Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы академиясында әскери кафедра құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 106 қаулысы



      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қаржы академиясы" акционерлік қоғамында оқу орнының каражаты және штат саны шегінде әскери кафедра құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б.Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады