Табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 369 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.04.2019 № 195 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 22 маусымдағы
№ 369 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

Табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының уәкілетті оргаидары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім

  Өзбекстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Ташкент қаласы

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өз ілтипатын білдіре отырып мыналарды хабарлауды мәртебе санайды.

      1996 жылғы 12 маусымда Алматы қаласында қол қойылған Табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісім шеңберінде ынтымақтастықтың тиімді және оңайлатылған тетігін жасауға ұмтыла отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Өзбекстан Республикасының Үкіметіне (бұдан әрі - Тараптар) мыналарды айқындауды ұсынуды мәртебе санайды.

      1. Бір Тарап мемлекетінің уәкілетті органы берген және оның елтаңбалы мөрімен бекемделген құжаттар екінші Тарап мемлекетінің аумағында қандай да бір арнайы куәландырусыз, оның ішінде апостиль қойылмай немесе консулдық заңдастырусыз қабылданады. Бір Тарап мемлекетінің аумағында ресми құжаттар ретінде қаралатын мұндай құжаттар екінші Тарап мемлекетінің аумағында ресми құжаттардың дәлелдемелік күшіне ие болады. Танудың осы тәртібі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары берген ресми құжаттарға қолданылады.

      2. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға қатысты кез келген даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар консультациялар мен келіссөздер арқылы шешеді.

      3. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі оның қолданысын тоқтатқанша күшінде қалады.

      Әрбір Тарап осы Келісімнің қолданысын осы Келісім күшіне енген күннен бастап 5 жыл өткеннен кейін оның қолданысын тоқтатуға өзінің ниеті туралы ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар ете отырып тоқтата алады.

      Бұл жағдайда осы Келісім осындай хабарлама алынған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап өз қолданысын тоқтатады.

      4. Өзбекстан Республикасының Үкіметі жоғарыда баяндалғанмен келіскен жағдайда, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан осы нотаны және Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауап нотасын Табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы Келісім деп есептеуді ұсынуды мәртебе санайды, бүл Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жағдайды пайдалана отырып, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өзінің зор ілтипатын тағы да білдіреді.

      2018жылғы "__"___________ Астана қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады