Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2018 жылға арналған тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 310 қаулысы.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 216-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2018 жылға арналған тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2018 жылғы 31 мамырдағы
  № 310 қаулысымен
бекiтiлген

Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2018 жылға арналған тізбесі

Р/с

Жобаның атауы

Жобаның жалпы құны ың теңге)

Іске асыру кезеңі (жылдар)

Мемле-кеттік кепілдік-тің мөлшері

Қарыз алушы

Әлеует-ті қарыз беруші

1

"Алматы –Қарағанды – Бал-қаш – Күрті – Қапшағай –Алматы" (Қарағанды –Бурылбайтал) автомобиль жолының "Орталық-Оңтүстік" дәлізін реконструкциялау, "Қарағанды –Балқаш" учаскесі

282329380

2018 – 2021

239979973 мың теңге, 727212039 АҚШ долларына дейін балама

"ҚазАвто-Жол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

Қытай-дың экспорт-импорт банкі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады