1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Үштөбе орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 1,3963 гектар жер учаскелерi электр беру желісінің тіректерін орналастыру үшін өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер санатына ауыстырылсын.
2. "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company)" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 158 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер санатына ауыстырылатын жер учаскелерінің экпликациясы
Жер пайдаланушының атауы | Жалпы ауданы, гектар | Оның ішінде: | |||
Орман көмкерген | жайылымдар | шабындықтар | Өзге жерлер | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
"Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғитты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Үштөбе орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 1,3963 | 0,7655 | 0,0568 | - | 0,574 |
Барлығы: | 1,3969 | 0,7655 | 0,0568 | - | 0,574 |