2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына, "2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамына кредит беру үшін "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит бере отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.08.2018 № 523 қаулысымен.2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Қаржы министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасауды;
2) кредит берудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды;
3) бюджеттік кредиттің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
3. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктеріне кредиттің игерілуі туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б.Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген |
"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамына кредит беру үшін "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит бере отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.08.2018 № 523 қаулысымен.
1. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қарыз алушы) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
1) кредит 220 "Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша "2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген 10000000000 (он миллиард) теңге сомасында беріледі;
2) кредит қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 9 (тоғыз) жыл мерзімге жылдық 0,1 %-ға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша теңгемен беріледі;
3) республикалық бюджеттен кредитті бөлу қарыз алушының шотына кредиттің барлық сомасын біржолғы аудару жолымен жүзеге асырылады;
4) игеру кезеңі қарыз алушының шотына кредит аударылған күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды;
5) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жарты жылдық төлемдермен жылына 2 (екі) рет жүзеге асырылады;
6) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы 3 (үш) жылды құрайтын жеңілдік кезеңі өткеннен кейін 2021 жылдан бастап тең үлестермен жүзеге асырады;
7) бюджеттік кредитті берудің мақсаты қарыз алушының "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну үшін 9 (тоғыз) жыл мерзімге жылдық 0,2 % сыйақы мөлшерлемесімен "ҚДБ-Лизинг" АҚ-ға кейіннен кредит беру үшін жылдық 0,15 % сыйақы мөлшерлемесімен "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит беруі болып табылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 25.08.2018 № 523 қаулысымен.2. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.