Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы төртінші хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 қарашадағы № 764 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы төртінші хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б.Сағынтаев

  Жоба

1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы
ТӨРТІНШІ ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер

      2000 жылғы 20 маусымда қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімді (бұдан әрі — Келісім) іске асыру тетігін жетілдіру қажеттілігін басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 2-бабы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Әскери мақсаттағы өнімнің бағалары әскери мақсаттағы өнімді жеткізетін (жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін) Тараптың ұлттық қарулы күштері, өзге де әскерлер, әскери құралымдар, құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер өз мұқтаждары үшін сатып алатын әскери мақсаттағы өнімге баға белгілеуді реттейтін ұлттық заңнамасына сәйкес қалыптастырылады.

      Егер әскери мақсаттағы өнімді әскери мақсаттағы өнімді жеткізетін Тараптың ұлттық қарулы күштері, өзге де әскерлері, әскери құралымдары, құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтері өз мұқтаждары үшін сатып алмаса, онда әскери-техникалық ынтымақтастық субъектілері оның бағаларын әскери мақсаттағы өнімді жеткізетін Тараптың ұлттық қарулы күштерінің, өзге де әскерлердің, әскери құралымдардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің мүддесіне орай жеткізулерді орындау кезінде әскери мақсаттағы өнімге баға белгілеуді регламенттейтін ұлттық заңнамасына сәйкес қалыптастырады. Бұл ретте мұндай әскери мақсаттағы өнімді жеткізуге осы Келісімнің әскери мақсаттағы өнімді жеңілдікті шарттармен жеткізуге қолданылатын ережелері қолданылады.

      Өнімді жеңілдікті шарттармен жеткізетін Тараптың уәкілетті органдары, қажет болған кезде, әскери мақсаттағы өнімді сатып алуға мүдделі Тараптың уәкілетті органдарының сұрау салуы бойынша әскери мақсаттағы өнімді жеткізуге арналған келісімшарт (шарт) жобасы талаптарының Келісім ережелеріне, оның ішінде бағаны белгілеу жөніндегі ережелерге сәйкестігі туралы жазбаша растауды ұсынады.".

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.


      201___ жылғы "__" _______ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.

      Армения Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін
     
      Армения Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін
     
      Беларусь Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
     
      Қазақстан Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады