Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 579 қаулысы.

      "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жылжымайтын мүлік республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі "Байқоңырбаланс" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген жылжымайтын мүлікті қабылдау-беру бойынша қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 579 қаулысына
қосымша

Республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі "Байқоңырбаланс" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне берілетін жылжымайтын мүліктің тізбесі

Р/с №

Жылжымайтын мүліктің атауы Орналасқан жері Ұзындығы,
қума метр

1

2

3

4

1

Су құбырлары

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Комаров көшесі, Осташев көшесі, Титов көшесі, Носов көшесі, М.Горький көшесі, Шубников көшесі, 8 март көшесі, Максимов көшесі, Абай даңғылы

9293

2

Су құбыры

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Ақай кенті, 4-алаң, 5-алаң,
кәріздік-тазарту құрылыстары, кәріздік сорғы станциясы
 

8509,47


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады