"Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 165 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті санында:

      мына:

      "

Астана қаласы

896

5

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Астана қаласы

941

5

      ";

      мына:

      "

ЖИЫНЫ:

44336

80

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

ЖИЫНЫ:

44381

80

      ".

      2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (келісім бойынша) Астана қаласының төртінші әкімшілік ауданының құрылуына

      байланысты бекітілген штат санының лимиттері шегінде аумақтық бөлiмшелерін құру бойынша тиісті шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады