"Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық тағайындау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 725 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық тағайындау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық тағайындау туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жыл сайын жүргізу белгіленсін.

      2. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық тағайындалсын.

      3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      4. Қоса беріліп отырған:

      1) Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық тағайындау қағидалары;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы
№ Жарлығына
қосымша

Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ


      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Комиссия төрағасы

      Қазақстан Республикасы ПрезидентініңӘкімшілігі Басшысының орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі, Комиссия хатшысы

      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің меңгерушісі

      Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық экономика министрі

      Қазақстан РеспубликасыныңИнвестициялар және даму министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныңбасқарма төрағасы (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы
№ Жарлығымен
бекітілген

Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық тағайындау ҚАҒИДАЛАРЫ

      1. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық (бұдан әрі – сыйлық) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінәтижелерінің негізінде жыл сайын кәсіпкерлікті қолдау, дамыту саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізгені әрі бизнесті ашу және жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасағаны үшін тиісті әкімдіктерге тағайындалады.

      2. Жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы уәкілетті орган сыйлықтың ұйымдастырушысы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) болып табылады.

      Ұйымдастырушыға мынадай функциялар жүктеледі:

      1) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізудің әдістемесін (бұдан әрі – әдістеме) әзірлеу және бекіту;

      2) сұрау салулар мен ұсынылған статистикалық деректер негізінде жыл сайын бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізу;

      3) жүргізілген бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша алдын ала қорытынды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу және Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырыстарын өткізуге жәрдемдесу;

      4) дипломдарды, марапаттау белгілерін және/немесе жеңімпаздарды көтермелеудің өзге де нысандарын дайындауды және ресімдеуді қамтамасыз ету;

      5) жеңімпаздарды марапаттау салтанатына дайындық және ұйымдастыру;

      6) үздік өңірлер мен қалалар тәжірибесін таратуға ықпал ету.

      3. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізу шеңберінде ұйымдастырушы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салуларжіберу арқылы статистикалық деректерді жинауды жүзеге асырады.

      Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізу кезінде статистикалық деректер мен өзге де ақпараттыңдұрыстығы үшін тиісті ақпаратты ұсынған мемлекеттік органдар жауапты болады.

      4. Ұйымдастырушы жыл сайын 30 қазаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінематериалдар мен жүргізілген рейтингінің нәтижелері бойынша алдын алақорытындыны ұсынады.

      5. Ұйымдастырушы енгізген материалдар мен жүргізілген рейтингініңнәтижелері бойынша алдын ала қорытындының негізінде Комиссия сыйлық тағайындайды.

      6. Комиссия жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша сыйлықты тағайындау форматы, уақыты және орны туралы шешім қабылдайды.


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы
№ Жарлығымен
бекітілген

Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегікомиссия туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Бизнесті жүргізужеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегікомиссия (бұдан әрі – Комиссия) алқалы орган болып табылады және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігініңқызметкерлері, орталық мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың басшылары қатарынан қалыптастырылады.

      Комиссия құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2-тарау. Комиссияның міндеттері мен құқықтары

      3. Комиссияның міндеттері:

      1) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – ұйымдастырушы) ұсынған материалдарды және жүргізілген рейтингінің нәтижелері бойынша алдын ала қорытындыны қарау, бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды айқындау;

      2) жеңімпаздарды марапаттау салтанатты рәсімін өткізуформаты, уақыты және орны бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентімен келісу;

      3) Қазақстан Республикасының Президентіне бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындылары бойынша есеп қалыптастыру және қажет болған жағдайда екі және одан көпжыл қатарынан рейтингіде төмен позицияда тұрған әкімшілік аумақтық бірліктердің басшылары – лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау бойынша ұсыныстар енгізу;

      4) Қазақстан Республикасының Президенті және Комиссия шешімдерімен белгіленген Комиссияға жүктелген міндеттердіжүзеге асыру үшін қажетті өзге дефункцияларды орындау.

      4. Комиссия өз міндеттеріне сәйкес:

      1) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдарменөзара іс-қимыл жасасуға;

      2) Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті қосымша материалдардыұйымдастырушыдан және басқа мемлекеттік органдардан сұратуға және алуға;

      3) ұйымдастырушыға бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізу әдістемесін жетілдіру жөнінде ұсынымдар беруге құқылы.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссия құрамына:

      1) Комиссияның төрағасы

      2) Комиссияның төрағасының орынбасары

      3) Комиссияның хатшысы

      4) Комиссияның мүшелері кіреді.

      6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

      7. Комиссияның хатшысы:

      1) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерін тарта отырып,ұйымдастырушыдан келіп түскен материалдарды алдын ала қарауды ұйымдастырады;

      2) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президентінеесептің жобасын дайындауды қамтамасыз етеді;

      3) ұйымдастырушы әзірлеген материалдар менжүргізілген рейтинг нәтижелері бойынша алдын ала қорытындыны, Қазақстан Республикасының Президентіне бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингіқорытындылары бойынша есеп жобасын және өзге де жұмыс үшін қажетті ақпаратты Комиссия мүшелерінің қарауына ұсынады;

      4) Комиссия отырыстарын дайындауды және өткізуді ұйымдастырады.

      8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып есептеледі.

      Комиссияның отырыстарына қатысу үшін лауазымды адамдар, өзге де ұйымдардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар тартылуы мүмкін.

      9. Сыйлықты тағайындау туралы түпкілікті шешімді Комиссия ашық дауыс беруді өткізу жолымен қабылдайды және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс саны тең болған жағдайда Комиссияныңтөрағасы берген дауыс, ал ол болмаған кезде – Комиссия төрағасының орынбасары берген дауысқабылданған болып есептеледі. Шешім отырыстың хаттамасымен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды.

      10. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.





























Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады