"Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бірінші кезең 2016 – 2020 жылдар) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 203 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 62 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бірінші кезең 20162020 жылдар) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 203 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бірінші кезең 20162020 жылдар):

      "3. Жоғары жетістіктер спортын және спорт резервін даярлау жүйесін дамыту" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-1, 21-2, 21-3 және 21-4-жолдармен толықтырылсын:

      "

21-1.

Ұлттық спорт түрлерінен "Ұлы дала рухы" фестивалін ұйымдастыру және өткізу

МСМ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Ұлттық және ат спорты орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

республикалық бюджет:
2018 жылы – 216308,0

республикалық бюджет:
(035100 бюджеттік бағдарламасы),
жергілікті бюджет

21-2.

Қазақ күресінен "Қазақстан барысы" республикалық турнирін ұйымдастыру және өткізу

МСМ-ге ақпарат

"Қазақстан барысы" қазақ күресін дамыту қоры" қоғамдық қоры (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы" қоғамдық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

республикалық бюджет:
2018 жылы – 15984,0

республикалық бюджет:
(035100 бюджеттік бағдарламасы),
жергілікті бюджет

21-3.

Қазақ күресінен "Әлем барысы" халықаралық турнирін ұйымдастыру және өткізу

МСМ-ге ақпарат

"Қазақстан барысы" қазақ күресін дамыту қоры" қоғамдық қоры (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, "Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы" қоғамдық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

республикалық бюджет:
2018 жылы – 7219,0

республикалық бюджет:
(035100 бюджеттік бағдарламасы),
жергілікті бюджет

21-4.

"Ұлы дала аламаны" ат жарысын ұйымдастыру және өткізу (150 шақырым)

МСМ-ге ақпарат

Ақмола облысының әкімдігі

2018 жылғы желтоқсан

республикалық бюджет:
2018 жылы – 85872,0

республикалық бюджет:
(035100 бюджеттік бағдарламасы),
жергілікті бюджет

      ";

      "4. Дене шынықтыру инфрақұрылымын дамыту және дене шынықтыру және спорт қызметтері нарығын кеңейту" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30-1-жолмен толықтырылсын:

      "

30-1.

Маңғыстау облысында үлгілік ипподром салуды қамтамасыз ету

МСМ-ге ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі

2018 – 2019 жылдар

жеке инвестициялар: 2018 – 2019 жылдары – 170,0

жеке инвестициялар

      ";

      "6. Халықаралық өзара іс-қимыл" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 40-жолмен толықтырылсын:

      "

40.

Халықаралық спорт аренасында Қазақстанның ұлттық көшпенді спорт брендін жылжыту

МСМ-ге ақпарат

"Асық ату" федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігі (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ спорты федерациясы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі (келісім бойынша)

жыл сайын

-

қаражат қажет етпейді

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады