Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасына қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 наурыздағы № 114 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімнің және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасының жобалары мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымовқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұксат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б.Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 7 наурыздағы
№ 114 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы
КЕЛІСІМ

      Осы Келісімде төменде келтірілген анықтамалар мынадай мағынаға ие болады:

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі

      Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының өз аумағында немесе өз аумағы арқылы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың заңсыз көші-қоны үшін өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес жауаптылық белгілеу жөніндегі егеменді құқығын құрметтей отырып,

      осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің 1948 жылғы 10 желтоқсандағы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясынан және басқа да халықаралық шарттардан, атап айтқанда, 1951 жылғы 28 шілдедегі Босқындардың мәртебесі туралы конвенциядан және 1967 жылғы 30 қаңтардағы Босқындардың мәртебесіне қатысты хаттамадан, 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіден, 1984 жылғы 10 желтоқсандағы Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциядан және 2008 жылғы 14 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенциядан туындайтын құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмейтінін атап көрсете отырып,

      Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында көші-қон процестерін нақты регламенттеудің өзекті қажеттілігін негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап Анықтамалар

      Осы Келісімде төменде келтірілген анықтамалар мынадай мағынаға ие болады:

      "реадмиссия" - сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына онда қолданылып жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың кіруі, шығуы және болуы мәселелері жөніндегі ұлттық заңнаманы бұза отырып, кірген немесе онда жүрген адамдарды осы Келісімде көзделген тәртіппен, шарттарда және мақсаттарда сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының беруі және сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының қабылдауы;

      "сұрау салушы Тарап" - адамның реадмиссиясы немесе транзиті туралы сұрау салу жіберетін Тарап;

      "сұрау салынатын Тарап" - өзінің атына адамның реадмиссиясы немесе транзиті туралы сұрау салу жіберілген Тарап;

      "үшінші мемлекеттердің азаматтары" - Тараптар мемлекеттерінің азаматтығына ие емес және осы Келісімнің қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттің азаматтығына тиесілі адамдар;

      "азаматтығы жоқ адамдар" - Тараптар мемлекеттерінің азаматтары болып табылмайтын және үшінші мемлекеттің азаматтығына тиесілігіне дәлелдемелері жоқ адамдар;

      "орталық құзыретті орган" - Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының осы Келісімді іске асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктелетін құзыретті органы;

      "құзыретті органдар" - Тараптар мемлекеттерінің осы Келісімді іске асыруға жауапты органдары;

      "Атқару хаттамасы" - осы Келісімді іске асыру тәртібі туралы хаттама;

      "дербес деректер" - осындай ақпарат негізінде айқындалған немесе айқындалатын жеке тұлғаға қатысты кез келген ақпарат;

      "транзит" - үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның сұрау салушы Тарап мемлекетінен межелі мемлекетке сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағы арқылы жүріп өтуі.

2-бап Тараптар мемлекеттері азаматтарының реадмиссиясы

      1. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің кұзыретті органдары, егер сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына осы мемлекеттің шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың кіру, шығу және болу мәселелері жөніндегі ұлттық заңнамасын бұза отырып кірген немесе онда жүрген адамдардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматтары болып табылатыны анықталса, оларды сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органының сұрау салуы бойынша қабылдайды.

      2. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің кұзыретті органдары берілетін адамдарға олардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына кіруі үшін қажетті, қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап күнтізбелік 30 күнді құрайтын құжаттар береді.

      3. Адамда Тараптардың бірінің мемлекетінің азаматтығы бар екенін айқындауға негіз болатын құжаттардың тізбелері Атқару хаттамасында қамтылады.

      Осы Келісім мен Атқару хаттамасы күшіне енген күннен бастап 30 күн ішінде Тараптар дипломатиялық арналар арқылы осындай құжаттардың үлгілерін алмасады. Кейіннен Тараптардың әрқайсысы көрсетілген құжаттардың үлгілеріндегі кез келген өзгерістер туралы екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

      4. Егер осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың бірде біреуі ұсыныла алмайтын болса, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы реадмиссияға жататын адамның азаматтығы туралы мәліметтер алу мақсатында сұрау салынатын Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдіктерімен немесе консулдық мекемелерімен осы адаммен әңгімелесу өткізу туралы уағдаласады. Мұндай әңгімелесулер өткізу рәсімі Атқару хаттамасында айқындалады.

      5. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамның сұрау салынатын Тарап мемлекеті азаматының жеке басын куәландыратын жарамды құжаты болған жағдайда, реадмиссия туралы сұрау салуды жіберу талап етілмейді.

3-бап Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы

      1. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары, егер сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына осы мемлекеттің ұлттық заңнамасын бұза отырып келген немесе онда жүрген үшінші мемлекеттің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың өз аумағына тікелей сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағынан келгені анықталса, осы адамдарды сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органының сұрау салуы бойынша қабылдайды.

      2. Егер үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаты жоқ болса және осы адам азаматы болып табылатын немесе тұрақты тұратын мемлекеттің құзыретті органының мұндай құжатты беруге мүмкіндігі болмаса, онда адамның реадмиссиясы туралы сұрау салуға оң жауап алынғаннан кейін сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары оған өз мемлекетінің аумағына кіру үшін құжат береді.

      3. Осы баптың ережелері:

      - сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына заңды түрде кіру кезінде осы мемлекеттің құзыретті органдары берген жарамды визасы, уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсаты болған;

      - сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына халықаралық шартқа сәйкес заңды негізде визасыз тәртіппен келген;

      - сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына кіргеннен кейін осы мемлекеттің құзыретті органдары виза, уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат берген адамдарға қолданылмайды.

      4. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының реадмиссия туралы қолданыстағы халықаралық шарттары бар үшінші мемлекеттердің азаматтары мен сол үшінші мемлекеттерден келген азаматтығы жоқ адамдарға ғана қатысты қолданылады.

4-бап Қате реадмиссия

      Егер сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары адам берілген кезде оның реадмиссиясы үшін осы Келісімнің 2-бабында көзделген шарттардың жоқ екенін анықтаса, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдары өздері берген адамды оны берген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде кері қабылдайды.

      Мұндай жағдайларда сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органына осы адамға қатысты, өзінің иелігінде бар материалдарды береді.

5-бап Реадмиссия туралы сұрау салуларды жіберу және қарау мерзімдері

      1. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы адамның сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына заңсыз кіру немесе онда заңсыз болу фактісі анықталған және/немесе оның жеке басы анықталған күннен бастап күнтізбелік 45 күн ішінде, бірақ күнтізбелік 180 күннен кешіктірмей сұрау салынатын Тарап мемлекетінің тікелей құзыретті органына осы адамның реадмиссиясы туралы сұрау салу жібереді.

      2. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы адамның реадмиссиясы туралы сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде оны қабылдауға келісім береді немесе егер сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары адамды беруге қажетті осы Келісімнің 2-бабының 1-тармағында және 3-бабының 1-тармағында көзделген шарттардың жоқ екенін анықтаса, оны қабылдаудан уәжді түрде бас тартады. Реадмиссия туралы сұрау салуға уақтылы жауап беруге кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде жауап беру мерзімі сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органының белгіленген тәртіппен ресімделген жүгінімі негізінде күнтізбелік 60 күнге дейін ұзартылады.

6-бап Реадмиссия мерзімдері

      1. Егер Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары әрбір нақты жағдайда өзге жөнінде уағдаласпаса, сұрау салынатын Тарап өздеріне қатысты реадмиссияға келісім берген адамдарды беру сұрау салушы Тарап осындай келісімді алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырылады.

      2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім онда аталған адамдар оларды беруге объективті түрде кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы себебінен сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарына беріле алмайтын болса, ұзартылуы мүмкін, бұл туралы тиісті жазбаша хабарлама жіберіледі.

      3. Сұрау салынатын Тарап өзіне қатысты реадмиссияға келісім берген адамды беру мүмкін болмаған кезде, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына дереу тиісті жазбаша хабарлама жібереді.

7-бап Транзит

      1. Егер сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы үшінші мемлекеттің транзит мемлекеті немесе межелі мемлекет болып табылатынына - табылмайтынына қарамастан, осы тармақта көрсетілген адамдарға оның аумағына кедергісіз кіру ұсынылатынына кепілдік берсе, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органының сұрау салуы бойынша үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағы арқылы транзитіне рұқсат береді.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзиті сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының өз мәртебесі Атқару хаттамасында айқындалатын қызметкерлерінің алып жүруі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      3. Егер Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары әрбір нақты жағдайда өзге жөнінде уағдаласпаса, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзиті туралы сұрау салуды күні бұрын, бірақ адамның сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына транзит мақсатында болжамды кіру күніне дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей жібереді.

      4. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы адамдардың транзиті туралы сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде транзитке келісім береді немесе транзитті жүзеге асырудан белгіленген тәртіппен ресімдеп бас тартады.

      5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзитін жүзеге асыру кезінде сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органының өтінуі бойынша мүмкіндігінше көмек көрсетеді.

      6. Егер:

      1) үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам межелі мемлекетте немесе транзит мемлекетінде азаптауларға, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер немесе жазалауға, өлім жазасына немесе нәсілдік, діни белгісі, ұлттық тиесілігі, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілігі немесе саяси наным белгісі бойынша қудалауға ұшырайды деген қатер бар болған;

      2) мұндай адамдардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болуы қолайсыз, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті немесе халық денсаулығын сақтау тұрғысынан қолайсыз болған жағдайда, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзитінен бас тартуы мүмкін.

      7. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына кірген соң оларға қатысты осы баптың 6-тармағында көзделген мән-жайлар анықталса, сондай-ақ егер басқа транзит мемлекетінің немесе межелі мемлекеттің аумағына кедергісіз кіруге бұдан әрі кепілдік берілген деп санауға болмаса, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары осы адамдарды транзиттік жол жүруге берілген рұқсатқа қарамастан, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдарына қайтаруы мүмкін.

      8. Тараптар өзара түсіністік негізінде, азаматы болып табылатын мемлекеттерге немесе тұрақты тұратын мемлекеттерге тікелей қайтарыла алатын үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың транзит жағдайларын шектеу жөнінде шаралар қабылдайды.

      9. Үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың межелі мемлекетке транзиті реадмиссияға жататын адамдарды тікелей беру мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

8-бап Дербес деректерді қорғау

      1. Осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары алмасатын немесе бір-біріне беретін дербес деректер Тараптардың әрбірінің мемлекетінде олардың ұлттық заңнамасына және Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес қорғалуға тиіс.

      2. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары тек осы Келісімнің мақсаттары үшін ғана дербес деректерді алмасады және олардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

9-бап Шығыстар

      1. Егер шығыстарды осы Келісімнің 2-бабының 1-тармағында және 3-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар өздері дербес немесе үшінші тарап төлей алмаған жағдайда, көрсетілген адамдардың реадмиссиясына және оларды сұрау салынатын Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін ықтимал алып жүруге байланысты шығыстарды сұрау салушы Тарап көтереді.

      2. Егер шығыстарды осы Келісімнің 7-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар өздері дербес немесе үшінші тарап төлей алмаған жағдайда, көрсетілген адамдардың транзитіне және оларды ықтимал алып жүруге, сондай- ақ оларды ықтимал қайтаруға байланысты шығыстарды сұрау салушы Тарап көтереді.

      3. Осы Келісімнің 4-бабында көрсетілген адамдарды беруге және оларды сұрау салушы Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін ықтимал алып жүруге байланысты шығыстарды өзінің әрекеті немесе әрекетсіздігі реадмиссиясына негіз жоқ адамды беруге әкеп соққан Тарап көтереді.

10-бап Атқару хаттамасы

      1. Тараптар Атқару хаттамасын жасасады, ол:

      1) орталық және басқа да құзыретті органдарға және олардың арасында өкілеттіктерді бөлуге;

      2) реадмиссия немесе транзит туралы сұрау салудың мазмұнына және оны жіберу тәртібіне;

      3) әңгімелесулер өткізуге;

      4) реадмиссия немесе транзит рәсімдеріне;

      5) адамдарды алып жүру арқылы, оның ішінде үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиті жағдайында беру шарттарына;

      6) осы Келісімді орындауға байланысты өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібіне қатысты қағидаларды қамтиды.

      2. Атқару хаттамасы Келісіммен бір мезгілде жасалады және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

11-бап Осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру және қайта жалғастыру

      1. Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің қолданысын ұлттық қауіпсіздікті қорғауға, қоғамдық тәртіпті немесе халық денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге байланысты себептер бойынша ішінара немесе толық тоқтата тұруы мүмкін.

      2. Осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру немесе қайта жалғастыру туралы екінші Тарап осындай шешімнің іске асырылуы басталғанға дейін 72 сағаттан кешіктірілмей, дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда хабардар етіледі.

12-бап Дауларды шешу

      1. Тараптар арасындағы қарым-қатынастарда туындайтын және осы Келісімді орындауға немесе түсіндіруге байланысты барлық даулы мәселелер олардың арасындағы консультациялар және келіссөздер арқылы шешіледі.

      2. Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары өзара уағдаластық бойынша осы Келісімді іске асыруға байланысты мәселелер бойынша сарапшылардың жұмыс кездесулері мен консультацияларын өткізе алады.

13-бап Басқа халықаралық шарттардың қолданысы

      Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының Тараптар мемлекеттері қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін козғамайды.

14-бап Өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

15-бап Қорытынды ережелер

      1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы жазбаша хабарламалардың соңғысы дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның қолданысы бір Тарап екінші Тараптың оның қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 60 күн өткен соң тоқтатылады.

      3. Осы Келісімнің қолданысы тоқтатылған жағдайда, Тараптар ол қолданылған кезеңде туындаған міндеттемелерді реттейді.

      20___"___"___ ____ қаласында әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Мәтіндер арасында айырмашылықтар болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының ТәжікстанРеспубликасының
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 7 наурыздағы
№114 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

Қазақстан Республикасынын Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы АТҚАРУ ХАТТАМАСЫ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі

      20 жылғы " " Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) іске асыруға байланысты мәселелерді неғұрлым толық реттеуді өзара қалай отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап Құзыретті органдар

      1. Келісімнің ережелерін іске асыруға жауапты құзыретті органдар:

      Қазақстан Республикасынан:

      орталық құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      құзыретті органдар - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

      Тәжікстан Республикасынан:

      орталық құзыретті орган - Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      құзыретті органдар - Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Тәжікстан Республикасының Еңбек, көші-қон және халықты жұмыспен қамту министрлігі және Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік ұлгтық қауіпсіздік комитеті болып табылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құзыретті органдарға қатысты өзгерістер туралы Тараптар бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы дереу ақпарат берді.

      3. Келісімнің ережелерін және осы Атқару хаттамасын іске асыру мақсатында Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары бір-бірімен тікелей өзара іс-қимыл жасайды.

      4. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары өздерінің байланыс деректерінің өзгергені туралы бір-бірін жазбаша нысанда дереу хабардар етеді.

2-бап Азаматтығы бар екенінің дәлелдемелері

      1. Тараптар мемлекеттері азаматтығының бар екені мынадай құжаттармен расталады:

      Қазақстан Республикасы үшін:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;

      3) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;

      4) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;

      5) теңізшінің жеке куәлігі;

      6) қайтып оралуға арналған куәлік;

      7) баланың туу туралы куәлігі (ата-анасының біреуінің паспортында жазба болған кезде);

      Тәжікстан Республикасы үшін:

      1) Тәжікстан Республикасы азаматының дипломатиялық паспорты;

      2) Тәжікстан Республикасы азаматының қызметтік паспорты;

      3) Тәжікстан Республикасы азаматының паспорты (оның ішінде ID-карта);

      4) Тәжікстан Республикасы азаматының шетелдік паспорты;

      5) әскери қызметшінің жеке куәлігі (әскери билеті);

      6) ата-анасының біреуінің паспортында жазба болған кезде және 16 жасқа толмаған адамның Тәжікстан Республикасының азаматтығына тиесілігі туралы мәліметтері бар туу туралы куәлік;

      7) Тәжікстан Республикасына кайтып оралуға арналған куәлік.

      2. Мыналар:

      1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген, қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар;

      2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелері;

      3) шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі;

      4) реадмиссияға жататын адам толтырған, осы Атқару хаттамасына 1-қосымшада көзделген нысан бойынша өтініш;

      5) тиісті құзыретті органдар заңды негіздерде алған, куәлардың жазбаша түсіндірмелері;

      6) мемлекеттік органдардың құзыретті лауазымды адамдарының жазбаша ақпараты;

      7) реадмиссияға жататын адаммен әңгімелесудің оң нәтижелері болған кезде адам Тараптар мемлекеттерінің азаматы болып табылады деп пайымдауға негіз бар.

      3. Реадмиссия туралы сұрау салуды қарау кезінде осы баптың 2-белігінде көрсетілген құжаттарды назарға алу мүмкіндігі туралы мәселені сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы шешеді.

3-бап Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіздердің бар екенінің дәлелдемелері

      1. Мынадай құжаттар (оның ішінде қолданылу мерзімі өтіп кеткен):

      1) жеке басты куәландыратын және мемлекеттік шекараны кесіп өтуге құқық беретін құжаттағы Тараптар мемлекеттерінің тиісті құзыретті органдарының кіру/шығу белгісі;

      2) қолдан жасалған құжаттағы Тараптар мемлекеттерінің тиісті құзыретті органдарының кіру/шығу белгісі;

      3) шетелдіктің сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында тұруына ықтиярхат;

      4) сұрау салынатын Тарап мемлекеті берген, босқынның жарамды куәлігі және жол жүру кұжаты;

      5) сұрау салынатын Тарап мемлекетінде тұруға құқық беретін белгісі бар, үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіздердің бар екенінің дәлелдемесі болып табылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды Тараптар қосымша формальдылықтарсыз таниды.

4-бап Әңгімелесу

      1. Келісімнің 2-бабының 1-тармағында көрсетілген адаммен әңгімелесу Сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органының сұрау салуы бойынша Келісімнің 2-бабының 4-тармағына сәйкес өткізіледі.

      Әңгімелесуді сұрау салушы Тарап мемлекетіндегі сұрау салынатын Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінің немесе консулдық мекемесінің қызметкері өткізеді.

      2. Әңгімелесу сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағындағы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органының өкілі не (осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда) сұрау салушы Тарап мемлекетіндегі сұрау салынатын Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі осы Атқару хаттамасына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған, әңгімелесуді өткізу туралы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 14 күннен аспайтын мерзімде өткізілуге тиіс.

      3. Әңгімелесуді өткізу күні, уақыты және орны әрбір нақты жағдайда Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарымен келісіледі.

5-бап Реадмиссия туралы сұрау салудың мазмұны және оны жіберу тәртібі, сондай-ақ оған жауап жіберу тәртібі

      1. Осы Атқару хаттамасына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған реадмиссия туралы сұрау салуды сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына осы Келісімнің 4-бабында белгіленген мерзімде пошта байланысы арқылы және қажет болған кезде ақпарат берудің техникалық құралдарының көмегімен қосымша жібереді.

      2. Тараптар мемлекеттері азаматтарының реадмиссиясы туралы сұрау салуға олардың болуы реадмиссияға жататын адамда сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматтыгы бар екендігін растайтын не азаматтыгы бар деп пайымдауға негіз болатын, осы Атқару хаттамасының 2-бабында көзделген, сұрау салушы Тараптың қолында бар құжаттар қоса беріледі.

      3. Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтыгы жоқ адамдардың реадмиссиясы туралы сұрау салуға олардың болуы көрсетілген адамдардың реадмиссиясы үшін негіздерді растайтын, осы Атқару хаттамасының 3-бабында көзделген, сұрау салушы Тараптың қолында бар құжаттар қоса беріледі.

      4. Реадмиссия туралы сұрау салуға жауапты сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органына осы Атқару хаттамасына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған Келісімнің 5-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде жазбаша нысанда пошта байланысы арқылы және қажет болған кезде ақпаратты берудің техникалық құралдарының көмегімен қосымша жібереді.

6-бап Транзит туралы сұрау салуды жіберу және оған жауап беру тәртібі

      1. Осы Атқару хаттамасына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған транзит туралы сұрау салуды сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына Келісімнің 7-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде пошта байланысы арқылы және қажет болған кезде ақпарат берудің техникалық құралдарының көмегімен қосымша жібереді.

      2. Транзит туралы сұрау салуға жауапты сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органына Келісімнің 7-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімде жазбаша нысанда пошта байланысы арқылы және қажет болған кезде ақпарат берудің техникалық құралдарының көмегімен қосымша жібереді.

7-бап Реадмиссияға немесе транзитке жататын адамды алып жүру

      1. Алып жүру арқылы адамның реадмиссиясы немесе транзиті қажет болған жағдайда сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына алып жүретін адамдардың аттарын, тектері мен лауазымдарын, олардың паспорттарының түрін, нөмірін, берілген күні мен қолданылу мерзімін, сондай-ақ олардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болуының болжамды мерзімдерін хабарлайды.

      2. Алып жүретін адамдар сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болған уақытта оның ұлттық заңнамасын сақтауға міндетті.

      3. Алып жүретін адамдар азаматтық киімде болуға, сондай-ақ олардың өздерімен бірге жарамды паспорттары және реадмиссияға немесе транзитке қатысты келісілген уағдаластық туралы куәландыратын құжаттары болуға тиіс.

      4. Алып жүретін адамдар қаруды және сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында шектелген немесе айналымнан алынған өзге де заттарды өздерімен алып жүре алмайды.

      5. Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары алып жүретін адамдардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болуын қамтамасыз етуге байланысты барлық мәселелер бойынша бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды. Бұл ретте сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары қажет болған кезде алып жүретін адамдарға мүмкіндігінше жәрдем көрсетеді.

8-бап Реадмиссия немесе транзит рәсімі

      1. Адамдардың реадмиссиясы немесе транзиті Тараптар мемлекеттерінің мемлекетгік шекарасы арқылы барлық өткізу пункттерінде жүзеге асырылады.

      2. Реадмиссияның немесе транзиттің күні мен уақыты, сондай-ақ осы мақсаттарда пайдаланылатын Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері әрбір нақты жағдайда Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарының өзара келісімі бойынша айқындалады.

      3. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы реадмиссияға жататын адамды берудің жоспарланған күніне дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органын осындай берудің шарттары туралы хабардар етеді.

      Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы осындай ақпаратты алған күннен бастап 7 жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органын беру шарттарының қолайлылығы туралы хабардар етеді.

      4. Егер сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы ұсынған беру шарттары сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы үшін қолайсыз болып табылған жағдайда, берудің басқа шарттары мүмкіндігінше қысқа мерзімде келісілуге тиіс.

9-бап Тілі

      Келісімнің және осы Атқару хаттамасының ережелерін іске асыру мақсатында осы Атқару хаттамасына 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларда көзделген құжаттарды Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары орыс тілінде ресімдейді.

10-бап Қосымшалар

      Осы Атқару хаттамасына 1, 2, 3, 4, 5-қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.

11-бап Қорытынды ережелер

      1. Осы Атқару хаттамасы Келісіммен бір мезгілде күшіне енеді және өз қолданысын тоқтатады.

      2. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Атқару хаттамасына жекелеген хаттамалармен ресімделетін және оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      20 __ "___" ___ қаласында әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Мәтіндер арасында айырмашылықтар болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасының
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Тәжікстан
Республикасының Үкіметі
арасындағы адамдардың
реадмиссиясы туралы келісімді
іске асыру тәртібі туралы атқару
хаттамасына
1-қосымша

20 ___ жылғы "___" _____ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге сәйкес реадмиссияға жататын адамның ӨТІНІШІ

      1. Толық аты (тегінің астын сызып көрсетіңіз) ___________________________________

      2. Бұрынғы тегі ____________________________________________________________

      3. Туған күні мен жері _______________________________________________________

      4. Жеке басты куәландыратын құжаты (№ ___ және берілген күні) __________________

      5. Азаматтығы _____________________________________________________________

      6. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында тұратын жақын туыстары туралы мәліметтер ______________________________________________________________________

      7. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағындағы тұрғылықты жерінің мекенжайы ________________________________________________________________________________

      8. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына кірген күні ________________________

      9. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына кіру тәсілі _________________________

      10. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына кіру мақсаты _____________________

      11. Өзге де мәліметтер _______________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Жеке қолы

      20 ___ жылғы " " __________________________________________________________

      Өтініш толтырылған жер ____________________________________________________

      Сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы өкілінің қолы _________________

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Тәжікстан
Республикасының Үкіметі
арасындағы адамдардың
реадмиссиясы туралы келісімді
іске асыру тәртібі туралы атқару
хаттамасына
2-қосымша

      Тараптар мемлекеттерінің құзыретті

      органының ресми бланкісі

20 ___ жылғы " " _____ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасының 4-бабына сәйкес әңгімелесу өткізу туралы сұрay салу

А. Дербес деректер:

1. Толық аты (тегінің астьш сызьш көрсетіңіз) ____________________

____________________________________________________________

2. Бұрынғы тегі ______________________________________________

____________________________________________________________

3. Туған күні мен жері ________________________________________

____________________________________________________________

Фото


      4. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, айрықша белгілері және т.б.) ____________________________________________________________________________

      5. Басқа да аттары (адам пайдаланатын, ол танымал болған бұрынғы аттары, өзге де аттары немесе лақап аттары) _____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      6. Азаматтығы мен тілі ____________________________________________________________

      7. Отбасы жағдайы: _______________________________________________________________


үйленген (тұрмыста)

бойдақ

ажырасқан

тұл ер адам (жесір әйел)

      Жұбайының (зайыбының) аты (егер үйленген, тұрмыста болса) және оның тұратын жері _____

      ________________________________________________________________________________

      Балаларының (егер бар болса) аттары мен жасы және олардың тұратын жері _______________

      ________________________________________________________________________________

      8. Сұрау салушы Тарап мемлекетіндегі соңғы тұрған жері _______________________________

      9. Сұрау салынатын Тарап мемлекетіндегі соңғы мекенжайы ____________________________

      10. Жүріп-тұру маршруттары туралы мәліметтер ______________________________________

      11. Денсаулық жағдайы, медициналық шектеулер және ұсыныстар _______________________

      12. Адамның қолында бар құжаттары:

      __________________________________            _________________________________

      (құжат түрі)                                    (берілген күні мен жері)

      __________________________________            _________________________________

      (құжатты берген орган)                        (колданылу мерзімі өтетін күні)

      Б. Ескертпе

      ________________________________________________________________________________

      Әңгімелесу өткізілген орын ________________________________________________________

      Сұрау салушы Тарап мемлекетінің

      құзыретті органы өкілінің қолы _____________________________________________________

      М.О.

      __________________________________

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Тәжікстан
Республикасының Үкіметі
арасындағы адамдардың
реадмиссиясы туралы келісімді
іске асыру тәртібі туралы атқару
хаттамасына
3-қосымша

      Тараптар мемлекеттерінің құзыретті

      органының ресми бланкісі

20 ___жылғы "____" ______________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасының 5-бабына сәйкес реадмиссия туралы сұрау салу

А. Дербес деректер:

1. Толық аты (тегінің астьш сызып көрсетіңіз) ____________________

____________________________________________________________

2. Бұрынғы тегі ______________________________________________

____________________________________________________________

3. Туған күні мен жері ________________________________________

____________________________________________________________

Фото


      4. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, кезінің түсі, айрықша белгілері және т.б.) ____________________________________________________________________________

      5. Басқа да аттары (адам пайдаланатын, ол танымал болған бұрынғы аттары, өзге де аттары немесе лақап аттары) _____________________________________________________________

      6. Азаматтығы мен тілі ____________________________________________________________

      7. Берілген тұруға ықтиярхаттар, уақытша тұруға арналған рұқсаттар немесе визалар туралы мәліметтер ______________________________________________________________________

      8. Отбасы жағдайы _______________________________________________________________


үйленген (тұрмыста)

бойдақ

ажырасқан

тұл ер адам (жесір әйел)

      Жұбайының (зайыбының) аты (егер үйленген, тұрмыста болса) және оның тұратын жері _____

      Балаларының (егер бар болса) аттары мен жасы және олардың тұратын жерлері _____________

      ________________________________________________________________________________

      9. Сұрау салушы Тарап мемлекетіндегі соңғы тұрған жері _______________________________

      ________________________________________________________________________________

      10. Сұрау салынатын Тарап мемлекетіндегі соңғы мекенжайы ___________________________

      ________________________________________________________________________________

      11. Жүріп-тұру маршруттары туралы мәліметтер ______________________________________

      ________________________________________________________________________________

      12. Адамның сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына заңсыз кіргені немесе онда болғаны туралы шешім қабылдау үшін негіздер _______________________________________________

      Б. Берілетін адамға қатысты ерекше мән-жайлар

      1. Денсаулық жағдайы (ерекше медициналық күтімнің кажеттілігіне ықтимал көрсетулер, жұқпалы аурудың атауы және т.б.) __________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Адамның аса қауіптілігі туралы белгі (қылмыс жасады деп күдікті болуда, агрессиялық мінез-құлыққа бейім      және т.б.) _____________________________________________________

      В. Азаматтың тиесілілігіне қоса берілетін дәлелдемелер

      1. Азаматтық тиесілілігін растайтын құжаттар:

      __________________________________            _________________________________

      (құжат түрі)                                    (берілген күні мен жері)

      __________________________________            _________________________________

      (құжатты берген орган)                        (колданылу мерзімі өтетін күні)

      2. Азаматтық тиесілілігін болжауға негіз болатын кұжаттар _____________________________

      Г. Ескерту

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Сұрау салушы Тарап мемлекетінің

      кұзырепі органы өкілінің қолы _________________________________

      М.О.

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Тәжікстан
Республикасының Үкіметі
арасындағы адамдардың
реадмиссиясы туралы келісімді
іске асыру тәртібі туралы атқару
хаттамасына
4-қосымша

      Тараптар мемлекеттерінің құзыретті

      органының ресми бланкісі

20 ___ жылғы "___"_________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасының 6-бабына сәйкес транзит туралы сұрау салу

А. Дербес деректер:

1. Толық аты (тегінің астын сызып көрсетіңіз) ____________________

____________________________________________________________

2. Бұрынғы тегі ______________________________________________

____________________________________________________________

3. Туған күні мен жері ________________________________________

____________________________________________________________

Фото


      4. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, айрықша белгілері және т.б.) ____________________________________________________________________________

      5. Басқа да аттары (адам пайдаланатын, ол танымал болған бұрынғы аттары, өзге де аттары немесе лақап аттары) _____________________________________________________________

      6. Азаматтығы мен тілі ____________________________________________________________

      7. Жол жүру құжатының типі мен нөмірі _____________________________________________

      Б. Берілетін адамға қатысты ерекше мән-жайлар

      1. Денсаулық жағдайы (ерекше медициналық күтімнің қажеттілігіне ықтимал көрсетулер, жұқпалы аурудың атауы және т.б.) __________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Адамның аса қауіптілігі туралы белгі (қылмыс жасады деп күдікті болуда, агрессиялық мінез-құлыққа бейім және т.б.) _____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      В. Транзиттік операция

      1. Межелі мемлекет _______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Басқа да ықтимал транзит мемлекеттері ____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Мемлекеттік шекараны болжамды кесіп өту орны, күні, уақыты ________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Алып жүретін адамдар туралы мәліметтер: _________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Г. Ескерту

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Басқа транзит мемлекеті және (немесе) межелі мемлекет адамды қабылдауға кепілдік береді.

      Сұрау салушы Тарап мемлекетінің

      кұзыретті органы өкілінің қолы ___________________________________________________

      М.О.

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Тәжікстан
Республикасының Үкіметі
арасындағы адамдардың
реадмиссиясы туралы келісімді
іске асыру тәртібі туралы атқару
хаттамасына
5-қосымша

      Тараптар мемлекеттерінің құзыретті

      органының ресми бланкісі

РЕАДМИССИЯ/ ТРАНЗИТ ТУРАЛЫ СҰРАУ САЛУҒА ЖАУАП

      ЖАУАП БЕРІЛГЕН КҮНІ ...............................................................

      1 - ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМ


РҰҚСАТ ЕТІЛСІН           

БАС ТАРТЫЛСЫН

      ТЕРІС ШЕШІМ ЖАҒДАЙЫНДА

      БАС ТАРТУ НЕГІЗДЕРІ

      2 ■ ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕР

      3 ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ АТЫ      МӨР ЖӘНЕ ҚОЛЫ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады