"2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 наурыздағы № 117 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.


      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2018 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115 және 116-жолдармен толықтырылсын:

      "

103

Денсаулық сақтау саласындағы статистикал ық бақылаулардың деректерін жинау және өңдеу, стационарға жоспарлы емделуге жатқызуды ұйымдастыру, республикал ық және өңірлік емдеуге жатқызу бюросының қызметін ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер

Денсаулық сақтау саласындағы медициналық статистикалық деректерді жинауды, өңдеуді, сақтау мен талдауды, оның ішінде медициналық қызметке ақы төлеу бойынша мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету үшін ақпаратты жинауды, өңдеуді, сақтауды, талдау мен ұсынуды ұйымдастыру; тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
шеңберінде стационарға емделуге жоспарлы жатқызуды ұйымдастыру және Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде республикалық және өңірлік емделуге жатқызу бюросының қызметін ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

"Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК

001 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптасты ру" 100 "Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету"

404 512

104

Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан кеңсесінің қызметін қамтамасыз ету

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша географиялық жағынан қашық орналасқан кеңсе қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, атап айтқанда Еуропалық Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше мемлекеттерге жоспарлауда, өңірлік тәжірибені жүйелеуде консультация лық-техникалық қолдау мен жағдай жасау және мүше мемлекеттердің арасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша білім беруге көмектесу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

"С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" ШЖҚ РМК

001 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптасты ру" 100 "Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету"

30 684

105

Трансплантология саласында үйлестіру жүйесін құру бойынша қызметтер

Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру және трансплантология ғылымын дамыту

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

"Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық" ШЖҚ РМК

001 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптасты ру" 100 "Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету"

200 490

106

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 –2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және "Қазақстан-2050" даму стратегиясында белгіленген денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық бағыттардың іске асырылуын әдіснамалық сүйемелдеу және мониторинг жүргізу

Ағымдағы кезеңде денсаулық сақтау жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларды талдау, денсаулық сақтау саласын дамытуды мемлекеттік реттеудің қазіргі саясатын және денсаулық сақтау саласын дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру нәтижелерін талдау

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

"Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы" ШЖҚ РМК

001"Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптасты ру" 103 "Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету"

127 646

107

Денсаулық сақтау саласында кейбір бағдарламал ық кешендерді және электрондық тіркелімдерді (ақпараттық жүйелерді) сүйемелдеу, Қазақстан Республикасының ұлттық телемедицина желісін пайдалануды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер

Қауіпсіз, әділ, сапалы және тұрақты денсаулық сақтау жүйесін қамтамасыз ететін уақтылы, өзекті, нақты және толыққанды ақпаратты автоматтандырылған түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

"Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК

001 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптасты ру" 104 "Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету"

325 500

108

Электрондық денсаулық сақтауды дамытудың функционал дық және институционалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көрсету

Электрондық денсаулық сақтауды реформалауға, сондай-ақ ұзақ мерзімді IT-әлеуетін қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының "электрондық денсаулық сақтау" саласын дамыту шеңберінде функционалдық, институционалдық тұрақтылықты байланысты іс-шараларды орындау қамтамасыз ету, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету кезінде инновациялық технологияларды қолдану мүмкіндігін беру мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерін модификациялауды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

"Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК

001 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" 105 "Денсаулық сақтау жүйесін реформалауды қолдау"

418 889

109

Денсаулық сақтауды реформалау ды әдіснамалық қолдау

Халықаралық озық тәжірибе негізінде денсаулық сақтау саласын реформалауды әдіснамалық қолдау. Қаржыландыру, тарифтерді белгілеу, әлеуметтік медициналық сақтандыруды әдіснамалық қолдау, ұлттық дәрілік саясат, клиникалық тәжірибе, денсаулық сақтауды стандарттау, денсаулық сақтау менеджменті, адами ресурстарды басқару, электрондық денсаулық сақтауды стандарттау, медициналық және фармацевтикалық білім беру, медициналық қызметтердің сапасын реттеу, денсаулық сақтау жобаларын басқару мәселелері бойынша жобаларды іске асыру. Денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық саясат бойынша; денсаулық сақтау саласындағы ғылымды, инновациялық қызметті және сараптамаларды дамыту бойынша іс-шараларды орындау

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

"Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы" ШЖҚ РМК

001 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптасты ру" бағдарламасы 105 "Денсаулық сақтау жүйесін реформалау ды қолдау"

839 763

110

Денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау саласында білім беру қызметтерін көрсету

Қазақстан Республикасының халқына медициналық қызметтердің қолжетімділігін және сапасын арттырудың негізгі тетігі ретінде денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін дамыту және нығайту

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

"Астана" медицина университеті" АҚ

005 "Денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау"

1 448 388

111

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыруды қамтамасыз етуі, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекті сатып алуды өткізуі, шарттар жасасуы және медициналық қызметке ақы төлеуі, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметтердің тұтынушыларына көрсеткен медициналық көмектің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ

067 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету" 102 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер"

1 097 968

112

Қазақстан Республикасында инновациял ық медициналық технологияларды дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының халқын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде инновациялық медициналық технологияларды қолдана отырып, медициналық көмекпен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

"А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы" АҚ, "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ, "University Medical Center" корпоративтік қоры, "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ, "Ұлттық нейрохирург ия орталығы" АҚ

067 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету" 105 "Инновациялық медициналық технологияларды қолдану арқылы медициналық көмек көрсету және шетелде емдеу"

3 097 768

113

Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу, оның ішінде шетелде емделуге үміткер азаматтарды отандық медициналық ұйымдарда емдеу

Қазақстан Республикасының азаматтарын республикада көрсетілмейтін медициналық көмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ шетелдік мамандарды тарту арқылы отандық клиникаларда жоғары технологиялар ды дамыту

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

"University Medical Center" корпоративтік қоры

067 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету" 105 "Инновациялық медициналық технологияларды қолдану арқылы медициналық көмек көрсету және шетелде емдеу"

1 646 894

114

Қазақстан Республикасында санитариялық авиацияны дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының халқын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекпен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

"Республикалық санитариялық авиация орталығы" ШЖҚ РМК

067 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету" 107 "Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету"

6 531 130

115

Саламатты өмір салтын насихаттау

Басымдықтар ды, концептуалды идеяларды әзірлеу, саламатты өмір салтын насихаттау, әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасы жөніндегі іс-шараларды әдіснамалық сүйемелдеу және мониторингтеу, жалпы Қазақстан Республикасы бойынша халық арасында өткізілген ақпараттық-коммуникациялық іс-шаралар туралы ақпаратты жинақтау және есептерді дайындау

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

"Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК

070 "Қоғамдық денсаулықты сақтау" 104 "Саламатты өмір салтын насихаттау"

85 813

116

ЖИТС профилактикасы және оған қарсы
күрес жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру

Қазақстан Республикасындағы АИТВ-инфекциясының жағдайлары мен таралуын эпидемиологиялық қадағалау, эпидемиологиялық ахуалды бағалау және талдау

Қазақстан Республи касы Денсаулық сақтау министрлігі

"ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республика лық орталық" ШЖҚ РМК

070 "Қоғамдық денсаулықты сақтау" 105 "ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру"

87 894

      ".

      2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Cағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады