"Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 170 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 4 қаулысында мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Тәжікстан Республикасына ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2018 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 9 999,518 (тоғыз мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз тонна бес жүз он сегіз килограмм) тонна көлемінде мазут сатып алуға 767 830 830,93 (жеті жүз алпыс жеті миллион сегіз жүз отыз мың сегіз жүз отыз теңге тоқсан үш тиын) теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады