Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 18 – 29 жас аралығындағы NEET жастарды, оның ішінде 2018 жылғы түлектерді жұмыспен қамту және әлеуметтендіру бойынша жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.
2. Жол картасының орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері:
1) Жол картасын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;
2) жылына бір рет, 20 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі есепті жылдан кейінгі 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 583 қаулысымен бекітілген |
18 – 29 жас аралығындағы NEET жастарды, оның ішінде 2018 жылғы түлектерді жұмыспен қамту және әлеуметтендіру бойынша жол картасы
Р/с | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны |
Орындауға |
Ақпарат ұсыну мерзімі | Қажетті қаржыландыру көлемі мен көздері |
кестенің жалғасы
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
"Түлектер тақтасы" жобасының тиімділігіне талдау жүргізу және аталған жобаның ақпараттық және практикалық маңыздылығын арттыру, аумақтық қамтуын кеңейту бойынша ұсыныстар енгізу |
талдамалық |
ҚДМ, БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, |
2018 жылғы | талап етілмейді | |
2. | Еліміздегі барлық мектептерде кәсіптік бағдарлау кабинеттерін ашу арқылы кәсіп таңдау мәселелері бойынша жастарға арналған консультативтік орталықтарды құру жөніндегі мәселені пысықтау |
ҚДМ-ға ақпарат |
облыстардың, |
2019 жылғы | талап етілмейді |
3. |
Перспективалық және сұраныс жоқ мамандықтарды (болашақ кәсіптерді) шолулар қалыптастыру және оларды дәріптеу | ҚДМ-ға ақпарат |
Еңбекмині, ҰЭМ, облыстардың, |
2019 жылғы | талап етілмейді |
4. | Дуальдық оқыту шеңберінде өңірлердегі жетекші кәсіпорындармен колледждер және жоғары оқу орындары студенттерінің, оның ішінде "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" - "Серпін" жобасы түлектерінің өндірістік практикадан және тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету және одан әрі оларды жұмысқа орналастыру және кәсіпорын базасына тіркеу мәселелерін пысықтау | БҒМ-ға ақпарат |
облыстардың, |
жарты жылда | талап етілмейді |
5. |
Дуальдық оқытудың тиімділігін арттыру | БҒМ-ға ақпарат |
облыстардың, |
жарты жылда | талап етілмейді |
6. | ТжКБ жүйесіне жастарды тарту мақсатында колледждер жанынан инженер кадрларды, оның ішінде ақпараттық және цифрлық технологиялар саласында даярлауды есепке ала отырып, құзыреттілік орталығын құру туралы мәселені зерделеу | БҒМ-ға ақпарат |
облыстардың, |
2019 жылғы | жергілікті бюджет есебінен |
7. | Қызмет салаларының барлығында тәлімгерлік институтын дамыту (жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандарға жетекшілік ету) бойынша мәселені пысықтау |
ҚДМ-ға ақпарат |
облыстардың, |
2019 жылғы |
талап етілмейді |
8. |
Аумақтық әскерлер қатарына жастарды тарту мәселесін зерделеу |
ҚДМ-ға ақпарат |
Қорғанысмині, БҒМ, ҚДМ, |
2019 жылғы |
талап етілмейді |
9. | Жұмыспен қамту орталықтары жастардың еңбек нарығында сұраныс және ұсыныс картасын әзірлеу мәселесін пысықтау | Еңбекминіне ақпарат |
облыстардың, |
жарты жылда |
талап етілмейді |
10. |
Әлеуетті жұмыс берушілермен бірлесе отырып, жүйелі негізде бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру |
ҚДМ-ға ақпарат |
Еңбекмині, БҒМ, | жарты жылда бір рет |
талап етілмейді |
11. |
Жастардың стартап жобаларын бизнес-жоспарды ұсынған кезде | гранттық жобалар |
ҚДМ, облыстардың, |
2019 жылғы |
РБ 003 "Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру" |
12. | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында жауапты мемлекеттік органдардың есептерін тыңдау | ҚДМ-ға ақпарат |
ОМО, | жарты жылда бір рет |
талап етілмейді |
13. | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырыстарында жауапты мемлекеттік органдардың есептерін тоқсан сайын тыңдау | ҚДМ-ға ақпарат |
облыстардың, | тоқсан сайын | талап етілмейді |
14. |
NEET санатындағы жастар ортасындағы жағдайды зерттеу үшін жұмыс тобын құру |
ҚДМ-ның |
ҚДМ |
2019 жылғы | РБ 001 "Қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" |
15. | NEET санатындағы жастар және ТжКБ мен жоғары оқу орындарына түсе алмаған түлектер деректер базасына кірген адамдарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша басым арнаулы жұмыс жүргізу | ҚДМ-ға ақпарат |
Қорғанысмині, |
2019 жылғы |
талап етілмейді |
16. | NEET санатындағы және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастармен дүйсенбілік футбол, базардағы консультативтік орталықтар және т.б. (Алматы қаласының тәжірибесі бойынша) сияқты іс-шаралар жүргізу | ҚДМ-ға ақпарат |
облыстардың, | тұрақты |
талап етілмейді |
17. |
Жастардың тұрғын үй кооперативтерін құру туралы мәселені зерделеу | ҚДМ-ға ақпарат |
ИДМ, |
2018 жылғы | талап етілмейді |
18. | Әлеуметтік қызметтерде NEET санатындағы жастарға жүйелі түрде психологиялық, ақпараттық, консультативтік көмек көрсету | ҚДМ-ға ақпарат |
облыстардың, |
2018 жылғы |
талап етілмейді |
19. | 18 – 29 жас аралығындағы NEET жастардың, сондай-ақ 2018 жылғы түлектердің деректер базасын қалыптастыру, жұмыспен қамту және оқыту бағдарламалары туралы жастарды ақпараттандыру бойынша жұмыстарға Жастар ресурстық орталықтарын кеңінен тарту | ҚДМ-ға ақпарат |
облыстардың, |
2019 жылғы |
талап етілмейді |
20. | "Jas.Qz" жобасы арқылы жастарды әлеуметтендіру. Пилоттық жобаны Батыс Қазақстан облысында іске қосу |
жобаны | ҚДМ, БҚО әкімдігі |
2018 жылғы |
РБ 003 "Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру" |
21. | Жастар ресурстық орталықтарында ауыл жастарын және NEET санатындағы жастарды бейімдеу, кәсіби даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу | ҚДМ-ға ақпарат |
облыстардың, |
2019 жылғы |
талап етілмейді |
22. | Тұрғындарға жақын жерлерде (базарлар, вокзалдар және т.б) спорт алаңдарын, Workout алаңдарын салу | ҚДМ-ға ақпарат |
облыстардың, |
2019 жылғы |
МЖӘ шеңберінде |
23. | "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-мен бірлесіп өңірлік тұрғын үй бағдарламаларын әзірлеу мүмкіндігін қарастыру ("Алматы жастары" бағдарламасының тәжірибесі бойынша) | ИДМ-ға ақпарат |
облыстардың, |
2019 жылғы |
талап етілмейді |
24. | Гранттар және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар арқылы жас жалғызбасты аналардың проблемаларын шешуге бағытталған ҮЕҰ қызметін жандандыру |
жобаларды |
ҚДМ, Еңбекмині, |
2018 жылғы |
РБ 004 |
25. | "Еңбек нарығы" ААЖ шеңберінде NEET санатындағы жастарды есепке алу жүйесін ұйымдастыру | ҚДМ-ға ақпарат |
Еңбекмині, |
2019 жылғы |
РБ 056 "Әлеуметтік еңбек саласын, жұмыспен қамту саясатын жаңғыртуды ақпараттық аналитикалық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету" |
26. | Ұлттық білім беру дерекқоры шеңберінде ЖОО-ларға оқуға түсе алмаған және мерзімді әскери қызметке шақырылмаған 2018 жылғы мектеп түлектерінің дерекқорын қалыптастыру | ҚДМ-ға ақпарат |
БҒМ, Еңбекмині, Қорғанысмині, облыстардың, |
2019 жылғы | РБ 099 "Сапалы орта білім беру қол жетімділігін қамтамасыз ету" |
27. |
Жұмыссыз жастар базасына енген тұлғаларды санаттар бойынша бөлу: | ҚДМ-ға ақпарат |
ҚДМ, Еңбекмині, БҒМ, ҰЭМ, Қорғанысмині, облыстардың, |
2018 жылғы |
талап етілмейді |
28. | Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және мониторингілік іс-шараларды жүргізу | талдамалық ақпарат | ҚДМ |
2019 жылғы |
талап етілмейді |
29. | Әлеуметтік роликтер және басқа да ақпарат арналары арқылы еңбек және кәсібі бойынша жұмыстар туралы дұрыс түсінікті қалыптастыру | ҚДМ-ға ақпарат |
облыстардың, |
2018 жылғы |
талап етілмейді |
30. | Жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу | қоғамдық тыңдауларды өткізу |
ҚДМ, Еңбекмині, БҒМ, облыстардың, | жыл сайын |
талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
АКМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
ИДМ – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
ҚДМ – Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ОМО – орталық мемлекеттік органдар
"Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
МЖӘ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік
ТжКБ – техникалық және кәсіптік білім беру
ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар
ААЖ – автоматтандырылған ақпараттық жүйе
* "NEET" – ағыл. Not in Education, Employment or Training