Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 173-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 22, 129-құжат; 2008 ж., № 10-11 34-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; 2017 ж., № 12, 33-құжат):
6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң анты
Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi өздері тағайындалғаннан кейiн мынадай мазмұнда ант қабылдайды: "Өзiме жүктелген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң төрағасы (мүшесi) мiндетiн адал атқаруға, әдiл болуға және басқа ешкiмге, еш нәрсеге емес, тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана бағынуға салтанатты түрде ант етемiн". Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiнің анты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен қабылданады.".
2. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; 2015 ж., № 14, 75-құжат; № 22-III, 150-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат):
1-баптың бесінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесін басқару; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құрамына кіру" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010 ж., № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; № 21, 119-құжат; 2015 ж., № 14, 75, 76-құжаттар; № 24, 174-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат; № 12, 33-құжат; № 14, 47-құжат):
1) 27-баптың 2-тармағындағы "прокурордың санкциясымен" деген сөздер алып тасталсын;
2) 29-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жазбаша кепілгерліктерге облыстық соттың судьялары қол қояды.
Облыстық сотта лауазымға орналасуға арналған конкурсқа басқа облыстық соттың судьясы қатысқан жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жазбаша кепілгерліктерге Жоғарғы Соттың судьялары қол қояды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Судья лауазымынан өкілді органдардағы мемлекеттік лауазымға сайланған не тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өтпей конкурстық негізде судья лауазымына орналасу құқығы беріледі.";
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Судьялық жұмыс өтіліне осы Конституциялық заңның 56-бабының 6-тармағында көрсетілген лауазымдарда судьяның жұмыс істеген уақыты қосылады.";
3) 34-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) осы судьяға қатысты айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi, қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақшаларының немесе 36-бабының негізінде сотқа дейінгі сатыда тоқтатылуы;";
4) 56-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Судьяның лауазымын және судьялар қоғамдастығына жататынын сақтай отырып, кадр резервіне іріктеу және конкурс өткізілместен, судья сот төрелігін ұйымдастырушылық тұрғысынан қамтамасыз етуге тікелей байланысты лауазымға тағайындалуы мүмкін.".
4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 11, 72-құжат; 2008 ж., № 13-14, 53-құжат; 2012 ж., № 12, 82-құжат; 2015 ж., № 20-1, 107-құжат):
мәтіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың" деген сөздер алып тасталсын.
5. "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 24, 175-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақшадағы "шекарасы бар," деген сөздерден кейін "қаржы саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) сәйкестендіру нөмірі – Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі нысанында қалыптастырылатын, Сәйкестендіру нөмірлері орталығының тізілімінде оларға қатысты мәліметтер туралы жазбалар жасауға мүмкіндік беретін бірегей нөмір.";
2) 2-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасында сақтандыру, банктік қызметтер көрсету, исламдық қаржыландыру нарығын, қаржылық технологияларды, электрондық коммерция мен инновациялық жобаларды дамыту;";
3) 9-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы "соты болып табылады." деген сөздер "соты;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 1-1) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) Орталықты Басқарушы;";
"5) Халықаралық төрелік орталығы болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Орталыққа бөлінген республикалық бюджет қаражатын нысаналы және тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру тәртібі Орталықты Басқарушының және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірлескен актісінде айқындалады.";
4) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
"10-1-бап. Орталықты Басқарушы
1. Орталықты Басқарушыны Президент лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
2. Орталықты Басқарушының өкілеттіктерін Кеңес айқындайды.";
5) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Орталық әкімшілігінің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде республикалық бюджет қаражатынан, Орталықтың қатысушылары енгізетін алымдар мен төлемдерден, сондай-ақ Орталық актілерінде тыйым салынбаған, өзге де көздерден қалыптастырылатын өз бюджеті болады.
Орталықтың әкімшілігі осы тармақта көзделген қаражатты үнемдеу есебінен резервтер құруға құқылы. Резервтерді құру, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібі мен шарттары Орталықтың актілерінде айқындалады.";
6) 13-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Орталық сотының төрағасы мен судьяларын Орталықты Басқарушының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және босатады.";
5-тармақтағы "судьяларды және басқаларды" деген сөздер алып тасталсын.
2-бап. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін судья лауазымынан сот төрелігін ұйымдастырушылық тұрғысынан қамтамасыз етуге тікелей байланысты лауазымға тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өтпей, конкурстық негізде судья лауазымына орналасу құқығы беріледі.
3-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |