жер учаскесін алып қою жүзеге асырылатын елді мекен шегінде берілуге тиіс. Мұндай жер учаскесінің елді мекен шегіндегі орналасқан жері осы Заңның 64-бабына сәйкес жолданатын мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп сатып алу туралы шарттың жобасында айқындалады.

      2. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарумен байланысты тұрғын үйді бұзу кезінде өзге мүлікті беру "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.";

      3) 63-баптың 1-тармағы "84-бабында көзделген" деген сөздерден кейін "тәртіппен және" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 65-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шартта:

      1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 87-бабында және осы Заңның 67-бабында белгіленген тәртіппен айқындалатын алып қойылатын жер учаскесінің бағасы;

      2) меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға алып қойылатын жылжымайтын мүлік объектісінің орнына ұсынылатын жылжымайтын мүлік объектісінің идентификаттау сипаттамалары не оның болмауы туралы мәліметтер;

      3) меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға алып қойылатын жер учаскесінің орнына ұсынылатын жер учаскесінің идентификаттау сипаттамасы не оның болмауы туралы мәліметтер;

      4) егер алып қойылатын жер учаскесінің бағасы оның орнына ұсынылатын жер учаскесінің бағасынан (құнынан) жоғары болып шықса, құнының айырмасы;

      5) өтелуге жататын залалдардың, оның ішінде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты алып қойылатын жылжымайтын мүлік құнының мөлшері, олар мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты келтірілген жағдайда;

      6) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты алып қойылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің бағасын (құнын) төлеу мерзімі немесе меншік иесіне мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын жер учаскесінің орнына ұсынылатын жер учаскесін (өзге де жылжымайтын мүлікті) беру мерзімі;

      7) мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің құрамы;

      8) иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін адамдардың тізбесі;

      9) мемлекет мұқтажы үшін мүлікті сатып алуға арналған мемлекет шығыстарын қаржыландыру тәртібі қамтылуға тиіс.";

      5) 67-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Меншік иесі мемлекеттен сатып алған, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің құны (залалдарды есептемегенде) нарықтық құны мөлшерінде айқындалады.

      Мемлекет мерзімін ұзартып сатқан жер учаскесі үшін сомалар (залалдарды есептемегенде) толық төленбеген кезде және оны мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде алып қойған жағдайда иеліктен шығарылатын жер учаскесінің құны мемлекетке төленбеген сома шегеріле отырып, нарықтық құны мөлшерінде айқындалады.";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жер учаскесінің, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны жер учаскесіне құқықтар туындауының негіздеріне қарамастан, оның нарықтық құны мөлшерінде айқындалады.

      3. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе жер учаскесінде орналасқан өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алдағы мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны алған кезде осы Заңның 208-бабына сәйкес тәуелсіз бағалаушы айқындайды.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      6) 69-баптың 2-тармағындағы "өтелуге жататын залалдар мөлшері" деген сөздерден кейін ", өтеудің мазмұны" деген сөздермен толықтырылсын.

      15. "Төрелік туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-II, 54-құжат; 2017 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 2-баптың 10) тармақшасында "шарттар" деген сөз "қатынастар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 5-баптың 2) тармақшасында "ғана" деген сөз алып тасталсын;

      3) 9-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Заңның 8-бабы 10-тармағында көзделген жағдайда төрелік келісімде тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның келісімі қамтылуға тиіс.

      Төрелік келісімнің қалған шарттары тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін.";

      4) 10-бап мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:

      "2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген талап қою ұсынылғанына қарамастан, сот төрелік талқылау нысанасының соттылығы туралы мәселені қарағанша, төрелік талқылау басталуы немесе жалғастырылуы және төрелік шешім шығарылуы мүмкін.";

      5) 12-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақшада "және тұрақты жұмыс істейтін төреліктерде істер сақталуының" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) 1961 жылғы 21 сәуірде Женевада жасалған Сыртқы сауда төрелiгi туралы Еуропа конвенциясының IV бабында жүктелген функцияларды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-2) төрелік туралы заңнаманың және оны қолданудың практикасы туралы жекелеген мәселелер бойынша ұсынымдық сипатқа ие сараптамалық қорытындыларды ұсыну;";

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тұрақты жұмыс істейтін атқарушы басқару органы – Төраға басқаратын Басқарма;";

      4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      6) 13-баптың 3-тармағының 3) тармақшасында "соттылығы алынбаған" деген сөздердің алдынан "қылмыстық қудалау жеке тәртіппен жүзеге асырылатын қылмыстық істерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 14-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігінде "арқылы" деген сөзден кейін "не тұрақты жұмыс істейтін төреліктің регламентінде белгіленген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақта:

      "Тараптардың келiсiмi болмаған жағдайда" деген сөздерден кейін "және егер регламентте өзгеше белгіленбесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тараптар егер тараптардың регламентінде немесе келісімінде өзге мерзім белгіленбесе, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде дауды жеке-дара қарайтын төрешiнi таңдау туралы уағдаласпаған жағдайларда, дау тараптарының бiрiнiң өтiнiшi бойынша төрешiлердi (төрешiнi) Төрелік палатаның тізіліміндегі немесе тұрақты жұмыс істейтін төрелік құрамындағы адамдардың қатарынан күнтiзбелiк отыз күн iшiнде тағайындауы мүмкін.";

      8) 15-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Төрешілер тізілімі – тұрақты жұмыс істейтін төреліктердің төрешілері, сондай-ақ Төрелік палатаның мүшелері болып табылатын төрешілер туралы мәліметтерді қамтитын дерекқор.";

      9) 16-баптың 2-тармағының екінші сөйлемі алып тасталсын;

      10) 20-баптың 4-тармағының бірінші сөйлемінде "Төрелiк" деген сөзден кейін ", егер тараптардың регламентінде немесе келісімінде өзге мерзім белгіленбесе," деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 21-бапта:

      2-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Тұрақты жұмыс iстейтiн төреліктiң регламентiнде, сондай-ақ осы Заңның ережелерiнде айқындалмаған және тараптармен келiсiлмеген төрелік талқылаудың қағидаларын төрелік айқындайды.";

      12) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тараптар төрелік талқылаудың орнын өз қалаулары бойынша айқындай алады. Мұндай уағдаластық болмағанда, төрелік талқылаудың орнын, тараптар үшiн қолайлылық факторын қоса алғанда, iстiң мән-жайларын ескере отырып, төрелік құрамы айқындайды.";

      13) 23-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Тарап төрелік талқылау барысында өзiнiң талап арыздарын өзгертуге немесе толықтыруға құқылы.";

      14) 24-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тарап төрелік талқылау барысында талап қоюға өзiнiң қарсылықтарын өзгертуге және (немесе) толықтыруға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Жауапкердің пікір бермеуі дауды қарауға кедергі болмайды.";

      15) 25-бап алып тасталсын;

      16) 26-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер тараптардың келiсімінде немесе регламентінде өзгеше көзделмесе, төрелiк талап арызды қабылдап, күнтізбелік он күннің ішінде төрелік регламентiне немесе тараптар келiскен қағидаларға сәйкес төрелік талқылауды қозғау туралы ұйғарым шығарады, тараптарға оның қаралатын орны туралы хабарлайды, жауапкерге талап арызға жазбаша пiкiр берудi ұсынады.";

      3-тармақта "төрешi" және "тапсыруға" деген сөздер тиісінше "Төрелік" және "жолдауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Егер тараптардың келiсімінде өзгеше көзделмесе, төрелiк дәлелдемелерді беру үшін немесе ауызша жарыссөздер үшін істі ауызша тыңдау өткізу не құжаттар мен басқа да материалдар негізінде ғана талқылауды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды. Алайда, тараптар ауызша тыңдауды өткізбеуге уағдаласпаса, төрелiк мұндай тыңдауды тараптардың кез келгенінің өтініші бойынша талқылаудың тиiстi сатысында өткізуге тиіс.";

      17) 30-баптың 1) тармақшасында "жеке" деген сөз алып тасталсын;

      18) 41-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөлікте "төрелiктiң құрамы" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөлікте "төрелiк" деген сөз "төрелiктің құрамы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 44-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғалары арасындағы дауды қараған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.";

      2-тармақта "Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздер "дұрыс деп тапқан жағдайда қолданылатын коллизиялық нормаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта "осы мәмілеге" деген сөздер "осы қатынастарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Заңнамада немесе тараптардың келісімінде даулы қатынастар тікелей реттелмеген жағдайларда және оларға қолданылатын дағдыларында болмаған жағдайларда мұндай қатынастарға ұқсас құқықтық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары қолданылады, ал мұндай нормалар болмаған кезде, дау азаматтық заңнаманың жалпы бастаулары мен мағынасы негiзге алына отырып шешіледi, себебі бұл оның мәніне қайшы келмейді.";

      20) 45-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер регламентте өзгеше көзделмесе, шешім төрелік отырысында жарияланады.";

      21) 52-бапта:

      1-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) төрелік құрамы немесе талқылаудың төрелiк рәсiмi тараптардың келiсiмiне сәйкес келмегендiгі, егер мұндай келісім тараптар сақтауға тиіс осы Заңның кез келген ережесіне қайшы келмегендігі немесе мұндай келісім болмағанда осы Заңға сәйкес келмегендігі;";

      5) тармақшада "төреліктің ұйғарымы болған;" деген сөздер "төреліктің ұйғарымы болғаны туралы дәлелдемелерді ұсынуға тиіс." деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Төрелік шешімнің күшін жою, атқару парағын беруден бас тарту туралы өтінішхатты қарау кезінде сот төреліктің шешімін мәні бойынша қайта қарауға құқылы емес.";

      22) орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалады;

      23) 57-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақшаның екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының заңдары" деген сөздер "шешім шығарылған елдің заңы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші абзац алып тасталсын;

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "төреліктің құрамы немесе төрелік талқылау рәсімі тараптардың келісіміне сәйкес келмегенін немесе мұндай болмағанда төрелік орын алған елдің заңына сәйкес келмегеніне;".

      16. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат;
2017 жылғы 10 шілдедегі "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 27-баптың 10-тармағының 5) тармақшасындағы "активтеріне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді." деген сөздер "активтеріне;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) төлем талаптары негізінде банк қарыздары бойынша алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаларды) есепке жатқызуға арналған, клиенттердің банк шоттарындағы ақшаларына өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.";

      2) 29-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаларды)" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 46-баптың 7-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ақшаны банктік шоттан өндіріп алу туралы талап мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақыларды және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді, төлем талабы негізінде банк қарыздары бойынша алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаларды), тұрғын үй төлемдерін, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаларды есепке жатқызуға арналған банктік шотқа берілген жағдайларда;".

      2-бап.

      1. Осы Заңның 1-бабы 8-тармағының 1) тармақшасы жетінші абзацының нормалары осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін жасалатын банктік қарыз шарттарына қатысты қолданылады.

      2. Осы Заңның 1-бабының 8-тармағы 2) тармақшасының нормалары осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін алты ай өткен соң жасалатын банктік қарыз шарттарына қатысты қолданылады.

      3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады