Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарына атау беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 751 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысының мынадай білім беру ұйымдарына:

      1) Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "№ 1 жалпы орта мектеп-интернаты" мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Садық Әбдіжаппаровтың есімі;

      2) "Мақтарал ауданы білім бөлімінің "№ 116 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Хиуаз Доспанованың есімі;

      3) Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының "Шардара ауданының № 3 мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мәулен Қалмырзаның есімі берілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады