"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 868 Қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі республикалық мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң қазынашылық органдарында шоттары және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде (бұдан әрі – Бюджет кодексі), Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де шоттары болады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс.";

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік, ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау, аудиторлық қызмет, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеу, экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу, сондай-ақ қаржы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында жинақтау, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлікті жинақтау бойынша саясатты қалыптастыруға қатысу және іске асыру;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мемлекеттiк сатып алу, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, бухгалтерлiк және бюджеттiк есепке алу, аудиторлық қызмет, iшкi мемлекеттiк аудит пен қаржылық бақылау, қаржылық және бюджеттiк есептiлiк саласында салааралық үйлестiру және әдiснамалық басшылық ету;";

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) мемлекеттік қаржы статистикасын жүргізу;";

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) мемлекеттiк бюджет бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) өткiзуден түсетін ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарларының орындалуы, филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушiлiк қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақша түсімдері мен жұмсалуы туралы есептер жасау;";

      28) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 33-1), 33-2) және 33-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "33-1) республикалық бюджеттің, облыс бюджетінің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте түсімдерді көрсету тәртiбін әзірлеу және бекіту;

      33-2) қызмет ерекшелігін ескере отырып, өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік есепке алу бойынша жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісу;

      33-3) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты конкурстық құжаттаманы және концессия шартының жобасын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде келісу;";

      46) тармақша алып тасталсын;

      53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "53) өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстары республикалық бюджет туралы заңда көзделген мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесiн бекiту;";

      55-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "55-3) тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын үлгілік тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 55-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "55-5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысанын бекіту;";

      58) тармақша алып тасталсын;

      61) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "61) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеу мен бекіту және оны әдіснамалық сүйемелдеу;";

      63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "63) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;";

      76) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "76) оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші мен банкроттықты басқарушы қорытындысының үлгі нысандарын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 78-1), 78-2), 78-3), 78-4), 78-5) және 78-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "78-1) борышкердің (банкроттың) мүлкiн (активтерiн) сату бойынша электрондық аукционды өткiзу және ұйымдастырушыны айқындау қағидаларын бекіту;

      78-2) уақытша әкімшінің, оңалту, уақытша және банкроттық басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төменгі және ең жоғарғы шектерін, сондай-ақ осындай сыйақыны төлеу тәртібін бекіту;

      78-3) оңалту рәсімінде және банкроттық рәсімінде әкімші қызметіне камералдық бақылау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту;

      78-4) бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің қызметін тексеру нәтижелері бойынша, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған осы бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жіберу, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есепті беру қағидаларын, сондай-ақ бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің қызметін тексеру нәтижелері бойынша, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған осы бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есептің нысандарын бекіту;

      78-5) әкімшінің ағымдағы және сұрау салынған оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты беру нысанын, қағидалары мен мерзімдерін бекіту;

      78-6) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстар өтеу қағидаларын бекіту;";

      101) және 102) тармақшалар алып тасталсын;

      110) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "110) кәсіби аудиторлық ұйымдарды, кәсiби бухгалтерлер ұйымдарын, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту;";

      114) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "114) концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша концеденттен алатын, тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде концессионер топтарының құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидаларын бекіту;";

      114-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "114-4) кеден өкілінің мемлекеттік кірістер органдарына, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, есептілік ұсыну тәртібін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 114-34), 114-35), 114-36), 114-37), 114-38) және 114-39) тармақшалармен толықтырылсын:

      "114-34) тауарларды сыныптау жөніндегі, тауарды жинақталмаған түрде сыныптау туралы шешімдердің және преференциялық және преференциялық емес режимдерді қолдану кезінде тауар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдердің нысандарын бекіту;

      114-35) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті алуға арналған сауалнама, уәкілетті экономикалық операторлар тізілімі, уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлік нысандарын бекіту;

      114-36) 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген өтініштердің нысандарын бекіту;

      114-37) зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;

      114-38) белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау және кедендік тазарту қағидаларын бекіту;

      114-39) 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 298-бабына сәйкес кедендік декларациялау және кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 137), 138), 139), 140), 141), 142), 143), 144), 145) және 146) тармақшалармен толықтырылсын:

      "137) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкім аппараттары жасайтын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін қоспағанда, бюджетке түсімдердің жиынтық жоспарын жасау;

      138) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау және оларды ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің назарына жеткізу;

      139) жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң үш жылдық кезеңге арналған лимиттерiн келісу;

      140) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жасалған концессиялық шарттардың және берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту;

      141) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша пайдалану шығындарының өтемақысын төлеу қағидаларын бекіту;

      142) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру қағидаларын бекіту;

      143) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу қағидаларын бекіту;

      144) іске асыру жоспарланып отырған республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін келісу;

      145) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жобасының конкурстық құжаттамасын республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісу;

      146) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және оларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүйесінің өндірістік процестеріне енгізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;";

      ведомстволардың функцияларында:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы, филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақша түсімдері мен жұмсалуы туралы есептер жасау;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау мақсатында тұрақты және жүйелі жинау бөлігінде бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;";

      17), 18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) кейіннен тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке жатқыза отырып, бюджеттер деңгейлері, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттары арасында түсімдер сомасын бөлу;

      18) Еуразиялық экономикалық одақтың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнде ашылған шоттарына ақша қаражатын аудару;

      19) кедендік баж сомалары бойынша ақпаратты дайындау және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу;";

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң салымдарына (депозиттерiне) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң уақытша бос бюджеттiк ақшаларын орналастыру және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң депозиттері бойынша республикалық бюджетке сыйақылар (мүдде) көлемiн болжамдау;";

      мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "38-1) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті алуға арналған сауалнама, уәкілетті экономикалық операторлар тізілімі, уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлік нысандарын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "40-1) зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 41-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "41-1) 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінде көзделген өтініштер нысандарын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 45-1), 45-2) және 45-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "45-1) мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазарту жасау тәртібін әзірлеу;

      45-2) белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау мен кедендік тазарту қағидаларын әзірлеу;

      45-3) 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 298-бабына сәйкес кедендік декларациялау және кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде кедендік операцияларды жасау қағидаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 50-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "50-1) мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 54-1) және 54-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "54-1) тауарларды сыныптау жөніндегі, тауарды жинақталмаған түрде сыныптау туралы шешімдердің және преференциялық және преференциялық емес режимдерді қолдану кезінде тауар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдердің нысандарын әзірлеу;

      54-2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында жариялауды қамтамасыз ете отырып, тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау бойынша түсіндірулер беру;";

      69) тармақша алып тасталсын;

      121) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "121) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында және кәсiби ұйымдар мен сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      130-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "130-2) жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламалар мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша тиімділігін бағалау, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептік деректерін қайта тексеру;";

      мынадай мазмұндағы 151-1), 151-2), 151-3), 151-4), 151-5), 151-6), 151-7), 151-8), 151-9), 151-10), 151-11) және 151-12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "151-1) борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу және оны ұйымдастырушыны айқындау қағидаларын әзірлеу;

      151-2) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен және ең жоғарғы шектерін, сондай-ақ осындай сыйақыны төлеу қағидаларын әзірлеу;

      151-3) оңалту рәсімі мен банкроттық рәсіміндегі әкімшінің қызметіне камералдық бақылау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;

      151-4) бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің қызметін тексеру нәтижелері бойынша, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған осы бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жіберу, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есепті беру қағидаларын, сондай-ақ бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің қызметін тексеру нәтижелері бойынша, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған осы бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есептің нысандарын әзірлеу;

      151-5) әкімшінің ағымдағы және сұрау салынған оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты беру нысанын, қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;

      151-6) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлеу;

      151-7) өздеріне қатысты оларды банкрот деп тану туралы сот шешімдері заңды күшіне енген банкроттардың тізімін интернет-ресурста жариялау;

      151-8) оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебiнiң нысанын әзірлеу;

      151-9) әкімшілерді есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету, сондай-ақ әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін әзірлеу;

      151-10) оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші мен банкроттықты басқарушы қорытындысының үлгілік нысандарын әзірлеу;

      151-11) борышкердің қаржылық жағдайы туралы уақытша басқарушы қорытындысының үлгілік нысандарын әзірлеу;

      151-12) біліктілік емтиханын өткізу тәртібін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 174-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "174-1) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға негізгі құралдарға жататын мүлікті иеліктен шығару немесе өзге тәсілмен иелік ету, дебиторлық берешекті беру және есептен шығаруды келісу;";

      205) және 207) тармақшалар алып тасталсын;

      235-2) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жіберу;";

      229-5) және 229-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "229-5) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13) – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін есепке алуды жүзеге асыру;

      229-6) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13)16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 234-1), 234-2) және 234-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "234-1) қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларын, схемаларын және тәсілдерін бекіту және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізу;

      234-2) жеке және заңды тұлғалардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде олардың құзыретіне сәйкес құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға ақпарат жіберу;";

      234-3) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен берілген ақпарат бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;".

      2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он тоғызыншы абзацын және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жиырма бірінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады