Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 13.04.2020 № 196 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 506-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қыркүйектегі № 613 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысына қосымша |
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесі
Р/с | Қаржы құралының түрі |
1 | 2 |
1. | Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі банктік шоттардағы ақшаларды қоса алғанда, инвестициялау мөлшері "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің қырық пайызынан кем емес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес эмитенттелгендерді қоса алғанда) |
2. | "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің он бес пайызынан аспайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттері |
3. | Қаржы құралының немесе эмитенттің кредиттік рейтингі Standard & Poor's бойынша "А-"-дан төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең, бірақ "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің отыз пайызынан аспайтын халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары |
4. | Агенттiк облигациялар, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтер шығарған, қаржы құралының немесе эмитенттің кредиттік рейтингі Standard & Poor's бойынша Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең, бірақ "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің отыз пайызынан аспайтын облигациялар |
5. | Агенттік облигациялар, Қаржы құралының немесе эмитенттің рейтингі Standard & Poor's бойынша "ВВ-"-дан төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің он пайызынан аспайтын агенттiк облигациялар, корпоративтік облигациялар |
6. | Кері РЕПО мәмілелері. Кері РЕПО мәмілесі бойынша кепілзат ретінде болатын қаржы құралдарының мүмкін болатын ең жоғары үлес салмағына сәйкес келеді. |