"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 320 қаулысы. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 36, 209-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi туралы ережеде:

      16-тармақта:

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту;";

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидаларын бекіту;";

      32-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-1) бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша республикалық бюджет есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 32-3), 32-4), 32-5) және 32-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "32-3) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгілік ережені бекіту;

      32-4) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;

      32-5) белгілі бір аумақта халықтың тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру қағидаларын бекіту;

      32-6) цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшу тәртібі мен мерзімдерін айқындау;";

      39) және 40) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) өз құзыретi шегiнде байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерін, оның iшiнде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын және байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын бекіту;

      40) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту;";

      61) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 88-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "88-1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын куәландырушы орталықтарды аккредиттеу;";

      89), 93) және 94) тармақшалар алып тасталсын;

      98-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "98-1) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту;";

      101) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "101) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 101-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "101-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;";

      108) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "108) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекіту;";

      109) тармақша алап тасталсын;

      118) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "118) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту;";

      120) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "120) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 120-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "120-1) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды бекіту;";

      125) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "125) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын бекіту;";

      128) және 129) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "128) бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесін бекіту;

      129) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 129-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "129-1) электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу;";

      136) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "136) "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы әзірлеген ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманы бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 136-1) және 136-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "136-1) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторингті, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңінде міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      136-2) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға салалық қорытынды беру;";

      137) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "137) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін және сервистік бағдарламалық өнімдерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 137-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "137-1) сервистік интегратор қалыптастырған ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін келісуді жүзеге асыру;";

      142) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "142) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту;";

      151) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "151) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерін және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды келісу;";

      184) тармақша алып тасталсын;

      17-тармақта:

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) мерзiмдi баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру;";

      мынадай мазмұндағы 29-1), 33-1) және 35-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "29-1) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде ұйғарымдар беру;

      "33-1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарымдар беру;";

      "35-1) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;";

      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиiлiктi құрылғылар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру;";

      44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "44) азаматтық пайдаланушыларға жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) бөлу, иелікке беру (тағайындау), шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;";

      46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "46) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;";

      мынадай мазмұндағы 74-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "74-1) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарым беру;";

      79) және 80) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 80-1) және 85-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "80-1) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау;";

      "85-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде ұйғарымдар беру;";

      88-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "88-1) радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын және байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзiрлеу;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады