"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қарашадағы № 774 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 141-2), 141-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "141-2) республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шаралары шеңберінде көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      141-3) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингісін жүргізу әдістемесін әзірлеу және бекіту;";

      260) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "260) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді оны жеке тұлғалардың тұтынатын көлеміне қарай саралау тәртібін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 260-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "260-1) қызметі "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін, электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифті немесе оның шекті деңгейін бекіту тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 339-70), 339-71), 339-72), 339-73) және 339-74) тармақшалармен толықтырылсын:

      "339-70) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгілік тізбесін әзірлеу;

      339-71) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді айқындау қағидаларын әзірлеу;

      339-72) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыздарды тартуын келісу қағидаларын әзірлеу;

      339-73) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені әзірлеу және бекіту;

      339-74) жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін әзірлеу және бекіту;";

      18-тармақ мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "25-1) электр желілерін балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға қабылдаған жағдайда, сондай-ақ оларды басқа энергия беруші ұйымдардан өтеусіз пайдалануға алған кезде қолданыстағы тарифтік сметаларды бекітілген және қолданыстағы тариф шеңберінде олардың қалған қолданылу мерзіміне түзету;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады