2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қорғас өзені бойында қорғаныш құрылыстарының құрамында патрульдік-тракторлық жол құрылысы үшін жалпы ауданы 56,23 гектар жер учаскесі Алматы облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы "Жаркент орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Алматы облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасыларын республикалық бюджет кірісіне өтеуді қамтамасыз етсін және алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 201 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер санатына ауыстырылатын жер учаскелерінің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы | оның ішінде: | |||
орманмен | жайылымдар | шабындықтар |
өзге | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
---|---|---|---|---|---|
Алматы облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы "Жаркент орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі | 56,23 | 38,99 | 15,32 | 1,92 | |
Барлығы: | 56,23 | 38,99 | 15,32 | - | 1,92 |