2018 - 2020 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 370 қаулысы

      "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша республикалық бюджеттен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру 2018 - 2020 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев
     

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 22 маусымдағы
№ 370 қаулысына
қосымша

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылуы конкурстық рәсімдерден тыс республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын 2018—2020 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

      "Возрождение аралы аумағының қазақстандық бөлігін шаруашылық айналымға енгізуді ғылыми-тәжірибелік сүйемелдеу";

      "Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының трансшекаралық өзен бассейндері: 2050 жылға дейінгі кезеңде халықты және экономиканы климаттық өзгерістер және шаруашылық қызмет жағдайларында сумен тұрақты қамтамасыз етудің ғылыми-қолданбалы негіздері".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады