"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 103 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 620 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 620 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 41-42, 307-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Сыйлық алуға өтінімдерді қабылдау бұл туралы хабарландыру жасалған кезден басталады және сыйлықтар салтанатты жағдайда тапсырылғанға дейін төрт ай бұрын тоқтатылады.";

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Уәкілетті орган Комиссия шешімінің негізінде сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесіне оларды беру жылының 1 қарашасына дейін енгізеді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады