Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Бағдарламаның іске асырылуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де ұйымдар (келісім бойынша):
1) Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;
2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017 – 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 23 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 401 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Бағдарлама паспорты
Бағдарламаның атауы | Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіз | Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына; Ел бірлігі доктринасына сәйкес әзірленді |
Бағдарламаны әзірлеу үшін жауапты мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін жауапты мемлекеттік органдар | Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар |
Бағдарламаның мақсаты | Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты |
Міндеттері |
Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау; |
Іске асыру мерзімі |
2011 – 2019 жылдар: |
Нысаналы индикаторлар |
Мыналарды: |
Қаржыландыру көздері мен көлемі |
2011 – 2019 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады. Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны 19134,9 млн. теңгені құрады. Бағдарламаның екінші кезеңін іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны 9 702,1 млн. теңгені құрады. |
Кіріспе
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына, Ел бірлігі доктринасына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет" Ұлт жоспарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласына сәйкес әзірленді.
Бағдарлама елімізде қалыптасқан тіл құрылысын талдауға негізделген, тіл саясаты мәселелерімен айналысатын сарапшылар қауымының пікірлері мен ұсыныстары ескерілген.
Бағдарламаны әзірлеу кезінде 30-дан астам шет елдің мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қатысты мәселелерінің құқықтық реттеу тәжірибесі зерделенді.
Бұл құжат қоғамдық өмірдің барлық салаларында тілдерді дамыту мен қолдану және мемлекеттік тілді кең ауқымды қолдану үшін жағдай жасауға байланысты өзекті проблемаларды шешудің нормативтік ұйымдастырушылық негізі болып табылады.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XIII сессиясында: "Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет" деп атап көрсеткен болатын.
Ел бірлігі доктринасында мемлекеттік тіл жалпыұлттық және рухани бірліктің басты факторы, негізгі басымдығы ретінде айқындалған. Оны меңгеру әрбір Қазақстан азаматының парызы мен міндеті саналып, жеке өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге араласуының белсенділігін айқындайтын ынталандырушы тетік болуға тиіс.
Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының негізгі міндеттерінің бірі қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Бағдарламада белгіленген Мақсаттар мен міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар жалпыұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытудың басымдығына негізделген және азаматтардың рухани-мәдени және тілдік қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға бағытталған.
Бағдарламаны іске асырудың нәтижелі болуы негізгі бағдарламалық шараларды жоспарланған іс-шаралардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету кезінде мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына кіріктіру жолымен қамтамасыз етілетін болады.
Сонымен қатар бұл іс-шаралардың практикалық нәтижесіне қол жеткізу үшін республиканың барлық мемлекеттік органдары мен шаруашылық субъектілері, оның ішінде ұлттық компаниялар мен қаржылық ұйымдарының бірлескен күш-жігері қажет.
Ағымдағы ахуалды талдау
Тәуелсіз Қазақстанда оңтайлы әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құру тіл саясатын кезең-кезеңімен іске асыру арқылы жолға қойылып отыр.
1997 – 2000 жылдары "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына және Тілдерді қолдану мен дамытудың 1998 – 2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бекітілуіне орай қоғам өмірінің негізгі салаларында тіл құрылысының құқықтық негізі қалыптаса бастады.
2001 – 2010 жылдары Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде тіл құрылысы стратегиясының мынадай үш бағыты айқындалды: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени функцияларын сақтау, Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту. Сондай-ақ осы кезеңде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша "Тілдің үш тұғырлылығы" атты ұлттық мәдени жобасын іске асыру басталды.
Осы Бағдарламаны іске асыру қорытындылары Қазақстан Республикасындағы болашақ тіл құрылысының негізін қалады:
1) мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымы елеулі түрде кеңейді: қазақ тілінде оқытып, тәрбиелейтін ұйымдар – 5644, мектептер – 3798, мемлекеттік тілді оқыту орталықтары – 87;
2) іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру процесі белсенді іске асырылуда (мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі құжаттардың үлес салмағы шамамен 88 %-ды құрайды);
3) 219 баспа жобалары, олардың ішінде 65 оқу-әдістемелік құралдар, 47 балаларға арналған кітаптар, 45 салалық сөздіктер және 62 танымдық, ғылыми, публицистикалық кітаптар жарық көрді. "Қазақ сөздігі" атты қазақ тілінің бір томдық үлкен түсіндірме сөздігі және инновациялық негізде әзірленген "Даналық әліппесі" атты оқыту кешені жарық көрді;
4) бірқатар тележобалар: реалити-шоулар, қазақ тілін оқыту сабақтары, анимациялық фильмдер және тағы басқалар іске асырылды;
5) IELTS (Ұлыбритания) және TOEFL (Америка Құрама Штаттары) жүйелері бойынша тілді бағалаудың көпдеңгейлік жүйесі "Қазтест" жүйесі әзірленді. "Қазақ сөзі" (500 cөзден тұратын) және "Қазақ сөзі" 900 сөзден тұратын оқу-әдістемелік құралдар мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдістемесі негізінде әзірленді.
6) мемлекеттік тіл орталықтарын аккредиттеу жүйесінің әдіснамасы әзірленді;
7) шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдауды ұйымдастыру жүйелі негізде жүргізіледі. Шетелде тұратын отандастарды қолдау мақсатында Еуропа қазақтарының дәстүрлі кіші құрылтайы мен өнер фестивалі өткізіледі, сондай-ақ шетелде тұратын отандастардың тыныс-тіршілігі мәселелері бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеулер жүргізіледі;
8) Қазақстандағы этностардың тілдерін оқыту бойынша көптілділіктің инновациялық әдістемесі дайындалды;
9) мемлекеттік тілді үйрету процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында интернет-портал (сервистің 20-дан астам түрі) құрылып, үнемі жаңартылып тұрады. Тілді қашықтан оқытуды кеңінен пайдалану үшін "Tilalemi.kz" порталы және "Atau.kz" ономастикалық, "Emle.kz" орфографиялық, "Termincom.kz" терминологиялық базалары іске қосылды.
10) қазақ тілді интернет-ресурстарды, контенттерді дамыту мақсатында тілді қашықтан оқыту курстарының саны ұлғайды;
11) мемлекеттік тілдің коммуникативтік функциясы нығаюда (мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі – БАҚ) контентінде қазақ тіліндегі хабарлардың көлемі, сондай-ақ БАҚ-та мемлекеттік тілдің үлесі 71%-дан жоғары);
12) "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы және бірқатар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қабылданды;
13) Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды.
Осы жылдардағы (2011 – 2019 жылдардағы) тіл құрылысының қисыны елімізде бір қатар проблемалық аспектілердің бар болуымен байланысты.
Қоғамда мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі.
Аталған аспект мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасы қалыптасқанмен, қазақ тілі оқытушылары мен мамандарының біліктілігін арттыру мәселесінің толыққанды шешілмеуімен, қазақ тілін оқытудың В1, В2 деңгейлері бойынша оқыту әдістемесінің жетіспеушілігімен, көрсетілген деңгейлер бойынша жүйелендірілген оқу-әдістемелік құралдар базасының болмауымен де байланысты.
Елдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі.
Бұл бағыттағы проблемалы мәселелер, ең алдымен, халықаралық коммуникациялар, туризм, демалыс пен ойын-сауық саласында мемлекеттік тілді белсенді қолдану аясының кеңеюіне, оны заң, ғылым және жаңа технологиялардың тілі ретінде дамытуға байланысты. Сонымен қатар проблемалық мәселе мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру, оны отбасы құндылығы ретінде танымал ету сияқты мәселелердің маңызды тізбесі болып табылады.
Сондай-ақ қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарын жүргізуді барынша ақпараттандыру маңызды.
Қазақстандық қоғамда тіл мәдениетінің төмендеуі.
Көрсетілген аспектіде терминология, антропонимика және ономастика салаларындағы проблемалар бар. Осыған байланысты стандарттау бойынша терминология саласын жетілдіру және терминдерді біріздендіру жұмыстары аса маңызды болып табылады.
Лингвистикалық кеңістікте сөйлеу және жазу мәдениетін жетілдіру, қазақ тілінде интернет тұтынушылары қатарының өсу шамасы бойынша БАҚ-та тіл тазалығын, тіл мәдениеті, сөйлеу әуезділігін сақтауда айтарлықтай проблемалық мәселелер бар.
Осыған байланысты тіл мәдениеті нормаларының сақталуы бойынша шараларды ұйымдастыру көзделеді.
Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту қажеттілігі.
Бұл аспектіде қазақстандықтардың бәсекелестік басымдығы ретінде тұрғындардың үш (қазақ, орыс және ағылшын) тілді қатар меңгеруіне, Қазақстан мәдениетінің тілдік әралуандығын қалыптастыратын этностардың тілдерін сақтау үшін жағдай жасауға және халықаралық іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге байланысты проблемалар жиынтығы орын алады.
Осы проблемаларды шешудің және нормативтік құқықтық базаны жетілдірудің басым қажеттілігі бағдарламаның мынадай мақсаттары мен міндеттерін көздейді.
Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламаның мақсаттары:
1) мемлекеттік тілді меңгеруді қамтамасыз етудің тиімді тәсілдеріне қол жеткізу;
2) мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануын танымал ету;
3) дамыған тіл мәдениеті зиялы ұлттың әлеуметтік-мәдени байлығының элементі ретінде;
4) қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.
Нысаналы индикаторлар:
Мыналарды:
1) мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін (2016 жылы – 80 %, 2017 жылы – 83 %, 2018 жылы – 85 %, 2019 жылы – 90 %);
2) мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесін (2016 жылы – 70 %, 2017 жылы – 80 %, 2018 жылы – 90 %, 2019 жылы – 100 %);
3) мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесін (2017 жылы – 70 %, 2018 жылы – 71 %, 2019 жылы – 72 %);
4) қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесін (2013 жылы – 20 %, 2016 жылы – 60 %, 2017 жылы – 75 %, 2018 жылы – 90 %, 2019 жылы – 100 %);
5) тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуы бөлігінде қанағаттанушылық дәрежесін (2013 жылы – 60 %, 2016 жылы – 75 %, 2017 жылы – 80 %, 2018 жылы – 81 %, 2019 жылы – 82 %);
6) республикадағы орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесін (2017 жылы – 89 %, 2018 жылы – 89 %, 2019 жылы – 89 %);
7) этномәдени бірлестіктер жанындағы қазақ және ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесін (2013 жылы – 60 %, 2016 жылы – 70 %, 2017 жылы – 73 %, 2018 жылы – 78 %, 2019 жылы – 80 %);
8) республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін (2013 жылы – 10 %, 2016 жылы – 22 %, 2017 жылы – 23 %, 2018 жылы – 25 %, 2019 жылы – 27 %);
9) республикадағы үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесін (2013 жылы – 10 %, 2016 жылы – 20,5 %, 2017 жылы – 22 %, 2018 жылы – 24 %, 2019 жылы – 25%) ұлғайту.
Міндеттер:
1) мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау;
2) мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;
3) мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру;
4) мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру;
5) мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;
6) қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;
7) қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізу, тіл мәдениетін жетілдіру;
8) коммуникативтік-тілдік кеңістікте орыс тілінің қызмет етуі;
9) Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау;
10) ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену, оқытудың үштілді моделін дамыту.
Нәтижелердің көрсеткіштері:
1) қазақ тілі бойынша педагог кадрларды даярлауға көзделген гранттардың саны (жыл сайын 500 адам);
2) онлайн режимінде қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылған мемлекеттік тілді оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың үлесі (2013 жылы – 20 %, 2016 жылы – 50 %, 2017 жылы – 65 %, 2018 жылы – 75 %, 2019 жылы – 90 %);
3) мемлекеттік тілді оқитындар санының өсуі (2013 жылы – 30 %, 2016 жылы – 70 %, 2017 жылы – 80 %, 2018 жылы – 90 %, 2019 жылы – 100 %);
4) "Қазтест" жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі: В1 деңгейінде (2016 жылы – 25 %, 2017 жылы – 28 %, 2018 жылы – 30 %, 2019 жылы – 35 %); С1 деңгейінде (2016 жылы – 5%, 2017 жылы – 8 %, 2018 жылы – 9 %, 2019 жылға қарай – 10 %);
5) "Қазтест" жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен ұлттық холдингтердің қызметкерлерінің үлесі (2016 жылы – 10 %, 2017 жылы – 30 %, 2018 жылы – 32 %, 2019 жылы – 35 %), С1 деңгейінде (2016 жылы – 5 %, 2017 жылы – 7 %, 2018 жылы – 8 %, 2019 жылы қарай – 9 %);
6) мемлекеттік тілді танымал етуге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың үлесі (жыл сайын 10 %);
7) мемлекеттік БАҚ эфиріндегі мемлекеттік тілдегі жаңа телевизиялық жобалар санының өсуі (жыл сайын 10 %);
8) мемлекеттік тілде шығатын баспа БАҚ-ты қолдауға бағытталған мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың үлесі (жыл сайын 50 %);
9) терминологиялық комиссия бекіткен терминдердің саны (өсу қорытындысымен) (2016 жылы – 18000, 2017 жылы – 21000, 2018 жылы – 24000, 2019 жылы – 27000);
10) көрнекі ақпараттарда мемлекеттік тілдің пайдаланылу дәрежесі (2013 жылы – 30 %, 2016 жылы – 50 %, 2017 жылы – 70 %, 2018 жылы – 85 %, 2019 жылы – 100 %);
11) қазақ және ана тілдерін үйрету бойынша әдістемелік көмекпен қамтылған ұлттық-мәдени бірлестіктері бар этностардың үлесі (2013 жылы – 20 %, 2016 жылы – 60 %, 2017 жылы – 75 %, 2018 жылы – 85 %, 2019 жылы – 100 %);
12) орталықтардың жалпы санына шаққанда ағылшын және басқа да шет тілдерін үйрету бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының үлесі (2013 жылы – 50 %, 2016 жылы – 75 %, 2017 жылы – 85 %, 2018 жылы – 86 %, 2019 жылы – 87 %).
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар
Бірінші бағыт – мемлекеттік тілді меңгеру
Мақсаты: мемлекеттік тілді меңгеруді қамтамасыз етудің тиімді тәсілдеріне қол жеткізу
Нысаналы индикаторлар:
1) мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі (2016 жылы – 80 %, 2017 жылы – 83 %, 2018 жылы – 85 %, 2019 жылы – 90 %);
2) мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі (2016 жылы – 70 %, 2017 жылы – 80 %, 2018 жылы – 90 %, 2019 жылы – 100 %).
Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру арқылы Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді. Бұл жүйенің өзегі үшқұрамды негізден тұрады – мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру, оқытудың инфрақұрылымын кеңейту және мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру. Аталған тәсіл бірінші бағыттың үш міндетін айқындайды.
1. Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру және стандарттау.
Мемлекеттік тіл оқыту әдіснамасын жетілдіру үшін, ең алдымен, оқытудың тиісті стандарттарын жетілдіру және үздіксіз білім беру моделін құру арқылы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесін енгізу көзделген.
Көпдеңгейлі стандарт тілді А1-А2 деңгейлері бойынша қарапайым түрде пайдалану, тілді В1-В2 деңгейлері бойынша өз бетінше пайдалану және тілді С1-С2 деңгейлері бойынша біліктілікпен пайдалану көзделуге тиіс.
Құрылған стандартты жүйенің негізінде мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамалық негізін дайындау, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де әзірлеу көзделеді.
Осы шаралар мемлекеттік тілді бастауыш сыныптардағы оқушылардың А1 деңгейінде, орта буындағы оқушылардың А2 деңгейінде, мектептің жоғары сынып, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері оқушыларының В1 деңгейінде, жоғары оқу орны студенттерінің В2 деңгейінде, жоғары оқу орнынан кейін білім алатындардың С1 деңгейінде игеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, тілді меңгеру әдістемесін жетілдіру мен жаңғырту көзделеді. Қазақ тілі толыққанды күнделікті қызметтік және кәсіптік қарым-қатынас тілі болуға тиіс.
Үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін оқытудың стандарты негізінде шығармашылық педагогикалық ізденістің және оқытудың жаңа әдістемелерін әзірлеудің тұрақты процесі сөзсіз қажеттілікке айналатын болады.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қазақ тілі оқытушыларын оқыту және олардың біліктілігін арттыру құрылатын жүйенің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.
Мамандарды жоғары сапалы деңгейде оқыту ісін жүргізуге ұйымдастырушылық және әдістемелік мүмкіндігі бар ғылыми-білім беру орталықтары санының аздығына байланысты қашықтан оқыту жүйесін кеңінен енгізу көзделеді.
2. Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту. Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесінің ең қажетті екінші компоненті мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қызметі болып табылады. Қазақ тілін оқытуға арналған осы орталықтар оқу орындарын бітірген Қазақстанның ересек азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруінің инфрақұрылымдық базасына айналуға тиіс.
Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының стратегиялық даму жоспары, басқару құрылымы, оқу процесін ұйымдастыру, материалдық-техникалық ресурстарының болуы қажет.
Орталықтардың қызметін бағалауға орталық тыңдаушыларының "Қазтест" жүйесі бойынша емтихан тапсыру нәтижелері туралы шынайы мәліметтер негіз болады.
3. Мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру. Қойылған мақсатқа қол жеткізудің үшінші міндетті компоненті мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру және мониторинг жүргізу жүйесін құру болып табылады.
Аталған міндетті мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ халыққа қызмет ұсыну саласындағы ұйымдар қызметкерлерінің (банктер, сауда ұйымдары, қызмет көрсету саласы және тағы басқалары) қазақ тілін білу деңгейіне қойылатын ең төменгі талаптарды айқындау арқылы іске асыру көзделеді.
Аталған шара мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты негізінде қазақ тілін оқыту жүйесін ұйымдастыруды қажет етеді. Мемлекеттік тілді қажетті көлемде меңгермеген мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейі жыл сайын "Қазтест" жүйесінің негізінде анықталуға тиіс.
Әрбір мекеме ұйымдастырған мемлекеттік тілді оқыту курсының аяқталуы бойынша қызметкерлер "Қазтест" жүйесі арқылы сертификаттық тестілеуге қатысып, білім деңгейін анықтайды.
Қызметкерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейі коммуникативтік талаптарды анықтайтын ұлттық стандарттар негізінде белгіленеді.
Тест технологиясы диагностикалық және сертификаттық тесттен тұрады.
Білім беру жүйесінің барлық сатыларында мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау жүйесін жетілдіру мәселесін пысықтау көзделеді. Қазақ тілі білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың қажетті және міндетті компонентіне айналуға тиіс.
Қазақ тілін үйренуге мүдделі барлық тұлғаларға кеңінен мемлекеттік қолдау көрсету көзделген. Осы шаралардың қатарында мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жанынан білім деңгейі бойынша тегін курстар ұйымдастыру, сондай-ақ осы жұмысқа мемлекеттік-жекешелік әріптестік әдістерін тарту бар.
Сонымен қатар оқытудың инновациялық нысандары мен әдістемелерін әзірлеу арқылы қазақ тілін қашықтан оқытуды кеңінен енгізу көзделеді.
Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін меңгеру үшін саяси-дипломатиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар отандастар мәселелері бойынша сараптамалық және зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру көзделеді.
Нәтижелердің көрсеткіштері:
1) қазақ тілі бойынша педагог кадрларды даярлауға көзделген гранттардың саны (жыл сайын 500 адам);
2) онлайн режимде қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылған мемлекеттік тілді оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың үлесі (2013 жылы – 20 %, 2016 жылы – 50 %, 2017 жылы – 65 %, 2018 жылы – 75 %, 2019 жылы – 90 %);
3) мемлекеттік тілді оқитындар санының өсуі (2013 жылы – 30%, 2016 жылы – 70 %, 2017 жылы – 80 %, 2018 жылы – 90 %, 2019 жылы – 100 %);
4) "Қазтест" жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі (2016 жылы – 25 %, 2017 жылы – 28 %, 2018 жылы – 30 %, 2019 жылы – 35 %), С1 деңгейінде (2016 жылы – 5 %, 2017 жылы – 8 %, 2018 жылы – 9 %, 2019 жылға қарай – 10 %);
5) "Қазтест" жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен ұлттық холдингтердің қызметкерлерінің үлесі (2016 жылы – 10 %, 2017 жылы – 30 %, 2018 жылы – 32 %, 2019 жылы – 35 %), С1 деңгейінде (2016 жылы – 5 %, 2017 жылы – 7 %, 2018 жылы – 8 %, 2019 жылы – 9 %).
Екінші бағыт – мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануын танымал ету және оның пайдаланылу аясын кеңейту
Мақсаты: "Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануын танымал ету".
Нысаналы индикаторлар:
1) мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі (2017 жылы – 70 %, 2018 жылы – 71 %, 2019 жылы – 72 %).
Екінші мақсатқа қол жеткізудің алгоритмі арқылы мемлекеттік тілдің беделін арттыру мен қолданылу аясын кеңейту жөніндегі жұмысты жүзеге асыруды көздейді.
1. Мемлекеттік тілді азаматтық қоғам институттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен қолдану.
Бұл міндетті іске асыруға қоғамдық санада мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру және орнықтыру арқылы қол жеткізіледі. Бұл бағытта PR-технологиялар негізгі рөлге ие болады. Бұл үшін мемлекеттік тілді танымал етуге қол жеткізу және насихаттау жөніндегі арнайы жұмыстарды ұйымдастыру қажет.
Нысаналы аудиториялардың негізгі ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі позитивті бейнелер мен модельдерді әзірлеу негізінде мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру жөніндегі жұмысқа табысты мәртебелі тұлғаларды, оның ішінде мемлекеттік және басқа да тілдерді білетін этнос өкілдерін тарту көзделеді.
Аталған жұмыстар жиынтығы, сондай-ақ мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру процесіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігі мен мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үкіметтік емес сектордың шығармашылық әлеуетін тартуды талап етеді.
Жоспарланып отырған шаралар қатарында интернетті қоса алғанда, БАҚ-тың барлық түрінде мемлекеттік тілді көпшілікке танымал ететін үлгі тұтарлық бейнелерді медиялық ротациялау, көпшілікке арналған мерзімді басылымдарды шығаруды, негізгі нысаналы аудиториялар үшін көрнекі және имидждік өнімдер шығара отырып, көрнекі үгіт құралдарының PR іс-шаралар кешенін ұйымдастыруды қамтамасыз ету көзделген.
Мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу жөніндегі жұмысқа бірлескен акциялар өткізу арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік әдістерін тарту көзделеді.
Мемлекеттік тілді отбасы құндылығы ретінде көпшіліктің қолдануына қол жеткізу аталған жүйенің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ тілінде сөйлейтін, оның ішінде этностар мен шетелдік диаспоралар өкілдерінің танымал отбасыларын РR жұмысына тарту арқылы мемлекеттік тілді отбасындағы қарым-қатынас тілі ретінде көпшіліктің қолдануына қол жеткізу жөнінде ауқымды науқан ұйымдастыру көзделеді.
Сонымен қатар қоғамдық пікір көшбасшыларын тарта отырып, ақпараттық-идеологиялық сипаттағы шаралар кешенін, ақпараттық және қоғамдық науқандар, ірі қоғамдық қозғалыстар, акциялар мен жобалар, ұйымдастыру талап етіледі.
Қоғамдық пікірді қалыптастыру жөніндегі жұмыстардың маңызды элементінің бірі – мемлекеттік тілді қолдану мәселелеріндегі ұнамсыз стереотиптерді бейтараптандыру көзделеді.
Осы бағыттағы жұмыс мемлекеттік тілді пайдалану мен қолдану саласындағы жағымсыз стереотиптік пікірлердің алдын алу жөнінде зерттеу-талдау қызметін жүргізу, қажетті шаралар кешенін айқындау арқылы жолға қойылатын болады.
Үкіметтік емес сектор мен масс-медиа әлеуеті мемлекеттік тілді қолдану саласындағы жағымсыз аспектілерді қоғамдық айыптау тетіктерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстың негізгі ресурсына айналуға тиіс.
2. Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру.
Қойылған мақсатқа қол жеткізудің екінші міндеті мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық саласына интеграциялау болып табылады.
Осы бағытта мемлекеттік тілде хабар тарататын жаңа телевизиялық арналар құру арқылы тілдік ортаны қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлін күшейтуге ерекше назар аударылып отыр. Бұл ретте цифрлық телерадио хабарларын таратуды енгізу арқылы айрықша мүмкіндіктер ашылады.
Сондай-ақ балалар мен жастарға арналған қазақ тіліндегі контентті кеңейту, арнайы оқыту бағдарламаларын, фильмдер жасау арқылы мемлекеттік тілді оқыту процесін ұйымдастыруда медиялық саланың әлеуетін белсенді пайдалану көзделеді.
Сондай-ақ қазақ тіліндегі интернет-ресурстарды мемлекеттік қолдау жүйесі арқылы қазақ тілді БАҚ-тарға жүйелі қолдау көрсету де маңызды аспект болып саналады.
Қоғамдағы тіл мәдениетін тікелей қалыптастыратын адамдар ретінде БАҚ қызметкерлеріне қойылатын міндетті тілдік біліктілік талаптарын енгізу ерекше рөлге ие болады.
Сонымен бірге аталған бағытта мемлекеттік тілді ғылым, заңнамалық актілер және жаңа технологиялар тілі ретінде дамыту шаралары көзделеді.
Осы аспектіде дәстүрлі және инновациялық тәсілдер негізінде өзіндік ғылыми-технологиялық тілдік базаны қарқынды дамыту барынша өзекті болып саналады.
Энциклопедияларды, ғылыми-публицистикалық, іскерлік, көркем және басқа да әдебиеттерді түпнұсқа тілінен қазақ тіліне аудару ісін ұйымдастыру және көп таралыммен шығару мемлекеттік тілдің қазіргі қолданбалы ғылым тілі ретіндегі рөлін барынша күшейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ "электрондық үкімет" шеңберінде электрондық қызмет көрсетудің барлық деңгейінде қазақ тілінің қолданылуын жандандыру көзделеді.
Қазақ тілінің халықаралық коммуникациялар, демалыс және ойын-сауық саласында қолданылуын кеңейте түсу де көзделіп отыр.
Мәдениет мекемелерінің репертуарларын қазақ тіліндегі жаңа контентпен толықтыру қажеттілігі мемлекеттік тілдегі жаңа қойылымдарды және жобаларды, оның ішінде балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына бағытталған шығармаларды туындату үшін шығармашылық әлеуетті ынталандыруға арналған конкурстық шараларды ұйымдастыру және өткізудің міндеттерін айқындап берді.
Бұқаралық мәдени, спорт және басқа да көпшілік шараларды өткізген кезде мемлекеттік тілді кеңінен қолдану сөзсіз қажеттілікке айналуға тиіс.
Мемлекеттік тіл халықаралық кездесулер өткізу, шарттарды, келісімдерді және өзге де халықаралық актілерді ресімдеу кезінде негізгі тіл болуға тиіс.
Этнотуристік іс-шараларды (мәдени-этнографиялық ескерткіштерге саяхат, скаутинг, балалардың этносаяхаттары және жазғы этнолагерьлер) ұйымдастырған кезде мемлекеттік тілдің әлеуетін белсенді пайдалану өте өзекті болып саналады.
Нәтижелердің көрсеткіштері:
1) мемлекеттік тілді танымал етуге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың үлесі (жыл сайынғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінің 10 %-ы);
2) мемлекеттік БАҚ эфирінде мемлекеттік тілдегі жаңа телевизиялық жобалар санының өсуі (жыл сайынғы телевизиялық жобалардың жалпы санының – 10 %-ы);
3) мемлекеттік тілде шығатын баспасөзді қолдауға бағдарланған мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың үлесі (жыл сайын 50 %).
Үшінші бағыт – қазақстандықтардың тіл мәдениетінің деңгейін арттыру.
Мақсаты: "Дамыған тіл мәдениеті зиялы ұлттың әлеуметтік-мәдени байлығының элементі"
Нысаналы индикаторлар:
1) қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (2013 жылы – 20 %, 2016 жылы – 60 %, 2017 жылы – 75 %, 2018 жылы – 90 %, 2019 жылы – 100 %);
2) тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуы бөлігінде қанағаттанушылық дәрежесі (2013 жылы – 60 %, 2016 жылы – 75 %, 2017 жылы – 80 %, 2018 жылы – 81 %, 2019 жылы – 82 %.
1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу
Аталған бағытты іске асыру, ең алдымен, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын жүйелендіруді қамтамасыз ету көзделеді.
Ономастика саласындағы жұмысты жетілдіру, ең алдымен, ономастикалық жұмыстарды жүргізген кезде ашықтық қағидаттарын енгізу, қоғамдық пікірді ескеру, шешімдерді қабылдау процесіне азаматтық қоғам институттарын және бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту көзделеді.
Оған қол жеткізу үшін ономастика саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіре түсу, сондай-ақ географиялық объектілердің атауларын мемлекеттік тілде жазу, оны орыс және басқа да тілдерде транслитерациялаудың ережелерін әзірлеу талап етіледі.
Антропонимикалық атауларды және көрнекі ақпараттарды сәйкестендіруді жүзеге асыру мемлекеттік тілде антропонимикалық белгілеулерді жазу мен сәйкестендіру жөніндегі бірыңғай талаптарды әзірлеуді, сондай-ақ көрнекі ақпаратты көркем ресімдеу туралы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді талап етеді.
Терминологиялық лексиканы біріздендіру, терминологиялық қорды толықтыру жөніндегі міндет өзекті болып саналады.
Қажетті шаралардың қатарында қазақ терминологиясын жүйелеу жөніндегі жаңа талаптарды әзірлеу, терминдерді және атауларды негізгі қағидаларға, қазақ тілінің жазу нормаларына сәйкес ретке келтіру жұмыстары орын алады.
Аталған жұмыс әлемдік тәжірибені, туыстас тілдердің үлгілерін, халықаралық терминдерді және терминологиялық атауларды пайдалану арқылы, сондай-ақ жаңадан бекітілген терминдерді бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану жиілігіне тұрақты мониторинг жүргізу жағдайында жүргізілуге тиіс.
Терминологиялық қорды жаңа терминдермен жаңарту тілдік тарихи мұраны қайта жаңғыртуды, сондай-ақ терминтану мен терминография жөніндегі арнайы жұмыстарды жүргізуді талап етеді.
Сондай-ақ халықаралық терминдерді қазақ тіліне аудару әдістерін қайта қарау, терминдер мен ұғымдарды аудару әдістерін әзірлеу, сондай-ақ жалпы қабылданған халықаралық аналогтарға сәйкестендіру тұрғысындағы жұмыстарды жүргізу талап етіледі. Осыған байланысты халықаралық терминдерді қабылдаудың қағидаттарын әзірлеу көзделеді. Сонымен қатар салалық терминологияның бірыңғай электрондық базасын құру және қазақ терминологиясының жалпы қорын жасау, веб-сайттар мен порталдарға орналастыру көзделеді.
Үздіксіз тілдік өзгерістер процесін бекітетін, тілдің жүйе құру, лексикалық және грамматикалық құрылысын сипаттайтын қажеттілігі де өте өзекті болып табылады.
2. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру, оны қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолдану бойынша кешенді жұмыстар жүргізу, тіл мәдениетін жетілдіру.
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру, оны қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолдану бойынша кешенді жұмыстар жүргізу.
Осы бағытта қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қазақ тілінің фонологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ тілінің орфографиясын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау, азаматтардың жаңа әліпбиді үйренуі бойынша материалдарды дайындау, олардың көпшілікке қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделген.
Сонымен қатар қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру барысында болашақ ұрпақ үшін қазақ халқының кириллица негізіндегі бай мәдени мұрасын сақтап қалу қажет. Болашақта кириллицада шығарылған көркем әдебиет, халық өнері, тарихи шығармалар, әлемдік әдебиеттің қазақ тіліне аударылған туындылары, энциклопедиялары латын графикасының негізінде қайта шығарылуға тиіс.
Теле- және радиоарналарда, мерзімді баспа басылымдарында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге арналған тақырыптық айдарлар мен бағдарламалар ашуды ұйымдастыру қажет.
Латын графикасын үйрену үшін сөздіктер, емле ережелерін, тілашарларды шығаруды қамтамасыз ету, инновациялық IT-технологияларды қолдана отырып, балалар мен ересектерге арналған онлайн-қосымшалар, электрондық нұсқадағы оқу курстарын әзірлеу қажет.
Латын графикасын үйрететін оқытушы-мамандар даярлау, ересек тұрғындар үшін курстарды үйлестіру қажет.
Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің деңгейін көтерудің қажетті компоненті сөйлеу мәдениетін дамыту болуға тиіс.
Айтыстар, мүшәйра, пікірталас турнирлерін, жыраулар мен жыршылар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу осы бағыттағы негізгі шаралар болып табылады.
Қазақ жазуын одан әрі жетілдіру сауаттылықты арттыруға бағытталған конкурстық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу арқылы іске асырылатын болады. Сонымен бірге мемлекеттік тіл мәселесімен айналысатын мерзімді баспа басылымдарын мемлекеттік қолдау талап етіледі.
Сонымен қатар ақпараттық-анықтамалық электрондық тілдік қызметті құру және дамыту, элективті, қосымша курстарды ұйымдастыру арқылы мемлекеттік тілдегі іскерлік ресми жазба дағдыларына оқыту жүйесін ұйымдастыру жоспарлануда.
Үйлесімді тілдік ортаны сақтау – тіл мәдениетін жетілдіру міндеттерінің бірі. Қоғамды, мәдениет және өнер қайраткерлерін, БАҚ-ты кеңінен тарта отырып, Қазақстан халқы тілдері күнін ұйымдастыру және өткізу, түркі жазбаларына арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру, сондай-ақ тіл мәдениетін насихаттауға бағытталған шараларды өткізу дәстүрін жалғастыру жұмыстары қажетті шаралар қатарына жатады.
Нәтижелердің көрсеткіштері:
1) терминологиялық комиссия бекіткен терминдердің саны (өсу қорытындысымен) (2016 жылы – 18000, 2017 жылы – 21000, 2018 жылы – 24000, 2019 жылы – 27000);
2) көрнекі ақпараттарда мемлекеттік тілдің пайдаланылу дәрежесі (2013 жылы – 30 %, 2016 жылы – 50 %, 2017 жылы – 70 %, 2018 жылы – 85 %, 2019 жылы – 100 %).
Төртінші бағыт – лингвистикалық капиталды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау
Мақсаты: "Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту"
Нысаналы индикаторлар:
1) республикадағы орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі (2017 жылы – 89 %, 2018 жылы – 89 %, 2019 жылы – 89 %);
2) этномәдени бірлестіктер жанындағы қазақ және ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесі (2013 жылы – 60 %, 2016 жылы – 70 %, 2017 жылы – 73 %, 2018 жылы – 78 %, 2019 жылы – 80 %);
3) республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі (2013 жылы – 10 %, 2016 жылы – 22 %, 2017 жылы – 23 %, 2018 жылы – 25 %, 2019 жылы – 27 %);
4) республикада үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесі (2013 жылы – 10 %, 2016 жылы – 20,5 %, 2017 жылы – 22 %, 2018 жылы – 24 %, 2019 жылы – 25 %).
1. Коммуникативтік-тілдік кеңістікте орыс тілінің қызмет етуі.
Төртінші бағытты іске асыру Қазақстанның коммуникативтік-тілдік кеңістігінде орыс тілінің қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмыстарды ұйымдастыруды көздейді.
Мұның аясында орыс тілін оқыту жүйесін оқу-әдістемелік және зияткерлік тұрғыдан одан әрі қамтамасыз ету, сондай-ақ оқытушы кадрларды кәсіптік тұрғыдан оқыту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Орыс тілінің қолданылуын ақпараттық қолдау Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде орыс тілін пайдалануды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізілетін болады.
2. Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау.
Осы міндет аясында, ең алдымен, Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің ана тілдерін оқытуға жағдай жасау көзделеді. Бұл үшін жексенбілік мектептерге оқу-әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ ана тілдерін оқыту кезінде тілді білетін тәжірибелі педагог мамандарды тарту, халықаралық тәжірибені және заманауи технологияларды пайдалану жоспарланады.
Сонымен қатар, этностардың тілдерін сақтау және мәдениеттерді өзара байыту үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету көзделеді. Кеңінен ақпараттық қолдаумен мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру, этностардың тарихи және заманауи жазба мұрасын сақтауды қамтамасыз ету жұмыстары қажетті шаралар қатарына жатады.
Халықтың шығармашылық тұрғыдан өсуіне жәрдемдесу этностардың мәдени және шығармашылық мүмкіндіктерін одан әрі іске асыру арқылы жоспарланады.
3. Ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену, оқытудың үштілді моделін дамыту.
Қазақстандықтардың лексикалық капиталының негізгі компоненттерінің бірі іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі ағылшын тілін білу болып табылады.
Осы міндеттің аясында шет тілдерін оқыту процесінің ауқымды білім беру кеңістігін сақтау көзделген.
Шет тілдік мәдениетпен өзара іс-қимыл жасау мақсатында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту үкіметаралық келісімдер аясындағы мәдени-көпшілік іс-шаралар – шет мемлекеттердің Мәдениет күндерін, көрмелер, көркем және деректі фильмдерді түпнұсқа тілінде көрсету көзделеді.
Оқытудың үштілді моделін дамыту
Осы бағыт шеңберінде үш тілде білім беру идеясын танымал етуге және ынталандыруға бағытталған арнайы іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс көзделген.
Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарындағы үш тілде білім беру және тәрбиелеу қызметіне арналған әдістемелік материалдарды әзірлеу және шығару да көзделген.
Нысаналы топтарда үш тілде білім беруді ілгерілету жөніндегі ақпараттық стратегияны іске асыру шеңберінде көрсетілген бағытты кеңінен жария ету көзделген.
Нәтижелердің көрсеткіштері:
1) қазақ және ана тілдерін үйрету бойынша әдістемелік көмекпен қамтылған ұлттық-мәдени бірлестіктері бар этностардың үлесі (2013 жылы – 20 %, 2016 жылы – 60 %, 2017 жылы – 75 %, 2018 жылы – 85 %, 2019 жылы – 100 %);
2) орталықтардың жалпы санына шаққанда ағылшын және басқа да шет тілдерін үйрету бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының үлесі (2013 жылы – 50 %, 2016 жылы – 75 %, 2017 жылы – 85 %, 2018 жылы – 86 %, 2019 жылы – 87 %).
Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Бағдарламаны іске асыру үш кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезеңде (2011 – 2013 жылдар) тілдерді одан әрі дамыту мен қызмет етуінің нормативтік құқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіруге бағытталған шаралар кешені өткізілді.
Осылайша, бірінші кезеңнің аясында мемлекеттік тілді оқыту стандарттарын жетілдіру, қазақ тілін оқыту орталықтарын аккредиттеудің әдістемесін әзірлеу жұмыстарын жүзеге асыру іске асырылды.
Сонымен қатар, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын жүйелендіруді қамтамасыз ету мәселесі бойынша ономастика саласындағы, терминологиялық лексиканы біріздендіру мәселесі бойынша терминология саласындағы, сондай-ақ антропонимикалық атаулар мен көрнекі ақпаратты сәйкестендіруді жүзеге асыру мәселесі бойынша антропонимика саласындағы нормативтік құқықтық база жетілдірілді.
Сонымен бірге, құқықтық олқылықтарды жою мен тілдер туралы заңнаманың бұзылғаны үшін жауапкершілікті күшейту тұрғысынан нормативтік құқықтық база жетілдірілді.
Осы кезеңде мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына, Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін сақтауға және оқып-үйренуге қолайлы жағдайлар жасайтын ұйымдастырушылық-практикалық шаралар кешені, сондай-ақ нәтижелердің тиімділігіне мониторинг жүргізу жүйесі енгізілді.
Екінші кезең (2014 – 2016 жылдар) аясында мемлекеттік тілді оқып-үйрену және қолдану саласында, сондай-ақ тілдік әралуандықты сақтауда жаңа стандарттар, технологиялар мен әдістерді енгізу жөніндегі практикалық шаралар кешені іске асырылды.
Мемлекеттік тілді меңгеруді ынталандыру жүйесін құру жөніндегі жұмыс ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметшілердің, халыққа қызмет көрсету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласы қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеруі жөніндегі міндетті минималды талаптары енгізілді. Бұған қоса, мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу жөніндегі жұмысы жалғастырылуда.
Әзірленген нормативтік құқықтық базаның негізінде қазақ тілінің терминологиялық қорын ретке келтіру, ономастикалық кеңістікті жүйелендіруді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жүргізілді.
Үшінші кезең (2017 – 2019 жылдар)
Мемлекеттік тілді оқытудың ұлттық стандарттарына сәйкес қазақ тілін оқыту әдістемесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікте жеткілікті қолданылуы, оның мәртебесін арттыру, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша мемлекет пен азаматтық қоғамның ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, қазақ тілінің оқу-әдістемелік құралдары базасын латын графикасында қалыптастыруды іске асыру, сондай-ақ кириллицада шығарылған әдеби және басқа да шығармаларды шығару жүзеге асырылатын болады.
Сонымен қатар қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қажеттілігін, оның басқа тілдердің қолданылуы одан әрі сақталған жағдайда тиісінше қолданылу сапасына және меңгерілу деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізу көзделеді.
Бұған қоса ономастика, терминология, мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу, сондай-ақ үйлесімді тілдік ортаны сақтау жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады.
Қажетті ресурстар
2011 – 2019 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады. Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны 19134,9 млн. теңгені құрады. Бағдарламаның екінші кезеңін іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны 9 702,1 млн. теңгені құрады.
Бағдарламаның үшінші кезеңін іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны 7264,5 млн. теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосымша |
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017 – 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с № | Атауы |
Өлшем |
Аяқтау |
Орындалу | Орындауға жауаптылар | Оның ішінде жылдар бойынша | Қаржыландыру көздері |
Бюджеттік бағдарламаның | |||
2017 |
2018 |
2019 | Барлығы |
Кестенің жалғасы
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | ||||
Мақсаты: мемлекеттік тілді меңгеруді қамтамасыз етудің тиімді тәсілдеріне қол жеткізу | |||||||||||||||
Нысаналы индикаторлар: | |||||||||||||||
мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі | % |
МСМ, | 83 | 85 | 90 | ||||||||||
мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі | % | БҒМ | 80 | 90 | 100 | ||||||||||
Міндет: | |||||||||||||||
1. Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау | |||||||||||||||
Нәтижелер көрсеткіші: | |||||||||||||||
онлайн режимде қашықтан қол жеткізу мүмкіндігімен ұйымдастырылған мемлекеттік тілді оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың үлесі | % |
МСМ, | 65 | 75 | 90 | ||||||||||
Іс-шара | |||||||||||||||
1 | Онлайн режимде қашықтан қол жеткізу мүмкіндігімен ұйымдастырылған мемлекеттік тілді оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру | млн. тг |
МСМ-ге ақпарат |
2017 -2019 | ЖАО | 7,4 | 13,2 | 14,7 | 35,3 | ЖБ | |||||
Міндет: | |||||||||||||||
2. Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту | |||||||||||||||
Нәтижелер көрсеткіші: | |||||||||||||||
қазақ тілі бойынша педагог кадрларды даярлауға көзделген гранттардың саны | адам | БҒМ | 500 | 500 | 500 | 1500 | |||||||||
Іс-шара | |||||||||||||||
2 | Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде қазақ тілінің болашақ оқытушыларын оқыту |
МСМ-ге ақпарат |
2017-2019 | БҒМ | 204 100 республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген | ||||||||||
Міндет: | |||||||||||||||
3. Мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру | |||||||||||||||
Нәтижелер көрсеткіштері: | |||||||||||||||
мемлекеттік тілді оқитындар санының өсуі (2013 жылмен салыстырғанда) | % |
МСМ, | 80 | 90 | 100 | ||||||||||
"Қазтест" жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 (С1) деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі | % | МСМ, БҒМ |
28 |
30 |
35 | ||||||||||
"Қазтест" жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 (С1) деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардың, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен ұлттық холдингтердің қызметкерлерінің үлесі | % | МСМ, БҒМ |
30 |
32 |
35 | ||||||||||
Іс-шаралар | |||||||||||||||
3 | "Қазтест" бағдарламасы негізінде білім деңгейін жыл сайынғы бақылау жүйесін енгізу | млн. тг |
МСМ-ге ақпарат |
2017-2019 | БҒМ |
63,6 |
59,6 |
61,7 |
184,9 |
РБ |
225 | ||||
4 | Мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметкерлері үшін "Қазтест" қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша тестілеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету |
диагностикалық тестілеу |
2017- |
МСМ, | талап етілмейді | ||||||||||
5 | Тілдерді деңгейлеп меңгерудің халықаралық стандарты негізінде "Балабақша – мектеп – колледж – жоғары оқу орны" мемлекеттік тілді үздіксіз оқыту жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыру |
МСМ-ге ақпарат |
2017-2019 | БҒМ | талап етілмейді | ||||||||||
6 | Қазақ тілін үйрену үшін барлық адамдарға мемлекеттік қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын біркелкілікке жеткізу үшін мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі орталықтардың жанынан білім деңгейі бойынша тегін курстар ұйымдастыру | млн. тг | МСМ-ге ақпарат |
2017-2019 |
ЖАО, | 342,1 | 347,7 | 362,3 | 1 052,1 | ЖБ | |||||
7 | Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа, баламалы, барынша жетілдірілген, сапалы бағдарламаларын әзірлеуді және дайындауды жүзеге асыратын мамандарды ынталандыру іс-шараларын жүргізу | млн. тг | жыл сайынғы семинар-тренинг |
2017-2019 |
МСМ, | 3,4 | 13,2 | 13,2 | 29,8 | РБ | 240 021 | ||||
8 | Әлем әдебиетін мемлекеттік тілге аудару, ғылыми-танымдық, энциклопедиялық, анықтамалық-сөздік, әдістемелік, балалар әдебиетін, инновациялық бағдарламаларды, анимациялық фильмдерді мемлекеттік тілде (соның ішінде, латын графикасында) әзірлеу және шығару | млн. тг | анықтама лық-сөздіктер, энциклопедиялық, танымдық, балаларға арналған әдебиеттер, анимация лық фильмдер |
2017-2019 | МСМ |
497,7 | 84,4 | 84,4 | 666,5 | РБ | 240 021 | ||||
9 | Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйренуі үшін әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету | млн. тг | жыл сайынғы кіші құрылтай және халықара лық өнер фестивалі |
2017-2019 |
МСМ, |
26,4 |
14,7 |
14,7 | 55,8 | РБ | 240 021 | ||||
10 | Шетелде тұратын отандастар мәселелері бойынша әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеу жүргізу | млн. тг | ҰЭМ-ге ақпарат |
2017-2019 |
МСМ, | 2,0 |
2,0 |
2,0 |
6,0 | РБ |
240 001 | ||||
11 | Дүниежүзі қазақтарының құрылтайын өткізу | млн. тг | құрылтай |
2017 |
МСМ, | 160,0 | - | - | 160,0 | РБ |
240 | ||||
Мақсаты: Мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануын танымал ету | |||||||||||||||
Нысаналы индикаторлар: | |||||||||||||||
мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі | % | АКМ | 70 | 71 | 72 | ||||||||||
Міндет: | |||||||||||||||
1. Мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру | |||||||||||||||
Нәтижелер көрсеткіштері: | |||||||||||||||
мемлекеттік БАҚ эфиріндегі мемлекеттік тілдегі телевизиялық жобалар санының өсуі | % | АКМ | 10 | 10 | 10 | ||||||||||
мемлекеттік тілде шығатын баспа БАҚ-ты қолдауға бағытталған мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың үлесі | % | АКМ | 50 | 50 | 50 | ||||||||||
Іс-шаралар | |||||||||||||||
12 | Мәртебелі тұлғаларды және қазақ тілінде сөйлейтін этностардың танымал отбасыларын тарта отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің бірлескен акцияларын өткізу арқылы PR технологиясы бойынша мемлекеттік тілді көпшілікке танымал ету жұмыстарын ұйымдастыру |
акциялар, флешмоб тар |
2017-2019 |
МСМ, | талап етілмейді | ||||||||||
13 | Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін теле-, радиобағдарламалар мен мерзімді баспа басылымдары, оның ішінде балалар мен жастарға арналған мемлекеттік тілдегі контентті БАҚ-та кеңейту арқылы дамыту және насихаттау | МСМ-ге ақпарат |
2017-2019 | АКМ |
003 республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген | ||||||||||
14 | Қазақ тілді БАҚ-қа қазақ тіліндегі интернет-ресурстарға мемлекеттік қолдау жүйесі арқылы жүйелі қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыру | МСМ-ге ақпарат |
2017-2019 | АКМ |
талап етілмейді | ||||||||||
15 | Тілдерді дамыту мен қолдануды мемлекеттік тіл саясаты басымдықтарын, оның ішінде БАҚ-та, интернет-ресурста ілгерілетуді, көпшілікке танытуды әдістемелік қамтамасыз ету | млн. тг | ҰЭМ-ге ақпарат |
2017-2019 | МСМ |
49,0 | 30,2 | 30,2 | 109,4 | РБ |
240 | ||||
Міндет: | |||||||||||||||
2. Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру | |||||||||||||||
Нәтижелер көрсеткіші | |||||||||||||||
мемлекеттік тілді танымал етуге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың үлесі | % |
ДІАҚМ, МСМ, | 10 | 10 | 10 | ||||||||||
Іс-шаралар | |||||||||||||||
16 | Халық арасында мемлекеттік тілді көпшілікке танымал ету және жеке субъектілердің іс жүргізуін мемлекеттік тілге көшіруді жеделдету мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде және басқа да көздер арқылы қоғамдық қозғалыстарды, бірлескен акциялар мен жобаларды ұйымдастыру және өткізу кезінде қазақ тілін насихаттау |
МСМ-ге ақпарат |
2017-2019 |
ДІАҚМ, МСМ, | талап етілмейді | ||||||||||
17 | Мемлекеттік тілдің беделін арттыру мен қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тілге сұранысты арттыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткізілетін шаралар | млн. тг | МСМ-ге ақпарат |
2017-2019 | ЖАО | 82,8 | 104,2 | 108,5 | 295,4 | ЖБ | |||||
18 | Фильмдерді мемлекеттік тілде дубляждауды қамтамасыз етуге мемлекеттік қолдау көрсету | млн. тг. | ҰЭМ-ге ақпарат |
2017-2019 | МСМ |
27,1 |
134,7 |
21,2 |
183,0 | РБ |
240 033 | ||||
19 | Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеу жүргізу | млн. тг | ҰЭМ-ге ақпарат |
2017-2019 | МСМ |
12,0 | 12,0 | 12,0 | 36,0 | РБ | |||||
20 | Үш тілді білім беруді ілгерілету бойынша жобаларды іске асыру, интернет кеңістігіндегі жұмыстар, тележобалар, компьютерлік бағдарламалармен (базамен) қамтамасыз ету | млн. тг | ҰЭМ-ге ақпарат |
2017-2019 | МСМ |
66,4 | 112,6 | 112,6 | 291,6 | РБ | |||||
21 | "Электрондық үкімет" шеңберінде электрондық қызметтер көрсетудің барлық деңгейінде қазақ тілінің қолданылуын кеңейтуді қамтамасыз ету | МСМ-ге ақпарат |
2017-2019 | АКМ, МО |
талап етілмейді | ||||||||||
22 | Мәдениет ұйымдарының (театр, кино және т.б.) репертуарын қазақ тіліндегі жаңа контентпен, оның ішінде балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына арналған шығармалармен толықтыру | ҰЭМ-ге ақпарат |
2017-2019 |
МСМ, | талап етілмейді | ||||||||||
23 | Бұқаралық мәдени, спорт және өзге де қоғамдық шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ету | МСМ-ге ақпарат |
2017-2019 | МО, ҰК | талап етілмейді | ||||||||||
24 | Мемлекеттік тілді халықаралық қызметте қолдануды қамтамасыз ету | МСМ-ге ақпарат |
2017-2019 |
СІМ, | талап етілмейді | ||||||||||
Мақсаты: дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті | |||||||||||||||
Нысаналы индикаторлар: | |||||||||||||||
тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақтау бөлігінде қанағаттанушылық дәрежесі | % | МСМ | 80 | 81 | 82 | ||||||||||
қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі | % | МСМ | 75 | 90 | 100 | ||||||||||
Міндет: | |||||||||||||||
1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелендіру | |||||||||||||||
Нәтижелер көрсеткіші | |||||||||||||||
мемлекеттік тілдің көрнекі ақпараттарда пайдаланылу дәрежесі | % | МСМ, ЖАО | 70 | 85 | 100 | ||||||||||
Іс-шаралар | |||||||||||||||
25 |
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың жұмысын қамтамасыз ету, ономастикалық атауларды ретке келтіру және терминология жұмыстарын жетілдіру | млн. тг | Семинар лар, комиссия лар |
2017-2019 | МСМ, ЖАО |
9,2 |
12,1 |
12,1 |
33,4 | РБ | 240 021 | ||||
26 | Ономастика және терминология жұмыстарын жүргізу кезінде азаматтық қоғам институттарын және БАҚ-ты тарту | ҰЭМ-не ақпарат |
2017-2019 | МСМ |
талап етілмейді | ||||||||||
Міндет: | |||||||||||||||
2. Тіл мәдениетін жетілдіру | |||||||||||||||
Нәтижелер көрсеткіші: | |||||||||||||||
терминологиялық комиссия бекіткен терминдердің саны (өсу қорытындысымен) |
бір | МСМ | 21 000 | 24 000 | 27 000 | ||||||||||
Іс-шаралар | |||||||||||||||
27 | Мемлекеттік тілде мемлекеттік топографиялық және тақырыптық карталарды, географиялық атаулардың мемлекеттік каталогын (бюллетенін) жасау және жаңарту | млн. тг |
МСМ-ге ақпарат туралы | 2017-2019 жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін | АШМ |
691,0 |
786,1 |
829,4 |
2306,5 | РБ |
212 | ||||
28 | Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың бюллетеньдерін, қазақ тілін дамыту мәселелері бойынша журналдар, альманахтар басып шығаруды қамтамасыз ету | млн. тг | "Терминологиялық хабаршы", "Ономастикалық хабаршы" бюллетеньдері, журналдар |
2017-2019 | МСМ |
3,6 | 9,7 | 9,7 | 23,0 | РБ |
240 | ||||
29 | Білім беру ұйымдарында (мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, колледждер, ЖОО-лар және ҒЗИ) қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша іс-шаралар өткізу | МСМ-ге ақпарат |
2017-2019 | БҒМ, МКС |
Көзделген қаражат шегінде | ||||||||||
30 | Ілеспе аударманы оқыту, тіл мәдениетін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру | млн. тг | Семинар-тренингтер |
2017-2019 |
МСМ, МО |
8,0 | 7,8 | 7,8 | 23,6 | РБ |
240 | ||||
31 | Тілдік ортаны құрудың және дамытудың өзекті проблемалары бойынша республикалық (өңірлік) іс-шараларды, түркі және қазақ жазуы күндерін, жыршы-термешілер арасындағы конкурстарды, пікірталастар, мүшәйра, сондай-ақ "Мемлекеттік тіл және БАҚ" конкурсын өткізу | млн. тг | жыл сайынғы семинар лар, кеңестер, "дөңгелек үстелдер", конференциялар |
2017-2019 |
МСМ, |
21,6 | 38,3 | 38,3 | 98,2 | РБ | 240 021 | ||||
32 | Өңірлерде тіл мәдениетін дамыту, ономастика және терминология мәселелері бойынша іс-шаралар, тележобалар, телеойындар, телесабақтар өткізу | млн. тг | МСМ-ге ақпарат |
2017-2019 | ЖАО | 181,4 | 179,9 | 168,4 | 517,7 | ЖБ | |||||
Мақсаты: қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту | |||||||||||||||
Нысаналы индикаторлар | |||||||||||||||
орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі | % |
МСМ, |
89 | 92 | 93 | ||||||||||
этномәдени бірлестіктер жанындағы қазақ және ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесі | % |
МСМ, | 73 | 78 | 80 | ||||||||||
республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі | % | МСМ, ЖАО | 23 | 25 | 27 | ||||||||||
республикадағы үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесі | % |
МСМ, | 22 | 24 | 25 | ||||||||||
Міндеттер: | |||||||||||||||
1. Орыс тілінің коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі қызмет етуі | |||||||||||||||
2. Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау | |||||||||||||||
Нәтижелер көрсеткіші | |||||||||||||||
қазақ және ана тілдерін үйрету бойынша әдістемелік көмекпен қамтылған этномәдени бірлестіктері бар этностардың үлесі | % | МСМ, ЖАО | 75 | 85 | 100 | ||||||||||
Іс-шаралар | |||||||||||||||
33 | Республикалық этномәдени бірлестіктердегі жексенбілік мектептер арқылы этнос тілдерін және мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыруға мемлекеттік қолдау көрсету | млн. тг | Мемлекет тік және этностар дың ана тілдерін оқыту курстары |
2017-2019 | МСМ |
22,5 | 20,0 | 20,0 | 62,5 | РБ | 240 021 | ||||
34 | Мемлекеттік және ана тілдерін оқыту үшін оқу-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық, танымдық, публицистикалық әдебиеттерді әзірлеу және шығару (соның ішінде, латын графикасында) | млн. тг |
оқу-әдісте |
2017-2019 | МСМ |
35,0 | 35,0 | 35,0 | 105 | РБ | 240 021 | ||||
35 | Қазақстан халқы тілдері күнін және Славян жазуы күндерін мерекелеу шеңберінде республикалық конкурстар, семинар-тренингтер, "дөңгелек үстел" отырыстарын өткізу | млн. тг | фестиваль, семинар-тренинг тер, дөңгелек үстелдер |
2017-2019 | МСМ, МО | 12,7 | 12,4 | 12,4 | 37,5 | РБ | 240 021 | ||||
36 | Қазақстанның шекара маңы өңірлерінде және этникалық топтар жинақы орналасқан өңірлерде тілдік ахуалды зерделеу бойынша әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеу жүргізу | млн. тг | ҰЭМ-ге ақпарат |
2017-2019 | МСМ | 4,5 | 4,5 | 4,5 | 13,5 | РБ |
240 001 | ||||
37 | Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі шеңберінде этнос тілдерін қолдау және оларды сақтау мақсатында іс-шаралар өткізу | млн. тг | МСМ-ге ақпарат |
2017-2019 | ЖАО | 66,7 | 71,4 | 76,9 | 215,0 | ЖБ | |||||
Міндет: | |||||||||||||||
3. Ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену | |||||||||||||||
Нәтижелер көрсеткіші | |||||||||||||||
орталықтардың жалпы санына шаққанда ағылшын және басқа да шет тілдерін үйрету қызметтерін ұсынатын тілдерді оқыту жөніндегі мемлекеттік орталықтардың үлесі | % | МСМ, ЖАО | 85 | 86 | 87 | ||||||||||
Іс-шаралар | |||||||||||||||
38 | Тілдерді оқыту жөніндегі мемлекеттік орталықтарда ағылшын және басқа да шет тілдерін оқыту курстарын кеңейту | млн. тг | МСМ-ге ақпарат |
2017-2019 | ЖАО | 117,2 | 121,4 | 128,6 | 367,2 | ЖБ | |||||
39 | Үштілді білім беруді ілгерілету аясында мемлекеттік қызметшілерге тілдерді оқыту курстарын ұйымдастыру | млн. тг | тіл оқыту курстары | 2017-2019 жылдар | МСМ, ОАО | 57,5 | 57,5 | 57,5 | 172,5 | РБ | 240 021 | ||||
40 | Үш тілде білім беретін мектептер үшін ұйымдарда жаратылыстану-математика пәндерінің оқытушыларын даярлауды қамтамасыз ету | МСМ-ге ақпарат |
2017-2019 | БҒМ | РБ шегінде бөлінген қаражат | РБ |
204 | ||||||||
41 | Үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін) оқытудың бірыңғай тілдік стандартын әзірлеу | МСМ-ге ақпарат | 2018 жыл | БҒМ | талап етілмейді | ||||||||||
42 | Үштілділікті енгізуді ынталандыруға бағытталған іс-шараларды өткізу | млн. тг |
ҰЭМ-ге ақпарат |
2017-2019 | МСМ, МО | 1,5 | 7,3 | 7,3 | 16,1 | РБ | 240 021 | ||||
43 | Үштілді білім беру идеясын өңірлерде танымал етуге бағытталған іс-шараларды өткізу | млн. тг | МСМ-ге ақпарат |
2017-2019 | ЖАО | 53,6 | 56,6 | 56,8 | 170,0 | ЖБ | |||||
Жиыны: | 1774,7 | 1454,1 | 1386,0 | 4614,8 | РБ | ||||||||||
837,7 | 895,9 | 916,0 | 2 649,7 | ЖБ |
* Барлық бюджет деңгейлері бойынша шығыстар көлемі тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңына және жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес айқындалады (нақтыланады).
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
РБ |
– |
республикалық бюджет |