"Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 379 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, 2010 жылғы 2 сәуірдегі "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы", 1997 жылғы 14 шілдедегі "Нотариат туралы", "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы және "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Бағалаушыға бағалау жүргізу үшін қажетті құжаттаманы, толық және дұрыс ақпаратты, қажетті түсініктемелерді беруді және бағалау объектісіне қолжетімділікті қамтамасыз етуді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті тізімдеу актісі бойынша есепке қабылдап алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мен бағалаушы арасында мүлікті бағалау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт болмаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген іс-шаралар мүлікті бағалау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады