"Астана – Қарағанды – Балқаш – Күрті – Қапшағай – Алматы" (Қарағанды – Бурылбайтал) автомобиль жолының "Орталық-Оңтүстік" дәлізін реконструкциялау, "Қарағанды – Балқаш" учаскесі" жобасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 319 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 215-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қытайдың экспорт-импорт банкіне Мемлекеттік кепілдік туралы келісімді жасасу күніне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша 727212039 (жеті жүз жиырма жеті миллион екі жүз он екі мың отыз тоғыз) АҚШ долларына дейін баламалы сомада "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының тартылатын қарыз бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде "Астана –Қарағанды – Балқаш – Күрті – Қапшағай – Алматы" (Қарағанды – Бурылбайтал) автомобиль жолының "Орталық-Оңтүстік" дәлізін реконструкциялау, "Қарағанды – Балқаш" учаскесі" жобасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады