Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасының 2017 – 2018 жылдарға арналған елдік бағдарламасының "Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы кооперациясының дамуын ынталандыру" жобасын іске асыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Исабекұлы Мырзахметовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасының 2017 – 2018 жылдарға арналған елдік бағдарламасының "Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы кооперациясының дамуын ынталандыру" жобасын іске асыру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 835 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасының 2017 – 2018 жылдарға арналған елдік бағдарламасының "Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы кооперациясының дамуын ынталандыру" жобасын іске асыру туралы келісім
Осы жерде және бұдан әрі жеке-жеке "Тарап" немесе бірге "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы төмендегілер туралы келісті:
1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) осы Келісімге қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы кооперациясының дамуын ынталандыру" жобасын (бұдан әрі – жоба) жүзеге асыратын болады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жоба шеңберінде ЭЫДҰ орындайтын жұмысты қаржыландыруға келіседі.
3. Жобаның ұзақтығы осы Келісім күшіне енген сәттен бастап шамамен 24 айды құрайды.
2-бап. Бюджеттер және қаржыландыру тетіктері
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ЭЫДҰ-ға жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын шығыстарды өтеуге 400000 еуро (төрт жүз мың еуро) мөлшерінде жарна беруге міндеттенеді.
2. Жарна мынадай кестеге сәйкес төленетін болады:
1) 50 %-ды (елу пайызды) құрайтын 200000 еуро (екі жүз мың еуро) мөлшеріндегі алғашқы төлем осы Келісім күшіне енген және ЭЫДҰ-дан тиісті шот-фактуралар алынған сәттен бастап 30 (отыз) күн ішінде жүргізілетін болады;
2) 50 %-ды (елу пайызды) құратын 200000 еуро (екі жүз мың еуро) мөлшеріндегі екінші төлем 2018 жылдың 25 желтоқсанына дейін ЭЫДҰ-дан шоттар берілген сәтте жүргізілетін болады.
3. ЭЫДҰ бұл жарнаны өзінің Қаржылық ережелеріне және басқа да тиісті қағидаларына, ЭЫДҰ-ның саясаты мен рәсімдеріне сәйкес басқаратын болады, олар қазіргі уақытта шығасылар үшін жарналардың жалпы сомасының 6,3 %-ы мөлшерінде әкімшілік шығыстар алуды көздеуде. Шығыстар бухгалтерлік есепке алудың жалпыға ортақ қағидаттарын ұстанатын және ЭЫДҰ аудитінің стандартты қағидаларына сәйкес аудит жүргізуге жататын ЭЫДҰ шоттарында көрініс табатын болады.
3-бап. Қызмет пен есептіліктің сипатталуы
1. ЭЫДҰ жобаны осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада жазылғандай етіп жүзеге асырады.
2. Жобаның бірінші жылы аяқталғаннан кейін үш ай ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобаны іске асыру барысы туралы жылдық есепті береді.
3. Жоба аяқталғаннан кейін алты ай ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне қорытынды есепті және шығыстар бойынша түпкілікті қаржылық есепті береді.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық есептілікке қойылатын талаптар шығыстардың ЭЫДҰ есептілігінің стандартты форматына сәйкес баяндалуымен қанағаттандырылатынымен келіседі.
Тараптар бір-біріне өзара көмек көрсетеді және жобаны жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты береді.
Тараптар арасындағы кез келген ақпарат алмасу мына мекенжайларға жолданады:
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін: 010000, Қазақстан, Астана, Сол жағалау, Үкімет Үйі, тел.: +7 (7172) 74 50 17.
ЭЫДҰ үшін: ЭЫДҰ Еуразияның бәсекеге қабілеттілігі бағдарламасы, Жаһандық қатынастар хатшылығы, 75775, Франция, Париж Cedex 16, 2, rue André-Pascal, эл. мекенжайы: jolanta.chmielik@oecd.org.
5-бап. Жобаның нәтижелерін пайдалану
1. Жобаның кез келген нысандағы нәтижелері ЭЫДҰ-ның айрықша меншігі болып табылады.
2. Үшінші тұлғалардың құқықтары, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның құжаттарды сыныптау және құпиясыздандыру жөніндегі қағидалары мен саясаты сақталатын жағдайда, егер бұл қолданылатын болса ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы жарна есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар шеңберінде дайындалған түпкілікті есептерді коммерциялық емес мақсаттарда пайдалану, көшіру және тарату құқығын береді. Егер ЭЫДҰ өзгеше көздемесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі ЭЫДҰ-ның жұмыс істеу жөніндегі меншік құқығын мойындайды. Түпкілікті есептерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобаға үлесін растау қосылатын болады.
3. Жоба барысында ЭЫДҰ-ға берілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып табылатын кез келген деректер немесе ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып қалады. ЭЫДҰ көрсетілген деректер мен ақпаратты пайдалануға және/немесе өз есептеріне, жарияланымдарына және т.б. қосуға құқылы. Сонымен қатар, ЭЫДҰ көрсетілген деректерді және/немесе ақпаратты өзінің зерттеу қызметіне байланысты басқа да мақсаттар үшін пайдалана алады.
Осы Келісімді түсінуден, қолданудан немесе орындаудан, сондай-ақ оның қолданылуынан, жарамдылығынан немесе бұзылуынан немесе осыларға қатысты туындайтын және келіссөздер жолымен шешу мүмкін емес кез келген дау, келіспеушілік немесе наразылық осы Келісімді жасасу күніне қолданыстағы Аралық соттың тұрақты палатасының мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар үшін төрелік соттың факультативтік қағидаларына сәйкес міндетті күші бар соңғы төрелік талқылаумен шешіледі. Судья саны – біреу. Судья Тараптар арасындағы уағдаластық арқылы таңдалады, егер төрелік талап етілгеннен кейін үш ай ішінде мұндай уағдаластыққа қол жеткізілмесе, судья Тараптардың бірінің талабы бойынша жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес тағайындалады. Төрелік сот Парижде, Франция, өтеді және барлық іс жүргізу және ұсынылатын түсініктемелер ағылшын тілінде болуға тиіс.
7-бап. Артықшылықтар мен иммунитеттер
Осы Келісімде ештеңе халықаралық ұйым ретіндегі ЭЫДҰ артықшылықтары мен иммунитеттерінен бас тарту деп түсіндірілмеуге тиіс.
8-бап. Өзгерістер мен толықтырулар
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісім оған екі Тарап қол қойғаннан кейін және ЭЫДҰ Бюджет комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржылық жарнасын қабылдағаннан кейін қайсысы соңғы болуына қарай күшіне енеді. Ол екі Тарап одан туындайтын барлық міндеттемелерді орындағанға дейін жарамды және қолданыста болады.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі данадан алты түпнұсқа данада қол қойылды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндерде алшақтықтар болған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасы жалғыз төлнұсқа болып табылады.
Қазақстан Республикасының | Экономикалық ынтымақтастық |
Үкіметінен | және даму ұйымынан |
Асқар Мырзахметов |
Андреас Шаал |
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымынан |
Техникалық тапсырма
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы кооперациясының дамуын ынталандыру
1. Мақсаты
1. Осы жоба талдамалық ұсынымдар беру, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың әртүрлі деңгейлеріне бағытталған әлеуетті өрістету жөніндегі іс-шаралар арқылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперациясының дамуын қолдауға бағытталған. Бұдан басқа, жоба аграрлық азық-түлік өнімінің құнын құрудың жаhандық тізбектеріне (ҚҚЖТ) кеңінен қатысуды қолдау үшін талдамалық ұсынымдар береді және Қазақстанмен ауыл шаруашылығы саясаты және нарықты модельдеу саласындағы техникалық ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады.
2. Мәнмәтін және негіздеме
2. Қазақстан аграрлық азық-түлік өнімдерінің жетекші өндірушісі мен экспорттаушысы болып табылады, бұл ретте оның аумағының 80 %-дан астамы ауыл шаруашылығы алқаптары ретінде сыныпталады және әлемдегі халықтың жан басына егiстiк жерлердің қолжетімділігі шамасы бойынша екінші орында. 2016 жылы ауыл шаруашылығына жалпы ішкі өнімнің 4,6 %-ы, экспорттың 5,8 %-ы және жұмыспен қамтудың 16 %-ы тиесілі. Аграрлық азық-түлік секторы Қазақстанның азық-түлік пен экономикалық қауіпсіздігінің негізі және ауылдық аудандарды дамытудың маңызды факторы болып табылады.
3. 2006 – 2016 жылдары ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі жылына орташа есеппен 16%-ға, ал аграрлық азық-түлік өнімінің экспорты жылына 7,2 %-ға ұлғайды. Алайда 2015 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 3,3 трлн. теңгені құрады, бұл нақты мәнде 2011 жылғы деңгейден 4,1 %-ға төмен. Азық өнімдерінің өндірісі құрылымында астықты қайта өңдеу өнеркәсібі (22,3 %), сүт өнімдері (16,7 %), нан-тоқаш өнiмдерi (15 %), етті қайта өңдеу (13,6 %), тоң майлар және майлар (7,9 %), жемістер мен көкөністер (7,6 %) және басқа салалар (16,9 %) басым болды. Өндірістегі жалпы үрдiс оң болғанымен, экспорттық бәсекеге қабілеттілік бұрынғыдай ауыл шаруашылығы өнімдерінің шектеулі қатарына шоғырланған. 2016 жылы дәнді дақылдарға, ұн мен майлы тұқымдарға аграрлық азық-түлік тауарлары экспортының 72 %-ы тиесілі болды, ал Қазақстан астық экспорты бойынша әлемде 12-орынды иеленді. Аграрлық азық-түлік импорты негізінен ет, сүт өнімдері, жемістер, көкөністер мен өңделген тамақ өнімдері сияқты қосылған құны жоғары өнімдерден тұрады. Одан басқа, Қазақстанда өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің шамамен 80 %-ы шикізат түрінде сатылады, ал жергілікті жерлерде өңделген және дайын өнім бәсекелестік позициясының әлсіз болуынан зардап шегуде.
4. Құны жоғары аграрлық азық-түлік тауарларының жергілікті өндірісінде үй шаруашылықтары мен ұсақ өндірушілер басым. 2016 жылы үй шаруашылықтары үлестеріне түсімнің 30 %-ымен салыстырғанда, мал шаруашылығы өнімдерінің 71 %-ы тиесілі болды. Шағын өндірушілердің жеткізілімдер тізбектеріне және экспорттық нарықтарға қолжетімділігі жиі шектеулі болады және олар тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы стандарттарын сақтау кезінде қиыншылықтарға ұшырайды, бұл өз кезегінде олардың қайта өңдеушілермен және бөлшектеп сату саудагерлерімен шарттық келісімдер жасасу мүмкіндігін одан сайын қиындатады. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу және өндірушілерден өткізу нарықтарына ілгерілету жүйесінің нашар дамығандығы, сондай-ақ трейдерлер мен делдалдар рөлінің күштілігі азық-түлік тауарларын сатып алу бағаларының төмендеуіне және өндірушілер үшін олардың өндіріс көлемін арттыруға ынталарының болмауына әкеп соқтырады. Нәтижесінде қайта өңдеу кәсіпорындары жиі өз қуатынан төмен жұмыс істейді немесе табысты болып қалу үшін импортталатын ресурстарға сүйенуге мәжбүр. Бұл құбылыс әсіресе сүт секторында кең тараған, онда ірі ауқымды қайта өңдеушілер қыс айларында нарықтағы сұранысты қанағаттандыру үшін айтарлықтай дәрежеде қайта құрамдастырылған сүтке сүйенеді (FAO, 2011 ж.).
5. Отандық шағын және орта ауыл шаруашылығы өндірушілері өнімдерінің сапа және буып-түю тұрғысынан шетелдік жеткізушілермен бәсекелесуі қиын. Өзінің ет, сүт және басқа да өнімдерді қайта өңдеуін ұйымдастыру қаражат пен білікті персоналдың жетіспеушілігіне, санитариялық талаптарды орындауға жұмсалатын шығындардың көп болуына, салық заңнамасының жетілдірілмегеніне және тиісінше өткізу желілерінің болмауына байланысты көпшілік шаруашылықтардың қызмет ауқымынан асып кетеді.
6. Аграрлық азық-түлік тауарларын өндіру мен қайта өңдеуді қолдау үкімет үшін маңызды басымдық болып табылады, өйткені бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ауылдық аудандар мен өңірлердің дамуына ықпал етеді және экономикалық қызметті әртараптандырады. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру, жеткізілімдердің сенімді және бәсекеге қабілетті тізбектерінің орнықтылығын арттыру мен оларды дамыту үшін мақсатты түрдегі бағытталған күш-жігер қажет.
Таяуда қабылданған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды қолдау бойынша мынадай басымдықтар айқындалды:
1) ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру;
2) ішкі нарыққа қызмет көрсету және экспорттық әлеуетті арттыру үшін аграрлық өндірісті және қайта өңдеуші қуаттылықтарды дамыту;
3) секторды мемлекеттік қаржылай қолдауды тиімді пайдалану;
4) сауда мен логистикаға арналған инфрақұрылымды дамыту.
7. ЭЫДҰ Ауыл шаруашылығы министрлігіне жоғарыда аталған бірқатар мақсаттармен жұмыс істеуде қолдау көрсетті. 2013 жылы ЭЫДҰ Қазақстандағы ЭЫДҰ-ның аграрлық саясатына шолуды дайындады және жариялады. ЭЫДҰ сонымен қатар ауыл шаруашылығын қолдау деңгейін (өндірушілер мен тұтынушылар деңгейін) есептеуде және елде ауыл шаруашылығы саясатының даму мониторингін ұдайы жүргізуде. 2014 жылы ЭЫДҰ-ның "Еуразияның бәсекеге қабілеттілігі" дөңгелек үстелінде сарапшылар ауыл шаруашылығы кооперациясы тақырыбы бойынша Қазақстанға баға берді. Сонымен қатар, 2015 жылдың басында "Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперациясын нығайту" тақырыбы жөніндегі нұсқау Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылды. Қазақстандық өңірлік бәсекеге қабілеттілік атты ЭЫДҰ бағдарламасы шеңберінде ЭЫДҰ ауқымды іс-шаралар өткізді және ЭЫДҰ-ға мүше елдерге ауыл шаруашылығы кооперативтері мен микроқаржыландыру тақырыптары бойынша таныстыру сапарларын ұйымдастырды. Бұл іс-шаралар сүт кәсіпорындары, мал шаруашылығы және жемістер мен көкөністер өндіру сияқты кіші секторларға сүйене отырып, ұлттық та, өңірлік те басқаруға бағытталған.
8. Жоба ЭЫДҰ – Қазақстан бәсекеге қабілеттілігін өңірлік дамыту жобасы шеңберінде жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту мен аграрлық азық-түлік тауарларын жеткізу тізбектерін қолдау жөніндегі ЭЫДҰ-ның алдыңғы жұмысының жалғасы болып табылады. Жобаның мақсаты бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуды қолдау және оларды тамақ өнімдерінің жаhандық аграрлық азық-түлік өндірістік тізбектеріне енгізу болып табылады.
3. Тәсілдеме
9. Жоба Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуды, сондай-ақ аграрлық азық-түлік тауарларын құрудың барынша әртараптандырылған және бәсекеге қабілетті тізбектерін құруды қолдайды. Ұсынылып отырған тәсіл ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуды қолдауға, Қазақстанның тамақ өнімдерін құрудың жаhaндық аграрлық азық-түлік өндірістік тізбектеріне интеграциялануын талдауға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саясатына және өндірушілерді қолдаудың экономикалық салдарларын өлшеу үшін нарықты моделдеуге бағытталған. Сонымен қатар, оған ұсынылатын шаралардың өзектілігін қамтамасыз ету және оларды тиімді жүзеге асыру үшін талдамалық іс-шаралар мен қуаттылықтарды өрістету жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Екі іс-шара да қатар жүзеге асырылатын болады және барынша әсер ету мен кең аудиторияны қамту үшін сабақтасады. Әртүрлі қызмет түрлері ағындарының сипаттамасы төменде келтірілген.
1-іс-шара: Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуды қолдау
10. Кооперативтер аграрлық азық-түлік секторында шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігі мен өнімділігін арттыруы және жеткізілім тізбектері мен өткізу арналарын дамытуға ықпал етуі мүмкін. Кооперативтер өндірушілерге өндіріс ауқымы есебінен үнемделуден пайда табуға, тиімділік пен келісімділікті арттыруға, сондай-ақ жеткізушілермен және сатып алушылармен келіссөздер жүргізуге ықпал етуді арттыруға мүмкіндік береді.
11. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуды қолдау бойынша бірқатар шаралар енгізді. Бірінші кезекте 2015 жылғы қазанда құқықтық базаны жетілдіру мен жаңғыртудағы маңызды қадам болған жаңа "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" Заң қабылданды. Одан басқа, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның әртүрлі еншілес ұйымдары кооперативтерді дамытуды қолдау үшін елеулі қаржылық ынталандыру берді. Жаңа заңнама енгізілгенге дейін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ ауылдық тұтыну кооперативтеріне 5-7 жыл ішінде 5 % мөлшер жеңілдікті кредиттер берді, ал әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар ауылдық кооперативтерге нысаналы аграрлық қызметтер көрсетуге арналған сатып алу орталықтарын құрды. Соңғы уақытта "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" АҚ мал шаруашылығы, сүт өнімдері, астық дақылдары, бал ара шаруашылығы, түйе сүті мен мақта өндіру сияқты басым кіші секторларда қаржылық қолдау көрсетуді және пилоттық кооперативтер құруды үйлестірді.
12. Алайда мемлекет алдын ала қабылдап жатқан күш-жігер мен қолдау шараларына қарамастан, Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтері әлі де жеткілікті дамымай отыр. Тіркелген кооперативтер кооперация артықшылықтары мен өңірлерде кооперацияны дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттың, оқытылған басқарушы персонал мен мамандардың болмауынан, сондай-ақ қолда бар институционалдық құрылымдар тарапынан қолдаудың жеткіліксіз болуынан жиі белсенді болмауда немесе тиімсіз болуда. Олардың дамуын тежейтін негізгі проблемалар мыналар болып табылады:
1) кооперациялардың артықшылығын, тетіктері мен жұмыс істеуін жете түсінбегендіктен, ынтымақтастық ұғымына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ауыл халқының сенбеуі;
2) дайындалған басқарушы персонал мен мамандардың болмауы;
3) мемлекет тарапынан ынтымақтастық процестерін жеткілікті ынталандырмау;
4) кооперацияның негізгі қағидаттарының (ашық және ерікті мүшелік, мүшелерді демократиялық бақылау, бір мүше бір дауыс және т.б.) бұзылуы;
5) кооперативтердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өз мүшелеріне көрсетілетін қызметтерді ұсынуы үшін емес, жеңілдетілген кредит алу үшін қалыптастырылуы;
6) кооперативтерді басқару және олардың қызметін бақылай отырып, ірі ауқымды фермалардың мүдделерін қолдау үшін "жалған кооперативтер" құру;
7) жеткіліксіз немесе өтімсіз кепілмен қамтамасыз ету;
8) кооперативтердің коммерциялық емес деген заңды мәртебесінің болуына байланысты өзінің таза табысын мүшелері арасында бөле алмауы.
13. "Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерін нығайту" ЭЫДҰ анықтамалығы үкімет үшін ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуды қолдау бойынша үш негізгі ұсынымды айқындайды (ЭЫДҰ, 2015 ж.):
1) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құқықтық және нормативтік базасын реформалау;
2) ауыл шаруашылығы кооперативтерін біліммен, ақпараттық қызметтермен және техникалық көмекпен қамтамасыз ету;
3) ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін мақсатты қаржылық қолдауды қамтамасыз ету.
14. ЭЫДҰ "Еуразияның бәсекеге қабілеттілігі" дөңгелек үстеліне қатысатын серіктес мемлекеттер, әдетте, бастапқы сараптамалық шолудан соң 3-4 жылдан кейін мониторингтелуге тиіс. Осылайша, Қазақстан 2018 жылы Дөңгелек үстел отырысында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне мониторинг жүргізуге тиіс.
Ұсынылатын іс-шаралар
15. ЭЫДҰ ағымдағы ахуалға алдын ала талдау жүргізеді және 2014 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылған "Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерін нығайту" жөніндегі бастапқы ұсынымдарын (ЭЫДҰ, 2015 ж.) іске асыруда Қазақстан қол жеткізген ілгерілеуді бағалау үшін шолу жүргізеді.
Алдын ала қабылдау қажет қызметтің негізгі түрлері мыналар болып табылады:
1.1. Ағымдағы жағдайды талдау (деректерді жинау, бағалау, халықаралық тәжірибеге шолу жасау): ЭЫДҰ қолданыстағы заңнаманы, алынған деректерді зерделеу және тиісті мүдделі тараптармен кеңесу негізінде жергілікті жерлердегі ағымдағы ахуалға талдау жасайды.
1.2. Мақсатты тауарлық топтар үшін кооперативтердің пилоттық модельдерін әзірлеу: Қазақстан Үкіметі және ЭЫДҰ бірлесіп, экспорттық әлеуеті жоғары аграрлық азық-түлік секторында 3-4 тауарлық топты (мысалы, сүт өнімдері, ет, жеміс және көкөністер, тауашалы азық-түлік өнімдері) айқындайды. Өнімдердің әр тобына 1 пилоттық кооператив таңдалатын болады. Осы пилоттық кооперативтердің мысалын қолдана отырып, ЭЫДҰ кооперацияны басқаруды жақсарту, ынталандырудың тиімді құрылымдарын құру, пайдалылықты арттыру, мүшелер үшін оқу бағдарламаларын әзірлеу, ішкі аудит арқылы ашықтықты арттыру, тиісті ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды сақтай отырып, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мақсатқа бағытталған ұсынымдар мен толық тақырыптық зерттеулерді әзірлейді.
1.3. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінде әкімшілік ету үшін басқарудың тиімді құрылымдарында және тетіктерінде әлеуетті нығайту: ЭЫДҰ аудиторияны неғұрлым кеңінен қамту үшін мемлекеттік құрылымдар, фермерлер өкілдері мен кооператив мүшелеріне бағдарланған Қазақстанның өңірлерімен 2-3 семинар өткізеді. Бұл ЭЫДҰ-ға мүше елдердің тиісті саяси практикасына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерін басқарудың тиімді құрылымдары мен басқару тетіктерін енгізу кезінде мақсатты топтардың әлеуетін құруға мүмкіндік береді.
1.4. Мониторингті бағалауды дайындау: ЭЫДҰ 1.1, 1.2 және 1.3-тармақтарда жүргізілген жұмыстардың көрсеткіштері мен нәтижелері қорытылатын мониторинг туралы есепті дайындайды.
Баяндама 2014 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылған, "Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерін нығайту" саясаты жөніндегі нұсқаудан алынған бастапқы ұсынымдарды (ЭЫДҰ, 2015 ж.) іске асыруда Қазақстан қол жеткізген ілгерілеуді бағалауды қамтиды. Баяндама сонымен қатар ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуды қолдау бойынша Қазақстан Үкіметіне арналған ұсынымдардың жаңа жиынтығын және ұсынылған шараларды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын қамтитын болады. Есеп 2018 жылғы қарашада өткізілетін ЭЫДҰ "Еуразияның бәсекеге қабілеттілігі" дөңгелек үстелінде сараптамалық бағалауға ұсынылады. Дөңгелек үстел 2013 жылы бәсекеге қабілеттілікті реформалауды іске асыру бойынша сараптамалық шолуларды жүргізу үшін ЭЫДҰ-ға мүше елдер және Еуразияның серіктес елдері арасындағы бірлескен платформа ретінде құрылды. Қазақстанды кемінде екі ЭЫДҰ-ға мүше елдің сарапшылары бағалайды, олар проблемаларға және ұсынылған саяси реформаларды жүзеге асыруды одан әрі күшейтуге арналған мүмкіндіктерге қатысты перспективаларын ұсынатын болады.
1.5. Әлеуетті нығайту бойынша семинарлар: баяндама қорытындыларының таралуын қолдау және саясаттың ұсынымдарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін ЭЫДҰ Қазақстанның өңірлерімен 2-3 семинар өткізетін болады. Семинарлар өңірлік қайраткерлердің кең аудиториясын қамтуды жүзеге асыруда әлеует құру және көмектесу үшін мемлекеттік құрылымдар, фермерлер өкілдері мен кооператив мүшелеріне бағдарланатын болады. ЭЫДҰ ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуды қолдаудағы саяси реформаларды жүргізуде алдыңғы қатарлы практикалар мен практикалық сабақтарды ұсыну үшін ЭЫДҰ-ға мүше елдерден (егер осы орынды болса, мүше емес елдерден) халықаралық сарапшыларды шақыратын болады.
2-іс-шара: Азық-түлік өнімін ҚҚЖТ-ға интеграциялаудың жай-күйін талдау
16. Азық-түлік өнімінің ҚҚЖТ-ға қатысуды кеңейту Қазақстанның аграрлық азық-түлік секторын дамытуды қолдауда және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруы мүмкін. Халықаралық аграрлық азық-түлік нарықтарына қатысу кірістердің өсу мүмкіндігін қамтамасыз етуі мүмкін (неғұрлым ірі нарықтарға қол жеткізу немесе сауда болмаған жағдайда алуға болатын әлеуетті жоғары бағалар арқылы) және айтарлықтай өнімді жоғарылау және әртараптандырылған өнеркәсіпке қарай құрылымдық трансформациялануға ықпал етуі мүмкін. Одан басқа, сауда тұрақты және сенімді азық-түлік қорына қол жеткізуді қамтамасыз етуге, тұтынушылар үшін азық-түлік бағасын арзандатуға және азық-түліктің әртүрлілігін арттыру арқылы тамақтануды жақсартуға көмектеседі (ЭЫДҰ, 2017 ж.).
17. Қазақстандық сауданың және ішкі ауыл шаруашылығы саясатының бағыты азық-түлік өнімінің ҚҚЖТ-ға қатысу дәрежесіне және оған байланысты ішкі экономиканың пайдасына маңызды әсер етуі мүмкін. Соңғы жылдары нарыққа шығу кедергілерін төмендету және ішкі қолдаудың нысандарын өзгерту үшін бірқатар саяси өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, Қазақстан 2015 жылғы 30 қарашада Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі – ДСҰ) қосылды. ДСҰ-ға мүшелік төмен деңгейлердегі ауыл шаруашылығы өнімдеріне тарифтік мөлшерлемелерді (ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортына арналған орташа тариф 7,6%) байланыстыру бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, нарықтарға шығудың мүмкіндіктерін айтарлықтай жақсартуды және сауда жүйесін ырықтандыруды көздейді. Одан басқа, астықты мемлекеттік сатып алу 2016 жылдың қаңтарында азық-түлік дақылдарына арналған алаң үшін төлемдер, мақта сапасының сараптамасына арналған субсидиялар және инвестициялық кредиттерге арналған пайыздарға субсидиялар сияқты бірқатар бұрмалаушы субсидиялармен қатар алып тасталды. Ауыл шаруашылығы алқаптарына жеке меншікті көздейтін жер заңнамасына өзгерістер 2015 жылы енгізілген болатын (алайда оны жүзеге асыру Президенттің Жарлығымен белгіленген мораторийға байланысты 2020 жылға дейін шегерілген болатын), ал ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін жер салығының мөлшерлемесі белсенді емес ауыл шаруашылығы жерлерін игеру үшін бес есе арттырылған болатын (ЭЫДҰ, 2016 жыл, ЭЫДҰ, 2017 жыл).
18. Ауыл шаруашылығы және сауда бойынша бірлескен жұмыс тобына арналған ЭЫДҰ-ның 2017 – 2018 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасы және басқа өңірлердегі азық-түлік өнімінің ҚҚЖТ-да ауыл шаруашылық және сауда саясатының әсерін модельдеу бойынша жасалған жұмысты ұзартуды көздейді. Бұл мәнмәтінде ЭЫДҰ Хатшылығы әзірлеген, қолда бар талдамалық шеңберді пайдалана отырып, Қазақстандағы осы тәсілдемені кеңейту бойынша жұмыстар жасалады.
Ұсынылған іс-шаралар
19. Осы жұмыс шеңберінде аграрлық азық-түлік тауарлары бойынша азық-түлік өнімінің ҚҚЖТ Қазақстанның рөлі зерттелетін және Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде әзірленген стратегиялық басымдылықтарды ескере отырып, қатысуға жәрдемдесу үшін қағидаттар әзірленетін болады. Бастапқы диагностика өндірісте пайдаланылған дерек көздерін, экспорт нарықтарын және азық-түлік өнімінің ҚҚЖТ-ға қатысуға ішкі әсерді анықтауға көмектеседі. Әртүрлі сценарийлер әсерін модельдеу азық-түлік өнімінің ҚҚЖТ-ға қатысуға және оның басымдықтарына ішкі саясатты таңдау әсерінің иллюстрациясы болып табылады. Содан кейін бұл нәтижелер азық-түлік өнімінің ҚҚЖТ-ға неғұрлым кең қатысуға жәрдемдесуге арналған басқару қағидаттары мен ұсынымдарын әзірлеу үшін пайдаланылады. Негізгі қорытындылар мынадай:
1.1. Азық-түлік өнімінің ҚҚЖТ-ға қатысуды өлшеуге арналған көрсеткіштердің есебі: GTAP дерекқорындағы 22 аграрлық азық-түлік секторы үшін қосылған құны бар сауда бағасын пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнімдеріне (ҚҚЖТ) қатысудың ауқымы мен типіне сандық салыстыру жүргізіледі. Сонымен қатар, ішкі қосылған құнды қоса алғанда, кері байланыстардың шаралары (экспортқа салынған шетелдік қосылған құнның мөлшері), тікелей байланыстар (басқа ел экспортының бөлігі болып табылатын ішкі қосылған құнның соммасы) есептеледі. Ішкі қосылған құнның шаралары аграрлық азық-түлік тауарларының ҚҚЖТ-ға қатысудың артықшылықтарын көрсету үшін ерекше маңызды.
1.2. Азық-түлік өнімінің ҚҚЖТ-ға қатысуға ішкі саясаттың әсер етуін модельдеу: Бұл азық-түлік өнімінің ҚҚЖТ-ға қатысуға саясаттың әсер ету дәлелдемелерін баяндауға және ішкі пайдаларға арналған циклдердің деректерін пайдаланатын эконометрикалық модель нысанында болуы мүмкін. Балама ретінде сауданың әртүрлі сценарийлерінің салдарларын зерттеу және азық-түлік өнімінің ҚҚЖТ-ға қатысу кезінде ауыл шаруашылығын қолдау және ішкі қосылған құнды құру үшін орта тепе-теңдікке негізделген тәсілді қолдануға болатын еді.
1.3. Қысқаша талдамалық құжатты дайындау: 2.2-тармаққа сәйкес жүргізілген модельдеу нәтижелері негізінде азық-түлік өнімінің ҚҚЖТ-ға қатысуын жандандыруға бағытталған бірқатар ұсынымдармен қысқаша талдамалық құжат дайындалатын болады. Ұсынымдар тарифтік және тарифтік емес шаралар (ТЕШ) сияқты сауда саясатына немесе ауыл шаруашылығын ішкі қолдауға қатысты болуы мүмкін.
1.4. Әлеуетті ұлғайту бойынша семинарлар: ЭЫДҰ зерттеулер және талдау нәтижелерін тиімді таратуды қамтамасыз ету үшін әлеуетті ұлғайту бойынша қатар екі семинар өткізеді. Семинарларға озық тәжірибені және азық-түлік өнімінің ҚҚЖТ-ға Қазақстанның интеграциялануына қолдау үшін саяси реформаларды жүргізуде ЭЫДҰ-ға мүше елдерден (немесе, егер орынды болса, мүше болып табылмайтын елдерден) аграрлық практикалық сабақтарды ұсыну үшін халықаралық сарапшылар шақырылатын болады.
3-іс-шара: Ауыл шаруашылығы саясаты және нарықты модельдеу
20. Ауыл шаруашылығы саясаты ЭЫДҰ-ның көптеген елдерінде реформаларды бастан өткізді, олардың әрқайсысы әртүрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдаудың басқа түрлерімен, нарықтық бағаларды қолдауға тарихи негізделген саясатты өзгерту үшін басқа жолды таңдады. Тиімді нәтижелерді қамтамасыз ететін реформаға кілт нарықтық бағаларды қолдауды (бұдан әрі – НБҚ) төмендетуге шоғырлану болып табылады. НБҚ ауыл шаруашылығы саясатын мониторингтеу және бағалау бойынша жыл сайынғы баяндамада ЭЫДҰ-мен қамтылған 52 елдегі фермерлік шаруашылықтарды барлық қолдаудың шамамен 60 %-ын құрайды (ЭЫДҰ, 2017 ж.).
21. 1986 жылдан бастап ЭЫДҰ өндірушілер мен тұтынушыларды (PCEs және CSEs) бағаларын пайдалана отырып, ауыл шаруашылығын қолдауды бағалайды және жіктейді. Қазақстан 2013 жылы PSE дерекқорға қосылған және өз ауыл шаруашылығы саясатын ЭЫДҰ-ның Ауыл шаруашылығы жөніндегі комитетінің жыл сайынғы мониторингтеуіне және бағалауына жатады. PSE ЭЫДҰ елдерінде ауыл шаруашылығы саясатының реформаларын бағалауға арналған құрал ретінде кең қолданылады. Әртүрлі елдердегі ауыл шаруашылығы саясаты портфелінде өзгерістерді мониторингтеу және бағалау үшін негіз ретінде пайдалы бола отырып, саясатты бағалау моделі
(бұдан әрі – СБМ) өндіріс, сауда, кірістер мен әл-ауқат сияқты нақты экономикалық нәтижелерге саясат өзгерістерінің әсерін өлшей алмайды (Martini, 2011 ж.).
22. ЭЫДҰ СБМ дерекқорда ақпаратты нақты экономикалық нәтижелермен байланыстыру үшін СБМ-ны әзірледі. Модель СБМ дерекқордағы ақпаратты базалық экономикалық құрылыммен және ЭЫДҰ жеті елінің (екі ЕС15 және ЕС12 өндірістік аймақтармен бірыңғай өңір ретінде Еуропалық Одақты қоса) жинақтап ұсынуын қамтамасыз етуге арналған деректермен толықтыруға бағытталған. СБМ саясат өзгерістерінің нарықтық және әлеуметтік салдарларына статистикалық, ішінара, тепе-тең көзқарасты қамтамасыз етеді.
Ұсынылатын іс-шаралар
23. ЭЫДҰ-ның 2017 – 2018 жылдарға арналған жұмыс және бюджет бағдарламасы Хатшылыққа елдің СБМ-мен қамтылуын кеңейту мүмкіндігін зерттеуді тапсырады. Ол да СБМ-ға деректерді ұсынатын елдерге саясатты модельдеу үшін дерекқорды қолдануға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы және нарықтар саласындағы саясат жөніндегі жұмыс тобының 2017 жылғы мамырдағы кеңесінде Қазақстан осы модельдеу процесіне қатысуға қызығушылық білдірді. СБМ-ны кеңейтумен қатар Қазақстанмен ауыл шаруашылығы саясаты және нарықты талдау саласындағы қарқынды техникалық ынтымақтастық Ауыл шаруашылығы жөніндегі комитет шеңберінде қызметтің екі негізгі түріне қатысты ұзақ мерзімді пайда береді ("Ауыл шаруашылығының даму перспективалары" ЭЫДҰ-ФАО-ны бағалау және ауыл шаруашылығы саясаты мониторингі және бағалау).
24. Осы қызметтің мақсаты ауыл шаруашылығы саясатын мониторингтеу және бағалау саласында Қазақстанмен техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту болып табылады. Сонымен қатар, 2017 – 2021 жылдарға арналған Ауыл шаруашылығы министрлігінің стратегиялық жоспары шеңберінде әзірленген стратегиялық басымдықтарды ескере отырып, ауыл шаруашылығы саласындағы ЭЫДҰ-ФАО даму перспективалары ЭЫДҰ Қазақстанды ауыл шаруашылығы саясаты мен нарықты модельдеу модельдерінде қатысуға шақырудан басталады. Азық-түлік және ауыл шаруашылығы бойынша
ЭЫДҰ-ның ақпаратымен алмасу үшін өңірлік іс-шара ұйымдастыру және өңір елдері, сондай-ақ ЭЫДҰ-ға мүше елдер үшін ақпаратқа толы болатын қысқаша саяси баяндама жасау көзделеді.
1.1. Қазақстанда СБМ-ны кеңейту: ЭЫДҰ Қазақстанда СБМ дерекқор құру үшін қажет деректерді сұрауды дайындаудан бастайды. ЭЫДҰ алдын ала модельдердің нәтижелерін тексеру үшін Қазақстанда модельдің параметрлеріне шолу жүргізеді және СБМ-ны пайдалана отырып, алдын ала шолу жүргізеді.
1.2. Қысқаша талдамалық есеп немесе қызмет туралы есеп дайындау: ЭЫДҰ шындыққа жанасатын сценарийлерді талқылау және алдын ала нәтижелерді растау үшін жұмыс кеңесін ұйымдастыруды қоса алғанда, Астанада техникалық кездесу өткізе алады. Содан кейін ЭЫДҰ Ауыл шаруашылығы және нарықтар саласындағы жұмыс тобына ұсынылуы мүмкін қысқаша талдамалық есеп және қызмет туралы баяндама дайындайды. Талдамалық есепте немесе қызмет туралы баяндамада СБМ шеңберінде орындалатын сценарий жалпыланатын болады, ол үш мынадай сценарийді қамтуы мүмкін:
1) Кеден одағы, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шекараларды күзету салдарларын және оның реформаларының сценарийлерін бағалау;
2) тікелей төлемдердің ағымдағы жүйесін (кредиттік концессиялар, инвестициялық гранттар, бір тонна сүтке субсидиялар және алаң үшін төлемдер) және оның реформаларының сценарийлерін бағалау;
3) 1 және 2-сценарийлер саяси салдарларды өңірлік бөлуді модельдік бағалауды қамтуы мүмкін.
1.3. Өңірлік саясат жөніндегі семинар: ЭЫДҰ Астанада ауыл шаруашылығы саясаты және нарықты модельдеу бойынша 1-2 күндік өңірлік іс-шара ұйымдастырады (PSE, PEM, Aglink-Cosimo модельдері мен инновациялық шолуды қоса алғанда).
4. Мерзімдері және бюджет
25. Жоба 24 ай ішінде жүзеге асырылатын болады. Төменде жобаның жекелеген нәтижелерін ұсыну үшін болжамды уақыттық шәкіл келтірілген:
Іс-шаралардың үлгі жоспары
2018 | 2019 | |||||||
Іс-шара | 1Т | 2Т | 3Т | 4Т | 1Т | 2Т | 3Т | 4Т |
1-іс-шара: Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің дамуын қолдау | ||||||||
1.1. Ағымдағы ахуалды талдау (деректерді жинақтау, бағалау, халықаралық тәжірибеге шолу жасау) | ||||||||
1.2. Тауарлардың мақсатты топтары үшін эксперименттік кооперативтер модельдерін әзірлеу | ||||||||
1.3. Тиімді басқару құрылымдары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін басқару тетіктерінде әлеуетті ұлғайту | ||||||||
1.4. Бақылау бағасын дайындау | EurasiaWeek 2018 | |||||||
1.5. Әлеуетті ұлғайту бойынша семинарлар | ||||||||
1.6. Баяндау нысанында қорытынды есепті және шығыстар туралы қорытынды есепті ұсыну |
| |||||||
2-іс-шара: Азық-түлік өнімін ҚҚЖТ-ға интеграциялаудың жай-күйін талдау | ||||||||
1.1. Азық-түлік өнімінің ҚҚЖТ-ға қатысуды өлшеу үшін көрсеткіштерді есептеу | ||||||||
1.2. Ішкі саясаттың азық-түлік өнімінің ҚҚЖТ-ға қатысуға әсерін модельдеу | ||||||||
1.3. Қысқаша талдамалық ақпаратты дайындау | ||||||||
1.4. Әлеуетті ұлғайту бойынша семинарлар | ||||||||
1.5. Баяндау нысанында қорытынды есепті және шығыстар туралы қорытынды есепті ұсыну | ||||||||
3-іс-шара: Ауыл шаруашылығы саясаты және нарықты модельдеу | ||||||||
1.1. Қазақстандағы саясатты бағалау моделін (СБМ) кеңейту | ||||||||
1.2. Қысқаша талдамалық есепті немесе қызмет туралы баяндаманы дайындау | ||||||||
1.3. Өңірлік саясат семинары | ||||||||
Баяндау нысанында қорытынды есепті және шығыстар туралы қорытынды есепті ұсыну |
26. Болжамды бюджет
Күтілетін шығыстар | EUR |
Персонал құны | 242 193 |
Адам басына салықтарды қайтару | 28 875 |
Консультанттар | 29 156 |
Қажетті жұмсаулар (ЭЫДҰ-ның персоналы мен сарапшылары) | 59 842 |
Полиграфия (мысалы: баспа, фотокөшірме, жарияланым) | 14 734 |
ЭЫДҰ-ның әкімшілік салығы, жоба сомасының 6,3%-ы | 25 200 |
Жалпы күтілетін шығыстар | 400 000 |