Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының отын және су-энергетикалық ресурстарын пайдалану туралы кейбір халықаралық шарттарының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 373 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының отын және су-энергетикалық ресурстарын пайдалану туралы кейбір халықаралық шарттарының күші жойылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір халықаралық шарттарының күшін жою жөніндегі ниеті туралы Қырғыз Республикасының Үкіметін және Өзбекстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазакстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 22 маусымдағы
№ 373 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының отын және су-энергетикалық ресурстарын пайдалану туралы күші жойылуға тиіс кейбір халықаралық шарттарының тізбесі

      1. 1998 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының су-энергетикалық ресурстарын кешенді пайдалану жөніндегі келісім, 1997 жылғы 26 желтоқсанда Бішкек қаласында жасалды.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасында Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының су-энергетикалық ресурстарын 1999 жылы кешенді пайдалану жөніндегі келісім, 1999 жылғы 29 мамырда Бішкек қаласында жасалды.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасында Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының су-энергетикалық ресурстарын 2001 жылы пайдалану жөніндегі келісім, 2001 жылғы 19 сәуірде Бішкек қаласында жасалды.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасында отын-энергетикалық және су ресурстарын 2002 жылы және 2003 жылдың 1-тоқсанында пайдалану туралы келісім, 2002 жылғы 9 шілдеде Бішкек қаласында жасалды.

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасында Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының су-энергетикалық ресурстарын 2003 жылы және 2004 жылдың 1 тоқсанында пайдалану жөніндегі хаттама, 2003 жылғы 20 маусымда Бішкек қаласында жасалды.

      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының су-энергетикалық ресурстарын 2003 жылы және 2004 жылдың 1 тоқсанында пайдалану жөніндегі хаттама, 2003 жылғы 11 маусымда Бішкек қаласында жасалды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады