Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 914 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
"2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын және "2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 914 қаулысымен.2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 914 қаулысымен.3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
2) есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 914 қаулысымен.4. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 наурыздығы № 127 қаулысымен бекітілген |
Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 914 қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және "2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар 213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің 058 "Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту" республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 058 бюджеттік бағдарлама) бойынша көзделген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің пайдалану тәртібін айқындайды.
3. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 058 бюджеттік бағдарламаның мынадай бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша пайдаланылады:
1) 105 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" (бұдан әрі – 105 кіші бағдарлама);
2) 107 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" (бұдан әрі – 107 кіші бағдарлама).
5. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды 058 бюджеттік бағдарламаның 105 және 107 кіші бағдарламалары бойынша қаржыландырудың жеке жоспары негізінде "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) тәртіппен төлемдер бойынша жүргізеді.
2-тарау. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
6. Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:
1) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштер орнатуға;
2) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жаяу жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстық құрылғылармен жасақтауға;
3) "Инватакси" қызметтерін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;
4) жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге;
5) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен, несеп қабылдағыштармен және нәжіс қабылдағыштармен) қамтамасыз ету нормаларын "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларының 93-тармағында көзделген мөлшерге дейін ұлғайтуға;
6) "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген) бекітілген Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және құлағы нашар еститін мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларына сәйкес ымдау тілі маманы көрсететін қызметтер;
7) "Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың тізбесін кеңейтуге (бұдан әрі – тізбені кеңейту) пайдаланылады.
7. Республикалық бюджеттен қаражат бөлу жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды ескере отырып жүзеге асырылады:
1) осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2), 4) тармақшалары бойынша – іс-шараларды іске асыруға қажетті көлемнің 40 %-ы республикалық бюджеттен, 60 %-ы жергілікті бюджеттен;
2) осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасы бойынша – іс-шараларды іске асыруға қажетті көлемнің 10 %-ы республикалық бюджеттен, 90 %-ы жергілікті бюджеттен.
8. Міндетті гигиеналық құралдарға, мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарға, құлағы нашар еститін мүгедектер үшін ымдау тілі маманы көрсететін әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктің және (немесе) олардың құнының ұлғаюы салдарынан ағымдағы нысаналы трансферттердің сомалары жеткіліксіз болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жөргектермен, несеп қабылдағыштармен және нәжіс қабылдағыштармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуіне, тізбені кеңейтуге шығыстарды тиісті жергілікті бюджет қаражатының есебінен қарастырады.
9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері келіп түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мына бюджеттік бағдарламалар бойынша:
1) мынадай:
"Инватакси" қызметтерін дамытуға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтер көрсетуіне, тізбені кеңейтуге трансферттерді кейіннен аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне аудару үшін – 045 "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
"Инватакси" қызметтерін дамытуға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға, тізбені кеңейтуге облыстық деңгейде шығыстарды қаржыландыру үшін 046 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламалары бойынша 256 "Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
2) жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге 077 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 263 "Облыстың ішкі саясат басқармасы" және 362 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі саясат басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша;
3) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштер орнатуға және жаяу жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстық құрылғылармен жасақтауға трансферттерді кейіннен аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне аудару үшін 045 "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 268 "Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
4) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштер орнатуға және жаяу жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстық құрылғылармен жасақтауға трансферттерді кейіннен аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне аудару үшін 076 "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 281 "Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
5) "Инватакси" қызметтерін дамытуға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтер көрсетуіне, тізбені кеңейтуге 045 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 355 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" және 395 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша;
6) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштер орнатуға және жаяу жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстық құрылғылармен жарақтауға 013 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 384 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жолаушылар көлігі басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
7) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштер орнатуға және жаяу жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстық құрылғылармен жарақтауға 046 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 385 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
8) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштер орнатуға және жаяу жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстық құрылғылармен жарақтауға 013 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 348 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша қарастырады.
10. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органдары келіп түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді:
1) "Инватакси" қызметтерін дамытуға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтері көрсетуіне, тізбені кеңейтуге 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 451 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" және 801 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша;
2) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштер орнатуға және жаяу жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстық құрылғылармен жарақтауға 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 458 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
3) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштер орнатуға және жаяу жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстық құрылғылармен жарақтауға 059 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 483 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
4) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштер орнатуға және жаяу жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстық құрылғылармен жарақтауға 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 485 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
5) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштер орнатуға және жаяу жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстық құрылғылармен жарақтауға 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 490 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
6) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштер орнатуға және жаяу жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстық құрылғылармен жарақтауға 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 492 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
7) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштер орнатуға және жаяу жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстық құрылғылармен жарақтауға 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 495 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша қарастырады.
11. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы жергілікті уәкілетті органдардың мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштер орнатуы және жаяу жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстық құрылғылармен жарақтауы;
2) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті уәкілетті органдардың "Инватакси" қызметтерін дамытуға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруы, қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуды ескере отырып, міндетті гигиеналық құралдар (жөргектер, несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар) сатып алуы, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес құлағы нашар еститін мүгедектер үшін ымдау тілі маманы ұсынатын әлеуметтік қызметтер көлемін жылына отыз сағаттан алпыс сағатқа дейін ұлғайтуы, тізбені кеңейтуі;
3) жергілікті уәкілетті органдардың өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі жаңалықтар телебағдарламаларының трансляциялануын сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуі жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
12. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері жылдың қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 1-күнінен кешіктірмей республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есептер береді.
3-тарау. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртiбi
13. Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:
1) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын сатып алуға;
2) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге пайдаланылады.
14. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері 053 "Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша келіп түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді 256 "Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы", 355 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" және 395 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері бойынша көздейді.
15. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері жыл қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 1-күнінен кешіктірмей республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есептер береді.