Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сот бойынша ақталған адамға, қылмыстық істі тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген мүліктік зиянды төлеу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1218 және "Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1219 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 191 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Сот бойынша ақталған адамға, қылмыстық істі тоқтату туралысоттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылғанкүдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қылмыстық процестіжүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесіндекелтірілген мүліктік зиянды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1218 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71, 648-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сот бойынша ақталған адамға, қылмыстық істі тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген мүліктік зиянды төлеу қағидаларында:

      2-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Заңсыз ұстап алынған, күзетпен ұсталған, үйқамақта ұсталған, лауазымынан уақытша шеттетілген, арнайы медициналық ұйымға орналастырылған, сотталған, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған, жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген жағдайда:";

      5) тармақшадағы "мүліктік зиянды өтеуге құқығы бар." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) оларға қатысты жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген, кейін сот тәртібімен заңсыз деп танылған адамдардың мүліктік зиянды өтетуге құқығы бар.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мүліктік зиянды өтеу тәртібі түсіндірілген хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.";

      7-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Хабарламаны алған күннен бастап алты ай ішінде адамдар үкім шығарған, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы қабылдаған сотқа, не адамның тұрғылықты жері бойынша сотқа, не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату не өзге де заңсыз шешімдердің күшін жою немесе өзгерту туралы қаулы қабылдаған органның орналасқан жері бойынша мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш береді. Егер жоғары тұрған сот қылмыстық істі тоқтатса немесе үкімді өзгертсе, мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш үкімді шығарған сотқа жіберіледі.";

      үшінші абзац алып тасталсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қажет болған жағдайларда, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мүліктік зиян туралы есептерді жүргізу үшін сот қаржы органдары мен әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарына сұрау салу жібереді, олар сұрау салулар келіп түскен күнінен бастап он бес тәулік ішінде орындайды.";

      10 және 11-тармақтар алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Заңды күшіне енген мүліктік зиянды өтеу үшін төлемдер жүргізу туралы сот қаулысы немесе осы зиянның сомасын өндіру туралы сот шешімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 204 бұйрығымен бекітілген Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау қағидаларына сәйкес орындалады.";

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакциядағы қосымшамен толықтырылсын.

      2) "Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1219 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71, 649-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларында:

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді таңдап алған қылмыстық процесті жүргізетін орган (бұдан әрі – орган) сот алдында осы шараны қолдануға санкция беру жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулы қабылданғанға дейін кепіл берушіні әрекетке қабілетті және әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы мәліметтердің болмауы тұрғысынан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің есептері бойынша тексереді.";

      12-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) бағалы заттар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1291 қаулысымен бекітілген Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларында белгіленген заттай дәлелдемелерді сақтау үшін көзделген тәртіппен органда сақталады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 13 сәуірдегі
№ 191 қаулысына
қосымша
Сот бойынша ақталған адамға,
қылмыстық істі тоқтату туралы
соттың, қылмыстық қудалау
органының қаулысы
шығарылған күдіктіге,
айыпталушыға, сотталушыға
қылмыстық процесті жүргізетін
органның заңсыз
іс-әрекеттерінің нәтижесінде
келтірілген мүліктік зиянды
төлеу қағидаларына қосымша

                                                                  Хабарлама үлгісі

      ________________________________________________________________

                        (қылмыстық процесті жүргізуші органның бланкісі)

Мүліктік зиянды өтеу тәртібін түсіндіру туралы ХАБАРЛАМА

      Күні _________ №________________

      Адамның А.Ә.Т._____________________________________________________

      Облыс______________________________________________________________

      Қала_______________________________________________________________

      Аудан______________________________________________________________

      Мекенжайы, телефон_________________________________________________

      Сізге Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 38-40-баптарына сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттерінің салдарынан келтірілген зиянды өтетуге құқылы екендігіңізді хабарлаймыз.

      ҚПК 39-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды ҚПК 4-тарауында көзделген тәртіппен осы хабарламаны алған күннен бастап алты ай ішінде ұсынуға болатынын хабарлаймыз. Осы мерзім дәлелді себептермен өтіп кеткен жағдайда ол мүдделі адамдардың өтініші бойынша сотта қалпына келтірілуі мүмкін.

      ҚПК 40-бабының 3-бөлігі негізінде Сіз ҚПК 39-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың (ақтау үкімінің немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату, өзге де заңсыз шешімдердің күшін жою немесе өзгерту туралы қаулылардың көшірмелері) көшірмелерін алған кезде Сіздің үкім шығарған, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы қабылдаған сотқа не адамның тұрғылықты жері бойынша сотқа не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату не өзге де заңсыз шешімдердің күшін жою немесе өзгерту туралы қаулы қабылдаған органның орналасқан жері бойынша мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш беруге құқығыңыз бар.

      Егер жоғары тұрған сот қылмыстық істі тоқтатса немесе үкімді өзгертсе, мүліктік зиянды өтеу туралы талап үкімді шығарған сотқа жіберіледі. Кәмелетке толмағанның атынан мүліктік зиянды өтеу туралы талапты оның заңды өкiлi беруге құқылы.

      Қылмыстық процесті жүргізетін

      органның лауазымды адамы ___________________________ А.Ә.Т.

                                                (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады