"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 225 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; 2015 ж., № 14, 75-құжат; № 22-III, 150-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат; №12, 33-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-бапта "депутаттарының" деген сөзден кейiн ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 3-баптың 1-тармағында "депутаттарын," деген сөзден кейiн "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмiн," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 4-бапта:

      2-тармақта "депутаты" деген сөзден кейiн ", аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкiмi," деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтың бірінші абзацында "депутаттығына кандидат," деген сөздерден кейiн "аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкiмдері" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 5-баптың 1-тармағында "депутаттары" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкiмдері" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 6-бапта "депутаттарын," деген сөзден кейiн "аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкiмдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 8-бапта "депутаттарын," деген сөзден кейiн "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 9-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мәслихаттардың депутаттары аумақтық сайлау округі бойынша саяси партиялар ұсынған партиялық тізім бойынша сайланады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмiн сайлау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі.";

      8) 10-бапта:

      2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      3, 4 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Аумақтық сайлау комиссияларын – Орталық сайлау комиссиясы, учаскелiк сайлау комиссияларын тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары құрады.

      Орталық сайлау комиссиясын қоспағанда, сайлау комиссияларының құрамын тиісті мәслихаттар қалыптастырады.

      Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жылды құрайды.

      Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.

      Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатураны ұсынуға құқылы.

      Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

      Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының отырысында сайланады.

      Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi аяқталардан кемінде екi ай бұрын басталады және өкілеттiк мерзiмiнің бiтуіне кемiнде үш күн қалғанда аяқталады.

      Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерiстер енгiзуге құқылы.

      4. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы шешiм, олардың құрамы мен орналасқан жерi бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.";

      "7. Сайлау комиссиясының қызметi сайлау комиссиясын құратын органның шешiмi бойынша немесе Орталық сайлау комиссиясы өтінішінің негiзiнде сот шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн.";

      9) 11-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Орталық сайлау комиссиясының қарамағында ведомстволық бағынысты ұйымдары болады, оның функциясына аумақтық сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыруға жәрдемдесу және оның сайлау қызметінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін құруды, дамытуды, енгізуді, сүймелдеуді, оларға әкімшілік жүргізуді, пайдалануды және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету кіреді.";

      10) 12-бапта:

      2-1), 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) саяси партияларды Парламент Мәжiлiсi депутаттарының және мәслихат депутаттарының партиялық тiзiм бойынша сайланатын бөлiгiне қатыстыру мәселесiн қарайды;";

      "5) Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; сайлау науқанын өткізу үшін бөлiнген республикалық бюджет қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау комиссияларының қызметi үшін қажеттi материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды және қажет болған жағдайда тиісті шешім қабылдайды; сайлау комиссияларының шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) келіп түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады; сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастырады және өткізеді; саяси партиялардың өкiлдерiмен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнiнде семинарлар өткiзедi; сайлау жүйелерi саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;";

      6) тармақшада "депутаттарын" деген сөзден кейiн ", аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкiмін" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-2) кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған кезде сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу тәртібін айқындайды;";

      15), 16-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтың сайлау комиссиялары қызметiнің осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады және осы Конституциялық заңның бұзулуы анықталған кезде олардың шешiмдерiнің күшін жояды;";

      "16-2) Қазақстан Республикасының Сайлаушы азаматтарының бiрыңғай электрондық тізілімін жүргiзедi;";

      мынадай мазмұндағы 16-5), 16-6), 16-7), 16-8) және 16-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16-5) консультациялық-кеңесші органдарды құрады;

      16-6) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргiзу тәртiбiн және Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихаттары депутаттарының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмiнiң, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнің сайлауын ақпараттық қамтамасыз етуді айқындайды;

      16-7) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, интернет-ресурс және сайлау қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету объектілерін құру, дамыту, енгізу, сүйемелдеу, оларға әкімшілік жүргізу, пайдалану және қызмет көрсету бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өзіне қатысты мемлекеттік басқару жүзеге асырылатын бағынысты ұйымнан сатып алады;";

      16-8) сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      16-9) сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді.";

      11) 13-бапта:

      2-тармақтың 1) тармақшасында "депутаттарының," деген сөзден кейiн "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн – он күннен, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы жетi күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.";

      12) 14-бапта:

      2) тармақшада "депутаттарын," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) төмен тұрған аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық жасайды; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау науқанын өткізуге арналған бюджеттік өтінімдерді ұсынады; учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде құрылған барлық сайлау комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерiн атқаруды ұйымдастырады;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) сайлаушылар және сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтердің өзектілігін, дауыс беруге арналған сайлаушылар тізімдерінің уақтылығын және дұрыстығын, жалпыға бірдей таныстыру үшін олардың табыс етілуін бақылайды;";

      7), 8), 9), 10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiнiң жасалуын, сондай-ақ учаскелiк сайлау комиссияларына сайлау бюллетендерінің жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi;

      8) мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынатын саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркейді, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркейді, кандидаттар мен сенім білдірілген адамдарға тиісті куәліктер береді; партиялық тізімдерді тіркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

      9) округ бойынша сайлау нәтижелерiн белгiлейдi, мәслихат депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмiн сайлау нәтижелерін қорытындылайды, сайланған депутаттарды, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмiн тiркейдi және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды; Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында жариялау үшiн тиiстi сайлау округтерiнде және сайлау учаскелерiнде дауыстарды санаудың хаттамаларын жоғары тұрған сайлау комиссияларына табыс етедi;

      10) Сенат депутаттарына қайтадан дауыс беруді және оларды қайтадан сайлауды, мәслихат депутаттарын қайтадан сайлауды, сондай-ақ шығып қалған Сенат депутаттарының орнына сайлауды ұйымдастырады;

      11) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, өзге де, мәслихаттардан басқа, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды, қайтадан сайлауды және шығып қалған мүшелерiнiң орнына сайлауды тағайындайды және ұйымдастырады; аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне, өзге де, мәслихаттардан басқа, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрілген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, өзге де, мәслихаттардан басқа, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлаудың қорытындысын шығарады;";

      13) 15 және 16-баптар алып тасталсын;

      14) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Учаскелiк сайлау комиссиялары

      1. Учаскелiк сайлау комиссиялары тиiстi сайлау учаскелерiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етедi.

      Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының санын анықтайды:

      1) тиiстi сайлау учаскесiндегi сайлаушылар саны екi мыңға дейiн болған кезде – бестен жеті мүшеге дейiн;

      2) тиісті сайлау учаскесінде сайлаушылар саны екі мыңнан асатын болған кезде - жетіден он бір мүшеге дейін.

      Учаскелік сайлау комиссияларының сан құрамы тақ болуға тиіс.

      2. Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау жөнiндегi учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн – он бес күннен, ал өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы жеті күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.";

      15) 18-бапта:

      1) тармақшада "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімідері" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқығын іске асыруы бойынша қажетті шаралар қабылдайды;";

      16) 19-баптың 3, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, мүшелері, оның аппаратының қызметкерлері, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ хатшылары кәсіби тұрақты негізде өкілдік етеді.

      Аумақтық сайлау комиссиясы төрағаның немесе оның орынбасары өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыруы туралы шешім қабылдайды.";

      "6. Сайлау комиссиясының мүшесi:

      1) сайлау комиссиясының белгiленген өкілеттiк мерзiмi аяқталғанда;

      2) сайлау комиссиясының қызметі тоқтатылған кезде өз мiндеттерiн атқарудан босатылады.

      Жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімі бойынша төмен тұрған сайлау комиссиясының мүшесі:

      1) мiндеттерiн атқарудан босату туралы өз еркiмен өтiнiш берген;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;

      3) тиiстi сайлау комиссиясының құрамын құрған, мәслихаты бар әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен;

      4) соттың оған қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енген;

      5) оны iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен деп тануы немесе оны қайтыс болған деп жариялағаны туралы сот шешімi заңды күшiне енген;

      6) қайтыс болған;

      7) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен саяси партияның оны ұсынған саяси партияны тарату туралы не соттың оны ұсынған саяси партияны тарату туралы заңды күшiне енген шешiмi қабылданған жағдайларда өз міндеттерінен босатылады.

      7. Комиссия мүшесi лауазымдық өкiлеттiгiн немесе осы Конституциялық заңның талаптарын бірнеше мәрте бұзған жағдайда осы сайлау комиссиясының құрамын жасақтаған мәслихат оны лауазымын атқарудан босатады.

      8. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыратын орган осы Конституциялық заңның 10-бабында белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясының мүшесін сайлағанға дейін шығып қалған комиссия мүшесінің орнына сайлау комиссиясының мүшесін тағайындайды.

      9. Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясының құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

      10. Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссия құрамын құрған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.";

      17) 20-бапта:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сайлау комиссиялары жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде орналастырылатын, ал осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда өзгедей жолмен жариялауға жататын өз шешімдерімен барлық тұлғалардың еркін танысуы үшін жағдай жасайды.

      Сайлау комиссияларының құрамында өкілі жоқ саяси партиялар сайлау науқанын даярлау және өткізу кезеңіне кеңесші дауыс құқығын бар өз өкілін тиісті сайлау комиссиясына сайлау тағайындалған және жарияланған күннен бастап он күннен кешіктірмей жіберуге құқылы.

      Партия Жарғысына сәйкес уәкілетті адамдар қолдарын қойған және мөрмен бекітілген саяси партия өкілін жіберу туралы акт тиісті сайлау комиссиясына жіберіледі. Актіге азаматтардың кеңесші құқығымен комиссияға кіруге келісімі туралы өтініші қоса беріледі.

      Сайлау комиссиясы сайлау комиссиясының мүшесін кеңесші дауыс беру құқығымен тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      Саяси партияның кенесші дауыс беру құқығы бар өкілдіріне ақы төленбейді.

      Саяси партияның кеңесші дауыс құқығы бар өкілі сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, сайлау комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы, сайлау комиссиясының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасауға құқылы.

      Кеңесші дауыс беру құқығы бар саяси партиялар өкілдері комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс бермейді және комиссияның құжаттарына қол қоймайды.";

      8-тармақта:

      "мезгілде" деген сөзден кейін "партиялық тізімін ұсынған саяси партияның" деген сөздермен толықтырылсын;

      "байқаушыдан және" деген сөздерден кейін "аудармашымен бірге жүруге рұқсат етілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақтың бірінші бөлігінде "округтік," деген сөз алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мыналар:

      1) Парламент, мәслихаттар депутаттары, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері;

      2) Президенттікке, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, сондай-ақ кандидаттардың сенім білдірілген адамдары;

      3) мемлекеттік саяси қызметші лауазымындағы адамдар;

      4) Қазақстан Республикасы соттарының судьялары сайлау комиссияларының мүшелері бола алмайды.

      Кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар осы кандидат қатысатын сайлау округінде сайлауды тікелей ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ететін сайлау комиссияларының құрамында бола алмайды.

      Сайлау комиссиясының мүшесi ретiнде осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында және екiншi бөлігінде көрсетiлген адамдардың мiндеттерiн орындау сайлау комиссиясының шешiмi бойынша тиiстi кандидатты тiркеген күннен бастап тоқтатыла тұрады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген сайлау комиссиясының мүшесінің орына тиісті сайлау науқаны кезеңінде жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімі мен сайлау комиссиясының мүшесі сайлауы мүмкін.

      Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-анасы (ата-анасының біреуі), балалары, баланы асырап алушылар, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер, апалы-сіңлілер (ағалы-қарындастар), аталар, әжелер, немерелер) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.";

      18) 20-2-бапта:

      4-тармақтың екінші сөйлемінде "дауыс беру" деген сөздерден кейін "жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде" деген сөздермен толықтырылсын;

      9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның байқаушысын аккредиттеуді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша тиісті шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның өтініші негізінде Орталық сайлау комиссиясы кері қайтарып алуы мүмкін.";

      19) 21-бапта:

      2-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Партиялық тізімдер негізінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде бірыңғай аумақтық сайлау округі құрылады.";

      мынадай редакциядағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округ әкiмiнiң сайлауында сайлау округі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің тиiстi аумағы болып табылады.";

      20) 22-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сайлау округтерiнiң тiзiмiн, олардың шекараларын және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерiн көрсетiп, сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей тиiстi сайлау комиссиялары тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      21) 23-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тиiстi әкiмдер сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейiн он бес күн мерзiм iшiнде, ал өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлауды өткiзген кезде жеті күн мерзiмде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлаушыларды әрбiр сайлау учаскесiнiң шекарасы жөнiнде хабардар етедi.";

      22) 24-бапта:

      1-тармақта "депутаттарын," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі," деген сөздермен толықтырылсын;

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сайлаушылар тiзiмi әлiпби тәртiбiмен немесе өзге тәртiппен жасалады. Тiзiмде сайлаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы (18 жастағылар үшiн – қосымша күнi мен айы), жеке сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты мекенжайы көрсетiледi. Таңдаушылар тiзiмi әлiпби тәртiбiмен немесе өзге тәртiппен жасалады және тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, жеке сәйкестендіру нөмірі, таңдаушы депутаты болып табылатын мәслихаттың атауы әрi оның тұрғылықты мекенжайын қамтиды.

      5. Сайлаушылардың тұрғылықты жерi бойынша тiзiмiн тиiстi жергiлiктi атқарушы орган жеке және заңды тұлғалар туралы мемлекеттік базаның негізінде жасайды.

      Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

      Егер сайлаушыға сайлаудан кемiнде отыз күн бұрын сайлау күнi өзiнiң тiркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкiндiгi болмайтыны белгiлi болса, оның өзiнiң барған жерi бойынша жергіліктi атқарушы органға өзiн тиiстi сайлаушылар тiзiмiне енгiзу жөнiнде жазбаша өтiнiш беруге құқығы бар.

      Осы тармаққа сәйкес азамат өтiнiш жасаған кезде жергілiктi атқарушы орган азаматты тiркелу орны бойынша сайлаушылар тiзiмiнен шығаруды және оны сол азамат дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзудi ұйымдастырады.

      Әрбiр сайлау учаскесi бойынша сайлаушылардың тiзiмiне өзінің шешімімен учаске құрған әкiм қол қояды және ол дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын акт бойынша табыс етіледі.

      Сайлаушылар және сайлау учаскелерінің аумағы туралы мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы орган әр жылдың 1 шiлдесiне және 1 қаңтарына қарай электрондық жеткiзгіш түрінде ақпаратты тексеруді және жоғары тұрған сайлау комиссияларына беруді қамтамасыз ететін тиiстi аумақтық сайлау комиссияларына тапсырады.

      Жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдары тиiстi сайлау комиссиясына тапсырылған сайлаушылар тiзiмдерiнiң, сондай-ақ сайлаушылар туралы деректердiң дұрыстығы үшiн жауапты болады.";

      23) 25-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тиiстi сайлау учаскелерi аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелген азаматтар енгізіледі.

      Уақытша тіркелген азаматтар тұрақты тіркеу орны бойынша тізімнен алып тастай отырып, сайлаушылар тізіміне олар жергілікті атқарушы органға олардың өтініштері негізінде енгізіледі;";

      24) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сенат депутаттарын сайлау бойынша таңдаушылар тiзiмдерi танысу үшiн жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы ұсынылады, сондай-ақ сайлауға дейiн кемiнде жетi күн бұрын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) мәслихаттарының интернет-ресурстарында орналастырылады;";

      25) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:

      "26-1-бап. Дауыс беру үшін сайлаушылардың электрондық тізімдерін қалыптастыру

      1. Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін тиісті әкім дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын учаскелік сайлау комиссиясына – акт бойынша электрондық және (немесе) қағаз түрінде, аумақтық комиссияға электрондық түрде ұсынады.

      2. Учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізілген жағдайда, бұл туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясына хабарлайды.

      3. Төмен тұрған аумақтық сайлау комиссиясы сайлаушылардың тізімін электрондық түрде жоғары тұрған комиссияға Қазақстан Республикасының Сайлаушы азаматтарының электрондық тізіліміне енгізу үшін ұсынады.

      4. Дауыс беруге арналған сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру және салыстырып тексеру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну тәртібін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.";

      26) 27-бапта:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, оның ішінде пайдаланушылардың контентін орналастыруға мүмкіндік беретін, Қазақстан Республикасында тіркелген интернет-ресурстар мен ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын объективтi көрсетудi жүзеге асыруға; кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрiнеу нұқсан келтiретiн үгiт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға; өтiнiш келiп түскеннен кейін баспа басылымының таяудағы нөмірінде сондай көлемде, сол қаріппен және сол теріске шығарушы хабарлама немесе материал орналастырылған жерде аталған адамдардың ар-намысын, қадiр-қасиетін және iскерлiк беделін қорғау үшiн терiске шығаруды тегiн жариялауына мүмкiндiк беруге міндетті. Радио және телевизия арқылы терiске шығару, теріске шығарылатын хабарлама немесе материал теріске шығарылған тәуліктің сол уақытында және сол теле- және радиобағдарламада, сондай-ақ көрсетілген теле- және радиобағдарламалар жабылған жағдайда, тиісті тақырыптық бағытпен сәйкес келетін өзге де теле- және радиобағдарламада берілуге тиіс.

      Теріске шығарудың көлемі теріске шығарылатын хабарламаның немесе материалдың көлемінен екі және одан көп есе артық болмауға тиіс.

      Бұқаралық ақпарат құралдары барлық кандидаттарды және партиялық тізімдерді ұсыну, оларды сайлау комиссияларының тіркеуі жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты баспа бетіндегі орны, эфир уақыты бірдей көлемде таратуға міндетті.

      Бұқаралық ақпарат құралдары тиiстi сайлау комиссияларына сайлау алдындағы науқан барысы туралы ақпаратты және осы Конституциялық заңда белгiленген хабарламаларды кiдiрiссiз жариялау мүмкiндiгін береді.";

      27) 28-бапта:

      3-тармақта:

      бірінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін кандидаттарға қаражат бөлу тәртібі мен көлемін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Президенттікке кандидаттар, Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы телевизияда ұйымдастыратын сайлау алдындағы пікірталастарға қатысуға құқылы.

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар телевизияда сайлау алдындағы пікірталастарға қатыса алады, олар тиісті аумақтық сайлау комиссияларын құруға құқылы.

      Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын сайлау алдындағы пікірталастарды өткізу тәртібі мен шарттары бірдей болуға және белгілі бір кандидатқа немесе саяси партияға артықшылық туғызбауға тиiс.";

      үшінші бөліктің үшінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Эфир және баспа бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралы сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірілмей хабарлауға және жариялауға, сондай-ақ Президент және Парламент сайлауы кезінде – Орталық сайлау комиссиясына, ал мәслихаттар депутаттарын және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде өзге де аумақтық сайлау комиссияларына ұсынылуға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында бұқаралық ақпарат құралдары ұсынған эфир және баспа бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер орналастырылады. Бұқаралық ақпарат құралдары эфир уақытын және баспа бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа бетінен орын бере алмайды.

      Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгітке байланысты мерзімді баспа басылымының таралымы барлық кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар үшін бірдей болуға тиіс.";

      7-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі "Президенттiкке, Парламент және мәслихат депутаттығына кандидаттар" деген сөздер "Кандидаттар, партиялық тізімін ұсынған саяси партиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Осы Конституциялық заңға сәйкес міндетті түрде жариялануға жататын мәліметтер жергілікті атқарушы органдар мен сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылады. Мерзiмдi баспа басылымдары сайлау комиссияларының хабарламаларын Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын тәртiппен және көлемде республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастырады.

      9. Сайлаумен байланысты қоғамдық пікірге сұрау caлу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары, сұрау салуды жүргiзген заңды тұлғаны, сұрау салуға тапсырыс берген және оның ақшасын төлеген адамдарды, сұрау салу жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрау салудың нақты тұжырымын, сұралғандардың саны мен сұрау салу нәтижесінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.

      Қоғамдық пікірге сауалнаманы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауалнамалар жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар етіп, тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жүргізуге құқылы. Орталық сайлау комиссиясына жіберілген хабарламада сауалнама жүргізуге қатысатын және осы салада талдау әдістері қолданылатын қоғамдық пікірге сауалнама жүргізілетін өңірлерде жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Қоғамдық пікірге сауалнама нәтижелерiн, сайлау нәтижелерiнiң болжамын, сайлауға, интернет желісінде кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беруге байланысты өзге де зерттеулердi дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні жариялауға жол берілмейдi.

      Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргізуге тыйым салынады.";

      28) 29-баптың бірінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі "депутаттығына," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне," деген сөздермен толықтырылсын;

      29) 31-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттың үш сенім білдірілген адамнан аспайтын өкілге құқығы бар.";

      30) 32-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Интернет желісінде бұрын орналастырылған үгіт материалдарын бұрынғы орнында қалдыруға болады. Бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың негізгі беттерінде шығаруға жол берілмейді.";

      31) 33-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылады.

      Бюджет қаражатын жұмсауды аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.";

      2-тармақтың 5) тармақшасындағы "депутаттығына," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округі әкімдігіне," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет қаражатынан мыналарға:

      1) сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен олардың қызметіне;

      2) үй-жайларды жалға алуға;

      3) іс сапар шығыстарына;

      4) кандидаттардың сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларын өткізуге және кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын шығаруға;

      5) кандидаттардың көлік шығындарына;

      6) сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған пунктте орналастырылатын әкімдікке кандидаттар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға жұмсалған шығыстар жабылады.

      Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттардың сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге бөлінетін қаражат мөлшерін тиісті облыстық сайлау комиссиясы айқындайды.";

      32) 34-бапта:

      1-тармақтағы "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақта:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде – аумақтық сайлау комиссиялары;";

      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау кезінде – аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.";

      6-тармақтың алтыншы сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнайы уақытша шот ашудың, сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың тәртiбiн және тиісті банк мекемесін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.";

      10-тармақтағы "депутаты," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері," деген сөздермен толықтырылсын;

      33) 37-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сайлау бюллетеньдерi учаскелiк сайлау комиссияларына сайлауға дейін үш күннен артық емес және сайлауға дейін кем дегенде бiр күн бұрын сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 проценті резервімен жеткiзiледi.";

      34) 38-баптың 1-тармағында:

      1-тармақта бірінші сөйлемінде "депутаттарын," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші және төртінші сөйлемдерде "немесе округтiк" деген сөздер алып тасталсын;

      35) 39-бапта:

      бірінші сөйлемде "депутаттарын," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Дауыс беретін үй-жайларды жабдықтау кезінде мүмкіндігі шектеулі азамат болып табылатын сайлаушыларға кедергісіз қол жеткізуі және дауыс беруі үшін жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс.";

      36) 40-баптың 1-тармағында "депутаттарын," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін," деген сөздермен толықтырылсын;

      37) 41-баптың 6-тармағының жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде дауыс беру кезінде бюллетень (бюллетеньдер) сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы сайлаушыларға дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтiнiштерiнiң негiзiнде берiледi, олар бұл туралы өтiнiштерiне қол қояды.";

      38) 43-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші сөйлемінде "депутаттарын," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін," деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мәслихаттардан басқа, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын, жергілікті өзін-өзін басқару органдарының мүшелерін сайлау кезiнде дауыс берудi қоспағанда, бiр саяси партиядан, бiр кандидаттан артық белгiленген;";

      7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1. Учаскелiк сайлау комиссиясы (Сенат депутаттарын және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауы кезiнде аумақтық сайлау комиссиясы) сенiм бiлдiрілген адамның жазбаша нысанда берілген арызы бойынша дауыстарды қайта санауды осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген мерзiмде бiр рет қана жүргiзедi.";

      8-1-тармақтың бірінші бөлігі, 8-2-тармақ алып тасталсын;

      39) 44-бапта:

      2-тармақта "депутаттарын," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін," деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мәслихаттар депутаттарын, сайлау қорытындылары туралы хабарды тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күннен кешiктiрмей жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

      3) мәслихаттардан басқа, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлаудың қорытындылары туралы хабарды тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен кейiн төрт күннен кешiктiрмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.";

      5-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "округтерiнiң жалпы саны;" деген сөздерден кейін "бекітуден шығу куәлігі бойынша дауыс берген сайлаушылар саны;" деген сөздермен толықтырылсын;";

      "депутаттары," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлікте:

      "округтік" деген сөз "аумақтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "әрбір кандидат үшін;" деген сөздер "әрбір кандидат, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша әрбір саяси партия үшін;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "депутаттығына" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктің бірінші сөйлемінде ", ал округтiк сайлау комиссияларының хабарламаларындағы деректер сайлау учаскелерi бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      40) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "45-бап. Президенттi, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін тiркеу

      Тиiстi сайлау комиссиялары осы Конституциялық заң белгiлеген тәртiппен жетi күн мерзiм iшiнде олардан Конституцияға және Республика заңдарына сәйкес Президенттiң, Парламент, мәслихат депутатының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшесiнiң мәртебесiмен сыйыспайтын өз мiндеттерiн доғару туралы жазбаша өтiнiштерiн алғаннан кейiн сайланған Президенттi, Парламент, мәслихат депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін тiркеудi жүргізеді.";

      41) 46-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "46-бап. Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутатының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшесiнiң куәлiгi мен омырауға тағатын белгiсi";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне – олардың әрқайсысына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесінің Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi куәлiгiн бередi.";

      42) 47-бапта:

      1-тармақта "депутаттығына" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта "депутаттығына," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне," деген сөздермен толықтырылсын;

      43) 48-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Жергiлiктi атқарушы органдар сайлау комиссияларына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысқа жәрдемдесуге мiндеттi.";

      44) 50-баптың 2-тармағының 3) тармақшасында "тiркегенге дейiн" деген сөздер "тіркеу мерзімі біткенге дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      45) 50-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Электрондық сайлау жүйесi немесе оның жекелеген элементтерi пайдаланатын сайлау округтерi мен сайлау учаскелерiн Орталық сайлау комиссиясы анықтайды.";

      46) 55-баптың 2-тармағында "қалғанда" деген сөзден кейін "алдына жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде" деген сөздермен толықтырылсын;

      47) 59-бапта:

      2-1-тармақтың екінші бөлігінде "Президентінің міндеттерін атқаруға" деген сөздер "Президенттігіне кандидат болып тіркеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта "қалғанда" деген сөзден кейін "жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақтың 3) тармақшасының бесінші абзацында "өзiн тiркегенге дейiн" деген сөздер "кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      48) 71-баптың 1-тармағында "қалғанда" деген сөзден кейін "жергілікті уақытқа бойынша сағат он сегізде" деген сөздермен толықтырылсын;

      49) 73-бапта:

      3-тармақта "қалғанда" деген сөзден кейін "жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақтың 3) тармақшасының бесінші абзацы "кандидат өзiн тiркегенге дейiн" деген сөздер "кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      50) 74-баптың 1-тармағында "күннен бастап" деген сөздер "күнге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      51) 87-бапта:

      3-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Саяси партиялар адамдарды партиялық тізімге орналастыру тәртібін дербес айқындайды.";

      52) 89-бапта:

      6-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацында, 5) тармақшасының төртінші абзацында, 6) тармақшасының бесінші абзацында "тіркелгенге дейін" деген сөздер "тіркелу мерзімі аяқталғанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармағында бірінші және екінші сөйлемдерінде "қалғанда" деген сөздерден кейін "жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде" деген сөздермен толықтырылсын;

      53) 101-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасы және 4-тармақ алып тасталсын;

      54) 103, 104, 105, 106, 107, 108-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "103-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну

      1. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихат депутаттарына кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға тиесілі.

      2. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихатының депутатын сайлау үшін тұлғаларды партиялық тізімге енгізу, саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының жалпы мүшелерінің көпшілік дауысымен жүргізіледі.

      3. Саяси партиялардың партия мүшесі емес тұлғаларды партиялық тізімге қосуға құқылы емес.

      4. Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі азаматтың партиялық тізімге енуге келісімі туралы өтінішімен бірге тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.

      5. Партиялық тізімге адамдарды орналастыру тәртібі саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімімен анықталады. Саяси партияның өкілі партиялық тізімді тиісті аумақтық сайлау комиссиясына партиялық тізімді ұсыну туралы саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының хаттамасынан үзінді көшірмесімен бір мезгілде ұсынады. Өкілдің құзыреті тиісті құжаттармен расталуы қажет.

      6. Ешкім кандидат болып бір сайлау округінен артық ұсынылуы мүмкін емес.

      7. Сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгiленбесе, партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну сайлау күнiнен екi ай бұрын басталады және сайлау күнiне бiр ай қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.

      8. Егер тиісті сайлау округі бойынша партиялық тізіміндерді тiркеу мерзiмi аяқталатын күнi мәслихат депутаттығына кандидаттардың екі партиялық тізімнен аз тіркелсе, аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.

      104-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тiркеу

      Саяси партиялар ұсынатын саяси партиялардың тізімдерін тіркеуді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

      Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар өз қаражаттарынан жергілікті атқарушы органдардың шотына сайлау жарнасын партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының бес есе мөлшерінде енгізеді.

      Тиісті аумақтық сайлау округі бойынша сайлау жарнасы, алдындағы тиісті мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс беруге қатысқандардың санынан сайлаушылардың жеті және одан да көп пайызы дауысын алған саяси партиялар төлемейді.

      Тиісті аумақтық сайлау округі бойынша тиісті мәслихат депутаттарына сайлауда дауыс беруге қатысқандардың санынан сайлаушылардың дауыстарының бестен жеті пайызына дейін дауысын алған саяси партия, осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген сайлау жарнасының мөлшерінен елу пайыз мөлшерде жарна төлейді.

      Тиісті аумақтық сайлау округі бойынша тиісті мәслихаттың депутаттарын алдыңғы сайлауда дауыс беруге қатысқандардың санынан сайлаушылардың дауыстарының үштен бес пайызына дейін дауысын алған саяси партия, осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген сайлау жарнасының мөлшерінен жетпіз пайыз мөлшерінде жарна төлейді.

      Сайлау қорытындылары бойынша саяси партия дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті пайызын жинаған жағдайда, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайларда саяси партияға жарна қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады.

      2. Партиялық тізімге енгізілген кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкі туралы декларациялар ұсынады.

      Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістер мен мүлік туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидатты тiркеген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.

      Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді ұсыну туралы мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұрау салынған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.

      3. Партиялық тізімдерді тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:

      1) уәкiлеттi органда саяси партияны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi қоса берiлген партиялық тiзiмiн ұсыну туралы саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) жоғары басқару органының хаттамасынан үзiндi көшiрме;

      2) азаматтың партиялық тiзiмге енгiзуге келiсiм беру туралы өтiнiшi;

      3) партиялық тізімге енгізілген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;

      4) саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;

      5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірісі мен мүлкі туралы декларацияларды табыс ету туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;

      6) партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партиядағы мүшелігін растайтын құжат.

      4. Аумақтық сайлау округінде бір саяси партияның бір ғана тізімін тіркеуге рұқсат етіледі.

      5. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмдерiн тiркеу туралы аумақтық сайлау комиссиясы хаттама жасайды, ол жоғары тұрған сайлау комиссиясына бес жұмыс күнi iшiнде берiледi.

      6. Аумақтық сайлау комиссиясы:

      1) партиялық тізімдерді тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауын және партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, лауазымы (мамандығы) партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның жұмыс орны мен тұрғылықты жерін көрсете отырып тіркеу туралы хабарды жариялайды;

      2) тiркеген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiк бередi;

      3) мынадай жағдайларда:

      партиялық тізімді ұсыну қағидаларын саяси партиялардың өрескел бұзуы, тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбауы;

      партиялық тізімді ұсынған саяси партияның ол ұсынған кандидаттардың, сайлау алдындағы үгітті оның сенім білдірілген адамдарының тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау күні не оның алдындағы күні жүргізуі;

      кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрілген адамдарының өзiнiң iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн сот анықтаған;

      барлық партиялық тізімнің елу пайызынан астамын құрайтын тұлғалардың партиялық тізімінен шығу;

      партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның немесе оның сайлаушылардың сенiм бiлдiрiлген өкiлдерiнiң сатып алушылық фактiлерiн сот анықтаған;

      осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда партиялық тізімді тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

      Партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жою немесе бұрын дауыс беру күнінен екі күн бұрын тіркеуден шығарылған партиялық тізімді қалпына келтіруге жол берілмейді;

      4) мынадай жағдайда:

      партиялық тiзiмге енгiзiлген адамның Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеуi;

      Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістер мен мүлік туралы мәліметтердің анық еместігін декларацияны берген кезде анықталған жағдайда;

      партиялық тізімге енгізілген адам өзінің сайлау алдындағы науқанда лауазымдық немесе қызметтік жағдайын пайдаланған;

      партиялық тізімге енгізілген адам сайлау алдындағы үгітті партиялық тізім тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау күні не оның алдындағы күні жүргізген;

      партиялық тізімге енгізілген адамның немесе оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған;

      осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешім қабылдайды.

      Осы тізімнен партиялық тізімге енгізілген адамды алып тастау туралы шешім, партиялық тізімді ұсынған саяси партия не партиялық тізімнен шығарылған тұлға сотқа шағым жасай алады, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

      Партиялық тізімге енгізілген адамды дауыс беретін күнге екі күн қалғанда шығару туралы шешім қабылдауға жол берілмейді.

      7. Партиялық тізімді тіркеу туралы шешімді тіркеуден бас тарту немесе оны жою туралы шешімді жоюға жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа жеті күн ішінде шағым жасалуы мүмкін. Бұл ретте жоғары тұрған сайлау комиссиясы немесе сот шағым беру туралы шешімді шағым берген күннен бастап жеті күн ішінде шығарады.

      8. Партиялық тізімдерді тіркеу екі ай бұрын басталады және сайлауды белгілеу кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау күніне дейін жиырма бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.

      105-бап. Кандидатураны алып тастау, мәслихат депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

      1. Партиялық тiзiмге енгiзiлген адам аумақтық сайлау комиссиясына және саяси партияға жазбаша өтiнiшпен жүгініп, өзiнiң кандидатурасын алып тастай алады.

      2. Саяси партияның не оның тиісті филиалының (өкілдігінің) басшы органы тіркеу дейінгі кезеңде және одан кейін аумақтық сайлау комиссиясына мәслихат депутаттығына кандидатты партиялық тізімнен алып тастау туралы тиісті ұсынысымен жүгіне алады.

      3. Мұндай жағдайларда аумақтық сайлау комиссиясы партиялық тізімге енгізілген адамды алып тастау туралы шешім қабылдайды.

      4. Егер кандидатураны алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр ететін мән-жайсыз жүргізілсе, аумақтық сайлау комиссиясы сайлау науқанын жүргiзуге республикалық бюджет қаражатынан жұмсалған шығыстардың бөлігін оны ұсынған саяси партияның шотына жатқызуға мiндеттi.

      106-бап. Мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшерi

      1. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдер құрамына дауысқа түсетін кандидаттар өздерінің сайлау қорларын құруға құқылы емес.

      2. Әрбір партиялық тізімге саяси партиялардың сайлау қорлары:

      1) жалпы сомасы заңнамада белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен мың еседен аспауға тиіс саяси партияның өз қаражатынан;

      2) жалпы сомасы заңнамада белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерінен екі мың еседен артық аспауға тиiс Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құрылады.

      107-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну

      1. Егер тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн партиялық тізімдерден шығып қалу нәтижесiнде тиiстi сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына екiден кем кандидаттардың партиялық тізімі қалса, аумақтық сайлау комиссиясы өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.

      2. Мұндай жағдайда мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      108-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезiнде дауыстарды санау

      1. Учаскелiк сайлау комиссиясы аудандық (қалалық) және облыстық мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде дауыс беру нәтижелерi бойынша хаттамалар жасайды, олар тиiстi сайлау комиссиясына (аудандық, қалалық, қаладағы аудандық) дереу жіберіледі.

      2. Аудандық, қалалық сайлау комиссиялары учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде дауыс беру нәтижелерi бойынша сайлау басталған күннен бастап екі күндік мерзімнен кешіктірмей аудандық және қалалық мәслихаттарға депутаттарды сайлау қорытындысын анықтайды.

      3. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) мәслихаттары депутаттарын сайлау барысында дауыс беру нәтижелері бойынша хаттамалар жасайды, олар жоғары тұрған сайлау комиссияларына дереу жіберіледі.

      Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) сайлау комиссиялары осы хаттамалар негізінде сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) мәслихаттарына депутаттарды сайлаудың нәтижелерін анықтайды.";

      55) 111-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      56) мынадай мазмұндағы 111-1-баппен толықтырылсын:

      "111-1-бап. Партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттық мандаттарды бөлу

      1. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқандар санынан сайлаушылар дауыстарының жеті және одан да көп пайызын алған әрбір партиялық тізім үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша берілген сайлаушылар дауысының сомасын есептеп шығарады. Жеті пайыздық кедергіден асқан саяси партиялардан берілген сайлаушылар дауыстарының сомасы бөлінетін депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады.

      2. Егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының жеті пайзын тек қана бір саяси партия алса, онда депутаттық мандаттарды бөлуге көрсетілген саяси партияның тізімі, сондай-ақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының келесі көп санын жинаған партияның партиялық тізімі жіберіледі.

      Екі саяси партия үшін берілген сайлаушылар дауыстарының сомасы бөлінетін депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады.

      3. Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысатын әрбір партиялық тізім алған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлінеді.

      Үш пайыздық кедергіден аспаған және осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлуге қатысатын партияның тізімімен алынған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлінеді және 0,7 түзету коэффициентіне көбейтіледі.

      Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік партиялық тізімді құрған тиісті саяси партия алатын депутаттық мандаттар саны болып табылады.

      Жеті пайыздық кедергіден аспаған және осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлуге қатысатын саяси партия кемінде бір мандат алады.

      4. Егер осы баптың 3-тармағына сәйкес жүргізілген әрекеттерден кейін бөлінбеген мандаттар қалса, оларды қайта бөлу жүргізіледі. Бөлінбеген мандаттар осы баптың 3-тармағына сәйкес бөлудің нәтижесінде алынған санның ең көп бөлшектенген бөлігі (қалдығы) болатын партиялық тізімдерге бір-бірден беріледі. Ең көп қалдық тең болған жағдайда бұрын тіркелген партиялық тізімге басымдық беріледі.

      Осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлу кезінде бөлінбеген мандаттар дауыс беру қорытындысы бойынша жеті пайыздық кедергіден асқан партиялық тізімге беріледі.

      5. Депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) басшы органы партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың қатарынан сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап бес күннен кешіктірмей айқындайды.

      6. Депутат мерзімінен бұрын шығарылған жағдайда оның мандаты тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен партиялық тiзiмге енгiзiлген депутаттардың қатарынан саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) басшы органы айқындайтын келесі кандидатқа берiледi.

      Егер тиісті партиялық тізімде кандидаттар қалмаса, мандат мәслихаттың депутаттарын келесі сайлауға дейін бос болып қалады.";

      57) 112, 113-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "112-бап. Мәслихаттар депутаттарын тiркеу

      1. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы сайланған мәслихаттар депутаттарын тiркейдi.

      2. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың өтініштері бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, мәслихат депутаттарын сайлауды жарамсыз деп тануы және мәслихат депутатын тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте аумақтық сайлау комиссиясының осы шешiмiне ол қабылданған күннен бастап он күн iшiнде партиялық тізімді ұсынған саяси партия сотқа шағым бере алады, ол он күн iшiнде шешiм қабылдайды.

      113-бап. Мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды өткiзу

      Мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау осы Конституциялық заңда мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау үшiн белгiленген қағидаларға сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау іс-шараларын өткiзу мерзiмiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.";

      58) мынадай мазмұндағы 13-1-тараумен толықтырылсын:

      "13-1-тарау. Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау";

      59) мынадай мазмұндағы 113-1, 113-2, 113-3, 113-4, 113-5, 113-6, 113-7, 113-8, 113-9, 113-10 және 113-11-баптармен толықтырылсын:

      "113-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округке әкім сайлауды тағайындау

      1. Сайлауды тағайындау үшін:

      1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің заңда белгіленген өкілеттігі мерзімінің аяқталуы;

      2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіз болып табылады.

      2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті облыстық сайлау комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш ай бұрын тағайындайды және олардың заңда белгіленген өкілеттігінің мерзімі өткенге дейін кемінде бір ай бұрын өткізілуге тиіс.

      3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда сайлауды тиісті облыстық сайлау комиссиясы тағайындайды және оның өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей жүргізіледі.

      4. Сайлау күні туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      113-2-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне қойылатын талаптар

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне сайлану үшін Қазақстан Республикасының азаматы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға, мемлекеттік қызмет туралы заңнамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуы, сондай-ақ оның Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайлану құқығы болуы тиіс.

      113-3-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарды ұсыну

      1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттар ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар өздерінің мүшелері қатарынан жүргізеді.

      2. Саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) басшы органының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарды ұсыну туралы шешімі хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді.

      3. Саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) басшы органының шешімі:

      1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткізіледі;

      2) кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарды ұсыну туралы хаттамадан үзінді көшірмесі қоса тіркеліп, тиісті аудандық сайлау комиссиясына жіберіледі.

      4. Кандидаттардың біреуден артық сайлау округінде ұсынылуына жол берілмейді.

      5. Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі келесі күннен бастап басталады және сайлау өткізу күніне дейін бір ай бұрын аяқталады.

      6. Егер саяси партиялардың ұсынуы мерзімі аяқталған күні аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне екіден кем кандидат ұсынылса, онда кемінде екі кандидат ұсынуды аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі осы баптың 5-тармағында көзделген ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін бес күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.

      7. Аудандық сайлау комиссиясы үш күн ішінде кандидаттың Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді.

      113-4 бап. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округ әкімдерінің кандидаттарын тіркеу

      1. Кандидаттарды тiркеудi аудандық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

      2. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкi туралы декларациялар ұсынады.

      Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде тексереді.

      Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талаптар алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.

      3. Саяси партия ұсынған кандидатты тiркеу мынадай құжаттар:

      1) осы саяси партияның мемлекеттiк тiркелгенi туралы құжаттың көшiрмесi қоса тіркелген, кандидатты ұсыну жөнiндегi саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының отырысы хаттамасынан үзiндi;

      2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округ әкімдігіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсуі туралы өтiнiшi;

      3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;

      4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы болған жағдайда жүргізіледі.

      4. Аудан әкімі ұсынған кандидатты тiркеу мынадай құжаттар:

      1) аудан әкімінің ұсынысы;

      2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округ әкімдігіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсу туралы өтiнiш;

      3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;

      4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы болған жағдайда жүргізіледі.

      5. Кандидаттарды тiркеу туралы аудандық сайлау комиссиясы хаттама жасайды.

      6. Аудандық сайлау комиссиясы кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетіншi күннен кешiктiрмей, әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың өз қалауына қарай ұлтқа жататындығы туралы мәлiметтердi көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды.

      7. Аудандық сайлау комиссиясы тiркеу кезінде кандидаттарға тиiстi куәлiк бередi.

      8. Мынадай жағдайларда аудандық сайлау комиссиясы:

      1) кандидатты ұсыну қағидаларын бұзған, тiркеу үшін қажеттi құжаттарды табыс етпеген;

      2) кандидат осы Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;

      3) кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;

      4) кандидат сайлау алдындағы үгiтті өзiн тiркеу мерзімі аяқталғанға дейiн, сайлау күні не соның алдындағы күнi жүргізген;

      5) кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;

      6) сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;

      7) осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

      9. Аудандық сайлау комиссиясы декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

      Дауыс беретiн күнге екі күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнің күшін жоюға немесе бұрын тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берілмейдi.

      10. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе оны тiркеу туралы шешiмнiң күшін жоюға кандидаттарды ұсынған саяси партия, аудан әкімі немесе кандидаттың өзi үш күн мерзiм iшiнде тиісті облыстық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым бере алады. Облыстық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берілген күннен бастап үш күн мерзім ішінде шағым бойынша шешім шығарады.

      Егер сайлауды тағайындағанда өзгеше белгіленбесе кандидатты тiркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнiне жиырма күн қалғанда аяқталады.

      113-5-бап. Кандидатураны алып тастау, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдігіне кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

      1. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдігіне кандидат тiркелген күннен бастап және дауыс бepугe екі күн қалғанға дейiн аудандық сайлау комиссиясына, саяси партияға, сондай-ақ кандидаттарды ұсынған аудан әкіміне бұл туралы жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын қайтып ала алады.

      2. Кандидаттарды ұсынған саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы, сондай-ақ аудан әкімі тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi кезенде бұл туралы әкімге кандидатқа хабардар ету арқылы кандидатты ұсыну туралы өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.

      3. Кандидаттарды ұсыну туралы шешімнің күшін жою туралы арыз тиісті аудандық сайлау комиссиясына жіберіледі, ол бұл негізде кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

      113-6-бап. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдігіне кандидаттың сайлау қорының мөлшерi

      Кандидаттың сайлау қоры:

      1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен жиырма бес еседен аспауы тиiс жеке қаражатынан;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен елу еседен аспауы тиiс ерiктi қайырмалдықтардан құралады.

      113-7-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдігіне кандидаттыққа ұсыну

      1. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдігіне екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, аудандық сайлау комиссиясы өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екі айдан аспауға тиiс.

      2. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде тиiстi сайлау округi бойынша аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдігіне екiден кем кандидат қалған жағдайда, аудандық сайлау комиссиясы өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.

      3. Мұндай жағдайларда кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      113-8-бап. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімін сайлау кезiнде дауыстарды санау

      1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу аудандық сайлау комиссиясына жiберiледi.

      2. Дауыстарды санау нәтижесін анықтауға байланысты өзге де мәселелер, осы Конституциялық заңға сәйкес шешiледi.

      113-9-бап. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкіміне қайта сайлау

      1. Егер сайлау жарамсыз деп танылса, облыстық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды.

      2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi.

      Қайта сайлауда жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары облыстық сайлау комиссиясы белгілеген мерзімде, осы Конституциялық заңға сәйкес жүргiзiледi.

      113-10-бап. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімідігіне сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау

      1. Сайлау қорытындылары аудандық сайлау комиссиясының мәжiлiсiнде учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде анықталады.

      Сайлау қорытындылары туралы аудандық комиссияның төрағасы мен мүшелерiнiң қолы қойылған хаттама жасалады.

      2. Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының көпшiлiк санын алған кандидат аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып сайланды деп есептеледі.

      Егер екі немесе одан да көп кандидат тең дауыс санын алған болса, онда аудандық сайлау комиссиясында бұрын тіркелген кандидат сайланған болып танылады.

      3. Сайлау қорытындыларын анықтаудың және жариялаудың өзге мәселелерi осы Конституциялық заңға сәйкес шешiледi.

      113-11-бап. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімін тіркеу

      1. Тиiстi аудандық сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің сайланған әкімдерін сайлау өткiзiлген күннен бастап үш күн мерзiмде тiркейдi.

      2. Тиiстi аудандық сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзушылық орын алса, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдігіне сайлауды жарамсыз деп тануы және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімін тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Кандидаттар аудандық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап бес күн iшiнде жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiмде шешiм қабылдайды.";

      60) 116-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

      61) 118-баптың 6-тармағы 3) тармақшасының бесінші абзацында "өзін" деген сөз "тiркеу мерзімі аяқталғанға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      62) 119-баптың 1-тармағында "күннен бастап" деген сөздер "тіркелген күнге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын:

      63) 121-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi жергiлiктi өзін-өзі басқару органдарының мүшелiгіне екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол бір айдан аспауға тиiс.";

      64) мынадай мазмұндағы 130-1 және 130-2-баптармен толықтырылсын:

      "130-1-бап. Мәслихаттар депутаттарын сайлау мерзімдері

      Мәслихаттардың депутаттарын сайлау, сайлаудың пропорционалды жүйесі негізінде осы Конституциялық заңда көзделген негіздер болған жағдайда, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргізіледі.

      Осы көрсетілген мерзімге дейін осы Конституциялық заңның тиісті нормалары бұрынғы редакцияда қолданылады.";

      130-2-бап. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдерін сайлауды өткізу мерзімдері

      Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдерін жалпы, тең, тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлау осы Конституциялық заңда қарастырылған негіздер болған жағдайда, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргізіледі.

      Осы көрсетілген мерзімге дейін осы Конституциялық заңның тиісті нормалары бұрынғы редакцияда қолданылады.";

      65) 133-бап:

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "19-баптың 3-тармағы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын деп белгілей отырып, қолданылуы тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай мазмұнда қолданылады:

      "3. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, мүшелерi және оның аппаратының қызметкерлерi өз өкiлеттiктерiн кәсіби тұрақты негiзде жүзеге асырады.

      Сайлау комиссиясының төрағасы сотта және басқа да мемлекеттік органдарда комиссияның мүддесін бiлдіреді, сондай-ақ ол сайлау комиссиясының мүдделерін бiлдiру жөнiндегi өкілеттiктi тиiстi сенімхат беру арқылы басқа адамдарға беруге құқылы.";";

      екінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) 104-бапта:

      1-1-тармақ тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

      "1-1. Партиялық тізімге енгізілген кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкі туралы декларациялар ұсынады.

      Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидатты тiркеген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.

      Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақтың;

      2-тармақтың 5) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

      "5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;" деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;

      6-тармақтың 3-1) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

      "3-1) партиялық тізімге енгізілген адамды бұл тізімнен мынадай жағдайларда:

      партиялық тiзiмге енгiзiлген адамның Қазақстан Республикасы Конституциясында және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкес келмеуi;

      Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасына сәйкес кандидат немесе оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы ақпараттың анық емес екендігі туралы декларацияны табыс еткен кезде анықталған жағдайда;

      партиялық тізімге енгізілген адамның өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдалануы;

      партиялық тізімге енгізілген адам, партиялық тізімге тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін сайлау алдындағы үгітті жүргізуі;

      партиялық тізімге енгізілген адамның немесе оның сенімді адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілері туралы сот анықтағанда;

      осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда алып тастау туралы шешім қабылдайды." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;".

      2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады