"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мүлік "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық мүлік "Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 524 қаулысына 1-қосымша |
"Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге республикалық меншіктен берілетін мүліктің атауы
Р/с № | Мүліктің атауы | Мекенжайы |
Алаңы | Кадастрлық нөмірі |
1 | Пәтер | Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Достық көшесі, 13/1-үй, 51-пәтер | 61,3 | 21:320:000:000:13/1:51 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 524 қаулысына 2-қосымша |
"Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге республикалық меншіктен берілетін мүліктің атауы
Р/с № | Мүліктің атауы | Мекенжайы |
Алаңы | Кадастрлық нөмірі |
1 | Пәтер | Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы, 24/1-үй, 274-пәтер | 49,6 | 21:319:016:766:24/1:274 |