"Стратегиялық объектіні иеліктен шығару туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қарашадағы № 803 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 557 қаулысы

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Стратегиялық объектіні иеліктен шығару туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қарашадағы № 803 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы "Семейавиа" акционерлік қоғамының мүліктік кешенінің жалпы ауданы 20,6694 гектар жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен аэровокзал кешенінің жылжымалы, жылжымайтын мүлкінің стратегиялық объектісін аэровокзал қызметінің бейінін сақтау шартымен "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады