"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 312 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан қираған тұрғын үй құрылысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен қаражат бөлінген жағдайда жергілікті атқарушы органдар облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімінің осы мәселеге жетекшілік ететін орынбасары қол қойған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғын үйі авариялық деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін ұсынады.

      Зардап шеккен азаматтардың тізімін заңнамада белгіленген тәртіппен растаушы құжаттардың негізінде жергілікті атқарушы органдар қалыптастырады.";

      10-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағындағы экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйі тұруға жарамсыз болып қалған азаматтарға өтеусіз негізде беру үшін тұрғын үй мемлекеттік тұрғын үй қорына сатып алынған жағдайда, төтенше жағдайдың тиісті түрі саласындағы орталық уәкілетті орган ақша бөлу туралы шешім жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен енгізеді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады