Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенцияға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 316 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенцияға қол қойылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2016 жылғы 24 қарашадағы Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенцияға қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев
     

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 4 маусымдағы
№ 316 қаулысымен
мақұлданған

Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенция

      Осы Конвенцияның тараптары,

      үкіметтердің өз нәтижесінде пайда салық салынбайтын немесе төмендетілген мөлшерлеме бойынша салық салынатын аумаққа жасанды түрде алып кетілетін халықаралық өктемшіл салықтық жоспарлау салдарынан ұйымдардың пайдасына салынатын салық бөлігінде едәуір бюджет жоғалтуларына ұшырайтынын мойындай отырып;

      салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кету (бұдан әрі – BEPS) өнеркәсіптік жағынан дамыған елдер үшін ғана емес, қалыптасып келе жатқан экономикалар мен дамушы мемлекеттер үшін де өзекті проблема болып табылатынын назарға ала отырып;

      пайдаға және өз нәтижесінде пайда қалыптасып, оның құны құралатын негізгі экономикалық қызмет жүргізілетін жерде салық салынуын қамтамасыз етудің маңызды екенін мойындай отырып;

      ЭЫДҰ-ның/ "Жиырмалық тобының" BEPS жөніндегі жоспарына (бұдан әрі – ЭЫДҰ/G20 BEPS Жоспары) сәйкес әзірленген шаралар топтамасын қолдай отырып;

      ЭЫДҰ/G20 BEPS Жоспары салық жүктемесін төмендетудің гибридті схемаларын қолдану, келісімдердің ережелерін теріс пайдалануды болғызбау мәселелерін шешу, тұрақты өкілдік мәртебесінен жасанды түрде қашу мәселесін шешу және дауларды шешу рәсімдерін жетілдіру үшін салықтық келісімдерге қатысты шараларды қамтығанын атап көрсете отырып;

      салықтық келісімдерге байланысты BEPS шараларын көпжақты негізде жедел, үйлестірілген және келісілген түрде енгізуді қамтамасыз ету қажет екенін ұғына отырып;

      кіріске салынатын салықтар бойынша қосарланған салық салуды болдырмау туралы қолда бар келісімдердің осы келісімдер қолданылатын салықтарға қатысты, салық салмауға немесе салықтарды төлеуден қашу немесе жалтару арқылы (оның ішінде үшінші юрисдикциялар резиденттерінің осындай келісімдерде көзделген жеңілдіктерді алуға бағытталған келісімдердің артықшылықтарын пайдалануы арқылы) төмендетілген салық салуға мүмкіндік тудырмай, қосарланған салық салуды жою мақсатында түсіндірілуін қамтамасыз ету қажет екенін атап көрсете отырып;

      кіріске салынатын салықтар бойынша қосарланған салық салуды болдырмау туралы қолда бар барлық келісімдерге қатысты осындай әрбір келісім бойынша екіжақты келіссөздер жүргізуді қажет етпей-ақ, үйлестірілген және ұтымды тәсілмен келісілген өзгерістер енгізудің тиімді тетігі қажет екенін мойындай отырып;

      төмендегілер туралы келісті:

І БӨЛІК. ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕРДІ ТҮСІНДІРУ

1-бап – Конвенцияның қолданылу саласы

      Осы Конвенция "Терминдерді түсіндіру" деп аталатын 2-баптың 1-тармағының а) тармақшасында айқындалған, осы Конвенция қолданылатын барлық салықтық келісімдерді өзгертеді.

2-бап – Терминдерді түсіндіру

      1. Осы Конвенцияның мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:

      а) "Осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім" термині:

      i) екі немесе одан да көп:

      А) Тараптарға; және/немесе

      В) жоғарыда көрсетілген келісімнің тараптары болып табылатын және өздерінің халықаралық қатынастарына Тарап жауапты болып табылатын юрисдикцияларға немесе аумақтарға қатысты қолданылатын; және

      ii) өзіне қатысты әрбір Тарап Депозитарийге келісімді оны өзгертетін кез келген құжаттармен немесе қосымшалармен бірге (тараптардың атауын, атын, қол қою күнін және егер бұл осы хабарламаны берген кезде қолайлы болса, күшіне енген күнін көрсете отырып) осы Конвенцияның күші қолданылатын келісімдер тізіміне қосқаны туралы хабардар еткен кіріске салынатын салықтарға қатысты (оның басқа салықтарға қолданылатынына, қолданылмайтынына қарамастан) қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімді білдіреді.

      b) "Тарап" термині:

      i) өзіне қатысты осы Конвенция 34-бапқа (Күшіне енуі) сәйкес күшіне енген мемлекетті;

      немесе

      ii) 27-баптың (Қол қою және ратификациялау, қабылдау немесе бекіту) 1-тармағының b) немесе с) тармақшасына сәйкес осы Конвенцияға қол қойған және өзі үшін 34-бапқа (Күшіне енуі) сәйкес осы Конвенция күшіне енген юрисдикцияны білдіреді.

      с) "Уағдаласушы юрисдикция" термині осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің тарапын білдіреді.

      d) "Қол қойған тарап" термині осы Конвенцияға қол қойған, өзіне қатысты, бірақ Конвенция әлі күшіне енбеген мемлекетті немесе юрисдикцияны білдіреді.

      2. Тарап осы Конвенцияны қолданған кезде, егер мәнмәтіннен өзгеше туындамаса, онда айқындалмаған кез келген терминнің кез келген уақытта осы Конвенция қолданылатын тиісті Салықтық келісімде берілген мағынасы болады.

II БӨЛІК. САЛЫҚТЫҚ ЖҮКТЕМЕНІ ТӨМЕНДЕТУДІҢ ГИБРИДТІ СХЕМАЛАРЫ

3-бап – Фискальді-бүкпесіз тұлғалар

      1. Осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімді қолдану мақсатында, Уағдаласушы Юрисдикциялардың кез келгенінің салық заңнамасына сәйкес салық салу тұрғысынан толықтай немесе ішінара бүкпесіз деп саналатын тұлға алған немесе ол арқылы алынған немесе құрылымның көмегімен алынған кіріс Уағдаласушы Юрисдикция резидентінің кірісі ретінде, бірақ осы Уағдаласушы Юрисдикцияда салық салу мақсаты үшін осы Юрисдикция резидентінің кірісі деп саналатын бөлігінде ғана қарастырылады.

      2. Осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикциядан кірісті салық салудан босатуды немесе осы Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті алған, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелері негізінде басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда салық салынуы мүмкін кіріске қатысты төленген салық сомасына есепке жатқызуды талап ететін ережелері осындай ережелер аталған кірістің осы басқа Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті алған кіріс болып табылуы негізінде ғана осы басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда салық салу мүмкіндігін көздейтіндей дәрежеде қолданылмайды.

      3. Осы Конвенция қолданылатын 11-баптың (Тараптардың өз резиденттеріне салық салуға қатысты құқықтарын шектеу мақсатында салықтық келісімдерді қолдану) 3-тармағының а) тармақшасында жазылған ескертпе жасаған, өзіне қатысты бір немесе бірнеше Тарап Салықтық келісімдерге қатысты мынадай сөйлем 1-тармақтың соңына қосылатын болады: "Осы тармақтың ережелері ешқандай жағдайда да Уағдаласушы Юрисдикцияның осы Уағдаласушы Юрисдикция резиденттеріне салық салу құқығын шектеуші ережелер ретінде қарастырылмауға тиіс".

      4. 1-тармақ (3-тармақта белгіленуі мүмкін өзгерістерді ескере отырып) осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім ережелерінің орнына немесе олар болмаған кезде Уағдаласушы Юрисдикциялардың кез келгенінің салық заңнамасына сәйкес салық салу тұрғысынан бүкпесіз деп саналатын тұлғалар немесе құрылымдар арқылы (не ортақ қағидаға не осындай тұлғалардың немесе құрылымдардың нақты нысандары мен типтерін егжей-тегжейлі айқындауға сәйкес) алынған кіріс Уағдаласушы Юрисдикция резидентінің кірісі деп саналатындай дәрежеде қолданылады.

      5. Тарап:

      a) осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдерге қатысты осы бапты толық қолданбау;

      b) өздерінің осы Конвенция қолданылатын, 4-тармақта жазылған ережелер қамтылған Салықтық келісімдерге қатысты 1-тармақты қолданбау;

      c) өздерінің осы Конвенция қолданылатын, 4-тармақта жазылған, үшінші юрисдикцияда құрылған тұлға алған немесе осы тұлға арқылы немесе құрылымның көмегімен алынған кіріске қатысты келісім бойынша жеңілдіктер беруден бас тартатын ережелер қамтылған Салықтық келісімдерге қатысты 1-тармақты қолданбау;

      d) өздерінің осы Конвенция қолданылатын, 4-тармақта жазылған, осындай тұлғалардың немесе құрылымдардың нақты нысандары мен типтерін егжей-тегжейлі айқындайтын ережелер қамтылған Салықтық келісімдерге қатысты 1-тармақты қолданбау;

      e) өздерінің осы Конвенция қолданылатын, 4-тармақта жазылған, осындай тұлғалардың немесе құрылымдардың нақты нысандары мен типтерін егжей-тегжейлі айқындайтын және үшінші юрисдикцияда құрылған тұлға алған немесе осы тұлға арқылы немесе құрылымдардың көмегімен алынған кіріске қатысты келісім бойынша жеңілдіктер беруден бас тартатын ережелер қамтылған Салықтық келісімдерге қатысты 1-тармақты қолданбау;

      f) өздерінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерге қатысты 2-тармақты қолданбау;

      g) 1-тармақты өздерінің осы Конвенция қолданылатын, 4-тармақта жазылған, осындай тұлғалардың немесе құрылымдардың нақты нысандары мен типтерін егжей-тегжейлі айқындайтын ережелер қамтылған Салықтық келісімдерге қатысты ғана қолдану құқықтарын өзінде қалдыра алады.

      6. 5-тармақтың а) немесе b) тармақшасына сәйкес ескертпе жасамаған әрбір тарап Депозитарийді осы Конвенция қолданылатын әрбір Салықтық келісімде 4-тармақта жазылған 5-тармақтың c) – e) тармақшаларына сәйкес ескертпенің нысанасы болып табылмайтын, ережелердің қамтылуы туралы хабардар етеді және, егер бар болса, әрбір осындай ереженің бабы мен тармағының нөмірін көрсетеді. Тарап 5-тармақтың g) тармақшасында көрсетілген ескертпені жасаған жағдайда, алдыңғы сөйлемге сәйкес хабарлама өзіне қатысты осындай ескертпе жасалған, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдермен шектеледі. Егер барлық Уағдаласушы Юрисдикциялар осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің осындай ережелеріне қатысты хабарлама жасаса, осы ережелер 4-тармақта көзделген дәрежеде 1-тармақтың ережелерімен (3-тармақта белгіленуі мүмкін өзгерістерді ескере отырып) ауыстырылады. Керісінше жағдайда, 1-тармақ (3-тармақта белгіленуі мүмкін өзгерістерді ескере отырып) осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелерін тек осы ережелер 1-тармақпен (3-тармақта белгіленуі мүмкін өзгерістерді ескере отырып) сәйкес келмейтіндей шамада ғана ауыстырылады.

4-бап – Қос резиденттігі бар тұлғалар

      1. Егер осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне сәйкес жеке тұлғадан өзге тұлға біреуден көп Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті болып танылса, оның Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары өзара келісу арқылы нақты басқару жерінің, инкорпорацияланған жерінің немесе құрылған кез келген ұқсас орынның орналасуын, сондай-ақ басқа да маңызды факторларды ескере отырып, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің мақсаты үшін осындай тұлға резиденті болып саналатын Уағдаласушы Юрисдикцияны айқындауға ұмтылады. Осындай келісу болмаған кезде, Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары қандай шамада және қандай тәсілмен беруді келіспегенде ғана, осы тұлғаға осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімде көзделген, салықтардан қандай да бір жеңілдіктер немесе босату берілмейді.

      2. Керісінше жағдайда жеке тұлға біреуден көп Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті болып саналуы мүмкін жағдайларда, 1-тармақ осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикциялардың бірінің жеке тұлғасын, резидент болып табылмайтын тұлғаны тану қағидаларын белгілейтін ережелерінің орнына немесе олар болмаған кезде қолданылады. Алайда 1-тармақ осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің қосарлы тіркелген (листингтік) компанияны (dual-listed company arrangements) құру туралы келісімге қатысатын компанияның резиденттігін айқындауға қатысты ережелеріне қолданылмайды.

      3. Тарап мынадай:

      a) өздерінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдеріне қатысты осы бапты толық қолданбау;

      b) өздерінің осы Конвенция қолданылатын, жеке тұлғадан өзге тұлға біреуден көп Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті болып табылатын жағдайларға қатысты және осындай тұлғаны Уағдаласушы Юрисдикциялардың бірінің резиденті деп тану бойынша Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдарының өзара келісімге қол жеткізуін талап ететін ережелер қамтылған Салықтық келісімдеріне осы бапты толық қолданбау;

      c) өздерінің осы Конвенция қолданылатын, жеке тұлғадан өзге тұлға біреуден көп Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті болып табылатын жағдайларға қатысты және осындай тұлғаны Уағдаласушы Юрисдикциялардың бірінің резиденті деп тану бойынша Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдарының өзара келісімге қол жеткізуін талап етпей-ақ келісім бойынша жеңілдіктер беруден бас тартуды белгілейтін ережелер қамтылған Салықтық келісімдеріне қатысты осы бапты толықтай қолданбау;

      d) өздерінің осы Конвенция қолданылатын, жеке тұлғадан өзге тұлға біреуден көп Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті болып табылатын жағдайларға қатысты және осындай тұлғаны Уағдаласушы Юрисдикциялардың бірінің резиденті деп тану бойынша Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдарының өзара келісімге қол жеткізуін талап ететін және мұндай келісімге қол жеткізу мүмкін болмаса, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімді осындай тұлғаға қатысты қолдану қағидаларын белгілейтін ережелер қамтылған Салықтық келісімдеріне қатысты осы бапты толық қолданбау;

      e) өздерінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерінің мақсаттары үшін 1-тармақтың соңғы сөйлемі мынадай мазмұндағы мәтінмен ауыстырылсын: "Мұндай келісім болмаған жағдайда, осы тұлғаға осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімде көзделген, салықтардан қандай да бір жеңілдіктер немесе босату берілмейді.";

      f) өздерінің е) тармақшасына сәйкес ескертпе жасаған Тараптармен арадағы осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерге қатысты осы бапты толық қолданбау құқығын өзінде қалдыра алады.

      4. 3-тармақтың а) тармақшасына сәйкес ескертпе жасамаған әрбір Тарап Депозитарийді өзінің осы Конвенция қолданылатын әрбір Салықтық келісімінде 3-тармақтың b) - d) тармақшаларына сәйкес ескертпе нысанасы болып табылмайтын, 2-тармақта жазылған ережелердің бар-жоғы туралы хабардар етуге және олар болған жағдайда, осындай әрбір ереженің бабы мен тармағының нөмірін көрсетуге тиіс. Егер барлық Уағдаласушы Юрисдикциялар осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне қатысты хабарлама жасаса, мұндай ереже 1-тармақтың ережелерімен ауыстырылады. Керісінше жағдайда, 1-тармақ осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелерін осы ережелер 1-тармақпен сәйкес келмейтіндей шамада ғана ауыстырады.

5-бап – Қосарланған салық салуды жою әдістерін қолдану

      1. Тарап не 2 және 3-тармақтарды (А нұсқасы), не 4 және 5-тармақтарды (В нұсқасы), не 6 және 7-тармақтарды (С нұсқасы) таңдай алады не Нұсқалардың бірде-біреуін таңдамауы мүмкін. Егер осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің әрбір Уағдаласушы Юрисдикциясы әртүрлі Нұсқаны таңдаса (немесе егер бір Уағдаласушы Юрисдикция Нұсқаны қолдануды таңдаса, ал басқасы Нұсқалардың бірде-біреуін таңдамаса), онда әрбір Уағдаласушы Юрисдикция таңдаған Нұсқа оның резиденттеріне қолданылады.


      А нұсқасы

      2. Егер басқа Уағдаласушы Юрисдикция осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелерін қолданған кезде кірісті немесе капиталды салық салудан босатса немесе осы кіріске немесе капиталға салынуы мүмкін салықтың төмендетілген мөлшерлемесін қолданса, осы Конвенцияда қолданылатын Салықтық келісімнің керісінше жағдайында Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті алған кірісті немесе иеленетін капиталды қосарланған салық салуды жою мақсатында осы Уағдаласушы Юрисдикцияда салық салудан босататын ережелері қолданылмайды. Соңғы жағдайда бірінші аталған Уағдаласушы Юрисдикция осындай резиденттің кірісіне немесе капиталына салынатын салық бойынша осы басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда төленген салыққа тең мөлшерде шегерім ұсынады. Алайда бұл шегерім осы басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда салық салынуы мүмкін кіріс пен капиталдың осындай түрлерінен шегерім ұсынылғанға дейін есептелген салық сомасынан аспауға тиіс.

      3. 2-тармақ осы Конвенция қолданылатын, керісінше жағдайда өзіне сәйкес Уағдаласушы Юрисдикция осы тармақта көрсетілген кірісті немесе капиталды салық салудан босатуға тиіс болатын Салықтық келісімге қатысты қолданылады.


      В нұсқасы

      4. Егер мұндай кіріс басқа Уағдаласушы Юрисдикция резидентінің салық салынатын пайдасын айқындау мақсатында осы басқа Уағдаласушы Юрисдикцияның заңнамасына сәйкес шегерім жасауға жатса, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің керісінше жағдайында, Уағдаласушы Юрисдикция резидентінің алынған кірісін осындай кірістің осы Уағдаласушы Юрисдикцияда дивидендтер ретінде қарастырылуы негізінде қосарланған салық салуды жою мақсатында осы Уағдаласушы Юрисдикцияда салық салудан босататын ережелер қолданылмайды. Мұндай жағдайда бірінші аталған Уағдаласушы Юрисдикция осындай резиденттің кірісіне салынатын салық бойынша осы басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда төленген кіріс салығына тең мөлшерде шегерім ұсынады. Алайда бұл шегерім осы басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда салық салынуы мүмкін осындай кірістен шегерім ұсынылғанға дейін есептелген кіріс салығының сомасынан аспауға тиіс.

      5. 4-тармақ осы Конвенция қолданылатын, керісінше жағдайда өзіне сәйкес Уағдаласушы Юрисдикция осы тармақта көрсетілген кірісті салық салудан босататын Салықтық келісімге қатысты қолданылады.


      С нұсқасы

      6. а) Егер Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне сәйкес басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда салық салынуы мүмкін кіріс алса немесе капиталға ие болса (мұндай ережелер бұл кірістің осы басқа Уағдаласушы Юрисдикция резидентінің кірісі болып табылатыны негізінде ғана осы басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда салық салуға мүмкіндік беретін жағдайларды қоспағанда) бірінші аталған Уағдаласушы Юрисдикция:

      i) осы резиденттің кірісіне салынатын салық бойынша осы басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда төленген кіріс салығына тең мөлшерде шегерім;

      ii) осы резиденттің капиталына салынатын салық бойынша осы басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда төленген, капиталға салынатын салыққа тең мөлшерде шегерім ұсынады.

      Алайда, осы шегерім ұсынылғанға дейін есептелген кіріске немесе капиталға салынатын салықтың осы басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда салық салынуы ықтимал кіріске немесе капиталға жататын бөлігінен аспауға тиіс.

      b) Егер осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің кез келген ережесіне сәйкес Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті алған кіріс немесе оған тиесілі капитал осы Уағдаласушы Юрисдикцияда салық салудан босатылса, мұндай Уағдаласушы Юрисдикция, дегенмен де, осындай резиденттің кірісінің немесе капиталының қалған бөлігіне салық сомасын есептеген кезде, салық салудан босатылған осы кірісті немесе капиталды ескеруі мүмкін.

      7. 6-тармақ осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің өздеріне сәйкес Уағдаласушы Юрисдикция осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне сәйкес басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда салық салынуы мүмкін, осы Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті алған кірісті немесе оған тиесілі капиталды қосарланған салық салуды жою мақсатында осы Уағдаласушы Юрисдикцияда салық салудан босатуға тиіс болатын ережелерінің орнына қолданылады.

      8. 1-тармаққа сәйкес Нұсқалардың бірде-біреуін таңдамаған Тарап осы Бапта көрсетілген, осы Конвенция қолданылатын бір немесе бірнеше Салықтық келісімге қатысты (немесе өзінің осы Конвенция қолданылатын барлық Салықтық келісімдеріне қатысты) толық қолданбау құқығын өзінде қалдыра алады.

      9. Қолдану үшін С нұсқасын таңдамаған Тарап көрсетілген, осы Конвенция қолданылатын бір немесе бірнеше Салықтық келісімге қатысты (немесе өзінің осы Конвенция қолданылатын барлық Салықтық келісімдеріне қатысты) басқа Уағдаласушы Юрисдикцияға (Уағдаласушы Юрисдикцияларға) С нұсқасын қолдануға рұқсат бермеу құқығын өзінде қалдырады.

      10. 1-тармаққа сәйкес қандай да бір Нұсқаны таңдайтын әрбір Тарап Депозитарийді өзінің таңдаған нұсқасы туралы хабардар етеді. Осындай хабарламада сондай-ақ:

      а) егер Тарап А нұсқасын таңдайтын болса, оның осы Конвенция қолданылатын, 3-тармақта көрсетілген ережелер қамтылған барлық Салықтық келісімдерінің тізімі, сондай-ақ осындай әрбір ереженің бабы мен тармағының нөмірі;

      b) егер Тарап В нұсқасын таңдайтын болса, оның осы Конвенция қолданылатын 5-тармақта көрсетілген ережелер қамтылған барлық Салықтық келісімдерінің тізімі, сондай-ақ осындай әрбір ереженің бабы мен тармағының нөмірі;

      c) егер Тарап С нұсқасын таңдайтын болса, оның осы Конвенция қолданылатын 7-тармақта көрсетілген ережелер қамтылған барлық Салықтық келісімдерінің тізімі, сондай-ақ осындай әрбір ереженің бабы мен тармағының нөмірі қамтылады.

      Нұсқа осы Нұсқаны таңдайтын Тарап осы ережеге қатысты хабарлама жасағанда ғана осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне қатысты қолданылады.

III БӨЛІК. КЕЛІСІМДЕРДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІН ТЕРІС ПАЙДАЛАНУ

6-бап – Осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің мақсаттары

      1. Осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім кіріспеге мынадай мазмұндағы мәтін енгізу мақсатында өзгертуге жатады:

      "Салық салмауға немесе салықтарды төлеуден қашу немесе жалтару арқылы (оның ішінде үшінші юрисдикциялар резиденттерінің осындай келісімде көзделген жеңілдіктерді алуға бағытталған келісімдердің артықшылықтарын пайдалануы арқылы) төмендетілген салық салуға мүмкіндік тудырмай, осы келісім қолданылатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды жоюға ниет білдіре отырып,".

      2. 1-тармақта көрсетілген мәтін осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім кіріспесінің тұжырымдамасында салық салмауға немесе төмендетілген салық салуға мүмкіндік тудырмау ниеті көрсетілгеніне немесе көрсетілмегеніне қарамастан, қосарланған салық салуды жою ниетін көрсететін осындай тұжырымдаманың орнына немесе ол болмаған кезде, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге енгізіледі.

      3. Тарап сондай-ақ өздерінің осы Конвенция қолданылатын, экономикалық қатынастарды дамыту немесе салықтық істердегі ынтымақтастықты нығайту ниетіне қатысты кіріспе тұжырымдамасын қамтымайтын Салықтық келісімдеріне қатысты мынадай кіріспе мәтінін енгізу туралы шешім қабылдай алады:

      "Одан әрі өзінің экономикалық қатынастарын дамытуды және салықтық істерде ынтымақтастықты нығайтуды қалай отырып".

      4. Тарап өзінің осы Конвенция қолданылатын, кіріспе тұжырымдамасының салық төлеуден қашу немесе жалтару (оның ішінде үшінші юрисдикциялар резиденттерінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімде көзделген жеңілдіктерді алуға бағытталған келісімдердің артықшылықтарын пайдалануы арқылы) жағдайларымен шектелген немесе шектелмегеніне қарамастан, Уағдаласушы Юрисдикциялардың салық салмауға немесе төмендетілген салық салуға мүмкіндік тудырмай, қосарланған салық салуды жою ниеті туралы осындай тұжырымдамасын қамтитын Салықтық келісімдеріне 1-тармақты қолданбау немесе оны неғұрлым кең мағынада қолдану құқығын өзіне қалдырады.

      5. Әрбір Тарап Депозитарийді өзінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерінің әрқайсысында 4-тармаққа сәйкес ескертпе нысанасы болып табылатындардан бөлек, 2-тармақта көрсетілген кіріспе тұжырымдамасын қамтылғаны не қамтылмағаны туралы және егер қамтылса, кіріспенің тиісті тармағының мәтіні туралы хабардар етеді. Егер барлық Уағдаласушы Юрисдикциялар кіріспенің осы тұжырымдамасына қатысты осындай хабарлама жасаса, кіріспенің мұндай тұжырымдамасы 1-тармақта көрсетілген мәтінмен ауыстырылады. Басқа жағдайларда 1-тармақта көрсетілген мәтін кіріспенің қолданыстағы тұжырымдамасына толықтыру ретінде енгізіледі.

      6. 3-тармақты қолдану туралы шешім қабылдайтын әрбір Тарап Депозитарийді өз таңдауы туралы хабардар етеді. Осындай хабарлама оның осы Конвенция қолданылатын, экономикалық қатынастарды дамыту немесе салықтық істерде ынтымақтастықты нығайту ниеті туралы кіріспе тұжырымдамасында қамтылмайтын Салықтық келісімдерінің тізімін де қамтиды. 3-тармақта көрсетілген мәтін осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге, тек қана барлық Уағдаласушы Юрисдикциялар осы тармақты қолдану туралы шешім қабылдағанда және осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге қатысты осындай хабарлама жасағанда енгізіледі.

7-бап – Шарттың ережелерін теріс пайдалануды болғызбау

      1. Осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің кез келген ережесіне қарамастан, егер барлық тиісті фактілер мен мән-жайларды назарға ала отырып, жеңілдікті алу қандай да бір келісімнің немесе мәміленің тікелей немесе жанама түрде осындай жеңілдікке алып келген негізгі мақсаттарының бірі болды деп пайымдауға негіз болса, егер тек қана осындай мән-жайларда осындай жеңілдіктер берудің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің тиісті ережелерінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетіні анықталмаса, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес жеңілдік кіріс немесе капитал түріне қатысты ұсынылмайды.

      2. 1-тармақ, егер қандай да бір келісімнің немесе мәміленің немесе келісіммен немесе мәмілемен байланысты қандай да бір тұлғаның негізгі мақсаты немесе негізгі мақсаттарының бірі осындай жеңілдіктер алу болса, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес керісінше жағдайда осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес берілуі мүмкін барлық жеңілдіктерді немесе жеңілдіктердің бір бөлігін беруден бас тартатын ережелерінің орнына немесе олар болмаған кезде қолданылады.

      3. 15-тармақтың а) тармақшасында көрсетілген ескертпені жасамаған Тарап өзінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдеріне қатысты 4-тармақты қолдану туралы шешім қабылдай алады.

      4. Егер тұлғаға кез келген келісімнің немесе мәміленің немесе келісіммен немесе мәмілемен байланысты қандай да бір тұлғаның негізгі мақсаттарының бірі осындай жеңілдіктер алу болса, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің керісінше жағдайда, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес берілуі мүмкін барлық жеңілдіктер немесе жеңілдіктердің бір бөлігін ұсынудан бас тартатын ережелері (осы Конвенцияда белгіленуі мүмкін өзгерістерді ескере отырып) негізінде осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімде көзделген жеңілдік беруден бас тартылса, Уағдаласушы Юрисдикцияның керісінше жағдайда осындай жеңілдік беруі мүмкін құзыретті органы қалай болғанда да, егер мұндай құзыретті орган осындай тұлғаның сұрау салуы бойынша және тиісті фактілер мен мән-жайларды назарға алғаннан кейін осындай жеңілдіктердің тұлғаға мәміле немесе келісім болмаған кезде берілуі ықтимал екенін анықтаса, осындай тұлғаның нақты кіріс немесе капитал түріне қатысты осындай жеңілдікке немесе басқа да жеңілдіктерге құқығын қарастырады. Осы тармаққа сәйкес басқа Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті сұрау салу жолдаған Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органы сұрау салуды кері қайтармас бұрын басқа Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органымен консультация жүргізетін болады.

      5. 4-тармақ, егер кез келген келісімнің немесе мәміленің немесе келісіммен немесе мәмілемен байланысты қандай да бір тұлғаның негізгі мақсаттарының бірі осындай жеңілдіктер алу болса, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің, керісінше жағдайда, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес берілуі мүмкін барлық жеңілдіктерді немесе жеңілдіктердің бір бөлігін беруден бас тартатын ережелеріне (осы Конвенцияда белгіленуі мүмкін өзгерістерді ескере отырып) қолданылады.

      6. Тарап сондай-ақ 17-тармақтың а) тармақшасында көрсетілген хабарламаны жасай отырып, өзінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдеріне 8-13-тармақтарда қамтылған ережелерді (бұдан әрі – "Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ереже") қолдану туралы шешім қабылдай алады. Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ереже, оны барлық Уағдаласушы Юрисдикциялар қолдану туралы шешім қабылдағанда ғана осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге қатысты қолданылады.

      7. Осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің барлық Уағдаласушы Юрисдикциялары емес, бірқатары 6-тармаққа сәйкес Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ережені қолдану жөнінде шешім қабылдаған жағдайда:

      a) егер 6-тармаққа сәйкес Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ережені қолдану жөнінде шешім қабылдамаған барлық Уағдаласушы Юрисдикциялар осы тармақшаның қолданылуын таңдап және Депозитарийді тиісті түрде хабардар ете отырып, осындай қолдануға келіссе, барлық Уағдаласушы Юрисдикциялар; немесе

      b) егер 6-тармаққа сәйкес Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ережені қолдану жөнінде шешім қабылдамаған барлық Уағдаласушы Юрисдикциялар осы тармақшаның қолданылуын таңдап және Депозитарийді тиісті түрде хабардар ете отырып, осындай қолдануға келіссе, Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ережені қолдануды таңдаған Уағдаласушы Юрисдикциялар ғана осы тармақтың ережелеріне қарамастан, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес жеңілдіктер беруге қатысты Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ережені қолданады.

      Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ереже

      8. Егер Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ережеде өзгеше көзделмесе, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикциясының резиденті, керісінше жағдайда, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімде ұсынылуы ықтимал, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің:

      a) осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикцияның резидентін айқындайтын ережелеріне сәйкес біреуден көп Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті болып табылатын, жеке тұлғадан өзге тұлғаның резиденттігін айқындайтын;

      b) Уағдаласушы Юрисдикцияның осы Уағдаласушы Юрисдикцияның кәсіпорнына осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес басқа Уағдаласушы Юрисдикция жасаған бастапқы түзетуден кейін бірінші аталған Уағдаласушы Юрисдикцияда алынатын, қауымдастырылған кәсіпорынның пайдасына салынған салық сомасына симметриялық түзету ұсынуын көздейтін; немесе

      c) Уағдаласушы Юрисдикция резиденттерінің осындай резидентке жеңілдік ұсынылуы ықтимал кезде 9-тармақта айқындалғандай "білікті тұлға" болып табылатын жағдайлардан басқа ретте, осы Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органының осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес емес салық салу туралы өтінішті қарау туралы сұрау салу жолдауына мүмкіндік беретін ережелерінде көзделген жеңілдіктен өзге жеңілдікке құқығы болмайды.

      9. Осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикциясының резиденті, керісінше жағдайда, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім жеңілдік беретін кезде, егер осы кезде резидент:

      a) жеке тұлға;

      b) осы Уағдаласушы Юрисдикция, саяси бөлімше немесе жергілікті билік органы, кез келген осындай Уағдаласушы Юрисдикцияның, саяси бөлімшенің немесе жергілікті билік органының агенттігі немесе мемлекеттік институты;

      c) егер акциялардың негізгі сыныбы тұрақты түрде бір немесе бірнеше танылған қор биржаларында сатылатын болса, компания немесе басқа тұлға;

      d) мынадай:

      i) дипломатиялық ноталар алмасу арқылы Уағдаласушы Юрисдикциямен келісілген түрдегі коммерциялық емес ұйым; немесе

      ii) Уағдаласушы Юрисдикцияның салық заңнамасына сәйкес дара тұлға ретінде қарастырылатын, осы Уағдаласушы Юрисдикцияда құрылған және:

      А) тек әкімшілендіру немесе зейнеткерлік жәрдемақылар, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін қосымша немесе негізгі емес жәрдемақылар беру үшін айрықша немесе айрықша дерлік түрде құрылып, жұмыс істейтін және осы Уағдаласушы Юрисдикция, оның саяси бөлімшелерінің бірі немесе жергілікті билік органы осындай түрде реттейтін; немесе

      B) А) тармақшасында аталған тұлғалардың және құрылымдардың пайдасына қаражатты инвестициялау үшін айрықша немесе айрықша дерлік түрде құрылып жұмыс істейтін; тұлға немесе құрылым болып табылатын жеке тұлғадан өзге тұлға;

      e) егер керісінше жағдайда жеңілдіктер ұсынылуы ықтимал уақытты қамтитын 12 айлық кезеңдегі күндердің кем дегенде жартысында осы Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденттері болып табылатын және осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес жеңілдіктер алуға құқығы бар тұлғалар а) - d) тармақтарына сәйкес осы тұлға акцияларының кемінде 50 пайызын тікелей немесе жанама түрде иеленетін жеке тұлғадан өзге тұлға болып табылса, білікті тұлға болып табылады.

      10. а) Осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикциясының резиденті, егер резидент бірінші аталған Уағдаласушы Юрисдикцияда белсенді кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса және басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда алынған кіріс осындай қызметтен құрылса немесе осындай қызметпен байланысты болса, резиденттің білікті тұлға болу-болмауына қарамастан басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда алынған кірістің түріне қатысты осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім бойынша жеңілдіктерге құқығы болады. Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ереженің мақсаттары үшін "белсенді кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру" деген термин мынадай қызмет түрлерін немесе олардың қандай да бір ұштасуын қамтымайды:

      i) холдингтік компания ретінде жұмыс істеу;

      ii) компаниялар тобын жалпы қадағалауды немесе басқаруды қамтамасыз ету;

      iii) топтық қаржыландыруды ұсыну (ақша қаражатын біріктіруді қоса алғанда); немесе

      iv) егер осы қызмет түрлерін банк, сақтандыру компаниясы немесе бағалы қағаздар бойынша тіркелген дилер өздерінің әдеттегі қызметі барысында жүзеге асырмайтын болса, инвестицияларды жүзеге асыру немесе басқару.

      b) Егер осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикциясының резиденті осы резидент басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда жүзеге асырған кәсіпкерлік қызметтен кіріс түрін алса немесе онымен байланысты тұлғадан басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда пайда болатын кіріс түрін алса, а) тармақшасында көрсетілген шарттар, егер резидент бірінші аталған Уағдаласушы Юрисдикцияда жүзеге асыратын, осы кіріс түрі тиесілі кәсіпкерлік қызмет осы резидент немесе осындай байланысты тұлға басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда жүзеге асыратын балама немесе қосымша қызметке қатысты маңызды болып табылса ғана, осындай кіріс түріне қатысты орындалған болып саналады. Кәсіпкерлік қызмет осы тармақшаның мақсаттары үшін маңызды болып табылатын-табылмайтын барлық фактілер мен мән-жайлардың негізінде айқындалады.

      с) Осы тармақты қолдану мақсаттары үшін байланысты тұлғалар осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикциясының резидентіне қатысты жүзеге асыратын қызмет осындай резидент жүзеге асырған қызмет болып саналады.

      11. Осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикциясының білікті тұлға болып табылмайтын резидентінің, егер керісінше жағдайда жеңілдіктер ұсынылуы ықтимал уақыт кезеңін қамтитын кез келген 12 айлық кезең күндерінің кем дегенде жартысында балама бенефициарлар болып табылатын тұлғалар резиденттің қатысу үлестерінің кемінде 75 пайызын тікелей немесе жанама түрде иеленсе, керісінше жағдайда осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімде кіріс түріне қатысты ұсынылуы ықтимал жеңілдікке құқылы.

      12. Егер осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикциясының резиденті 9-тармақтың ережелеріне сәйкес білікті тұлға болып табылмаса және оның 10 және 11-тармақтарның негізінде жеңілдіктерге құқығы болмаса, басқа Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органы осыған қарамастан, бірақ егер осы резидент мұндай құзыретті органға өзінің оны жасағаны, алғаны немесе ұстағаны, операцияларын жүргізгені осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес жеңілдіктер алуды негізгі мақсат етпегеніне дәлелдемелер ұсынғанда ғана осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімде көзделген жеңілдіктерді немесе осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің мақсаттары мен міндеттерін назарға ала отырып, кірістің нақты түріне қатысты жеңілдіктерді ұсына алады. Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті осы тармаққа сәйкес жасаған сұрау салуды қабылдамас бұрын немесе одан бас тартпас бұрын өзіне сұрау салу жолданған басқа Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органы бірінші аталған Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органымен консультация жүргізеді.

      13. Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ереженің мақсаттары үшін:

      a) "танылған қор биржасы" термині:

      i) Уағдаласушы Юрисдикциялардың кез келгенінің заңдарымен осындай ретінде құрылған және реттелетін кез келген қор биржасын және

      ii) Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдарымен келісілген кез келген басқа қор биржасын білдіреді;

      b) "акциялардың негізгі сыныбы" термині компанияның дауыстар жиынтығының және құнының көпшілігін білдіретін компания акцияларының сыныбын немесе сыныптарын немесе жиынтығында тұлғаның дауыстар жиынтығының және құнының көпшілігін білдіретін тұлғаға қатысу үлестерінің сыныбын немесе сыныптарын білдіреді;

      c) "баламалы бенефициар" термині кіріс түріне қатысты, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикциясы осы Уағдаласушы Юрисдикцияның ұлттық заңнамасына, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге немесе кез келген басқа да халықаралық құжатқа сәйкес берілетін, осы Конвенция қолданатын Салықтық келісімге сәйкес осы кіріс түріне қатысты берілген жеңілдіктерге балама немесе оған қарағанда едәуір тиімді жеңілдіктер құқығын алуға мүмкіндігі болған кез келген тұлғаны білдіреді; тұлғаның дивидендтерге қатысты баламалы бенефициар болып табылатынын не табылмайтынын айқындау мақсатында, мұндай тұлға дивидендтерге қатысты жеңілдіктерге үміткер компания иеленетін, дивидендтер төлейтін компанияның дәл сондай капиталын иеленеді деп есептеледі.

      d) компания болып табылмайтын тұлғаларға қатысты "акциялар" термині "акциялармен салыстырылатын қатысу үлестерін" білдіреді.

      e) егер екі тұлғаның бірі басқасына қатысу үлестерінің кемінде 50 пайызын (немесе компанияға қатысты дауыс құқығын беретін және оның құнын білдіретін акцияларының ең болмаса 50 пайызын) тікелей немесе жанама иеленсе немесе үшінші тұлға әрбір тұлғаға қатысу үлестерінің кемінде 50 пайызын (немесе компанияға қатысты дауыс құқығын беретін және оның құнын білдіретін акцияларының ең болмаса 50 пайызын) тікелей немесе жанама иеленсе, екі тұлға "байланысты тұлғалар" деп саналады; егер іске қатысы бар барлық фактілер мен мән-жайларды негізге ала отырып, олардың бірі басқасын бақыласа немесе екеуі де бір тұлғаның немесе тұлғалардың бақылауында болса, кез келген жағдайда да тұлға басқа тұлғамен байланысты деп есептеледі.

      14. Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ереже осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім бойынша жеңілдіктерді бір немесе бірнеше өлшемшарттарға сәйкес келсе, мұндай жеңілдіктерге құқығы бар резидентке ғана қатысты шектеуі мүмкін (немесе осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің резиденттікпен, қауымдасқан кәсіпорындармен немесе кемсітпеушілікпен байланысты ережелеріне сәйкес жеңілдіктерден өзге жеңілдіктерді немесе тек қана Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденттеріне қатысты шектелмейтін жеңілдікті шектеуі мүмкін) ережелерінің орнына немесе олар болмаған кезде қолданылады.

      15. Тарап мынадай құқықты өзінде қалдыра алады:

      a) өзінің жеңілдіктерді шектеу туралы егжей-тегжейлі ереженің не кондуитті қаржылық құрылымдарға бағытталған қағидалардың не негізгі мақсат қағидаларының ұштасымын қабылдау ниеті негізінде, осылайша BEPS Жоспарына сәйкес келісім ережелерін теріс пайдалануды болдырмау жөніндегі ең төмен стандартқа сәйкес келе отырып, өзінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдеріне 1-тармақты қолданбау; мұндай жағдайларда Уағдаласушы Юрисдикциялар ең төмен стандартқа сәйкес келетін өзара тиімді шешімге келуге тырысатын болады;

      b) егер кез келген келісімнің немесе мәміленің немесе келісіммен немесе мәмілемен байланысты қандай да бір тұлғаның негізгі мақсаты немесе негізгі мақсаттарының бірі осындай жеңілдіктер алу болса, керісінше жағдайда осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес ұсынылуы мүмкін барлық жеңілдіктерді ұсынудан бас тартатын ережелер қамтылған, өзінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдеріне 1-тармақты (және егер Тарап 4-тармақты қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда осы тармақты) қолданбау;

      c) өзінің осы Конвенция қолданылатын, 14-тармақта көрсетілген ережелерді қамтитын Салықтық келісімдеріне Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ережені қолданбау.

      16. 7-тармаққа сәйкес бір немесе бірнеше Тарап осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес жеңілдіктер ұсынуға қатысты Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ережені қолданатын жағдайларды қоспағанда, 6-тармаққа сәйкес Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ережені қолдану туралы шешім қабылдайтын Тарап өзінің осы Конвенция қолданылатын, басқа бір немесе бірнеше Уағдаласушы Юрисдикция өзіне Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ережені қолдану туралы шешім қабылдамаған Салықтық келісімдеріне қатысты осы бапты толықтай қолданбау құқығын өзінде қалдыра алады. Мұндай жағдайларда Уағдаласушы Юрисдикциялар BEPS Жоспарына сәйкес келісімнің ережелерін теріс пайдалануды болдырмау мақсатында ең төмен стандартқа жауап беретін өзара тиімді шешімге қол жеткізуге ұмтылатын болады.

      17. а) 15-тармақтың а) тармақшасында көрсетілген ескертпені жасамаған әрбір Тарап Депозитарийді, өзінің осы Конвенция қолданылатын, 15-тармақтың b) тармақшасында көрсетілген ескертпенің нысанасы болып табылмайтын Салықтық келісімдерінің әрқайсысында 2-тармақта көрсетілген ереженің қамтылғаны не қамтылмағаны туралы хабардар етеді және егер қамтылса, осындай әрбір ереженің бабы мен тармағының нөмірін көрсетеді. Егер барлық Уағдаласушы Юрисдикциялар осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне қатысты мұндай хабарлама жасаса, осындай ереже 1-тармақтың (және қолданылатын жерінде 4-тармақтың) ережелерімен ауыстырылады. Басқа жағдайларда 1-тармақ (және қолданылатын жерінде 4-тармақ) осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелерін осындай ережелер 1-тармақпен (және қолданылатын жерінде 4-тармақпен) сәйкес келмейтіндей шамада ғана ауыстырады. Осы тармақшаға сәйкес хабарлама жасаған Тарап өзі бойынша осындай Тарап уақытша шара ретінде 1-тармақтың бір өзін қолдану туралы шешім қабылдайтын болса да, мүмкін болған кезде екіжақты келіссөздер арқылы 1-тармаққа қосымша ретінде немесе оның орнына жеңілдіктерді шектеу туралы ережені қабылдау ниеті жөнінде өтінішті қосады.

      b) 4-тармақты қолдану туралы шешім қабылдайтын әрбір Тарап Депозитарийді өз таңдауы туралы хабардар етеді. Егер барлық Уағдаласушы Юрисдикциялар осындай хабарлама жасаса ғана, 4-тармақ осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге қолданылады.

      с) 6-тармаққа сәйкес Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ережені қолдану жөнінде шешім қабылдайтын әрбір Тарап Депозитарийді өз таңдауы туралы хабардар етеді. Егер осындай Тарап 15-тармақтың с) тармақшасында көрсетілген ескертпені жасамаса, мұндай хабарлама оның осы Конвенция қолданылатын, 14-тармақта көрсетілген ережені қамтитын Салықтық келісімдерінің тізімін, сондай-ақ осындай әрбір ереженің бабы мен тармағының нөмірін де қамтиды.

      d) 6-тарапқа сәйкес Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ережені қолдану жөнінде шешім қабылдамайтын, бірақ 7-тармақтың а) немесе b) тармақшасын қолдану туралы шешім қабылдайтын әрбір Тарап Депозитарийді өзінің тармақшаны таңдағаны туралы хабардар етеді. Егер мұндай Тарап 15-тармақтың с) тармақшасында көрсетілген ескертпені жасамаса, мұндай хабарлама оның осы Конвенция қолданылатын 14-тармақта көрсетілген ережені қамтитын, Салықтық келісімдерінің тізімін, сондай-ақ осындай әрбір ереженің бабы мен тармағының нөмірін де қамтиды.

      е) Егер барлық Уағдаласушы Юрисдикциялар осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережесіне қатысты с) немесе d) тармақшаларына сәйкес хабарлама жасаса, осындай ереже Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ережемен ауыстырылады. Басқа жағдайларда Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ереже осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелерін осындай ережелер Жеңілдіктерді шектеу туралы оңайлатылған ережемен сәйкес келмейтіндей шамада ғана ауыстырады.

8-бап – Дивидендтерді аудару бойынша операциялар

      1. Осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті болып табылатын компания төлейтін дивидендтерді салықтан босататын немесе дивидендтерге іс жүзінде құқығы бар тұлға немесе алушы басқа Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті болып табылатын және меншік құқығында капиталдың, акциялардың, пайлардың белгілі бір сомасынан астамын, дауыстар санын, дауыс беру құқығын немесе дивиденд төлейтін компанияға осындай қатысу үлестерін иеленетін, бақылайтын немесе олар өзіне меншік құқығына тиесілі болатын компания болып табылған жағдайда, мұндай дивидендтерге салық салынуы мүмкін мөлшерлемені шектейтін ережелері, егер осындай ережелерде көрсетілген иелену шарттары дивидендтерді төлейтін күн қамтылатын 365 күндік кезең (осындай кезеңді есептеу мақсатында меншік құрылымындағы, қайта ұйымдастырумен, мысалы, акцияларды иеленетін немесе дивидендтерді төлейтін компанияны біріктіру немесе бөлу нәтижесінде болатын қайта ұйымдастырумен тікелей байланысты өзгерістер есепке алынбайды) ішінде сақталса ғана қолданылады.

      2. 1-тармақта көзделген иеленудің ең аз кезеңі осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелерінде 1-тармақта көрсетілген иеленудің ең аз кезеңінің орнына немесе ол болмаған кезде қолданылады.

      3. Тарап:

      а) осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне осы бапты толықтай қолданбау;

      b) осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне осы бапты 1-тармақта көрсетілген ережелер:

      i) ең аз иелену кезеңін;

      ii) 365 күндік кезеңнен аз болатын ең аз иелену кезеңін немесе

      iii) 365 күндік кезеңнен көп болатын ең аз иелену кезеңін қаншалықты қамтыса, ол шамада толықтай қолданбау құқығын өзінде қалдыра алады.

      4. 3-тармақтың а) тармақшасында көрсетілген ескертпені жасамаған әрбір Тарап Депозитарийді өзінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерінің әрқайсысында 3-тармақтың b) тармақшасында көрсетілген ескертпенің нысанасы болып табылмайтын, 1-тармақта көрсетілген ереже қамтылғаны не қамтылмағаны туралы хабардар етеді және егер қамтылса, осындай әрбір ереженің бабы мен тармағының нөмірін көрсетеді. Егер барлық Уағдаласушы Юрисдикциялар осындай ережеге қатысты хабарлама жасаса ғана, 1-тармақ осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережесіне қолданылады.

9-бап – Құны көбінесе жылжымайтын мүлікпен берілген акцияларды немесе қатысу үлестерін иеліктен шығарудан түсетін кірістер

      1. Бір осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті акцияларды немесе тұлғаға басқа да қатысу құқықтарын иеліктен шығарудан алған кірістерге осындай акциялар немесе құқықтар құнының белгілі бір бөлігінен көбі басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда орналасқан жылжымайтын мүліктен (мүліктерден) тұрған жағдайда (немесе тұлғаның мүлкінің белгілі бір бөлігінен көбі осындай жылжымайтын мүліктен (мүліктерден) тұрған жағдайда) осы басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда салық салынуы мүмкін екенін көздейтін ережелері:

      a) егер иеліктен шығару алдындағы 365 күн ішінде кез келген уақытта құнның тиісті шекті мәні жөніндегі шарт сақталса қолданылады; және

      b) осы ережелер қолданылған кез келген акциялар мен құқықтарға қосымша ретінде акцияларға немесе әріптестікке немесе трастқа қатысу үлестері сияқты балама қатысу үлестеріне (осындай акциялар немесе қатысу үлестері әлі қамтылмаған шамада) қолданылады.

      2. 1-тармақтың а) тармақшасында көзделген кезең осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелерінде 1-тармақта көрсетілген тиісті шекті мәні жөніндегі шарттың сақталғанын не сақталмағанын айқындайтын уақыт кезеңінің орнына немесе ол болмаған кезде қолданылады.

      3. Тарап сондай-ақ өзінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдеріне қатысты 4-тармақты қолдану туралы шешім қабылдай алады.

      4. Егер иеліктен шығару алдындағы 365 күн ішінде кез келген уақытта осындай акциялардың немесе балама қатысу үлестерінің 50 пайыздан астам құны тікелей немесе жанама осы басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда орналасқан жылжымайтын мүліктен (мүліктерден) тұратын болса, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің мақсаты үшін бір Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті акцияларды немесе әріптестікке немесе трастқа қатысу үлестері сияқты балама қатысу үлестерін иеліктен шығарудан алған кіріске басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда салық салынуы мүмкін.

      5. 4-тармақ осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті акцияларды немесе тұлғаға өзге де қатысу құқықтарын иеліктен шығарудан алған кіріске осындай акциялар немесе құқықтар құнының белгілі бір бөлігінен көбі басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда орналасқан жылжымайтын мүліктен (мүліктерден) тұрған жағдайда немесе тұлғаның мүлкінің белгілі бір бөлігінен көбі осындай жылжымайтын мүліктен (мүліктерден) тұрған жағдайда осындай басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда салық салынуы мүмкін екенін көздейтін ережелерінің орнына немесе ол болмаған кезде қолданылады.

      6. Тарап:

      а) 1-тармақты осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне қолданбау;

      b) 1-тармақтың а) тармақшасын өзінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдеріне қолданбау;

      с) 1-тармақтың b) тармақшасын өзінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдеріне қолданбау;

      d) 1-тармақтың а) тармақшасын тиісті шекті мәні жөніндегі шарттың сақталғанын не сақталмағанын айқындайтын кезеңді қамтитын, 1-тармақта көрсетілгендей түрдегі ережені қамтыған, өзінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдеріне қолданбау;

      е) 1-тармақтың b) тармақшасын акциялардан өзге қатысу үлестерін иеліктен шығаруға қолданылатын, 1-тармақта көрсетілгендей түрдегі ережені қамтыған, өзінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдеріне қолданбау;

      f) 4-тармақты өзінің осы Конвенция қолданылатын 5-тармақта көрсетілген ережелерді қамтитын Салықтық келісімдеріне қолданбау құқығын өзінде қалдыра алады.

      7. 6-тармақтың а) тармақшасында көрсетілген ескертпені жасамаған әрбір Тарап Депозитарийді 1-тармақта көрсетілген ереженің, осы Конвенция қолданылатын өзінің әрбір Салықтық келісімдері қамтиды ма және егер қамтыса әрбір осындай ереженің бабы мен тармағының нөмірі туралы хабардар етеді. 1-тармақ, егер барлық Уағдаласушы Юрисдикция мұндай ережеге қатысты хабарлама жасаса ғана, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережесіне қатысты қолданылады.

      8. 4-тармақты қолдану туралы шешім қабылдаған әрбір Тарап Депозитарийді өз таңдауы туралы хабардар етеді. 4-тармақ, егер барлық Уағдаласушы Юрисдикция мұндай хабарлама жасаса ғана, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге қолданылады. Мұндай жағдайда 1-тармақ осы Конвенция қолданылатын осы Салықтық келісімге қатысты қолданылмайды. Тараптар 6-тармақтың f) тармақшасында көрсетілген ескертпені жасамаған және 6-тармақтың а) тармақшасында көрсетілген ескертпені жасаған жағдайда, мұндай хабарлама 5-тармақта көрсетілген ереже қамтылған осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерінің тізімін, сондай-ақ осындай әрбір ереженің бабы мен тармағының нөмірін қамтиды. Егер барлық Уағдаласушы Юрисдикция осы тармақтың немесе 7-тармақтың негізінде осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережесіне қатысты хабарлама жасаса, осындай ереже 4-тармақтың ережелерімен ауыстырылады. Өзге жағдайларда 4-тармақ осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелерін осындай ережелерді 4-тармақпен үйлеспейтін шамада ғана ауыстырады.


10-бап – Үшінші юрисдикцияларда орналасқан тұрақты өкілдіктердің салық төлеуден жалтаруына қарсы қағида

      1. Егер:

      а) осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикциясының кәсіпорны екінші Уағдаласушы Юрисдикцияда кіріс алатын болса және бірінші аталған Уағдаласушы Юрисдикция аталғандай кірісті үшінші юрисдикцияда орналасқан кәсіпорынның тұрақты өкілдігіне тиесілі деп қарастыратын болса; және

      b) осындай тұрақты өкілдікке тиесілі пайда бірінші аталған Уағдаласушы Юрисдикцияда салықтан босатылатын болса,

      осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімде көзделген жеңілдіктер, егер осындай тұрақты өкілдік бірінші аталған Уағдаласушы Юрисдикцияда орналасқан болса, осы кіріс түрінен үшінші юрисдикциядағы салық бірінші аталған Уағдаласушы Юрисдикцияда өндірілуі мүмкін салықтың кемінде 60 пайызын құрайтын қандай да бір кіріс түріне қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы тармақтың ережелері қолданылатын кез келген кіріске осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің кез келген басқа ережелеріне қарамастан, екінші Уағдаласушы Юрисдикцияның ұлттық заңнамасына сәйкес салық салынуы тиіс болады.

      2. Егер 1-тармақта көрсетілген екінші Уағдаласушы Юрисдикцияда алынған кіріс тұрақты өкілдік арқылы жүзеге асырылатын (осы қызметке банк, сақтандыру ұйымы немесе тиісінше тіркелген бағалы қағаздар дилері жүзеге асыратын банктік қызметтер, сақтандыру немесе бағалы қағаздарды басқару жатқызылатын жағдайларды қоспағанда, жүзеге асыру, басқару немесе ұйымның өз шотындағы инвестицияларды қарапайым иелену жөніндегі қызметтен ерекшеленетін) белсенді кәсіпкерлік қызметке байланысты алынған немесе онымен байланысты болса, 1-тармақ қолданылмайды.

      3. Егер осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімде көзделген жеңілдіктер беруден бір Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті алған кіріс түріне қатысты 1-тармаққа сәйкес бас тартылса, екінші Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органы осыған қарамастан, егер осы резиденттің сұрау салуына сәйкес құзыретті орган осындай жеңілдіктерді ұсыну осындай резидент 1 және 2-тармақтың талаптарына үйлеспейтін себептерге негізделгенін анықтаса, осы кіріс түріне қатысты осындай жеңілдіктерді беруі мүмкін. Алдыңғы сөйлемге сәйкес екінші Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті сұрау салу жолдаған Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органы жеңілдік ұсынбас бұрын немесе сұрау салуды қабылдамас бұрын осы екінші Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органымен консультация жүргізеді.

      4. 1-3-тармақтар үшінші Юрисдикцияда орналасқан кәсіпорынның тұрақты өкілдігіне тиесілі екінші Уағдаласушы Юрисдикцияда кіріс алатын, керісінше жағдайда бір Уағдаласушы Юрисдикцияның кәсіпорнына ұсынылуы мүмкін, жеңілдіктерді ұсынудан бас тартатын немесе оларды шектейтін осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімде ережелердің орнына немесе олар болмаған кезде қолданылады.

      5. Тарап:

      а) осы бапты осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне толық қолданбау;

      b) осы бапты 4-тармақта көрсетілген ережелер қамтылған, осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне толық қолданбау;

      с) осы бапты 4-тармақта көрсетілген ережелер қамтылған, осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне ғана қолдану құқығын өзінде қалдыра алады.

      6. 5-тармақтың а) немесе b) тармақшаларында көрсетілген ескертпені жасамаған әрбір Тарап Депозитарийді осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдерінің әрқайсысында 4-тармақта көрсетілген ереженің қамтылғаны не қамтылмағаны туралы және егер қамтылса, әрбір осындай ереженің бабы мен тармағының нөмірін хабардар етеді. Егер барлық Уағдаласушы Юрисдикция аталған Конвенция қолданылатын Салықтық келісім ережелеріне қатысты хабарлама жасаған болса, осындай ереже 1-3-тармақтардың ережелерімен ауыстырылады. Басқа жағдайларда 1-3-тармақтар осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелерін мұндай ережелер осы тармақтармен үйлеспейтіндей шамада ғана ауыстырады.

11-бап – Тараптың өз резиденттеріне салық салуға қатысты құқықтарын шектеу мақсатында салықтық келісімдерді қолдану

      1. Осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім:

      а) Уағдаласушы Юрисдикция аталған Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес екінші Уағдаласушы Юрисдикция жасаған бастапқы түзетуден кейін осы Уағдаласушы Юрисдикцияның кәсіпорнына бірінші аталған Уағдаласушы Юрисдикцияда кәсіпорынның тұрақты өкілдігінің пайдасына немесе қауымдасқан кәсіпорын пайдаларына есепке жазылған салық сомасына салыстырмалы немесе симметриялық түзету ұсынатынын көздейтін;

      b) егер Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті болып табылатын жеке тұлға екінші Уағдаласушы Юрисдикцияға, оның саяси бөлімшесіне, жергілікті билік органдарына немесе басқа осыған ұқсас органға көрсететін қызметтеріне қатысты кіріс алатын болса, осы Уағдаласушы Юрисдикцияның осындай жеке тұлғаға салық салуына ықпал ететін;

      c) егер Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті болып табылатын жеке тұлға, бұл ретте, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім шарттарына сай келетін студент, тағылымдамадан өтуші немесе практикадан өтуші немесе мұғалім, профессор, лектор, нұсқаушы, зерттеуші немесе ғылыми қызметкер болып табылса, осы Уағдаласушы Юрисдикцияның осындай жеке тұлғаға салық салуына ықпал ететін;

      d) Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденттеріне осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес екінші Уағдаласушы Юрисдикцияда салық салынуы мүмкін кіріске қатысты (осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес осындай екінші Уағдаласушы Юрисдикцияда орналасқан тұрақты өкілдікке тиесілі пайданы қоса алғанда) Уағдаласушы Юрисдикция салықты есепке жатқызуды немесе салық салудан босатуды ұсынуға тиіс екенін белгілейтін;

      e) осы Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденттерін осы Уағдаласушы Юрисдикцияның салық салудың белгілі бір кемсіту режимдерінен қорғауға бағытталған;

      f) осы Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденттеріне осы немесе басқа Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органдарына осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес емес салық салу туралы өтінішпен жүгінуге мүмкіндік беретін;

      g) егер осы Уағдаласушы Юрисдикцияның резиденті болып табылатын жеке тұлға екінші Уағдаласушы Юрисдикцияның дипломатиялық миссиясының, үкіметтік миссиясының немесе консулдық мекемесінің қызметкері болып табылса, осы Уағдаласушы Юрисдикцияның осындай жеке тұлғаға салық салуына ықпал ете алатын;

      h) екінші Уағдаласушы Юрисдикцияның әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған зейнетақылар мен басқа да төлемдер осы екінші Уағдаласушы Юрисдикцияда ғана салық салынуға жататынын көздейтін;

      i) екінші Уағдаласушы Юрисдикцияда туындайтын зейнетақылар мен ұқсас төлемдер, аннуитеттер, алимент төлемдері немесе басқа да жәрдемақы төлемдері осы екінші Уағдаласушы Юрисдикцияда ғана салық салынуға жататынын көздейтін;

      j) қандай да бір басқаша тәсілмен Уағдаласушы Юрисдикцияның өз резиденттеріне салық салу құқығын тікелей шектейтін немесе кіріс түрі туындайтын Уағдаласушы Юрисдикцияның осы кіріс түріне салық салуға айрықша құқығы бар екенін тікелей көздейтін, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім ережелеріне сәйкес ұсынылатын жеңілдіктерді қоспағанда, Уағдаласушы Юрисдикцияның өз резиденттеріне салық салуына ықпал етпеуге тиіс.

      2. 1-тармақ осы Конвенция қолданылатын осы Салықтық келісім Уағдаласушы Юрисдикциялардың өз резиденттеріне салық салуына ықпал етпейтінін көрсететін, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдердің ережелерінің орнына немесе олар болмаған кезде қолданылады.

      3. Тарап:

      а) осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне осы бапты толық қолданбау;

      b) 2-тармақта көрсетілген ережелер қамтылған, осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне осы бапты толық қолданбау құқығын өзінде қалдыра алады.

      4. 3-тармақтың а) немесе b) тармақшаларында көрсетілген ескертпені жасамаған әрбір Тарап Депозитарийді осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдерінің әрқайсысында 2-тармақта көрсетілген ереже қамтылғаны не қамтылмағаны туралы және егер қамтылса, әрбір осындай ереженің бабы мен тармағының нөмірін хабардар етеді. Егер барлық Уағдаласушы Юрисдикция осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне қатысты хабарлама жасаса, мұндай ереже 1-тармақтың ережелерімен ауыстырылады. Басқа жағдайларда 1-тармақ осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелерін осындай ережелер 1-тармақпен үйлеспейтіндей шамада ғана ауыстырады.

IV БӨЛІК ТҰРАҚТЫ ӨКІЛДІК МӘРТЕБЕСІН БОЛҒЫЗБАУ

12-бап – Агенттік келісімдер мен ұқсас стратегиялардың есебінен тұрақты өкілдік мәртебесін жасанды түрде болғызбау

      1. Осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің "тұрақты өкілдік" терминін айқындайтын ережелеріне қарамастан, 2-тармақ ескеріле отырып, егер осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің тарапы болып табылатын Уағдаласушы Юрисдикциядағы тұлға қызметін кәсіпорын атынан жүзеге асырса және онымен әрекет ете отырып, осылайша әдетте келісімшарттар жасаса немесе әдетте кәсіпорындар елеулі өзгерістерсіз тұрақты жасайтын келісімшарттарды жасауға алып келетін басты рөл атқарса және бұл келісімшарттар:

      а) кәсіпорын атынан немесе

      b) мүлікке меншік құқығын беру немесе осы кәсіпорынға тиесілі немесе оған қатысты кәсіпорынның пайдалану құқығы бар мүлікті пайдалану құқығын беру мақсаттары үшін немесе

      c) осы кәсіпорынның қызметтер көрсету мақсаттары үшін жасалса,

      онда осы кәсіпорын, осы Уағдаласушы Юрисдикцияда орналасқан осы кәсіпорынның тұрақты қызмет орны арқылы кәсіпорын жүзеге асыратын осындай қызмет осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімде (осы Конвенцияда белгіленуі мүмкін өзгерістерді ескере отырып) қамтылған тұрақты өкілдік анықтамасына сәйкес тұрақты өкілдікті құруға алып келеді деп саналмайтын жағдайларды қоспағанда, осы тұлға кәсіпорын үшін жүзеге асыратын кез келген қызметке қатысты осы Уағдаласушы Юрисдикцияда тұрақты өкілдігі бар кәсіпорын ретінде қаралады.

      2. Егер осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің тарапы болып табылатын, Уағдаласушы Юрисдикцияның бірінде екінші Уағдаласушы Юрисдикция кәсіпорнының атынан әрекет ететін тұлға бірінші аталған Уағдаласушы Юрисдикцияда тәуелсіз мәртебесі бар агент ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса және өзінің әдеттегі қызметі шеңберінде кәсіпорын үшін әрекет етсе, 1-тармақ қолданылмайды. Алайда, егер тұлға тек қана өзімен тығыз байланысты бір немесе бірнеше кәсіпорын атынан ғана немесе негізінде соның атынан ғана әрекет етсе, онда мұндай тұлға кез келген осындай кәсіпорынға қатысты осы тармақ мәнінде тәуелсіз мәртебесі бар агент деп саналмайтын болады.

      3. а) 1-тармақ кәсіпорын тәуелсіз мәртебесі бар агенттен өзге тұлға кәсіпорын үшін жүзеге асыратын қызметке қатысты Уағдаласушы Юрисдикцияда тұрақты өкілдігі бар деп қарастырылатын (немесе тұлға Уағдаласушы Юрисдикциядағы тұрақты өкілдік ретінде қарастырылатын) кездегі шарттарды айқындайтын, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім ережелерінің орнына, бірақ осындай ережелер мұндай тұлғаның осы Уағдаласушы Юрисдикцияда кәсіпорын атынан келісімшарттар жасауға өкілеттігі бар және оны пайдаланатын жағдайларға қатысы болатындай шамада ғана қолданылады.

      b) 2-тармақ осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің кәсіпорын тәуелсіз мәртебесі бар агент осы кәсіпорын үшін жүзеге асыратын қызметке қатысты Уағдаласушы Юрисдикцияда тұрақты өкілдігі ретінде қарамауды көздейтін ережелерінің орнына қолданылады.

      4. Тарап осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне қатысты осы бапты толық қолданбау құқығын өзінде қалдыра алады.

      5. 4-тармақта көрсетілген ескертпені жасамаған әрбір Тарап Депозитарийді 3-тармақтың а) тармақшасында көрсетілген ережені, сондай-ақ әрбір осындай ереженің бабы мен тармағының нөмірін қамтитын, осы Конвенция қолданылатын өзінің әрбір Салықтық келісімі туралы хабардар етуге тиіс. Егер барлық Уағдаласушы Юрисдикция аталған ережеге қатысты хабарлама жасаса ғана, 1-тармақ осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне қатысты қолданылатын болады.

      6. 4-тармақта көрсетілген ескертпені жасамаған әрбір Тарап Депозитарийді 3-тармақтың b) тармақшасында көрсетілген ережені, сондай-ақ әрбір осындай ереженің бабы мен тармағының нөмірін қамтитын, осы Конвенция қолданылатын өзінің әрбір Салықтық келісімі туралы хабардар етуге тиіс. Егер барлық Уағдаласушы Юрисдикция аталған ережеге қатысты хабарлама жасаса ғана, 2-тармақ осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережесіне қатысты қолданылады.

13-бап – Нақты қызмет түрлері үшін көзделген ерекшеліктер есебінен тұрақты өкілдік мәртебесін жасанды түрде болғызбау

      1. Тарап не 2-тармақты (А нұсқасын) не 3-тармақты (В нұсқасын) таңдай алады не Нұсқалардың ешбірін таңдамаса да болады.


      А нұсқасы

      2. Осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің "тұрақты өкілдік" терминін айқындайтын ережелеріне қарамастан, "тұрақты өкілдік" термині:

      а) осы Конвенция қолданылатын (осы Конвенциямен енгізілген өзгерістерге дейін) Салықтық келісімде арнайы аталған, тұрақты өкілдік анықтамасынан осы ерекшеліктер байланысты не байланысты еместігіне мұндай қызмет дайындық немесе көмекші сипатта болуына-болмауына қарамастан, тұрақты өкілдікті құратын қызмет ретінде қаралмайтын қызмет түрлерін;

      b) а) тармақшасында көрсетілмеген, кәсіпорын үшін кез келген қызметті жүзеге асыру мақсаты үшін ғана тұрақты қызмет орнын күтіп-ұстауды;

      с) а) және b) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің кез келген амалын жүзеге асыру үшін ғана тұрақты қызмет орнын күтіп-ұстауды;

      осындай қызмет немесе с) тармақшасы жағдайында тұрақты қызмет орнының жиынтық қызметі дайындық немесе көмекші сипатта болған жағдайды қамтымайды.


      В нұсқасы

      3. Осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің "тұрақты өкілдік" терминін айқындайтын ережелеріне қарамастан, "тұрақты өкілдік" термині:

      а) осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің тиісті ережесі белгілі бір қызмет егер дайындық немесе көмекші сипатта болса, тұрақты өкілдік құруға алып келмейді деп саналатынын тікелей белгілейтін жағдайларды қоспағанда, осы Конвенция қолданылатын (осы Конвенциямен енгізілген өзгерістерге дейін) Салықтық келісімде арнайы аты аталған, тұрақты өкілдік анықтамасынан осы ерекшеліктер дайындық немесе көмекші сипаттағы қызмет болып табылатынына не болып табылмайтынына қарамастан, тұрақты өкілдік құратын қызмет ретінде қаралмайтын қызмет түрлерін;

      b) а) тармақшасында көрсетілмеген, кәсіпорын үшін кез келген қызметті жүзеге асыру мақсаттары үшін ғана тұрақты қызмет орнын мұндай қызмет дайындық немесе көмекші сипатта болған жағдайда күтіп-ұстауды;

      с) тұрақты қызмет орнын а) және b) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің кез келген амалын жүзеге асыру үшін ғана, тұрақты қызмет орнының осындай амал нәтижесінде жиынтық қызметі дайындық немесе көмекші сипатта болған жағдайда күтіп-ұстауды қамтымайды.

      4. Осы Конвенция қолданылатын (2 немесе 3-тармағында белгіленуі мүмкін өзгерістерді ескере отырып), Салықтық келісімнің тұрақты өкілдікті құрмайды деп саналатын арнайы қызмет түрлері санамаланған ережесі, егер дәл осы кәсіпорын немесе онымен тығыз байланысты басқа кәсіпорын сол бар Уағдаласушы Юрисдикцияда сол орында немесе дәл сол Юрисдикцияда сол немесе басқа орында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса және:

      а) осы орын немесе басқа орын, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің тұрақты өкілдікті айқындайтын ережелеріне сәйкес кәсіпорын немесе онымен тығыз байланысты кәсіпорын үшін тұрақты өкілдіктің құрылуына алып келсе, немесе

      b) екі кәсіпорын сол орында немесе дәл сол кәсіпорын немесе онымен тығыз байланысты кәсіпорындар екі орында жүзеге асыратын қызмет бірыңғай бизнес-процестің бір бөлігі болып табылатын өзара толықтыратын функцияларды білдіретін жағдайда, екі кәсіпорын сол орында немесе дәл сол кәсіпорын немесе онымен тығыз байланысты кәсіпорындар екі орында жүзеге асыратын қызмет амалының нәтижесінде жиынтық қызметтің дайындық немесе көмекші сипаты болмаса, кәсіпорын қолданатын немесе пайдаланатын тұрақты қызмет орнына қолданылмайды.

      5. а) 2 немесе 3-тармақ, егер тіпті қызмет тұрақты қызмет орны арқылы жүзеге асырылса да, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің тұрақты өкілдік құрмайды деп саналатын, арнайы қызмет түрлері санамаланған тиісті ережелерінің (немесе осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің осыған ұқсас тәсілмен қолданылатын ережелерінің) орнына қолданылады.

      b) 4-тармақ, егер тіпті қызмет тұрақты қызмет орны арқылы жүзеге асырылса да, осы Конвенция қолданылатын (2 немесе 3-тармақта белгіленуі мүмкін өзгерістерді ескере отырып) Салықтық келісімнің тұрақты өкілдік құрмайды деп саналатын арнайы қызмет түрлері санамаланған ережелеріне (немесе осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің осыған ұқсас қолданылатын ережелеріне) қолданылады.

      6. Тарап:

      а) осы бапты осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерге қатысты толық қолданбау;

      b) егер қызметтің осындай түрлерінің әрқайсысы дайындық немесе көмекші сипатта болса ғана, 2-тармақты арнайы қызмет түрлері тұрақты өкілдік құрушы ретінде қаралмайтынын тікелей белгілейтін, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерге қатысты қолданбау;

      с) 4-тармақты осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерге қатысты қолданбау құқығын өзінде қалдыра алады.

      7. 1-тармаққа сәйкес қандай да бір Нұсқаны таңдаған әрбір Тарап Депозитарийді өзінің Нұсқаны таңдауы туралы хабардар етуге тиіс. Осындай хабарламада сондай-ақ 5-тармақтың а) тармақшасында көрсетілген ережелер қамтылған, осы Конвенция қолданылатын барлық Салықтық келісімдердің тізімі, сондай-ақ әрбір осындай ереженің бабы мен тармағының нөмірі қамтылады. Нұсқа, егер барлық Уағдаласушы Юрисдикция және сол бір Нұсқаны таңдаса және осы ережеге қатысты хабарлама жасаса ғана осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне қатысты қолданылатын болады.

      8. 6-тармақтың а) немесе с) тармақшасында көрсетілген ескертпені жасамаған және 1-тармаққа сәйкес Нұсқалардың бірде-бірін таңдамаған әрбір Тарап Депозитарийді 5-тармақтың b) тармақшасында көрсетілген ережені, сондай-ақ әрбір осындай ереженің бабы мен тармағының нөмірін қамтитын, осы Конвенция қолданылатын өзінің әрбір Салықтық келісімі туралы хабардар етеді. Егер барлық Уағдаласушы Юрисдикция осы тармаққа немесе 7-тармаққа сәйкес осы ережеге қатысты хабарлама жасаса ғана, 4-тармақ осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне қатысты қолданылады.

14-бап – Келісімшарттарды бөлу

      1. Осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім ережесінде аталған, нақты объектілер немесе қызмет түрлері тұрақты өкілдікті құратын уақыт кезеңімен (немесе кезеңдерімен) байланысты кезеңнен (кезеңдерден) асқанын не аспағанын айқындау мақсатында ғана:

      а) егер Уағдаласушы Юрисдикцияның кәсіпорны екінші Уағдаласушы Юрисдикцияда осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің тиісті ережесінде айқындалған құрылыс алаңын, құрылыс немесе монтаждау объектісін немесе басқа нақты объектіні құратын жерде қызметті жүзеге асырса немесе осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне қатысты осындай қызмет түрлеріне жататын, осындай жермен байланысты қадағалау немесе консультациялық қызметті жүзеге асырса және осы қызмет түрлері осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің тиісті ережесінде көрсетілген кезеңнен немесе кезеңдерден асырмай жалпы жиынтығы 30 күннен асатын, бір немесе бірнеше уақыт кезеңі ішінде жүзеге асырылса; және

      b) егер байланысты қызмет түрлерін осы екінші Уағдаласушы Юрисдикцияда осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің тиісті ережесінде (немесе егер осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің тиісті ережесі олармен байланысты қадағалау немесе консультациялық қызметке қолданылса) айқындалған сол құрылыс алаңында, құрылыс немесе монтаждау объектісінде немесе басқа жерде бірінші аталған кәсіпорынмен тығыз байланысты бір немесе бірнеше кәсіпорын әрқайсысы 30 күннен асатын түрлі уақыт кезеңі ішінде жүзеге асырса,

      осындай әртүрлі уақыт кезеңі бірінші аталған кәсіпорын қызметті осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің тиісті ережесінде айқындалған құрылыс алаңында, құрылыс немесе монтаждау объектісінде немесе басқа жерде жүзеге асырған жиынтық уақыт кезеңіне қосылады.

      2. 1-тармақ осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім ережелерінің орнына немесе ол болмаған кезде осындай ережелер 1-тармақта көрсетілген нақты объектілер немесе қызмет түрлері үшін тұрақты өкілдіктің болуына қатысты мерзімді немесе мерзімдерді қолдануды болғызбау мақсатында келісімшарттарды бірнеше бөлікке бөлуге қатысты болатындай шамада қолданылады.

      3. Тарап:

      a) осы бапты осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерге толық қолданбау;

      b) осы бапты осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдердің табиғи ресурстарды барлаумен немесе игерумен байланысты ережелеріне қатысты толық қолданбау құқығын өзінде қалдыра алады.

      4. 3-тармақтың а) тармақшасында көрсетілген ескертпені жасамаған әрбір Тарап Депозитарийді өздерінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық қатынастарының әрқайсысында 3-тармақтың b) тармақшасына сәйкес ескертпе нысанасы болып табылмайтын, 2-тармақта көрсетілген ереже қамтылғаны не қамтылмағаны туралы егер қамтылса, әрбір осындай ереженің бабы мен тармағының нөмірі туралы хабардар етеді. Егер барлық Уағдаласушы Юрисдикция осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім ережесіне қатысты мұндай хабарлама жасаса, осындай ереже 2-тармақта көзделгендей шамада 1-тармақтың ережелерімен ауыстырылады. Басқа жағдайларда 1-тармақ осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережесі осындай ережелер 1-тармақпен үйлеспейтін шамада ғана ауыстырылады.

15-бап – Кәсіпорынмен тығыз байланысты адамды айқындау

      1. 12-баптың (Агенттік келісімдер мен ұқсас стратегиялардың есебінен тұрақты өкілдік мәртебесін жасанды түрде болғызбау) 2-тармағымен, 13-баптың (Нақты қызмет түрлері үшін көзделген ерекшеліктер есебінен тұрақты өкілдік мәртебесін жасанды түрде болғызбау) 4-тармағымен немесе 14-баптың (Келісімшарттарды бөлу) 1-тармағымен өзгертілетін, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім ережелерінің мақсаты үшін егер барлық тиісті фактілер мен мән-жайларды негізге ала отырып, бір тұлға екіншісін бақылайтын болса немесе екеуі де сол бір тұлғалардың немесе кәсіпорындардың бақылауында болса, тұлға кәсіпорынмен тығыз байланысты деп саналады. Егер бұл тұлғаның екінші тұлғада 50 астамды пайыздан құрайтын тікелей немесе жанама бенефициарлық қатысу үлесі (немесе компания жағдайында, жиынтық дауыстың және компания акциялары құнының 50 пайыздан астамы немесе компанияның акционерлік капиталының 50 пайызы) немесе егер басқа тұлғаның тұлғада немесе кәсіпорында 50 пайыздан асатын тікелей немесе жанама бенефициарлық қатысу үлесі (немесе компания жағдайында, жиынтық дауыстың және компания акциялары құнының 50 пайыздан астамы немесе компанияның акционерлік капиталының 50 пайызы) болса, кез келген жағдайда, тұлға кәсіпорынмен тығыз байланысты деп саналады.

      2. 12-баптың (Агенттік келісімдер мен ұқсас стратегиялардың есебінен тұрақты өкілдік мәртебесін жасанды түрде болғызбау) 4-тармағында, 13-баптың (Нақты қызмет түрлері үшін көзделген ерекшеліктер есебінен тұрақты өкілдік мәртебесін жасанды түрде болғызбау) 6-тармағының а) немесе с) тармақшасында немесе 14-баптың (Келісімшарттарды бөлу) 3-тармағының а) тармақшасында көрсетілген ескертпелерді жасаған Тарап осы бапты осындай ескертпелер қолданылатын, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерге толық қолданбау құқығын өзінде қалдыра алады.

V БӨЛІК ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТЕТІГІН ЖЕТІЛДІРУ

16-бап – Өзара келісу рәсімі

      1. Егер тұлға Уағдаласушы Юрисдикциялардың бірінің немесе екеуінің де әрекеттері өзіне осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға әкеледі немесе әкелуі мүмкін деп санаса, онда бұл тұлға осы Уағдаласушы Юрисдикциялардың ұлттық заңнамасында көзделген қорғану құралдарына қарамастан істі Уағдаласушы Юрисдикциялардың кез келгенінің құзыретті органына ұсынуына болады. Өтініш осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға әкелетін әрекеттер туралы бірінші хабардар етілген кезден бастап үш жыл ішінде ұсынылуы тиіс.

      2. Құзыретті орган егер өзі өтінішті негізді деп санаса және ол өзі осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес келмейтін салық салуды болғызбау мақсатында басқа Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органымен өзара келісу арқылы қанағаттанарлық шешімге келе алмаса, мәселені шешуге тырысады. Кез келген қол жеткізілген келісім Уағдаласушы Юрисдикциялардың ұлттық заңнамасында белгіленген уақытша шектеулерге қарамастан орындалуға тиіс.

      3. Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімді түсіндіру немесе қолдану кезінде туындайтын кез келген қиындықты немесе күмәнді өзара келісу арқылы шешуге тырысатын болады. Осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімде көзделмеген жағдайларда, олар қосарланған салық салуды жою мақсатында бір-бірінен консультация да алады.

      4. а)

      i) 1-тармақтың бірінші сөйлемі, егер тұлға Уағдаласушы Юрисдикциялардың бірінің немесе екеуінің де әрекеттері өзіне осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне сәйкес емес салық салуға әкелді немесе әкеледі деп санаса, бұл тұлғаның осы Уағдаласушы Юрисдикциялардың ұлттық заңнамасында көзделген қорғану құралдарына қарамастан, істі осы тұлға резиденті болып табылатын Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органына ұсынуды көздейтін, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің (немесе олардың бөлімдері) ережелерінің орнына немесе олар болмаған кезде қолданылады, егер оған сәйкес істі ұлттық белгісі бойынша кемсітпеушілікке қатысты осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім ережелері қолданылатын тұлға ұсынған ережелерді қоса алғанда, өтініш осы тұлға ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органына ұсынылуы мүмкін;

      ii) 1-тармақтың екінші сөйлемі 1-тармақтың бірінші сөйлемінде аталған іс осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне сәйкес емес салық салуға әкелген әрекеттер туралы бірінші хабардар етілген кезден бастап кемінде үш жылды құрайтын белгілі бір уақыт кезеңінде ұсынылуы тиіс екендігін көздейтін, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім ережелерінің орнына немесе мұндай өтініш ұсынылуы тиіс уақыт кезеңін айқындайтын, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелері болмаған кезде қолданылады.

      b)

      i) 2-тармақтың бірінші сөйлемі 1-тармақта көрсетілген тұлғаның ісі ұсынылған құзыретті орган, егер ол өтінішті негізді деп санаса және ол өзі қанағаттанарлық шешімге келе алмаса, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес емес салық салуды жою мақсатында мәселені басқа Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органымен өзара келісу арқылы шешуге тырысуды көздейтін осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелері болмаған кезде қолданылады.

      ii) 2-тармақтың екінші сөйлемі Уағдаласушы Юрисдикциялардың ұлттық заңнамасында көзделген кез келген уақытша шектеулерге қарамастан кез келген қол жеткізілген келісімнің орындалуы тиіс екендігін көздейтін, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелері болмаған кезде қолданылады.

      с)

      i) 3-тармақтың бірінші сөйлемі осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімді түсіндіру немесе қолдану кезінде туындайтын кез келген қиындықты немесе күмәнді Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары өзара келісу арқылы шешуге тырысатынын көздейтін, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелері болмаған кезде қолданылады.

      ii) 3-тармақтың екінші сөйлемі құзыретті органдардың осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімде көзделмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою мақсатында бір-бірінен консультация ала алатындығын көздейтін, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелері болмаған кезде қолданылады.

      5. Тарап:

      а) егер тұлға осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне сәйкес Уағдаласушы Юрисдикциялардың бірінің немесе екеуінің де әрекеттері осы Уағдаласушы Юрисдикциялардың ұлттық заңнамасында көзделген қорғану құралдарына қарамастан, оған осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне сәйкес емес салық салуға әкелді немесе әкеледі деп санаса, бұл тұлға істі өзі резиденті болып табылатын Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органына ұсына алатын болса немесе егер істі мұндай тұлға ұлттық тұлғасы болып табылатын сол Уағдаласушы Юрисдикцияның ұлттық белгісі бойынша кемсітпеушілікке қатысты, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелері қолданылатын тұлға ұсынса, осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдердің әрқайсысына (тұлғаға істі Уағдаласушы Юрисдикциялардың кез келгенінің құзыретті органына ұсынуға мүмкіндік беретін, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнен өзге) сәйкес қамтамасыз етіп, BEPS Жоспарының шеңберінде дауларды шешу тетіктерін жетілдіру бойынша ең төмен стандартқа сәйкес келуіне ниетті болуы негізінде осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне 1-тармақтың бірінші сөйлемін қолданбау; және осы Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органы екіжақты хабардар ету немесе өзара келісу рәсімі туралы өтініш берілген құзыретті орган салық төлеушінің өтінішін негізді деп санамайтын істер бойынша басқа Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органымен консультация рәсімін қолдану;

      b) осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің барлық мақсаттары үшін, 1-тармақта көрсетілген салық төлеуші осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне сәйкес емес салық салуға әкелетін әрекеттер туралы бірінші хабардар еткен кезден бастап кемінде үш жыл ішінде өтініш беру құқығының болуын қамтамасыз ете отырып, ол BEPS Жоспарының шеңберінде дауларды шешу тетіктерін жетілдіру жөніндегі ең төменгі стандартқа сай болуы ниетінің негізінде белгілі уақыт кезеңінде ұсыну тиістігі сөз болып отырған 1-тармақтың бірінші сөйлеміндегі өтінішті көздемейтін, осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне 1-тармақтың екінші сөйлемін қолданбау;

      c) 2-тармақтың екінші сөйлемін осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне осы Конвенция қолданылатын өзінің барлық Салықтық келісімдерінің мақсаттары үшін мынадай негіздерде қолданбау:

      i) өзара келісу рәсімі арқылы қол жеткізілген кез келген келісім Уағдаласушы Юрисдикциялардың ұлттық заңнамасы бойынша қандай да бір уақытша шектеулерге қарамастан орындалуы тиіс; немесе

      ii) ол ВЕРS Жоспарының шеңберінде дауларды шешу тетігін жетілдіру бойынша ең төменгі стандартқа сәйкес келуіне ниет білдіруді өзінің екіжақты келіссөздерінде көздейтін:

      А) Уағдаласушы Юрисдикциялар Уағдаласушы Юрисдикциялардың бірінің кәсіпорнының тұрақты өкілдігіне жататын пайдаға салықтық жылдың соңынан бастап екі Уағдаласушы Юрисдикцияның арасында өзара келісілген, пайда тұрақты өкілдікке жатқызылатын уақыт мерзімінен кейін түзету жасамайтын (бұл ереже алаяқтық, өрескел немқұрайдылық немесе міндеттемелерді қасақана орындамау жағдайында қолданылмайды); және

      В) Уағдаласушы Юрисдикциялар кәсіпорынға есептелетін, бірақ қауымдастырылған кәсіпорындарға қатысты осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелерінде көрсетілген жағдайлардың себебінен пайда кәсіпорынға есепке жазылатын, салықтық жылдың соңынан бастап екі Уағдаласушы Юрисдикцияның арасында өзара келісілген уақыт кезеңінен кейін есептелмейтін пайданы кәсіпорын пайдасына қоспайды және тиісінше пайдаға салық салынбайтын (бұл ереже алаяқтық, өрескел немқұрайлық немесе міндеттемені қасақана орындамау жағдайында қолданылмайды) келісімдердің ережелерін қабылдау арқылы құқықтарды өзінде қалдыра алады.

      6. а) 5-тармақтың а) тармақшасында көрсетілген ескертпе жасамаған әрбір Тарап Депозитарийді өздерінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерінде 4-тармақтың а) тармақшасының і) бөлімінде көрсетілген ережелердің қамтылғандығы туралы, егер қамтылса, осындай әрбір ереженің бабы мен тармағының нөмірі туралы хабардар етеді. Егер барлық Уағдаласушы Юрисдикция осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне қатысты хабарлама жасаса, мұндай ереже 1-тармақтың бірінші сөйлемімен ауыстырылады. Басқа жағдайларда 1-тармақтың бірінші сөйлемі осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережесі осындай ережелер бұл сөйлеммен үйлеспейтін шамада ғана ауыстырылады.

      b) 5-тармақтың b) тармақшасында көрсетілген ескертпені жасамаған әрбір Тарап Депозитарийді:

      i) 1-тармақтың бірінші сөйлемінде айтылған өтініштің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға әкелетін әрекеттер туралы бірінші хабардар етілген кезден бастап үш жылдан кем уақытты құрайтын белгілі бір уақыт кезеңінде ұсынылуы тиіс екендігін көздейтін ережені қамтитын, осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдердің тізбесі, сондай-ақ әрбір осындай ереженің бабы мен тармағының нөмірі; егер барлық Уағдаласушы Юрисдикция осындай ережеге қатысты хабарлама жасаса, 1-тармақтың екінші сөйлемімен ауыстырылатын, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережесі; басқа жағдайларда іі) бөлімін ескере отырып, 1-тармақтың екінші сөйлемі осындай ережелер 1-тармақтың екінші сөйлемімен үйлеспейтін дәрежеде ғана осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелерін алмастыратыны;

      ii) 1-тармақтың бірінші сөйлемінде айтылған өтініштің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға әкелетін әрекеттер туралы бірінші хабардар етілген кезден бастап кемінде үш жыл уақытты құрайтын белгілі бір уақыт кезеңінде ұсынылуы тиіс екенін көздейтін ережені қамтитын, осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдерінің тізбесі, сондай-ақ әрбір осындай ереженің бабы мен тармағының нөмірі; егер кез келген Уағдаласушы Юрисдикция аталған Конвенция қолданылатын осындай Салықтық келісімге қатысты осындай хабарлама жасаса, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге 1-тармақтың екінші сөйлемі қолданылмайтыны туралы хабардар етеді.

      с) Әрбір Тарап Депозитарийді:

      i) 4-тармақтың b) тармақшасының і) бөлігінде көрсетілген ережені қамтымаса, өздерінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерінің тізбесі; 2-тармақтың бірінші сөйлемі, егер барлық Уағдаласушы Юрисдикция осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге қатысты мұндай хабарлама жасаса ғана, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге қолданылады;

      ii) Тараптар 5-тармақтың с) тармақшасында көрсетілген ескертпені жасамаған жағдайда 4-тармақтың b) тармақшасының іі) бөлігінде көрсетілген ережені қамтымайтын, өздерінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерінің тізбесі туралы хабардар етеді; 2-тармақтың екінші сөйлемі, егер барлық Уағдаласушы Юрисдикция осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге қатысты мұндай хабарлама жасаса ғана, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге қолданылады;

      d) Әрбір Тарап Депозитарийді:

      i) 4-тармақтың с) тармақшасының і) бөлігінде көрсетілген ережені қамтымаса, өздерінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерінің тізбесі; 3-тармақтың бірінші сөйлемі, егер барлық Уағдаласушы Юрисдикция осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге қатысты хабарлама жасаса ғана, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге қолданылады;

      ii) 4-тармақтың с) тармақшасының іі) бөлігінде көрсетілген ережені қамтымаса, өздерінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерінің тізбесі туралы хабардар етеді; 3-тармақтың екінші сөйлемі, егер барлық Уағдаласушы Юрисдикция осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге қатысты осындай хабарлама жасаса ғана, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге қолданылады.

17-бап – Симметриялық түзетулер

      1. Егер Уағдаласушы Юрисдикция пайданы осы Уағдаласушы Юрисдикция кәсіпорнының пайдасына қосса және тиісінше оған салық салатын болса, оған қатысты басқа Уағдаласушы Юрисдикцияның кәсіпорнына осы басқа Уағдаласушы Юрисдикцияда салық салынады және осылайша қосылған пайда бірінші аталған Уағдаласушы Юрисдикцияның кәсіпорнына есепке жазылатын, егер екі кәсіпорын арасындағы қатынастар екі тәуелсіз кәсіпорын арасындағыдай болса, онда бұл басқа Уағдаласушы Юрисдикция аталғандай пайдадан алынатын салық сомасына сәйкес келетін түзету жасайды. Мұндай түзетуді айқындаған кезде міндетті түрде осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің басқа ережелері ескеріледі, оған және Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары қажет болған кезде бір-бірінен консультация алады.

      2. 1-тармақ Уағдаласушы Юрисдикциядан осы Уағдаласушы Юрисдикция кәсіпорнының пайдасынан алынатын салық сомасының тиісті түзетуін жасауды талап ететін ереже болмаған кезде қолданылады, егер басқа Уағдаласушы Юрисдикция аталғандай пайданы осы басқа Уағдаласушы Юрисдикция кәсіпорнының пайдасына қосса және сәйкесінше осы пайдаға салық салса және осылайша қосылған пайда, егер екі кәсіпорын арасындағы қатынастар тәуелсіз кәсіпорындар арасындағыдай болса, осы басқа Уағдаласушы Юрисдикцияның кәсіпорнына есепке жазылатын пайда болады.

      3. Тарап:

      a) 2-тармақта көрсетілген ережені қамтитын осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне осы бапты толық қолданбау;

      b) осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдерінде 2-тармақта көрсетілген ережелердің болмауы негізінде:

      i) ол 1-тармақта көрсетілген тиісті түзетуді жасайтын; немесе

      ii) оның құзыретті органы өзара келісу рәсіміне қатысты істі осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім ережелеріне сәйкес шешуге тырысатын осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне осы бапты толық қолданбау;

      c) егер 16-баптың (Өзара келісу рәсімі) 5-тармағының с) тармақшасының іі) бөліміне сәйкес ескертпе жасаған Тарап, өзінің екіжақты келіссөздерінде ол, Уағдаласушы Юрисдикциялардың осындай ереже бойынша немесе 16-баптың (Өзара келісу рәсімі) 5-тармағының с) тармақшасының іі) бөлімінде көрсетілген ережелер бойынша келісуге қол жеткізе алған жағдайда шарттың 1-тармағында қамтылған ережесі қабылдайтыны негізінде осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне осы бапты толық қолданбау құқығын өзінде қалдыра алады.

      4. 3-тармақта көрсетілген ескертпе жасамаған әрбір Тарап Депозитарийді өздерінің осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерінің әрқайсысында 2-тармақта көрсетілген ереже қамтылғаны туралы, егер қамтылмаса әрбір осындай ереженің бабы мен тармағының нөмірі туралы хабардар етеді. Егер барлық Уағдаласушы Юрисдикция осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережесіне қатысты мұндай хабарламаны жасаса, осындай ереже 1-тармақтың ережелерімен ауыстырылуы тиіс. Басқа жағдайларда 1-тармақ осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімінің ережелерін осындай ережелер 1-тармақпен үйлеспейтін шамада ғана ауыстырылады.

VI БӨЛІК ТӨРЕЛІК

18-бап – VI бөлікті қолдану туралы шешім

      Тарап осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне қатысты осы Бөлікті қолдану туралы шешімді қабылдай алады және бұл туралы Депозитарийді тиісінше хабардар етеді. Осы Бөлім, егер Уағдаласушы Юрисдикцияның екеуі де осындай хабарлама жасаған жағдайда ғана осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге қатысты екі Уағдаласушы Юрисдикцияға да қолданылады.

19-бап – Орындалуға міндетті төрелік шешімі

      1. Егер:

      a) егер бір немесе екі Уағдаласушы Юрисдикцияның әрекеттері осы тұлғаға қатысты осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне

      сәйкес келмейтін салық салуға әкелді немесе әкелетін болады деп саналса, осы адам үшін істі Уағдаласушы Юрисдикцияның да құзыретті органына ұсыну мүмкіндігін көздейтін осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережесіне сәйкес (16-баптың 1-тармағында белгіленуі мүмкін өзгерістерді ескере отырып (Өзара келісу рәсімі)) тұлға істі бір немесе екі Уағдаласушы Юрисдикцияның әрекеттері осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне (осы Конвенцияда белгіленуі мүмкін өзгерістерді ескере отырып) сәйкес келмейтін салық салуға әкелген деген негізде Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органына ұсынса, және

      b) құзыретті органдар 16-баптың 2-тармағында белгіленуі мүмкін құзыретті орган басқа Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органымен өзара келісу арқылы 8 немесе 9-тармақта көрсетілген күннен бастап істі екі жыл мерзім ішінде нақты істің мән-жайларына байланысты шешуге тырысатынын көздейтін (осы кезең өткенге дейін Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары осы іс бойынша өзге уақытша кезең туралы шарттасқан және істі қарауға ұсынған адамды осы уағдаластық туралы хабардар еткен жағдайлардан басқа) осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережесіне (өзгерістерді ескере отырып) сәйкес осы істі шешу жөнінде келісімге қол жеткізе алмайтын болса, (Өзара келісу рәсімі), тұлғаның жазбаша өтініші негізінде іспен байланысты туындайтын кез келген шешілмеген мәселелер төрелікке осы Бөлікте айқындалған әдіспен, 10-тармақтың ережелеріне сәйкес Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары уағдаласқан кез келген қағидалар немесе рәсімдерге сәйкес қарауға ұсынылады.

      2. Егер құзыретті орган 1-тармақта көрсетілген өзара келісу рәсімін, іс бір немесе бірнеше ұқсас мәселелерге қатысты соттың немесе әкімшілік трибуналдың қарауында болғандықтан тоқтатқан болса, осы 1-тармақтың b) тармақшасында белгіленген кезең ішінде, соттың немесе әкімшілік трибуналдың соңғы шешімі шығарылғанға дейін не шығарылмайтын болғанға дейін, не істің қаралуы тоқтағанша немесе іс қайтарылып алғанша тоқтатыла тұрады. Бұдан басқа, істі қарауға ұсынған тұлға және құзыретті орган өзара келісу рәсімін тоқтата тұру туралы уағдаласқан болса, 1-тармақтың b) тармақшасында белгіленген кезең ішінде мұндай тоқтату алынғанша тоқтата тұрады.

      3. Егер екі құзыретті орган қарайтын істе тікелей қаралатын адам 1-тармақтың b) тармақшасында белгіленген кезең басталғаннан кейін құзыретті органдардың кез келгені сұрау салған кез келген қосымша ақпараттық материалдарды уақтылы ұсынбаса, онда 1-тармақтың b) тармақшасында белгіленген кезең ақпаратқа сұрау салынған күннен басталатын және мұндай ақпарат ұсынылған кездегі күнге аяқталатын кезеңге тең уақытқа ұзартылады.

      4. a) Төреліктің қарауына ұсынылған мәселелерге қатысты төреліктің шешімі 1-тармақта аталған іске қатысты өзара келісу арқылы орындауға жатады. Төрелік шешімі түпкілікті болып табылады.

      b) Төрелік шешімі екі Уағдаласушы Юрисдикция үшін:

      i) егер қаралатын істе тікелей қозғалатын тұлға төрелік шешімі орындалуға жататын өзара келісімді мойындамаған жағдайларды қоспағанда міндетті болып табылады. Мұндай жағдайда іс құзыретті органдардың одан әрі қарауына жатпайды. Іс бойынша төрелік шешімі орындалуға жататын өзара келісім қаралатын істе тікелей қозғалатын тұлға, егер іске тікелей қозғалатын кез келген тұлға осы тұлғаға өзара келісім туралы хабарлама жіберілген күннен бастап 60 күн ішінде қайтарып алмаса, төрелік шешімнің орындалуына әкелетін өзара келісім бойынша шешілген барлық мәселелерді кез келген соттың немесе әкімшілік трибуналдың қарауымен немесе көрсетілген өзара келісімге сәйкес келетін осындай мәселелерге қатысты кез келген аяқталмаған соттық немесе әкімшілік талқылауды тоқтатпауды мойындамаған деп саналады.

      ii) егер Уағдаласушы Юрисдикциялардың бірі сотының соңғы шешімі төрелік шешімді жарамсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда міндетті болып табылады. Мұндай жағдайда 1-тармаққа сәйкес төрелік туралы сұрау салу ұсынылмаған, ал төрелік процесс жүзеге асырылмаған (бұдан бөлек 21-баптың (Төрелік рәсімдердің құпиялылығы) және 25-баптың (Төрелік рәсімдерге арналған шығыстар) мақсаттары үшін) деп саналады. Бұл жағдайда егер құзыретті органдар мұндай жаңа сұрау салуға жол беруге болмайтындығы туралы төрелік туралы жаңа сұрау салу ұсынылуы мүмкін.

      iii) егер қаралатын істе тікелей қозғалатын тұлға төрелік шешімнің орындалуына әкелетін өзара келісім арқылы шешілген мәселелер жөнінде сотқа немесе әкімшілік трибуналға жүгінетін жағдайды қоспағанда міндетті болып табылады.

      5. Өзара келісу рәсімін өткізу туралы бастапқы сұрау салуды алған құзыретті орган 1-тармақтың а) тармақшасында көрсетілгендей, сұрау салуды алысымен күнтізбелік екі ай ішінде:

      a) осы істі ұсынған тұлғаға өзінің сұрау салуды алғаны туралы хабарлама жібереді; және

      b) басқа Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органына сұрау салудың көшірмесімен бірге осы сұрау салу туралы хабарламаны жібереді.

      6. Құзыретті орган өзара келісу рәсімін өткізу туралы сұрау салуды (немесе басқа Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органынан оның көшірмесін) алған кезден бастап күнтізбелік үш ай ішінде, ол немесе:

      a) осы істі ұсынған тұлғаны және басқа құзыретті органды өзінің істі мәніне қарай қарауды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты алғаны туралы хабардар етеді; немесе

      b) осы мақсаттар үшін осы тұлғадан қосымша ақпарат сұратады.

      7. Егер 6-тармақтың b) тармақшасына сәйкес бір немесе екі құзыретті орган осы істі ұсынған адамнан мәніне қарай істі қарауға қажетті қосымша ақпарат сұратқан болса, қосымша ақпаратты сұратқан құзыретті орган осы адамнан қосымша ақпарат алысымен күнтізбелік үш ай ішінде осы тұлғаны және басқа құзыретті органды:

      a) өзінің сұрау салынған ақпаратты алғаны; немесе

      b) сұрау салынған ақпараттың бір бөлігінің күші жоқ екендігі туралы хабардар етеді.

      8. Егер құзыретті органдардың бірде бірі 6-тармақтың b) тармақшасына сәйкес қосымша ақпаратқа сұрау салмаған болса, бастапқы күн мына күндерден:

      a) екі құзыретті орган да істі ұсынған адамды 6-тармақтың а) тармақшасына сәйкес хабардар еткен күннен; және

      b) 5-тармақтың b) тармақшасына сәйкес басқа Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органын хабардар еткен кезден бастап күнтізбелік үш ай аяқталған күннен барынша ерте 1-тармақта аталған күн болып саналады.

      9. 6-тармақтың b) тармақшасына сәйкес қосымша ақпаратқа сұрау салынғанда мына күндерден:

      a) қосымша ақпаратқа сұрау салған құзыретті органдар істі ұсынған тұлғаны және басқа құзыретті органды 7-тармақтың а) тармақшасына сәйкес хабардар еткен ең кеш күннен; және

      b) істі ұсынған тұлғадан осы құзыретті органдардың кез келгені сұрау салған барлық ақпаратты екі құзыретті орган алған кезден бастап күнтізбелік үш ай өткен күннен барынша ертесі 1-тармақта аталған бастапқы күн болып саналады.

      Алайда егер, 7-тармақтың b) тармақшасында аталған хабарламаны құзыретті органның бірі немесе екеуі де жіберсе, онда мұндай хабарлама 6-тармақтың b) тармақшасына сәйкес қосымша ақпаратқа сұрау салу ретінде қаралады.

      10. Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары өзара келісім арқылы (осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің өзара келісімге қол жеткізу рәсімдерін реттейтін тиісті бабына сәйкес) әрбір құзыретті органға істі мәні бойынша қарауға қажетті ақпараттың ең аз мөлшерін қоса алғанда, осы Бөлікте қамтылған ережелерді қолдану тәсілін белгілейді. Мұндай келісім төреліктің қарауына ұсынуға арналған шарттарды істің шешілмеген мәселелерді алғаш қанағаттандыратын күнге дейін жасалады және кейіннен түзетуге болады.

      11. Осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне қатысты осы бапты қолдану мақсаттары үшін Тарап 1-тармақтың b) тармақшасында белгіленген екі жылдық мерзімді үш жылдық мерзімге ауыстыру құқығын өзінде қалдыра алады.

      12. Тарап осы баптың басқа ережелеріне қарамастан осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне қатысты мынадай:

      a) осы Конвенцияда көзделген төрелік рәсім шеңберінде өзге де жағдайда қарауға жататын іс бойынша өзара келісу рәсімі барысында туындайтын кез келген шешілмеген мәселе, егер Уағдаласушы Юрисдикциялардың кез келгенінің соты немесе әкімшілік трибуналы саналған мәселе бойынша шешім шығарған болса, төреліктің қарауына ұсынылмайтын;

      b) егер төрелік туралы сұрау салу ұсынылғаннан кейін кез келген уақытта және төрелік комиссияның шешімі Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдарына берілгенге дейін осы мәселеге қатысты шешімді Уағдаласушы Юрисдикциялардың бірінің соты немесе әкімшілік трибуналы шығаратын болса, онда төрелік рәсімі тоқтатылатын қағидаларды қолдану құқығын өзінде қалдыра алады.

20-бап – Төрешілерді тағайындау

      1. Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары өзге де қағидалар туралы өзара келіскен жағдайларды қоспағанда, осы Бөліктің мақсаттары үшін 2-4 аралығындағы тармақтар қолданылады.

      2. Мынадай қағидалар төрелік комиссия мүшелерін тағайындауды реттейді:

      a) Төрелік комиссия салықтық істер бойынша халықаралық мәселелердегі құзыреті немесе тәжірибесі бар үш тәуелсіз төрешіден тұрады.

      b) Әрбір құзыретті орган 19-баптың 1-тармағына сәйкес төрелік туралы сұрау салынған күннен бастап 60 күн ішінде комиссияның бір мүшесін тағайындайды (Орындалуы міндетті төрелік шешімі). Осылайша тағайындалған төрелік комиссияның екі мүшесі олардың соңғы тағайындауының соңғысынан бастап 60 күн ішінде үшінші төрешіні тағайындайды, ол Төрелік комиссияның төрағасы болады. Төраға Уағдаласушы Юрисдикциялардың кез келгенінің азаматы немесе резиденті болып табылмайды.

      c) Төрелік комиссияның әрбір мүшесі өзінің тағайындауын қабылдау кезінде бейтарап және Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдарынан, салықтық әкімшіліктерінен, қаржы министрліктерінен және істе тікелей қозғалатын барлық адамдардан (сондай-ақ олардың кеңесшілерінен) тәуелсіз болуға, талқылау кезінде өзінің бейтараптығы мен тәуелсіздігін сақтауға, және кейіннен ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде төрешілердің талқылауға қатысты бейтараптығы мен тәуелсіз бет-бейнесіне нұқсан келтіруі мүмкін кез келген мінез-құлықтан аулақ болуға тиіс.

      3. Егер Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органы төрелік комиссияның мүшесін 2-тармақта көрсетілген тәсілмен және уақыт кезеңдері ішінде тағайындамаған немесе Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары арасында келісілген жағдайда, төрелік комиссияның мүшесін осы құзыретті орган атынан Уағдаласушы Юрисдикциялардың кез келгенінің азаматы болып табылмайтын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Салықтық саясат және әкімшілендіру орталығының жоғары лауазымды адамы тағайындайды.

      4. Егер төрелік комиссияның бастапқыда тағайындаған екі мүшесі Төрағаны 2-тармақта көрсетілген тәсілмен және уақыт кезеңдері ішінде тағайындамаса немесе Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары арасында келісілген болса, Төрағаны Уағдаласушы Юрисдикциялардың кез келгенінің азаматы болып табылмайтын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Салықтық саясат және әкімшілендіру орталығының жоғары лауазымды адамы тағайындайды.

21-бап – Төрелік рәсімдердің құпиялылығы

      1. Осы Бөліктің ережелерін және осы Конвенция қолданылатын тиісті Салықтық келісім ережелерін, сондай-ақ ақпарат алмасу, құпиялылық және әкімшілік көмекке қатысты Уағдаласушы Юрисдикциялардың ұлттық заңнамасын қолдану мақсаттары үшін ғана төрелік комиссияның мүшелері және комиссияның әрбір мүшесінен ең көбі үш қызметкері (сондай-ақ олардың төрешілерге қойылатын талаптарды орындауға қабілеттілігін растау үшін қажетті шамада ғана әлеуетті төрешілер) ақпарат берілетін адамдар немесе органдар деп есептеледі. Төрелік комиссия немесе әлеуетті төрешілер алған ақпарат және құзыретті органдардың төрелік комиссиядан алған ақпараты ақпарат алмасу және әкімшілік көмек мәселелеріне жататын осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім ережелеріне сәйкес алмасу ақпараты деп саналады.

      2. Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары төрелік комиссия мүшелері мен олардың қызметкерлері төрелік рәсім шеңберінде өздерінің қызметіне кіріспес бұрын ақпарат алмасу және әкімшілік көмек мәселелеріне жататын осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісім ережелерінде жазылған құпиялылық пен жария етпеу міндеттемелеріне сәйкес және Уағдаласушы Юрисдикциялардың қолданылатын заңнамасына сәйкес кез келген ақпаратты бағалауға жазбаша нысанда келісім беретініне кепілдік береді.

22-бап – Істі төрелік аяқталғанға дейін шешу

      Осы Бөліктің және осы Конвенция қолданылатын тиісті Салықтық келісім ережелерінің мақсаттары үшін істерді өзара келісу арқылы шешуді көздейтін өзара келісу рәсімі, төрелік рәсімі сияқты, егер төрелік туралы сұрау салу жасалғаннан кейін және төрелік комиссия өз шешімін Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдарына бергенге дейін кез келген уақытта іске қатысты:

      a) Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары істі шешуде өзара келісімге қол жеткізсе; немесе

      b) істі ұсынған тұлға төрелік туралы сұрау салуды немесе өзара келісу рәсімі туралы сұрау салуды қайтарып алса, тоқтатылады.

23-бап – Төрелік рәсімінің типі

      1. Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары өзге қағидалар туралы өзара келіскен жағдайларды қоспағанда, Осы Бөлікке сәйкес төрелік рәсімге қатысты мынадай қағидаларды қолданады:

      a) Іс төреліктің қарауына ұсынылғаннан кейін әрбір Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органы төрелік комиссияға келісімде белгіленген күнге барлық шешілмеген мәселелерді (мәселені) реттеу жөнінде ұсыныс береді (Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары арасында іс бойынша бұрын қол жеткізілген барлық келісімдерді назарға ала отырып). Ұсынылатын шешім іс бойынша белгілі бір ақша сомаларын бөлумен (мысалы, кірістерді немесе шығыстарды) немесе егер бұл жеке ескертілген болса, іс бойынша әрбір түзету немесе ұқсас мәселеге арналған осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес көзделген салықтың ең жоғары мөлшерлемесімен шектеледі. Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары жеке адамның резиденттігі немесе тұрақты өкілдігінің болуына қатысты осы Конвенция қолданылатын тиісті Салықтық келісімнің ережелерін қолдану шарттарына қатысты мәселе (бұдан әрі – "негізгі мәселе") бойынша келісімге қол жеткізе алмаған жағдайда құзыретті органдар айқындалуы көрсетілген негізгі мәселелерді шешумен ұштасатын мәселелерді шешу бойынша балама ұсыныстар бере алады.

      b) Әрбір Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органы ұстанымын растайтын құжатты да төрелік комиссиясының қарауына ұсына алады. Шешім жөніндегі ұсынысты немесе ұстанымды растайтын құжатты ұсынатын әрбір құзыретті орган басқа құзыретті органға шешім жөніндегі ұсыныстың немесе ұстанымды растайтын құжаттың ұсынылуы қажет күнге көшірмесін жолдайды. Әрбір құзыретті орган да басқа құзыретті орган ұсынған шешім жөніндегі ұсынысқа және ұстанымды растайтын құжатқа қатысты жауап ұстанымды келісім бойынша белгіленген күнге төрелік комиссияға ұсына алады. Кез келген жауап ұстанымның көшірмесі жауап ұстаным ұсынылуға тиіс күнге басқа құзыретті органға ұсынылады.

      c) Төрелік комиссия құзыретті органдар ұсынған әрбір мәселеге және кез келген негізгі мәселелерге қатысты және шешім бойынша негіздемені немесе кез келген басқа түсіндірмені қамтымайтын, іс бойынша ұсынылған шешімдердің бірін өз шешімі ретінде таңдай алады. Төрелік шешім төрелік комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігімен қабылданады. Төрелік комиссия өз шешімін жазбаша нысанда Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдарына береді. Төрелік шешімнің прецеденттік күші жоқ.

      2. Осы Конвенция қолданылатын өздерінің Салықтық келісімдеріне қатысты осы бапты қолдану мақсаттары үшін Тарап 1-тармақты осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерге қолданбау құқығын өзінде қалдыра алады. Бұл жерде Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары өзге де қағидалар туралы өзара келіскен жағдайларды қоспағанда, төрелік рәсімге қатысты мынадай қағидалар қолданады:

      a) Іс төреліктің қарауына ұсынылғаннан кейін әрбір Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органы төрелік комиссияның барлық мүшелеріне төрелік шешімді қабылдауға қажет болуы мүмкін кез келген ақпаратты негізсіз кідіртпей ұсынады. Егер Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары өзгеше келіспесе, олар төрелік туралы сұрау салуды алғанға дейін екі құзыретті органға да қолжетімсіз болған кез келген ақпарат шешім қабылдау мақсаттары үшін назарға алынбайды.

      b) Төрелік комиссия осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің қолданылып жүрген ережелеріне сәйкес және осындай ережелерді, Уағдаласушы Юрисдикциялардың ұлттық заңнамасының ережелерін ескере отырып, төрелік қарауға ұсынылған мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Төрелік комиссия мүшелері өзара келісу жолымен Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары тікелей белгілеуі мүмкін кез келген басқа да көздерді есепке алады.

      c) Төрелік шешім Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдарына жазбаша нысанда беріледі және ол сүйенетін құқық көздерін, сондай-ақ талқылау нәтижесінің негіздемесін көрсетеді. Төрелік шешім комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігімен қабылданады. Төрелік шешімнің прецеденттік күші жоқ.

      3. 2-тармақта көрсетілген ескертпені жасамаған Тарап осындай ескертпені жасаған Тараптармен осы Конвенция қолданылатын өздерінің Салықтық келісімдеріне қатысты осы баптың алдыңғы тармақтарын қолданбау құқығын өзінде қалдыра алады. Бұл жағдайда осы Конвенция қолданылатын әрбір осындай Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикцияларының құзыретті органдары осы Конвенция қолданылатын осындай Салықтық келісімге қатысты қолданылатын төрелік рәсімнің типі туралы келісімге қол жеткізуге ұмтылады. Мұндай келісімге қол жеткізілмейінше 19-бап (Орындалуы міндетті төрелік шешімі) осы Конвенция қолданылатын осындай Салықтық келісімге қатысты қолданылмайды.

      4. Тарап осы Конвенция қолданылатын өздерінің Салықтық келісімдеріне қатысты 5-тармақты қолдануды да шеше алады, және ол туралы Депозитарийді тиісті түрде хабардар етеді. 5-тармақ, егер Уағдаласушы Юрисдикциялардың кез келгені осындай хабарлама жасаса, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге қатысты екі Уағдаласушы Юрисдикцияға қатысты қолданылады.

      5. Төрелік рәсім басталғанға дейін осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге қатысты Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары істі ұсынған әрбір тұлға мен олардың кеңесшілерінің төрелік рәсім барысында құзыретті органнан немесе төрелік комиссиядан алған кез келген ақпаратты кез келген басқа тұлғаға ашпау туралы жазбаша нысанда келісім бергеніне көз жеткізеді. Егер төрелік туралы сұрау салынғаннан кейін және төрелік комиссия өз шешімін Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдарына бергенге дейінгі кез келген уақытта істі ұсынған адам немесе осы адамның кеңесшілерінің бірі осындай келісімді елеулі түрде бұзса, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге сәйкес іске қатысты өзара келісу рәсімі, осы Бөлікке сәйкес төрелік рәсім сияқты тоқтатылады.

      6. 4-тармаққа қарамастан, 5-тармақты қолданбауды шешкен Тарап осы Конвенция қолданылатын бір немесе бірнеше белгілі бір Салықтық келісімге қатысты немесе осы Конвенция қолданылатын өзінің барлық Салықтық келісімдеріне қатысты 5-тармақты қолданбау құқығын өзіне қалдыра алады.

      7. 5-тармақты қолдануды шешкен Тарап басқа Уағдаласушы Юрисдикция 6-тармаққа сәйкес ескертпе жасаса, осы Конвенция қолданылатын барлық Салықтық келісімге қатысты осы Бөлікті қолданбау құқығын өзіне қалдыра алады.

24-бап – Өзге шешім туралы келісім

      1. Осы Конвенция қолданылатын өздерінің Салықтық келісімдеріне қатысты осы Бөлікті қолдану мақсаттары үшін Тарап 2-тармақты қолдануды шеше алады және Депозитарийді тиісті түрде хабардар етеді. 2-тармақ, егер осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге қатысты, егер екі Уағдаласушы Юрисдикция аталғандай хабарлама жасаған жағдайда ғана екі Уағдаласушы Юрисдикцияға қатысты қолданылады.

      2. 19-баптың 4-тармағына қарамастан (Орындалуы міндетті төрелік шешімі), Осы Бөлікке сәйкес төреліктің шешімі осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикцияларының орындауы үшін міндетті болып табылмайды және егер Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары оларға төрелік шешімді берген кезден бастап күнтізбелік үш ай ішінде барлық шешілмеген мәселелерді өзгеше реттеу туралы келіссе, орындауға келтірілмейді.

      3. 2-тармақты қолдануды шешкен Тарап 23-баптың (Төрелік рәсім типі), 2-тармағы қолданылатын осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне қатысты 2-тармақты қолдану құқығын өзінде қалдырады.

25-бап – Төрелік рәсімдерге жұмсалатын шығыстар

      Осы Бөлікке сәйкес төрелік рәсім барысында төрелік комиссия мүшелеріне сыйақы және олардың шығасыларына өтемақы төлеу бойынша шығыстарды Уағдаласушы Юрисдикцияларда төрелік рәсімдерге байланысты туындайтын кез келген шығыстар сияқты Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органдары арасындағы өзара келісу арқылы белгіленетіндей Уағдаласушы Юрисдикциялар көтереді. Осындай келісім болмаған кезде әрбір Уағдаласушы Юрисдикция өзінің жеке шығыстары мен өзінің тарабынан төрелік комиссия мүшесі тағайындаған шығыстарды көтереді. Төрелік комиссия төрағасына жұмсалатын шығыстарды және төрелік рәсім өткізумен байланысты өзге де шығыстарды Уағдаласушы Юрисдикциялар тең үлесте көтереді.

26-бап – Үйлесімділік

      1. 18-бапқа (IV-Бөлікті қолдану туралы шешім) сәйкес осы Бөліктің ережелері өзара келісу рәсімі бойынша істен туындайтын шешілмеген мәселелерге қатысты төрелік жүргізуді көздейтін осы Конвенцияға қолданылатын Салықтық келісім ережелерінің орнына немесе олар болмаған кезде қолданылады. Осы Бөлікті қолдануды шешкен әрбір Тарап Депозитарийді осы Конвенция қолданылатын өздерінің Салықтық келісімдерінің әрқайсысы 4-тармаққа сәйкес ескертпе қолданылатындардан басқа осындай ережені қамтитыны, егер қамтыса, әрбір осындай ереже бабының және тармағының нөмірі туралы хабардар етеді. Егер екі Уағдаласушы Юрисдикция аталған Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелеріне қатысты хабарлама жасаса, мұндай ереже осындай екі Уағдаласушы Юрисдикция арасындағы қатынастарда Осы Бөліктің ережесімен ауыстырылады.

      2. Өзге жағдайда осы Бөлікте көзделген төрелік рәсім шеңберінде қаралуға жататын өзара келісу рәсімі бойынша істен туындайтын кез келген шешілмеген мәселе, егер мәселе өзара келісу рәсімі бойынша істен туындайтын шешілмеген мәселелер бойынша орындалуға міндетті төрелік шешімін көздейтін екіжақты немесе көпжақты конвенцияға сәйкес бұрын төрелік комиссия немесе соған ұқсас орган шақырылған істердің санатына қатысты болса, төреліктің қарауына жолданбайды.

      3. 1-тармаққа сәйкес осы Бөліктің ешқандай ережесі тараптары Уағдаласушы Юрисдикциялар болып табылатын немесе болашақта болатын басқа конвенциялар негізінде өзара келісу рәсімі мәнмәтінінде туындайтын шешілмеген мәселелерді төрелік қарауға қатысты неғұрлым кең ауқымды міндеттемелерді орындауға әсер етпейді.

      4. Тарап өзара келісу рәсімі бойынша істен туындайтын шешілмеген мәселелер бойынша орындалуы міндетті төрелік шешімін көздейтін, осы Конвенция қолданылатын бір немесе бірнеше белгілі бір Салықтық келісімдерге (немесе осы Конвенция қолданылатын оның барлық Салықтық келісімдеріне) қатысты осы Бөлікті қолданбау құқығын өзінде қалдыра алады.

VII БӨЛІК. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

27-бап – Қол қою және ратификациялау, қабылдау немесе бекіту

      1. 2016 жылғы 31 желтоқсаннан бастап осы Конвенция:

      а) барлық мемлекеттердің;

      b) Гернсидің (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі); Мэн аралы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі); Джерси (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі); және

      c) Тараптар мен Қол қойған тараптар консенсусы негізіндегі шешімге сәйкес Тарап болуға өкілеттік берілген кез келген басқа юрисдикциялардың қол қоюы үшін ашық.

      2. Осы Конвенция ратификациялауға, қабылдауға немесе бекітуге жатады.

28-бап – Ескертпелер

      1. 2-тармақты ескере отырып, осы Конвенцияға:

      a) 3-баптың (Фискальді-бүкпесіз тұлғалар) 5-тармағы;

      b) 4-баптың (Қос резиденттігі бар тұлғалар) 3-тармағы;

      c) 5-баптың (Қосарланған салық салуды жою әдістерін қолдану) 8 және 9-тармақтары;

      d) 6-баптың (осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің мақсаттары) 4-тармағы;

      e) 7-баптың (Шарттың ережелерін теріс пайдалануды болғызбау) 15 және 16-тармақтары;

      f) 8-баптың (Дивидендтерді аудару бойынша операциялар) 3-тармағы;

      g) 9-баптың (Құны көбінесе жылжымайтын мүлікпен берілген акцияларды немесе қатысу үлестерін иеліктен шығарудан түсетін кірістер) 6-тармағы;

      h) 10-баптың (Үшінші юрисдикцияларда орналасқан тұрақты өкілдіктердің салық төлеуден жалтаруына қарсы қағида) 5-тармағы;

      i) 11-баптың (Тараптың өз резиденттеріне салық салуға қатысты құқықтарын шектеу мақсатында салықтық келісімдерді қолдану) 3-тармағы;

      j) 12-баптың (Агенттік келісімдер мен ұқсас стратегиялардың есебінен тұрақты өкілдік мәртебесін жасанды түрде болғызбау) 4-тармағы;

      k) 13-баптың (Нақты қызмет түрлері үшін көзделген ерекшеліктер есебінен тұрақты өкілдік мәртебесін жасанды түрде болғызбау) 6-тармағы;

      l) 14-баптың (Келісімшарттарды бөлу) 3-тармағы;

      m) 15-баптың (Кәсіпорынмен тығыз байланысты адамды айқындау) 2-тармағы;

      n) 16-баптың (Өзара келісу рәсімі) 5-тармағы;

      o) 17-баптың (Симметриялық түзетулер) 3-тармағы;

      p) 19-баптың (Орындалуға міндетті төрелік шешімі) 11 және 12-тармақтары;

      q) 23-баптың (Төрелік рәсімнің типі) 2, 3, 6 және 7-тармақтары;

      r) 24-баптың (Өзге шешім туралы келісім) 3-тармағы;

      s) 26-баптың (Үйлесімділік) 4-тармағы;

      t) 35-баптың (Қолданылуының басталуы) 6 және 7-тармақтары; және

      u) 36-баптың (VI бөлікті қолдануды бастау) 2-тармағы бойынша тікелей рұқсат етілгендерді қоспағанда, ешқандай ескертпелер жасалмайды.

      2. а) 1-тармаққа қарамастан, 18-бапқа (VI бөлікті қолдану туралы шешім) сәйкес VI бөлікті (Төрелік) қолдануды таңдайтын Тарап VI бөліктің (Төрелік) ережелеріне сәйкес төрелікке құқығы бар VI бөліктің (Төрелік) ережелеріне сәйкес істердің нысанасына қатысты бір немесе бірнеше ескертпелерді қалыптастыра алады. Осы Конвенцияның Тарабы болғаннан кейін 18-бапқа (VI бөлікті қолдану туралы шешім) сәйкес VI бөлікті қолдануды таңдайтын Тарап үшін ескертпелер осы тармақшаға сәйкес 18-бапқа (VI бөлікті қолдану туралы шешім) сәйкес Тараптың Депозитарийді хабардар еткен уақытта жасалуға тиіс.

      b) а) тармақшасына сәйкес жасалған ескертпелер қабылдануға жатады. а) тармақшасына сәйкес жасалған ескертпе, егер Тарап Депозитарийді ескертпе туралы хабардар еткен күннен басталатын немесе ратификациялау, қабылдау немесе бекіту туралы құжатты сақтауға тапсырған күнге дейін, қай күн тым кеш болатынына байланысты күнтізбелік он екі ай кезеңінің соңына ескертпеге қарсылық туралы Депозитарийді хабардар етпесе, қабылданған болып саналады. Осы Конвенцияның Тарабы болғаннан кейін 18-бапқа (VI бөлікті қолдану туралы шешім) сәйкес VI бөлікті (Төрелік) қолдануды таңдаған Тарап үшін а) тармақшасына сәйкес екінші Тарап жасаған алдыңғы ескертпелерге қарсылықтарды Депозитарийді 18-бапқа (VI бөлікті қолдану) сәйкес бірінші аталған Тарап хабардар ету кезінде жасауы мүмкін. Егер Тарап а) тармақшасына сәйкес жасалған ескертпеге қарсылық білдірсе, VI бөлік (Төрелік) қарсылық білдіруші Тарап пен ескертпені жасаған Тарап арасындағы қатынастарға толық қолданылмайды.

      3. Егер осы Конвенцияның тиісті ережелерінде өзгеше тікелей көзделмесе, 1 немесе 2-тармақтарға сәйкес жасалған ескертпе:

      а) ескертпе жасаған Тарап үшін оның басқа Тараппен қатынастарында ескертпе жататын осы Конвенцияның ережелерін ескертпеде көзделген шамада өзгертеді; және

      b) ескертпе жасайтын Тарапқа қатысты екінші Тарап үшін осы ережені сол шамада өзгертеді.

      4. Тарап халықаралық қатынастар үшін жауаптылықта болатын юрисдикция немесе аумақ жасаған немесе олардың атынан жасалған, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерге қолданылатын ескертпелерді, егер осы юрисдикция немесе аумақ 27-баптың 1-тармағының b) немесе с) тармақшаларына (Қол қою және ратификациялау, қабылдау немесе бекіту) сәйкес осы Конвенцияға Тарап болып табылмаса, жауапты Тарап жасауға тиіс және олар осы Тараптың осы Конвенция қолданылатын өздерінің Салықтық келісімдеріне қатысты жасалған ескертпелерінен ерекшеленуі мүмкін.

      5. Ескертпелер осы баптың 2, 6 және 9-тармақтарының және 29-баптың 5-тармағының (Хабарламалар) ережелерін ескере отырып, ратификациялау, қабылдау немесе бекіту туралы құжатқа қол қойған немесе сақтауға тапсырған кезде жасалуға тиіс. Алайда осы Конвенцияның Тарабы болғаннан кейін 18-бапқа (VI бөлікті қолдану туралы шешім) сәйкес VI бөлікті (Төрелік) қолдануды таңдайтын Тарап үшін осы баптың 1-тармағының p), q), r) және s) тармақшаларында көрсетілген ескертпелер 18-бапқа (VI бөлікті қолдану туралы шешім) сәйкес Тарап Депозитарийді хабардар еткен уақытта жасауға тиіс.

      6. Ескертпелер қол қою кезінде жасалса, егер ескертпелерді қамтитын құжатта осы баптың 2, 5 және 9-тармақтарының және 29-баптың 5-тармағының (Хабарламалар) ережелерін ескере отырып, оны түпкілікті нұсқа деп есептеу қажеттігін тікелей айқындамаса, олар ратификациялау, қабылдау немесе бекіту туралы құжатты сақтауға тапсыру кезінде расталуға тиіс.

      7. Егер ескертпелер қол қою кезінде жасалмаса, болжамды ескертпелердің алдын ала тізімі Депозитарийге осы уақытта ұсынылуға тиіс.

      8. Мынадай:

      a) 3-баптың (Фискальді-бүкпесіз тұлғалар) 5-тармағы b), c) және d), е) және g) тармақшалары;

      b) 4-баптың (Қос резиденттігі бар тұлғалар) 3-тармағы b), c) және d) тармақшалары;

      c) 5-баптың (Қосарланған салық салуды жою әдістерін қолдану) 8 және 9-тармақтары;

      d) 6-баптың (осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің мақсаттары) 4-тармағы;

      e) 7-баптың (Шарттың ережелерін теріс пайдалануды болғызбау) 15-тармағы b) және c) тармақшалары;

      f) 8-баптың (Дивидендтерді аудару бойынша операциялар) 3-тармағы b) тармақшасының i), ii) және iii) бөліктері;

      g) 9-баптың (Құны көбінесе жылжымайтын мүлікпен берілген акцияларды немесе қатысу үлестерін иеліктен шығарудан түсетін кірістер) 6-тармағы d), e) және f) тармақшалары;

      h) 10-баптың (Үшінші юрисдикцияларда орналасқан тұрақты өкілдіктердің салық төлеуден жалтаруына қарсы қағида) 5-тармағы b) және с) тармақшалары;

      i) 11-баптың (Тараптың өз резиденттеріне салық салуға қатысты құқықтарын шектеу мақсатында салықтық келісімдерді қолдану) 3-тармағы b) тармақшасы;

      j) 13-баптың (Нақты қызмет түрлері үшін көзделген ерекшеліктер есебінен тұрақты өкілдік мәртебесін жасанды түрде болғызбау) 6-тармағы b) тармақшасы;

      k) 14-баптың (Келісімшарттарды бөлу) 3-тармағының b) тармақшасы;

      l) 16-баптың (Өзара келісу рәсімі) 5-тармағының b) тармақшасы;

      m) 17-баптың (Симметриялық түзетулер) 3-тармағының а) тармақшасы;

      n) 23-баптың (Төрелік рәсім типі) 6-тармағы; және

      o) 26-баптың (Үйлесімділік) 4-тармағы ережелерінің әрқайсысына сәйкес жасалған ескертпелер үшін, ескертпелердің тиісті ережелерінде көрсетілгендердің нысанасы болып табылатын (және c), d) және n) тармақшаларында санамаланғандардан өзге, келесі ережелердің кез келгеніне сәйкес ескертпелер жасалған жағдайда, әрбір тиісті ереже бабының және тармағының нөмірі) оған қатысты 2-баптың (Терминдерді түсіндіру) 1-тармағы а) тармақшасының ii) бөлігіне сәйкес хабарлама жасалған келісімдер тізімі осындай ескертпелер жасалған кезде ұсынылуға тиіс.

      а) тармақшасынан бастап о) тармақшасын қоса алғанда, жоғарыда көрсетілген ескертпелер осы Конвенция қолданылатын осы тармақта аталған тізімге енгізілмеген қандай да бір Салықтық келісімге қолданылмайды.

      9. 1 немесе 2-тармаққа сәйкес ескертпе жасаған кез келген Тарап кез келген уақытта осындай ескертпені алып тастай алады немесе Депозитарийге хабарлама жолдау арқылы оны неғұрлым шектеулі ескертпемен ауыстыра алады. Осындай Тарап 29-баптың (Хабарлама) 6-тармағына сәйкес осындай ескертпені алып тастағаннан немесе ауыстырғаннан кейін талап етілуі мүмкін қандай да бір қосымша хабарламалар жасайды. 35-баптың (Қолданыла бастауы) 7-тармағын ескере отырып, ескертпені алып тастау немесе ауыстыру:

      а) ескертпені алып тастау немесе ауыстыру туралы хабарламаны Депозитарий:

      i) егер салық салуға алып келген оқиға Депозитарийдің ескертпені алып тастау немесе ауыстыру туралы хабардар еткен күнінен басталатын күнтізбелік алты ай өткеннен кейінгі жылдың бірінші қаңтарында немесе бірінші қаңтарынан кейін орын алса, төлем көзінен ұсталған салықтармен байланысты ережелерге қатысты ескертпелер үшін; және

      ii) Депозитарийдің ескертпені алып тастау немесе ауыстыру туралы хабардар еткен күнінен басталатын күнтізбелік алты ай мерзім өткеннен кейінгі жылдың бірінші қаңтарында немесе бірінші қаңтарынан кейін басталатын салықтық кезеңдер үшін алынатын салықтар үшін басқа барлық ережелерге қатысты ескертпелер үшін алғанда, Конвенция бойынша Тараптар болып табылатын Мемлекеттермен немесе Юрисдикциялармен ғана осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге қатысты; және

      b) Депозитарий ескертпені алып тастау немесе ауыстыру туралы хабарлама алған күннен кейін бір немесе бірнеше Уағдаласушы Юрисдикциялар осы Конвенцияның Тарапы болатын, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге қатысты: осы Уағдаласушы Юрисдикциялар үшін осы Конвенция күшіне енетін күндердің соңғысынан бастап қолданыла бастайды.

29-бап – Хабарламалар

      1. Осы баптың 5 және 6-тармақтарын және 35-баптың (Қолданылуының басталуы) 7-тармағын ескере отырып, мынадай:

      a) 2-баптың (Терминдерді түсіндіру) 1-тармағының а) тармақшасының ii) бөлігі;

      b) 3-баптың (Фискальді-бүкпесіз тұлғалар) 6-тармағы;

      c) 4-баптың (Қос резиденттігі бар тұлғалар) 4-тармағы;

      d) 5-баптың (Қосарланған салық салуды жою әдістерін қолдану) 10-тармағы;

      e) 6-баптың (осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің мақсаттары) 5 және 6-тармағы;

      f) 7-баптың (Шарттың ережелерін теріс пайдалануды болғызбау) 17-тармағы;

      g) 8-баптың (Дивидендтерді аудару бойынша операциялар) 4-тармағы;

      h) 9-баптың (Құны көбінесе жылжымайтын мүлікпен берілген акцияларды немесе қатысу үлестерін иеліктен шығарудан түсетін кірістер) 7 және 8-тармақтары;

      i) 10-баптың (Үшінші юрисдикцияларда орналасқан тұрақты өкілдіктердің салық төлеуден жалтаруына қарсы қағида) 6-тармағы;

      j) 11-баптың (Тараптың өз резиденттеріне салық салуға қатысты құқықтарын шектеу мақсатында салықтық келісімдерді қолдану) 4-тармағы;

      k) 12-баптың (Агенттік келісімдер мен ұқсас стратегиялардың есебінен тұрақты өкілдік мәртебесін жасанды түрде болғызбау) 5 және 6-тармағы;

      l) 13-баптың (Нақты қызмет түрлері үшін көзделген ерекшеліктер есебінен тұрақты өкілдік мәртебесін жасанды түрде болғызбау) 7 және 8-тармағы;

      m) 14-баптың (Келісімшарттарды бөлу) 4-тармағы;

      n) 16-баптың (Өзара келісу рәсімі) 6-тармағы;

      o) 17-баптың (Симметриялық түзетулер) 4-тармағы;

      p) 18-бап (VI бөлімді қолдану туралы шешімі);

      q) 23-баптың (Төрелік рәсім типі) 4-тармағы;

      r) 24-баптың (Өзге шешім туралы келісім) 1-тармағы;

      s) 26-баптың (Үйлесімділік) 1-тармағы;

      t) 35-баптың (Қолданылуының басталуы) 1, 2, 3, 5 және 7-тармақтары ережелеріне сәйкес жасалған хабарламалар ратификациялау, қабылдау немесе бекіту туралы құжатқа қол қою немесе сақтауға тапсыру кезінде жасалуға тиіс:

      2. Тарап жауаптылықта болатын халықаралық қатынастар үшін юрисдикциялар немесе аумақтар жасаған немесе олардың атынан жасалған, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерге қатысты ескертпелерді, егер мұндай юрисдикция немесе аумақ 27-баптың (Қол қою және ратификациялау, қабылдау немесе бекіту) 1-тармағының b) немесе с) тармақшасына сәйкес Конвенцияның Тарабы болып табылмаса, жауапты Тарап жасауға тиіс және олар осы Тараптың осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдері үшін жасалған хабарламаларынан ерекшеленуі мүмкін.

      3. Хабарламалар қол қою кезінде жасалса, егер хабарламаны қамтыған құжат қана осы баптың 5 және 6-тармақтарының және 35-баптың (Қолданылуының басталуы) 7-тармағының ережелерін ескере отырып, оны түпкілікті деп есептеу қажеттігін тікелей айқындамаса, олар ратификациялау, қабылдау немесе бекіту туралы құжатты сақтауға тапсырған кезде расталуға тиіс.

      4. Егер хабарламалар қол қою кезінде жасалмаса, болжамды хабарламалардың алдын ала тізімі осы уақытта берілуге тиіс.

      5. Тарап кез келген уақытта 2-баптың (Терминдерді түсіндіру) 1-тармағының а) тармақшасының іі) бөлігіне сәйкес хабарлама жасалған келісімдер тізімін Депозитарийге хабарлама жолдау арқылы кеңейте алады. Тарап мұндай хабарламада келісімнің 28-баптың (Ескертпелер) 8-тармағында санамаланған, Тараптың жасаған ескертпелердің қандай да бірінің нысаны болып табылатындығын не табылмайтындығын көрсетеді. Тарап, егер қосымша келісім осындай ескертпенің нысаны болып табылатын бірінші қосымша келісім болса, 28-баптың (Ескертпелер) 8-тармағында көрсетілген жаңа ескертпені де жасай алады. Тарап қосымша келісімдердің қосылғанын көрсету мақсатында 1-тармақтың b) тармақшасынан s) тармақшасына дейінгі тармақшаларға сәйкес талап етілуі мүмкін қандай да бір қосымша хабарламаларды да көрсетеді. Одан басқа, егер кеңейту бірінші рет Тарап жауаптылықта болатын халықаралық қатынастар үшін юрисдикция немесе аумақ жасаған немесе олардың атынан жасалған салықтық келісімді қосуға алып келсе, Тарап осындай юрисдикция немесе аумақ жасаған немесе олардың атынан жасалған, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерге қолданылатын кез келген ескертпелерді (28-баптың (Ескертпелер) 4-тармағына сәйкес немесе хабарламаларды (осы баптың 2-тармағына сәйкес) көрсетеді. 2-баптың (Терминдерді түсіндіру) 1-тармағының а) тармақшасының іі) бөлігіне сәйкес хабарлама жасалған, қосылған келісім (дер) осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдер жасалатын күннен бастап 35-баптың (Қолданылуының басталуы) ережелерінде осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдердің өзгерістері қолданылатын күн айқындалады.

      6. Тарап Депозитарийге хабарлама жолдап 1-тармақтың b) s) аралығындағы тармақшаларға сәйкес қосымша хабарламалар жасай алады. Мұндай хабарламалар:

      а) Депозитарий қосымша хабарлама алған кезде, Конвенцияның Тараптары болып табылатын Мемлекеттермен немесе юрисдикциялармен ғана осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерге қатысты:

      i) егер осындай салықтардың туындауына алып келген мән-жайлар/оқиғалар Депозитарийге қосымша хабарлама туралы хабарлаған күннен басталатын күнтізбелік алты ай өткеннен кейінгі жылдың бірінші қаңтарында немесе бірінші қаңтардан кейін туындаса, төлем көзінен ұсталатын салықтармен байланысты ережелерге қатысты хабарламалар үшін; және

      ii) Депозитарийге қосымша хабарлама туралы хабарлаған күннен басталатын күнтізбелік алты ай өткеннен кейінгі жылдың бірінші қаңтарында немесе бірінші қаңтардан кейін басталатын салықтық кезеңдер үшін алынатын салықтармен байланысты барлық басқа ережелерге қатысты хабарламалар үшін; және

      b) Депозитарий қосымша хабарлама алған күннен кейін олар үшін бір немесе одан көп Уағдаласушы Юрисдикция осы Конвенцияның Тарапы болатын, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдерге қатысты: осы Уағдаласушы Юрисдикциялар үшін Конвенция күшіне енетін күндердің соңғысынан бастап қолданыла бастайды.

30-бап – Осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдердің кейінгі өзгерістері

      Осы Конвенцияның ережелері осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдердің кейінгі өзгерістерін қозғамайды, олар осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикцияларының арасында келісілуі мүмкін.

31-бап – Тараптар Конференциясы

      1. Тараптар осы Конвенция ережелерінің негізінде талап етілуі мүмкін немесе орынды болуы мүмкін қандай да бір шешімдерді қабылдау немесе қандай да бір функцияларды жүзеге асыру үшін Тараптар Конференциясын шақыра алады.

      2. Тараптар Конференциясын Депозитарий қамтамасыз етеді.

      3. Кез келген Тарап Депозитарийге сұрау салуды жолдап Тараптар Конференциясын өткізуді сұрата алады. Депозитарий кез келген сұрау салу туралы барлық Тарапқа хабарлайды. Сұрау салу Депозитарийге жолданғаннан кейін күнтізбелік алты ай ішінде Тараптардың үштен бірі сұрау салуды қолдаған жағдайда, Депозитарий Тараптар Конференциясын шақырады.

32-бап – Түсіндіру және қолдану

      1. Осы Конвенциямен өзгертілген, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде туындайтын кез келген мәселе осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімді түсіндіру немесе қолдану мәселелерін өзара келісу жолымен шешумен байланысты осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің ережесіне (ережелеріне) сәйкес айқындалады (мұндай ережелер осы Конвенциямен өзгертілуі мүмкін).

      2. Осы Конвенцияны түсіндіру немесе қолдану кезінде туындайтын кез келген басқа мәселе 31-баптың (Тараптар конференциясы) 3-тармағына сәйкес шақырылған Тараптар Конференциясында қаралуы мүмкін.

33-бап – Түзетулерді енгізу

      1. Кез келген Тарап Депозитарийге ұсынылатын түзетуді беру арқылы осы Конвенцияға түзету енгізуді ұсына алады.

      2. Тараптар Конференциясы 31-баптың (Тараптар Конференциясы) 3-тармағына сәйкес ұсынылатын түзетуді қарау үшін шақырылуы мүмкін.

34-бап – Күшіне енуі

      1. Осы Конвенция ратификациялау, қабылдау немесе бекіту туралы бесінші құжат сақтауға тапсырылған күннен басталатын күнтізбелік үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.

      2. Ратификациялау, қабылдау немесе бекіту туралы бесінші құжат сақтауға тапсырылғаннан кейін осы Конвенцияны ратификациялайтын, қабылдайтын немесе бекітетін Қол қойған әрбір тарап үшін осы Конвенция осындай Қол қойған тарап өзінің ратификациялау, қабылдау немесе бекіту туралы құжат сақтауға тапсырылған күннен басталатын күнтізбелік үш ай кезең өткеннен кейінгі айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.

35-бап – Қолданылуының басталуы

      1. Осы Конвенцияның ережелері әрбір Уағдаласушы Юрисдикцияда осы Конвенция:

      a) егер төлем көздерінен ұсталатын осындай салықтарға алып келетін оқиғалар осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикцияларының әрқайсысы үшін осы Конвенция күшіне енетін күннен немесе күндердің соңғысынан кейін басталатын күнтізбелік жылдан кейінгі бірінші күні немесе бірінші күннен кейін орын алса, бейрезиденттерге төленген немесе аударылған сомаларға төлем көзінен ұсталатын салықтарға қатысты, және

      b) осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикцияларының әрқайсысы үшін осы Конвенция күшіне енетін күннен немесе күшіне енетін соңғы күннен бастап, күнтізбелік алты айдан басталатын немесе осы кезеңнен кейін (немесе егер барлық Уағдаласушы Юрисдикциялар Депозитарийді өзінің неғұрлым мұндай қысқа кезеңді қолдану ниеті туралы хабардар етсе, неғұрлым қысқа кезеңнен кейін) басталатын салықтық кезеңдер үшін алынатын салықтар үшін, осы Уағдаласушы Юрисдикция алатын басқа барлық салықтар Салықтық келісімге қатысты қолданылатын болады.

      2. 1-тармақтың а) тармақшасын және 5-тармақтың а) тармақшасын тек қана жеке қолдану мақсатында Тарап "күнтізбелік жылды" "салықтық кезеңге" ауыстыру туралы шешім қабылдай алады және белгіленген тәртіппен Депозитарийді хабардар етеді.

      3. 1-тармақтың b) тармақшасын және 5-тармақтың b) тармақшасын тек қана жеке қолдану мақсатында Тарап "кезеңнен немесе кезең өткеннен кейін басталатын салықтық кезеңдер" сілтемесін "кезеңнен немесе кезең өткеннен кейін басталатын келесі жылдың бірінші қаңтарынан немесе бірінші қаңтарынан кейін басталатын салықтық кезеңдер" сілтемесіне ауыстыру туралы шешім қабылдай алады және белгіленген тәртіппен Депозитарийді хабардар етеді.

      4. Осы баптың алдыңғы ережелеріне қарамастан, 16-бап (Өзара келісу рәсімі) осы Конвенция қолданылатын Салық келісімге сәйкес осы күнге ұсынылуы мүмкін құқығы бар өтініштерді қоспағанда, өтініштің салық кезеңіне жататынына қарамастан, оның осы Конвенцияға сәйкес өзгергендеріне дейін Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органына ұсынылған өтінішке, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикцияларының әрқайсысы үшін осы Конвенция күшіне енетін күннен бастап немесе соңғы күндерден кейін осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімге қатысты қолданылады.

      5. 2-баптың (Терминдерді түсіндіру) 1-тармағының а) тармақшасының іі) бөлігіне сәйкес хабарлама жасалған, 29-баптың (Хабарлама) 5-тармағына сәйкес келісімдер тізімін кеңейтуге байланысты, Осы Конвенция қолданылатын жаңа Салықтық келісім үшін осы Конвенцияның ережесі әрбір Уағдаласушы Юрисдикцияда:

      a) бейрезиденттерге төленген немесе аударылған сомалар көзінен ұсталатын салықтарға қатысты, егер оқиғалар осындай салықтарға алып келетін, келісімдердің тізімін кеңейту туралы хабарлама туралы Депозитарийдің хабарламасынан кейін бірінші немесе 30 күннен кейін орын алса; және

      b) Депозитарий келісімдер тізімін кеңейту жөнінде хабарлама туралы хабарлаған күннен бастап күнтізбелік тоғыз ай кезеңінен басталатын немесе осы кезең өткеннен кейін (немесе егер барлық Уағдаласушы Юрисдикциялар Депозитарийді неғұрлым қысқа кезеңді қолдану ниеті туралы хабардар етсе, неғұрлым қысқа кезеңде) басталатын салықтық кезеңдер үшін алынатын салықтарға, осы Уағдаласушы Юрисдикция алатын басқа барлық салықтарға қатысты қолданылады.

      6. Тарап 4-тармақты осы Конвенция қолданылатын өзінің Салықтық келісімдеріне қатысты қолданбау құқығын өзінде қалдыра алады.

      7. a) Тарап:

      i) 1 және 4-тармақтардағы "осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикцияларының әрқайсысы үшін осы Конвенция күшіне енетін күндердің соңғысынан" сілтемелерін; және

      ii) 5-тармақтағы "Депозитарий келісімдер тізімін кеңейту жөнінде хабарлама туралы хабарлаған күннен" сілтемелерін;

      "Осы Конвенция қолданылатын осындай нақты Салықтық келісімге қатысты осы Конвенцияның ережелерін қолдануды бастау үшін өзінің ішкі рәсімдерінің аяқталғаны туралы 35-баптың (Қолданылуының басталуы) 7-тармағында көрсетілген ескертпені жасайтын, әрбір Уағдаласушы Юрисдикция хабарламаларының соңғысын Депозитарий алған күннен кейінгі 30 күннен" сілтемелерімен;

      iii) 28-баптың (Ескертпелер) 9-тармағының а) тармақшасындағы "Депозитарийдің ескертпені алып тастау немесе ауыстыру жөнінде хабарлама туралы хабарлаған күнінен") сілтемелерін; және

      iv) 28-баптың (Ескертпелер) 9-тармағының b) тармақшасындағы "осы Конвенция осы Уағдаласушы Юрисдикциялар үшін күшіне енетін күндердің соңғысынан" сілтемесін;

      "Осы Конвенция қолданылатын мұндай нақты Салықтық келісімге қатысты ескертпені алып тастауды немесе ауыстыруды қолдануды бастау үшін өзінің ішкі рәсімдерінің аяқталғаны туралы 35-баптың (Қолданылуының басталуы) 7-тармағында көрсетілген ескертпені жасаған, әрбір Уағдаласушы Юрисдикция хабарламаларының соңғысын Депозитарий алған күннен кейінгі 30 күннен" сілтемелерімен;

      v) 29-баптың (Хабарламалар) 6-тармағының а) тармақшасындағы "Депозитарий қосымша хабарлама туралы хабарлаған күннен" сілтемелерін; және

      vi) 29-баптың (Ескертпелер) 6-тармағының b) тармақшасындағы "осы Конвенция осы Уағдаласушы Юрисдикциялар үшін күшіне енетін соңғы күндері" сілтемесін;

      "Осы Конвенция қолданылатын мұндай нақты Салықтық келісімге қатысты қосымша хабарламаны қолдануды бастау үшін өзінің ішкі рәсімдерінің аяқталғаны туралы 35-баптың (Қолданылуының басталуы) 7-тармағында көрсетілген ескертпені жасайтын әрбір Уағдаласушы Юрисдикция хабарламаларының соңғысын Депозитарий алған күннен кейінгі 30 күннен" сілтемелерімен; және

      vii) 36-баптың (VI бөлікті қолдануды бастау) 1 және 2-тармағындағы "осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикциялары үшін осы Конвенция күшіне енетін соңғы күндері" сілтемелерін;

      "Осы Конвенция қолданылатын мұндай нақты Салықтық келісімге қатысты осы Конвенцияның ережелерін қолдануды бастау үшін өзінің ішкі рәсімдерінің аяқталғаны туралы 35-баптың (Қолданылуының басталуы) 7-тармағында көрсетілген ескертпені жасайтын, әрбір Уағдаласушы Юрисдикция хабарламаларының соңғысын Депозитарий алған күннен кейінгі 30 күннен" сілтемелерімен; және

      viii) 36-баптың (VI бөлікті қолдануды бастау) 3-тармағындағы "Депозитарий келісімдер тізімін кеңейту жөнінде хабарлама туралы хабарлаған күннен" сілтемесін;

      ix) 36-баптың (VI бөлікті қолдануды бастау) 4-тармағындағы "Депозитарий ескертпені алып тастау жөнінде хабарлама туралы хабарлаған күннен" сілтемелерін; және

      x) 36-баптың (VI бөлікті қолдануды бастау) 5-тармағындағы "Депозитарий қосымша хабарлама туралы хабарлаған күннен" сілтемесін;

      "Осы Конвенция қолданылатын мұндай нақты Салықтық келісімге қатысты VI бөлік (Төрелік) ережелерінің күшіне енуі үшін өзінің ішкі рәсімдерінің аяқталғаны туралы 35-баптың (Қолданылуының басталуы) 7-тармағында көрсетілген ескертпені жасайтын әрбір Уағдаласушы Юрисдикция хабарламаларының соңғысын Депозитарий алған күннен кейінгі 30 күннен" сілтемелерімен ауыстыру құқығын өзінде қалдыра алады.

      b) а) тармақшасына сәйкес ескертпе жасайтын Тарап Депозитарий мен екінші Уағдаласушы Юрисдикцияға (Юрисдикцияларға) бір мезгілде жолданатын өзінің ішкі рәсімдерінің аяқталғаны туралы хабарламада растайды.

      с) Егер осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің бір немесе бірнеше Уағдаласушы Юрисдикциясы осы тармаққа сәйкес ескертпе жасаса, Конвенция ережелерін қолданылуының басталуы, ескертпені алып тастау немесе ауыстыру немесе осы Конвенция қолданылатын осы Салықтық келісімге немесе VI бөлікке (Төрелік) қатысты қосымша хабарлама күні осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің барлық Уағдаласушы Юрисдикциялары үшін осы тармақта айқындалады.

36-бап – VI бөлікті қолдануды бастау

      1. 28-баптың (Ескертпелер) 9-тармағына, 29-баптың (Хабарламалар) 6-тармағына және 35-баптың (Қолданылуының басталуы) 1-тармағынан бастап 6-тармақтарға қарамастан, осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің екі Уағдаласушы Юрисдикциясына қатысты VI бөліктің (Төрелік) ережелері:

      a) Уағдаласушы Юрисдикциялардың құзыретті органына ұсынылған өтініштерге 19-баптың (Орындалуы міндетті төрелік шешімі) 1-тармағының а) тармақшасында көрсетілгендей) қатысты осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің әрбір Уағдаласушы Юрисдикциясы үшін осы Конвенция күшіне енетін күнінен бастап немесе соңғы күндерден кейін басталатын; және

      b) осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің әрбір Уағдаласушы Юрисдикциясы үшін осы Конвенция күшіне енетін күндердің соңғы күніне дейін Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органына ұсынылған өтініштерге қатысты екі Уағдаласушы Юрисдикция 19-баптың (Орындалуы міндетті төрелік шешімі) 1-тармағының а) тармақшасында көрсетілгендей) осындай өзара келісу шарттарына сәйкес мұндай өтініштер Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органына ұсынылған деп есептелетін күн көрсетіле отырып, Депозитарийді 19-баптың (Орындалуға міндетті төрелік шешімі) 10-тармағына сәйкес өзара келісуге қол жеткізілгені туралы хабардар еткен күннен бастап қолданыла бастайды

      2. Тарап VI бөлікті қолдану құқығын (Төрелік) осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің әрбір Уағдаласушы Юрисдикциясы үшін осы Конвенция күшіне енетін күндердің соңғы күніне дейін Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органына ұсынылған өтінішке қолдану құқығын екі Уағдаласушы Юрисдикцияның құзыретті органдары осы құқықтың мұндай нақты өтінішке қолданылуға болады деп келіскен шамада ғана өзінде қалдыра алады.

      3. 2-баптың (Терминдерді түсіндіру) 1-тармағының а) тармақшасының іі) бөлігіне сәйкес хабарлама жасалған, 29-баптың (Хабарлама) 5-тармағына сәйкес келісімдер тізімін кеңейту салдарынан, осы Конвенция қолданылатын жаңа Салықтық келісім жағдайында осы баптың 1 және 2-тармағындағы "осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикцияларының әрқайсысы үшін осы Конвенция күшіне енетін күндердің соңғысынан" деген сілтеме "Депозитарий келісімдер тізімін кеңейту жөнінде хабарлама туралы хабарлаған күннен" деген сілтемемен ауыстырылады.

      4. 28-баптың (Ескертпелер) 9-тармағына сәйкес 26-баптың (Үйлесімділік) 4-тармағына сәйкес жасалған ескертпелерді алып тастау немесе ауыстыру немесе осы Конвенция қолданылатын екі Салықтық келісімнің екі Уағдаласушы Юрисдикциясының арасында VI бөлікті (Төрелік) қолдануға алып келетін 28-баптың (Ескертпелер) 2-тармағына сәйкес ескертпеге қарсылықты алып тастау "осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикцияларының әрқайсысы үшін осы Конвенция күшіне енетін соңғы күні" деген сілтемелер тиісінше "Депозитарий ескертпені алып тастау жөнінде хабарлама туралы хабарлаған күннен", "Депозитарий ескертпені ауыстыру туралы хабарлаған күннен" немесе "Депозитарий ескертпеге наразылықты алып тастау жөнінде хабарлама туралы хабарлаған күннен" деген сілтемелермен ауыстырылуын қоспағанда, осы баптың 1-тармағының a) және b) тармақшаларына сәйкес қолданылатын болады.

      5. 29-баптың (Хабарламалар) 1-тармағының р) тармақшасына сәйкес жасалған қосымша хабарлама осы баптың 1 және 2-тармақтарындағы "осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің Уағдаласушы Юрисдикцияларының әрқайсысы үшін осы Конвенция күшіне енетін күндердің соңғысынан" деген сілтемелер "Депозитарий қосымша хабарлама туралы хабарлаған күннен" деген сілтемемен ауыстырылуын қоспағанда, 1-тармақтың а) және b) тармақшаларына сәйкес қолданылады.

37-бап – Күшін жою

      1. Кез келген Тарап кез келген уақытта Депозитарийге хабарлама жолдау арқылы осы Конвенцияның күшін жоя алады.

      2. Күшін жою 1-тармаққа сәйкес Депозитарий хабарлама алған күннен бастап қолданыла бастайды. Егер осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімнің барлық Уағдаласушы Юрисдикцияларына қатысты осы Конвенция оның Тарапының Конвенцияның күшін жоюы күшіне енетін күнге дейін қолданыла бастаған жағдайда, осы Конвенция қолданылатын мұндай Салықтық келісім осы Конвенциямен өзгертілген түрде қалады.

38-бап – Хаттамалармен өзара байланыс

      1. Осы Конвенция бір немесе бірнеше хаттамалармен толықтырылуы мүмкін.

      2. Хаттаманың тарабы болу үшін Мемлекет немесе юрисдикция осы Конвенцияның Тарабы болуға тиіс.

      3. Осы Конвенцияның тарабы, мұндай хаттаманың ережелеріне сәйкес оның тарабы болмағанда ғана, хаттамамен байланысты болмайды.

39-бап - Депозитарий

      1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның және 38-бапқа (Хаттамалармен өзара байланыс) сәйкес кез келген хаттаманың Депозитарийі болып табылады.

      2. Депозитарий күнтізбелік бір ай ішінде Тараптар мен Қол қойған тараптарды:

      a) 27-бапқа (Қол қою және ратификациялау, қабылдау немесе бекіту) сәйкес кез келген қол қою;

      b) 27-бапқа (Қол қою және ратификациялау, қабылдау немесе бекіту) сәйкес ратификациялау, қабылдау немесе бекіту туралы кез келген құжатты сақтауға тапсыру;

      c) 28-бапқа (Ескертпелер) сәйкес кез келген ескертпе, ескертпені алып тастау немесе ауыстыру;

      d) 29-бапқа (Хабарламалар) сәйкес кез келген хабарлама немесе қосымша хабарлама туралы;

      e) 33-бапқа (Түзетулерді енгізу) сәйкес осы Конвенцияға ұсынылған кез келген түзету;

      f) 37-бапқа (Күшін жою) сәйкес осы Конвенцияның кез келген күшін жою; және

      g) осы Конвенциямен байланысты кез келген басқа хабарлама туралы хабардар етеді.

      3. Депозитарий жалпыға қолжетімді мынадай:

      a) осы Конвенция қолданылатын Салықтық келісімдер;

      b) Тараптар жасаған ескертпелер; және

      c) Тараптар жасаған хабарламалар тізімдерін жүргізеді.

      Осыны куәландыру үшін тиісті түрде төменде қол қоюға уәкілеттік берілген адамдар осы Конвенцияға қол қойды.

      2016 жылғы 24 қарашада Парижде ағылшын және француз тілдерінде жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей, жалғыз данада, ол Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының архивіне сақтауға тапсырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады